Файл: Ф. М. оыратбай, Т. Т. Сарыбаева.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 498

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қоңыратбай Ф.М.

ТҮСІНІКТЕМЕ

I жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

Шығармашылық білім беру саласы

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтиже:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Күтілетін нәтижелер:

ҰОҚ барысы

Пайдаланылған әдебиеттер

Жеңіл, ойнақы қимылдайды.

Балалармен Отан қорғаушылар ұландар туралы интерактивті тақтадан көріністер көру.

Музыкатыңдау:«Ел қорғауға әзірміз» (К. Қуатбаев).

Музыка тыңдап, қандай әсерде болғандарын сұрап, балалармен сұхбаттасу, әсерлерімен бөлісу.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту:«Балаларды қорғаймыз» (А. Досмағанбет). Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

  • Балаларды кімдер қорғайды?

  • Өскенде сендер Отанымызды қорғайтын, кішілерге қамқор, нағыз батыр боласыңдар.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Өткен оқу қызметтерінде үйренген әндерді еске түсіру.

«Момышұлы Бауыржан» (Е. Өміров), «Балдырғандар әні» (Г. Жотаева) әндерін еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер:«Теңізшілер биі» («Билеп үйренейік» жинағынан).

Биге ұл балалар қатысады. Музыка ырғағына ілесе, қолдарын шекелеріне қойып шығады, аяқты бүкпей тік ұстап, бинокльмен қарап, ескек есіп, отырып-тұру қимылдарын жасайды. Ойындар,хороводтар:«Алтын қақпа» (Т. Сарыбаева).

Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар жұптасып, бір-біріне қарап тұрады.

Көңілді әуен ойналып, балалар жұптарымен қол ұстасқан күйі "Алтын қақпа" жасап, бір қатарға тұра қалады. Ойын бастаушы немесе тәрбиеші ойынды жалғастырады.

Әуен ойналғанда қақпа ортасымен өтіп, өзіне жұп таңдап алып, қақпаның соңына тұрады. Жұпсыз қалған бала дәл солай ойынды жалғастырады. Кенеттен әуен тоқталады, жұп тауып үлгермеген бала өз айыбын өнер көрсетіп өтейді.

Музыкалықаспапта
ойнау:«Полька» (И. Штраус).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап отырып, әуенге ілесе ұрмалы аспаптарымен ойнайды.
  1. Рефлексия


Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметін қорытындылап, балалармен көріністі талдап, балаларды мадақтау.

71-72 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»

Мақсаты: Музыкалық ойын арқылы балаларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету. Міңдеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру, бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау.

Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен,

балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: өз беттерінше әнді таза айтып, қимылдарды ойдан шығарып жасайды.

Түсінеді: музыкалық жанрларға тән белгілерді.

Қолданады: үйренген дағдыларын іс жүзінде қолданады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: аспаптар, мектеп құралдары, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: мектеп – школа school.

ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар жұптасып, вальс

әуенімен залға келеді.

Би ырғағын сезіне, шеңбер бойымен жеңіл жүріп, жарты шеңбер болып тұрады.
    1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтыққимылдар:«Гүлдер вальсі» (П. Чайковский, үнтаспада).

Ұлдар қыздарды әдеппен биге шақырады. Бір қадам алға, бір қадам артқа орын ауыстыру, айналу, ұлдар отырып, қыздар ұлдарды айналады,

би соңында ұлдар қыздарды орындарына отырғызып, өздері жанына жайғасады. Педагог балалармен балабақша және мектеп туралы әңгіме өткізеді.

Балалар сүйікті балабақшасы туралы тақпақтар айтады.

Музыкатыңдау:«Сәби қуанышы» (Е. Құсайынов).

Музыка тыңдап, қандай көңіл күйде орындалғанын, жылдамдығы қалай екенін сұрау.

«Сендерге жақсы көңіл сыйлады ма?» деп сауал қою.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту:«Қош, балбұлақ балабақшамыз» (Б. Жұмабекова). Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

  • Әнде не туралы айтылған?

  • Әннің көңіл күйі қандай?

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Өткен оқу қызметінде үйренген әндерді еске түсіру.

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева), «Балаларды қорғаймыз» (А. Досмағанбет) әндерін еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер:Биді балалардың қалауынша қайталау.

Ойындар,хороводтар:«Кім мектепке тез жиналады».

Балалардың жылдамдығын, ептілігін тексеру. Ойынға екі бала шығып, мектеп құралдарын біртіндеп портфельге жинайды.

Кім бұрын жинаса,
сол жеңіске жетеді.

Музыкалық аспапта ойнау:«Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко). Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
    1. Рефлексия


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • ҰОҚ қай бөлімі сендерге көбірек ұнады?

  • Қандай әндер, билер үйрендіңдер?

  • Жаңа әннің көңіл күйі, сипаты қандай екен?



Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Нұр-Сұлтан, 2020

  2. «Музыка» Нота хрестоматиясы. «Алматыкітап», 2013

  3. Алақай «Көркем сөз әлемі». 1-кітап «Аруна», 2000

  4. «Музыка» 1-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. «Алматыкітап», 2015

  5. Алақай (хрестоматия). «Аруна», 2000

  6. «Зерек ботақан». 2015, 2014 жж.

  7. «Музыкальный руководитель». Москва, 2010, 2013, 2014, 2015

  8. А. Асылбек «Ойын ойнап, ән салмай». «Олжас», 2012

  9. С. Заурбекова «Бұлақ көрсең, көзін аш». Алматы, 2007

  10. Көркем әдебиет (хрестоматия). «Аруна», 2000

  11. Ф. Қоңыратбай «Балабақшадағы мерекелер». «Просвещение-Казахстан»

  12. Тазша бала. «Алматыкітап», 2007

  13. «Музыка» Әліппе-дәптер. «Алматыкітап», 2003

  14. «Музыка» Әліппе-дәптер. «Алматыкітап», 2012

Оқулықбасылым

Учебноеиздание


Қоңыратбай Фатима Махмұдқызы Сарыбаева Тамара Тынышбаевна


МУЗЫКА
Әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша

мектепалды даярлық тобы (сыныбы)

(5 жастан бастап) педагогтеріне арналған
Әдіскер Б.С.Тажинова

Редакторы Ә.Б.Орынбаева


МУЗЫКА
Методическое руководство

для педагогов группы предшкольной подготовки (класса) (от 5лет)

по Типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения
Методист Б.С.Тажинова

Редактор А.Б.Орынбаева