ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 484
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Оқу қызметінің ұнаған бөлімін сұрау.
№ 59-60 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру, фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен ән айту.
Ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда,
фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу, құстар бізге дос екенін түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: әннің музыкасын әндете айтады, дұрыс тыныс алуды жасайды.
Түсінеді: музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру.
Қолданады: ұлттық билердің элементтерін орындайды, аспаптарда ойнайды. Қолданылатын көрнекі құралдар: құстардың атрибуттары, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: құстар – птицы – birds.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар марш әуенімен кіріп, шеңбер бойында тұрып, «Жануарлар әлемі» әуенінен жануарлардың, құстардың қимылдарын жасайды.
Педагог балалармен құстар туралы, оларға жасалатын қамқорлық туралы, жыл құстары туралы әңгіме өткізеді. Адамдар қолдан үйшіктер жасайды, олармен дос болып, күтім жасап, балапандарына
жағдай жасайды.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық'>Музыкалық-ырғақтыққимылдар:«Құстар» (Т. Ломова).
Балалар шеңбер бойында тұрып, қолдарын қанат секілді жайып, музыкаға ілесе жеңіл аяқтың ұшымен құс болып ұшады.
Музыкатыңдау:«Көкек» (Х. Мұхамедова).
Музыка тыңдап болған соң ән сипатын, мағынасын әңгімелеп, балалардан сұрау.
Көктем, көктем, көктемде, Бұл құстардың бәрі де Әнші болып кеткен бе?
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Әнайту:«Көктем» (А. Жайымов).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Әнді орындау барысында ырғақтық ерекшеліктерге тоқталу, дыбыс ұзақтықтарын алақандарымен шапалақтап көрсету.
Үйренген «Ғарышкер боламыз» әнін (Ш. Мұхамеджанов) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Жеке немесе топпен ән айту.
Билер:«Көкпар» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
Балаларға «көкпар» сөзінің мағынасын түсіндіріп, атқа шауып жүріп қимыл жасау керектігін түсіндіру. Биге ұл балалар қатысады.
Ойын:«Не қалай шақырады?» музыкалық-дидактикалық ойын.
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Ойында аңдардың, жануарлардың, құстардың қалай шақыратынын түсіндіріп, өздеріне сол дыбысталуды қайталауды талап ету.
Музыкалық аспапта ойнау: «Ұйықташы, бөпешім» (В. Агафонников).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Балалар күннің қай
мезгілде ұйықтататынын еске түсіріп, музыка қалай ойналатынын сұрау. Аспапта асықпай әуенге ілесе ойнау.
- 1 ... 32 33 34 35 36 37 38 39 40
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі сендерге ұнады?
№ 61-62 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Бақшадағы ән-сауық»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Көкпарды» би арқылы сипаттап, жеткізе білуге үйрету.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру.
Сезіммен, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап ән айту.
Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда,
фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: өз беттерінше би қимылдарын ойлап, әуенге ілесіп жасайды.
Түсінеді: музыкалық кіріспеден соң бірден бастап ән айту.
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады, аспаптарда ойнайды. Қолданылатын көрнекі құралдар: «әуенді сағат», асатаяқ, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: балабақша – детский сад – кindergarten.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіреді. Педагог:
Қанша бала, қанша қыз, Бір шоқ гүлміз баршамыз. Ойын-күлкі ордасы – Біздің балабақшамыз!
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық'>Музыкалық-ырғақтыққимылдар:«Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай).
Музыка әуеніне
ілесіп, аяқты тізеден көтеріп нық басып, бойды тік ұстап жүріп, екі қолды кезек-кезек сермеп жүру.
Музыкатыңдау:«Жас дәуірдің түлегіміз» (Т. Жұмалиева).
Музыка тыңдап, сипаты туралы, қандай көңіл күйде болғандарын сұрау.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Әнайту:«Біз бақытты баламыз» (Ә. Қонысбеков).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді. Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Үйренген «Көктем» әнін (А. Жайымов) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Көкпар» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
Бидің қимылдарын аяғына дейін үйреніп, соңына дейін музыка ырғағымен билеу. Ойындар,хороводтар:«Әуенді сағат» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан). Педагог ойын шартын түсіндіреді. Сағат тілімен әуенді ажырата білу, бұрын тыңдаған музыкаларын еске түсіру.
Музыкалықаспаптаойнау:«Күншуақ» (Е. Құсайынов).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Балалар кезектесіп, асатаяқпен музыкаға ілесе ырғақты ұстап сілкілеп ойнайды.
- 1 ... 32 33 34 35 36 37 38 39 40