Файл: Бекітемін М.уезов атындаы 86 мектепгимназия кмм директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 110

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Мектепішілік бақылау нәтижесінің қаралатын орны


  • педагогикалық кеңес,

  • әдістемелік кеңес,

  • директор жанындағы кеңес,

  • директор орынбасары жанындағы кеңес,

  • әдістемелік бірлестік.



  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға қызметтері





    1. Бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға құқығы:

  • функционалдық міндетіне сәйкес педагогтің жұмыс бағдарламаларымен, сабақ жоспарларымен, сынып журналдарымен, электронды күнделік пен білім алушылардың дәптерлерімен, ата-аналар жиналыстарының хаттамаларымен, тәрбие жұмысының жоспарларымен, аналитикалық материалдармен танысу;

  • сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға, үйірмелерге, факультативтер мен секцияларға қатысу және талдау арқылы мектеп педагогтерінің практикалық қызметін зерделеу;

  • педагогикалық қызметке сараптама жүргізу;

  • алынған ақпаратты кейіннен талдай отырып, білім беру процесіне мониторинг жүргізу;

  • әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық зерттеулерді, сауалнама жүргізуді, оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді тестілеуді ұйымдастыру;

  • қорытынды жасау және басқарушылық шешімдер қабылдау.
  • Бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның функциялары:


    • тексеру тақырыбы мен көлеміне сәйкес тексеру әдістерін таңдайды;

    • оқу пәндерін оқыту жағдайын бақылайды;

    • мектеп құжаттамасының жүргізілуін тексереді;

    • тексерілетін педагогпен бірлесіп, білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімдері мен қарқынын үйлестіреді;

    • оқу пәндері бойынша жазбаша тексеру жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізуге қатысады;

    • оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылайды;

    • тексеру жүргізуге дайындалады, қажет болған жағдайда мамандармен кеңеседі;

    • педагогтармен тексеру тақырыбы бойынша алдын ала әңгімелесу өткізеді;

    • педагогтың дарынды оқушылармен жұмысын бақылайды;

    • педагогтің пән бойынша оқу және сабақтан тыс сабақтарды өткізуге қауіпсіз жағдай жасауын бақылайды;

    • жүргізілген тексеруді талдауды белгіленген мерзімде рәсімдейді;

    • тексеру кезінде берілген ұсыныстар мен ұсынымдарды іске асыруда педагогке әдістемелік көмек көрсетеді немесе ұйымдастырады;

    • жұмыстағы ескертулер мен кемшіліктерді тексеру кезінде деректердің жойылуына қайта бақылау жүргізеді;

    • жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды.


    7.3. Бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның жауапкершілігі:


    • бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде тексерілетін педагогке әдептілікпен қарау;

    • педагог қызметін тексеруді жүргізуге сапалы дайындық;

    • нәтижелерді кең талқылауға шығарғанға дейін педагогті тексеру қорытындыларымен таныстыру;

    • тексеру жүргізу мерзімдерінің бұзылмауын;

    • педагог қызметіне талдау жүргізу сапасы;

    • тексеру барысында педагогтің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда құпиялылықты сақтау;

    • тексеру қорытындысы бойынша қорытындылардың дәлелділігі.
    1. Тексерілетін тұлғаның функциялары:


    7.1 Тексерілетін педагогтың:

    • бақылау мерзімі мен оның қызметін бағалау өлшемдерін білуге;

    • бақылаудың мақсатын, мазмұнын, түрлерін, нысандары мен әдістерін білуге;

    • әкімшіліктің тұжырымдары мен ұсыныстарымен уақтылы танысуға;

    • бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда мектептің кәсіподақ комитетіне немесе жоғары тұрған органдарға жүгінуге құқығы бар.



    1. Мектепішілік бақылау құжаттамасы


      1. Мектепішілік бақылау жоспары;

      2. Мектепішілік бақылаудың орындалуы туралы есеп;

      3. Педагогикалық кеңесте баяндамалар, талдау;

      4. Аналитикалық а

    Мектепішілік бақылау жоспары


    (білім беру мазмұнын жаңартудың және нормативтік-құқықтық құжаттарды орындау аясында)

    Мақсаты:


    • білім беру мекемесінің қызметін жетілдіру;

    • мұғалімдердің шеберлігін арттыру;

    • білім сапасын жақсарту.



    Міндеттері:


    1. Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау.

    2. Әкімшіліктің мектептің педагогикалық ұжымымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

    3. Педагогикалық қызметкерлер қызметінің тиімділігін талдау және бағалау, озық технологияларды енгізудегі жауапкершілікті арттыру,

    4. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқытудың инновациялық технологиялары, әдістері мен тәсілдерін енгізу

    5. Бақылау процесінде педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.

    6. Оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатында жекелеген пәндер бойынша білім алушылардың жетістіктерін мониторингілеу

    7. Білім алушылардың даму динамикасына мониторинг жүргізу

    8. Мектеп құжаттамасының жай-күйі мен жүргізу жүйесін бақылауды жетілдіру.