ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 115
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Көкөністер мен сан алуан гүл түрлерін өсіретін жылыжай
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Қаржылық жоспар Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Жылыжай үшін қажетті жабдықтар тізбесі
«Кәсіпкерлік-тұрақтылық пен табыс»
«ЖЫЛЫЖАЙ-МОЛШЫЛЫҚ КӨЗІ»
Қорғаған: Жарылқапов Е.Е
Жетекші: Байтерекова Г.А
Жылыжай (орыс теплица, ағылш. greenhouse)-жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кеңдігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қараған да құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.
Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады.
Ол табиғи жолмен де немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі.
Бизнес жоспар
Көкөністер мен сан алуан гүл түрлерін өсіретін жылыжай
Түйіндеме
- Бұл бизнес жоспарым Ақай ауылында көкөністер (қызанақ,
- қияр) мен сан алуан гүл түрлерін өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
- Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады:
- - Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы,
- экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім алу;
- - Ақай, Төретам, Байқоңыр тұрғындарын ауылшаруашылық
- өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
- - Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде
- пайда түсіру;
- - Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде
- жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және беру, олардың
- әлеуметтік мәселелерін шешу.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
- Ақай ауылында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға;
- салық салынатын база құруға.
Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- Өнім түрлерінің тізбесі:
- - Томат (қызанақ);
- - Қияр.
Томаттың сипаттамасы: Томат (қызанақ) – бұл негізінен бір жылдық
сабақыты өсімідік.
Қызанақтың жемісінде мыналар болады,%: құрғақ заттар- 4,5-8,1, ерігіш
қант - 50, органикалық қышқыл - 3,5-8,5, целлюлозалар - 0,87-1,7, пектиналық
заттар- 0,13-0,23.
100 г жемісте, мг: натрий - 4, калий - 268, кальций - 11, магний - 12, темір - 0,6,
мыс - 0,097, фосфор - 27, күкірт - 14, хлор - 40, марганец - 0,189.
Дәрумендер, мг/1 кг: В,- 0,3-1,6; В2 - 0,5-6,0; РР - 4,3-5, С – 200-450, каротин
және басқалары.
Томат жемісін томат-паста, томат-пюре, томат шырынан, көкөніс салаттарын,
консервілеу, тұздау үшін пайдаланады.. Томаттың жемісі тамақ дацындауға
қолданылады. Оларды негізінен жаңа піскен түрінде көп пайдаланады. Томаттың
негізгі құндылығы ашық және қорғалған жерлерде оны өсіріп, жыл бойы
өнімін алуға болады.
Қияр — асқабақ тұқымдас бір жылдық жапырақты өсімідік.
Қияр өсімдігі жылуды. Жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың
қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем болмауы тиіс, әсіресе алғашқы
отырғызған күкндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған
кездерде.
Қиярдың химиялықт құрамы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: су
94,3-98,2, құрғақ заттар 1,8-5,7, соның ішінде қант1,07-2,54, белокты
заттар 0,56-1,1, жасушалар0,33-0,78, майлар 0,08-0,27, күлі 0,25-0,58. Қиярда дәруімендер аздау болады. Мысалы, оның құрамында: С дәруімені- 10-20, В дәрімені- 0,04-0,1, В2 дәрімені - 0,04, провитамина А (каротин) - 0,02-0,06. Қиярды тамақта шала піскен күйінде – жасыл түрінде де пайдаланады.
Жас күйінде салат дайындалады, сондай-ақ тұздайды және консервілейді.
Құндылығы жағынан қияр көкөністердің арасында соңғы орындардың
бірін иеленеді. Сонымен қатар оның жемісі барынша кең тараған өнім
болып саналады, өйткені олардың дәмдік сапасы жоғары, құрамында
көп көлемде сілтілік тұздар мен микроэлементтер бар.
Олар ағзадағы әр түрдлі зиянды құрамаларды
азайтуға әсер етеді.
Қаржылық жоспар Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге 2 022ж
Негізгі капиталға инвестициялар 288 573
Айналым капиталы 70 000
Барлығы 358 573
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қажыландыру көзі, мың теңге | Сомасы | Кезеңі | Үлесі |
Негізгі капиталға инвестициялар | 136 272 | 04-05.2022 | 38% |
Айналым капиталы | 222 301 | 04-05.2021, 2022 | 62% |
Барлығы | 358 573 | | 100% |
Өндірістер бағдарламасы
Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу
келісімшарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар өткізу
арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі
нарығы Тараз қаласы болып табылады.
Семей қаласының көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320
тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі
толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді.
Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық
тудырмайды.
Көрсеткіш | 2021 | 2022 | 2021-2022 |
Томаттар, тн | 125 | 219 | 219 |
Қияр, тн | 190 | 333 | 333 |
Томаттың шығымдылығы, кг/м2 | 22 | ||
Қиярдың шығымдылығы, кг/м2 | 33 |
Маркетингтік жоспар
Маркетингті мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін
жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне
бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың
өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі
(бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола
алады.
Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті
газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін
болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары
үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен
өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру
Жылыжай үшін қажетті жабдықтар тізбесі
Жабдықтың жалпы құны 192 400 мың тг. құрайды
Жобаны іске асыру шығындары Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген. 2019 жылға арналған инвестициялық шығындар
Атауы | Сомасы, мың тг. | 2022 | |
Сәуір | Мамыр | ||
Аралығы 8х4,5 м бағанының биіктігі 4,5 м соның ішінде салқындатылған үй (әйнек шынысы жоқ) жылыжай | 62 975 | 25 190 | 37 785 |
Шыны (өлшемді қалыңдығы, 4 мм) | 13 306 | 5 322 | 7 983 |
Жобалау жұмыстары | 13 284 | 5 313 | 7 970 |
Матамен көлеңкелеу жүйесі (барлық алқапқа) (бір қабат) | 16 874 | 6 750 | 10 124 |
Жылыту жүйесі | 51 497 | 20 599 | 30 898 |
Тамшылатып суару жүйесі | 14 030 | 5 612 | 8 418 |
Өсімдіктерді булатып салқындату жүйесі | 4 718 | 1 887 | 2 831 |
Электрмен жабдықтау, жарықтандыру жүйесі | 3 635 | 1 454 | 2 181 |
Барлық алқапты электрмен жете жарықтандыру жүйесі, 12 00дК жабдықтарды жеткізу шығыстары онығ құнына қосылған | 92 114 | 36 846 | 55 269 |
Микроклиматты автоматты басқару жүйесі | 9 531 | 3 812 | 5 718 |
ГАЗ 3302 «газель-Бизнес» | 2 954 | - | 2 954 |
ГАЗель рефрижератор | 3 655 | - | 3 655 |
Қоршаған ортаға әсер
Жоба қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені қолданылатын
технология барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұл қызмет қоршаған орта үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының
қағидалары мен заңдарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз.
Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі
Табиғатқа кері әсерді азайту мақсатында кәсіпорынның жоспарларында табиғатты
қорғау технологияларын қолдану, қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлерді
барынша азайту жұмыстары бар.
Жылыжайдың технологиялық процесі тарапынан қоршаған ортаға әсерді барынша
азайту мақсатында, сондай-ақ экономикалық сипаттағы жағдайларды ескере келе
дренажды суларды қайталап пайдаланған орынды сияқты. Бұл үшін жобаға
дренажды жинау және қайталап пайдалану жүйесі енгізілген.
Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Осы өңірде осы жобаны іске асыру үшін жеткілікті еңбек ресурстары бар, соған
байланысты Компанияның қызметі жергілікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз
етілетін болады.
Технологиялық процестің ерекшелігі мен бірегейлігі білікті мамандардың
болуын болжайды, бұл өз кезегінде компания құрамының білім деңгейінің
артуына ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру көкөністі өсіру мен сақтаудың заманауи
технологияларын, сондай-ақ тауарларды базарларға өткізу мен жылжытуды
практикалық басқаруды игеруге мүмкіндік береді.
Осы жоба ел экономикасын дамыту талаптарына толық сәйкес келеді, өйткені
оны іске асыру әлемдік стандарттарға, көкөніс өнімі импортын ығыстыруға
ықпал ететін жылыжай қызметі шаруашылықтары қызметін дамытуға сәйкес
келетін болады. Ұсынылып отырған жоба бүгінгі күнге өзекті болып табылады.
Осы жоба:
- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
- астана нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің
қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты
бәсекелестік орта құруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға (31);
- салық салынатын база құруға ықпал ететін болады .