Файл: Тісжа аномалиясы бар науастарды тексеру дістері. Орындаан Джиенбаев Б. К топ 1 группа кіріспе.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тіс-жақ аномалиясы бар науқастарды тексеру әдістері.
Орындаған: Джиенбаев Б.К
Топ:1 группа
кіріспе
Тіс-жақ аномалиялары себебінен туындаған пародонттың қабыну ауруларында ең бірінші кезекте себепші аномалияны емдеу қажет. Соның ішінде біздің тәжірибемізде ең жиі кездесетіні: тістердің тығыз орналасуы мен оған жүктеменің біркелкі түспеуі болып табылады.
Алайда, пародонт аурулары бар науқастарға ортодонтиялық ем жүргізу барысында тістерінің тірек тіндерінің жағдайына байланысты пародонтологта міндетті түрде ем қабылдау керек.
Тіс-жақ аномалиясы бар науқастарды емдеген кезде келесі тәсілдер қолданылуы қажет:
Гигиенаға уйрету
Тіс тастарын алу
Қызыл иек қабынуын емдеу
Шайнау қызметін арттыру
Миотерапия
Осы кезеңдерге сай науқастың бірінші келген күнінде оған гигиенаны дұрыс ұстануды үйреттік. Ауыз қуысының гигиенасын анықтаған кезде индекс Грин Вермильон бойынша 2-3ке тең болды
Қарап тексеру барысында ауыз қуысында тістердің мойын бөлігінде және қызылиек астында көптеген тастардың бар екендігі анықталды. Сол себептен тастарды толықтай алып тастап, келесі кезеңді ұйымдастыруға көштік.
Жалпы клиникалық тәжірибемізде болған жағдайлармен мысалдар келтірсек:
Клиникалық жағдай: 12жастағы жасөспірім,емдеу кезінде: гингивит, пародонтит орташа аурылығы
Клиникалық жағдай: 17 жастағы жасөспірім. 4 жыл бойы брекет жүйесімен емделгеннен кейінгі жағдайы жайылмалы пародонтит,орташа дәрежесі.
Тіс жақ жүйесінің аномалиясын емдеу әдістері:
Функциональді;
функция нормасын қалыптастыру.
Миогимнастика.
Функциональді – аппаратуралық әдіс ;
Алынбайтын аппараттар, алынатын аппараттар комбинирленген
Аппартуралық хирургиялық әдіс;
Остеотомия , кортикотомия т.б
Қорытынды
Осы біздің ғылыми бақылау жұмысымыз тіс орналасу аномалиялары кезіндегі пародонттың көптеген қабыну үрдістеріне шалдығатынын көрсетті. Бүгінгі таңда жасөспірімдер және балалардың тіс жақ аномалиялары кезіндегі пародонт тіндерінің қабынуы ең актуальді мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, ғалымдардың 2013 жылғы зерттеу мәліметтері бойынша 6-18 жас аралығында бұл жағдай 72,6 % адамдарда кездеседі. Ортодонтиялық еммен қатар пародонт тіндерінің емі жүргізілмесе көптеген асқынуларға алып келуі мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер
Интернет жүйесі: www.google.ru
Рузуддинов С.Р., Седунов А.А., Лобанов Ю.С., “ Пропедевтика ортопедической стоматологии” Алматы, 2010