ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 142
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстан қорықтары», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»,
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
(екінші тіл – Т2)
6-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шарттыбелгілер
*әртоқсанбарысында2ортақтақырыпқамтылатынынескеріп,оқумақсаттарынақолжеткізуүшінберілетінтапсырмалармазмұнынаортақтақырыптарды(мүмкіндігінше)кіріктіруұсынылады.
**бағдарламадағыоқумақсаттарыныңбірбөлігіқолданылады.
М А З М Ұ Н Ы
-
ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4
«Отан отбасынан басталады» 4
«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» 7
-
ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 10
«Қуат көзін үнемдей білеміз бе?», «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» 10
«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Қазақстан қорықтары» 14
-
ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 17
«Болашақ мамандықтары» 17
«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»,
«Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» 20
-
ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 23
«Абайды оқы, таңырқа!» 23
«Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм» 27
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым Айтылым |
Оқу мақсаты | 6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау 6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикет формаларын білу |
Бағалау критерийі | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма | |
1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп- өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды. Тірек сөздер: Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім- бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке- шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті. Тірек сөздер: Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді. Тірек сөздер: |
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Отан отбасынан басталады»
і
Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.
Тірек сөздер:
| | | |
-
Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.
Тақырып:
-
Жұпта «Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты болжайды | 1-2 | мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді анықтайды; | 1 1 1 1 |
тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қояды; | 1 | ||
Диалогке қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады | 3 | тақырып төңірегінде диалогке қатысады; | 1 |
диалог мазмұнында тірек сөздерді қолданады. | 1 | ||
Барлық балл | 7 |
«Отан отбасынан басталады» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты болжайды | Мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді анықтауда, тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қоюда қиналады | Мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді анықтауда, тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қоюда қателеседі | Мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді дұрыс анықтайды, тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қояды |
Диалогқа қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады | Тақырып төңірегінде диалогке қатысуда, диалог мазмұнында тірек сөздерді қолдануда қиналады | Тақырып төңірегінде диалогке қатысуда, диалог мазмұнында тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді | Тақырып төңірегінде диалогке қатысады, диалог мазмұнында тірек сөздерді қолданады |
Бөлім «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры»
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 6.3.4.1. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру 6.4.1.1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу 6.5.1.3. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану |
Бағалау критерийі |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма | |
1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. 1-мәтін Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ, Дүкенде тұрып ұрысты. Бәтеңке шықты айғайлап: Айту керек дұрысты! Сен екеуің кімсіңдер, Мені айтындар мүлік деп, Құр мақтанып жүрсіндер, Жұрт та сырттан күліп көп. ...Білмейсіндер, өмірге Кім пайдалы, кім мықты, Кәне, екеуің жеңіл де, Мойындаңдар шындықты. ...Таласты олар ұзақ түн, ...Кетті айтыс ұзап тым, Бір бітімге келмеді... Бақта оянды әнші құс, Ай да қалғып барады. Шымқай тартты күн шығыс, Алтын арай тарады. Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ, |
Жатыр әлі айғайлап... Бірін-бірі мінеді, Керкілдесті, керісті. Жүгінетін біреуді, Табалық деп, келісті.
2-мәтін
Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау – табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды ән- күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә…
Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты – ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде
– орман, аңғарында – шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.
Салыстыру аспектілері | ||
| 1-мәтін | 2-мәтін |
Стилі | | |
Жанры | | |
Мәтін түрі | | |
-
Мәтіндерге ат қойыңыз.
1-мәтін | 2-мәтін |
| |
-
Жанрлық ерекшелігін сақтап, өз өмірбаяныңызды жазыңыз. Реттік сан есімдерді қолданыңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін салыстырады | 1-2 | мәтіндердің стилін анықтайды; | 1 |
мәтіндердің жанрын анықтайды; | 1 | ||
мәтіндердің түрін анықтайды; | 1 | ||
мәтіндерге сай тақырып қояды. | 1 | ||
Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады. Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады | 3 | жанрлық ерекшелігіне сай өмірбаян жазады; | 1 1 |
өмірбаян мазмұнында кем дегенде 2-3 реттік сан есімді қолданады. | 1 | ||
Барлық балл | 7 |