Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 230

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Модерация және балл қою

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

I тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

ІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

10 сынып «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі 10 сынып 2 тоқсан

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

ІІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Қазақстан тарихы бойынша ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Балл саны – 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

IVтоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі



«Қазақстан тарихы» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып

(жаратылыстану-математикалық бағыт,қоғамдық-гуманитарлықбағыт)

2021-2022оқужылы

Нұр-Сұлтан, 2019

МАЗМҰНЫ


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

  7. Модерация және балл қою 5

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы(жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

  1. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер




Білу


  • Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін;

  • көшпенділіктің тарихи түрлерін;

  • еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін;

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын;

  • әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін;

  • Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді біледі.




Түсіну


  • Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін;

  • ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін;

  • әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын;

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын түсінеді.




Қолдану


  • Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде;

  • Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда;

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;

  • Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.



Талдау


  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;

  • себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;

  • Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды талдайды.



Жинақтау


  • тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;

  • Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.



Бағалау


  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;

  • Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін;

  • тарихи мәліметтердің шынайылығын;

  • Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.




  1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттерді және олардың ерекшеліктерін сипаттайды

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа

жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Этникалық процестердің сабақтастығын анықтап, әлеуметтік жіктелу ұғымдарын түсіндіреді. Мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы кезеңдерін түсіндіріп, Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесін тұжырымдайды. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын түсіндіреді.

ҚЖ - Қысқа

жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық

жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

Ғалымдардың пікірін зерттеп, көзқарастарды талдау арқылы көшпенділер өркениетінің тарихи процестеріне баға береді. Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдап, адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдап, Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси даму қайшылықтарын талдайды. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеп, Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып,

жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды.

ҚЖ - Қысқа

жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық

жауапты қажет ететін тапсырмалар
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу





Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

25 %

0%

75%

II

0 %

50 %

50 %

III

0 %

25%

75 %

IV

0%

50 %

50%

Барлығы

6%

31%

63 %



  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің