Файл: Биология 9сынып Тарау атауы Кбею.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Биология 9-сынып

Тарау атауы: Көбею

Сабақтың тақырыбы: Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар. Олардың алдын алу шаралары.

Оқу мақсаты:

  • Жыныстық жолдармен таралатын аурулардың салдарын және олардың алдын алу шараларын түсіндіру.
  • Жыныс жолдары арқылы жұғатын ауруларды ежелгі махаббат құдайы – Венераның атымен венералық деп атайды. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың қоздырушыларына әртүрлі бактериялар мен вирустар, қарапайымдар (біржасушалы жануарлар) мен микроскопиялық саңырауқұлақтар жатады.
  • ЖИТС (СПИД) – жұқтырып алған иммундық тапшылық синдромы – едәуір қауіпті вирустық жұқпа, ресми түрде ем қонбайтын және өлімге апаратын ауру. Қоздырушысы – адамның иммундық тапшылық вирусы – АИЖ (ВИЧ). Ол адамның лейкоцит жасушаларын зақымдайды, біртіндеп ұлпалық иммунитетін жояды.
  • Жұғу жолдары – В және С вирустық гепатиттері сияқты.

Мерез (сифилис) –

  • Қоздырушысы бактерия, ақшыл спирохета болып табылатын жұқпалы ауру. Қоршаған ортада бұл бактерия тұрақсыз. Мысалы, ол +50C температурада 15мин, қайнатқан кезде, кез келген зарарсыздандыратын заттар: сілті, хлор, қышқылмен әсер еткен кезде бірден жойылады. Бірақ ылғал, желдетілмейтін ортада, шамамен 37С температурада бірнеше сағат, тіпті бірнеше күн тіршілік етуі мүмкін. Сондықтан мерездің негізгі жұғу жолы – жыныстық қарым қатынас кезінде жүзеге асады. Ортақ, таза емес төсек жабдығы, ыдыс аяқ арқылы, сүю кезінде жұқпайды.
  • Мерез өте қауіпті, бүкіл ағзаға зиян келтіреді. Антибиотик ойлап тапқанға дейін, ол тек қауіпті емес, тіпті өліммен аяқталатын еді.

СОЗ (гонорея) –

  • Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Создың қоздырғышы – шар тәрізді гонококк бактериясы. Жұғу жолдары мерездегідей.
  • Жыныс мүшелерінен басқа тікішектің, көздің, тамақтың шырышты қабықшасы зақымдануы мүмкін. Егер әйел созбен ауырып, жүкті болса, балаға жүктілік кезінде ауру жұқпауы мүмкін. Бірақ босану кезінде ауру міндетті түрде жұғады.
  • Инкубациялық кезеңі бір күннен екі аптаға дейін созылады.
  • Создың ең алғашқы белгілері, ер адамдарда үрпіден басталады. Денесі қызып, қышынады, несепке іріңді зат араласып, кіші дәретке отырғанда қатты ауырсынады, үрпі қызарып, ісіп кетеді. Әйелдерде жатыр мойны іріңге толып, іштен төмен және белі ауырады. Несепке қан араласады.

В,С гепатиті –

  • Гепатиттің басқа формасы сияқты вирустық жұқпа болып табылады.
  • 40% жағдайда С гепатитінің жүғу көзін анықтау мүмкін емес. Себебі бұл жұқпаның көптеген медициналық манипуляция кезінде т.б. Жағдайда жұғуы мүмкін.

Үш жұғу жолы бар:

1)Ауру жұққан адаммен жыныстық қарым қатынасқа түсу;

Үш жұғу жолы бар:

2)Қан арқылы жұғу(қан құйған кезде);

Үш жұғу жолы бар:

  • 3)Науқас анадан ауру балаға босану кезінде сирек жағдайда беріледі.

Дескриптор: Білім алушы

  • 1.ЖИТС ауруын сипаттайды
  • 2.Мерез ауруын сипаттайды
  • 3.Соз ауруын сипаттайды
  • 4.В,С гепатиті ауруын сипаттайды

тапсырма «Бэкроним» әдісі

  • Оқулықтағы мәтінді пайдаланып, кестеде берілген жыныс жолмен жұғатын ауруларды негізгі бергілері бойынша сипаттандар.

Ауру аттары

Негізгі белгісінің сипаттамасы (симптомдары)

ЖИТС

Мерез

Соз

В,С гепатиті

Кері байланыс: