Файл: Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі.doc
ВУЗ: Актюбинский региональный государственный университет им. К. Жубанова
Категория: Не указан
Дисциплина: Экономика
Добавлен: 31.01.2019
Просмотров: 1373
Скачиваний: 7
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқығы бар.
2.3 «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қазіргі таңдағы қызметіне талдау жасау
2016 жылды қорытындылап, кент тұрғындары алдында жалпы есеп берді. Өңірдегі барлық әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени шаралар өз кезегімен жүзеге асырылуда.
Жалпы
Әйтеке би кентінде атқарылған жұмыстарды
қысқаша атап өтетін болсам, Әйтеке би
кенті әкімінің 2015 жылғы бюджеті 730 866,8
мың теңгені құраса, 2016 жылы 1 294 771,2 мың
теңге бөлініп игерілді.
2016 жылы
мүліктен 1165,0 мың теңге, жерден 1376,0 мың
теңге, көліктен 60462 мың теңгенің жергілікті
салықтары жиналды. Өткен жылмен
салыстырғанда салықтардың жиналу
көрсеткіші 75 пайызға өсіп отыр.
«Жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару» Заңын іске асыруда 6 салықтың
түрі бойынша (мүлік, жер, көлік, кәсіпкердің
табыс салығы, заңды тұлғаның көлігі,
жер салықтарынан) арнайы есеп шотқа
түскен 160 229,4 мың теңге қаржы жергілікті
қоғамдастық арқылы ұсынылған жобаларға
шығысталды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен жалпы құны 178,8 млн. теңге құрайтын 6 жоба қаржыландырылып, бүгінгі таңда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы субсидиялануда.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» Әйтеке би кентінен 60 адамға 162100,0 мың теңге несие берілді. Ал үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 29 адам, жастар тәжірбиесіне 114 адам жіберілді. Халықтан түскен 25 ұсыныс-пікірдің 17 жүзеге асырылып, 8 кезекке қойылды. Атап айтқанда: (қорымдарды қоршау, жаяу жүргінші жолдарын салу, түнгі жарықтандыру, ауыз су, бұрынғы №170 мектеп орнына мектеп салу жөнінде) қатысты ұсыныстар бойынша жұмыстар атқарылды. Ал әлеуметтік мәселелер жөніндегі(жер беру, тұрғын үй сұрау, жұмыссыздық)қатысты ұсыныстар кезекке алынды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16рет ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, қол жетімді бағада түрлі бау-бақша көкеніс өнімдері сатылады.
2015 жылы кент орталығынан «Нұрай», «Тұмар», «Көктем» сауда орындары және «Бизнес» орталығы ғимараты пайдалануға берілсе, 2016 жылы кәсіпкерлердің қаржысымен салынған «Тропикал», «Электрон» «Сауда және кәсіпкерлік саласындағы ғимараттар» мен дәріханалар ашылып пайдалануға берілді. Сонымен қатар төменгі бағамен азық-түлікті сату мақсатында әлеуметтік дүкендер арқылы халыққа қызметтер жасалуда.
2015 жылы 3864 мүйізді ірі қара, 7474 уақ мал, 934 жылқы, 437 түйе тіркелсе, 2016 жылы 3590 мүйізді ірі қара, 7860 уақ мал, 1223 жылқы, 489 түйе, 2920 үй құстары менит, мысықтар тіркелді. Эпизотиялық ахуалға байланысты 2769 иесіз ит, мысықтар ауланып ветеринариялық ағарту шаралары жүргізілді. Әйтеке би кенті бойынша 4 бағытта жеке тұрғындардың малдары бағылады. Негізі кент аумағынан 21 ірі қара, уақ мал өрістері күтуге шығады. Көшеде жүрген қараусыз малдарға тосқауыл қою мақсатында «Сәт» мал базарының иесі Ш.Наурызбаевпен меморандум жасалып, нәтижелі жұмыстар атқарылды.
Халыққа әлеуметтік көмектер көрсетуде 2015 жылы 683 отбасының 2244 баласына 39373,9 мың теңге балалар жәрдемақысы төленсе, 2016 жылы 728 отбасының 2402 баласына 44129,2 мың теңгенің жәрдемақысы төленді. Аз қамтамасыз етілген және тұрмысы төмен 288 отбасына 8548,0 мың теңге, үйде тәрбиеленіп оқытылатын 55 мүмкіндігі шектеулі балаға 3149,6 теңгенің көмегі тағайындалып төленді. 2016 жылы Әйтеке би кенті әкімі аппараты арқылы ұсынылған 15 қоғамдық жұмыс орнына 73 адам жіберіліп, оларға 3252,5 теңге төленді. Тұрмыстық жағдайы төмен 45 отбасына қайрымдылық көмектер берілді.
Жыл көлемінде 98 жалғызбасты мүгедектер мен қарттарға үйден көмектер көрсетілді. Жалпы кент бойынша 1020 көп балалы ана мемлекеттік наградамен марапатталса, 2016 жылы 34 ана «Алтын» және «Күміс» алқамен марапатталды.
Көркейту-көгалдандыру мақсатында 17 көшеге және парктерге, алаңдарға 11650 дана көшеттер мен қаламшалар егіліп, аяқ су арықтары тазартылды.
Әйтеке
би, Қ.Пірімов, Жанқожа, Желтоқсан,
Қобыланды, Қ.Сәтбаев Үмбет би, О.Жәнәділов,
Счастнов,, Т.Бөріқұлақов, Ү.Түктібаев,
Ә.Молдағұлова, Ж.Сайын, М.Ғабдуллин,
Н.Жұбатұлы, Т.Рысқұлов, Т.Бокин
көшелері.Қарарық каналының Ақаарық
каналы мен Жеңіс паркіне дейінгі аралығы,
Ә.Марғұлан, Т.Рысқұлов, М.Әуезов,
М.Ғабдуллин, Т.Бөріқұлақов, Жанқожа,
Қ.Пірімов, Т.Әубәкіров, Сырым батыр,
Қ.Сәтбаев көшелерінің су арықтары
тазартылды.
Жыл басынан бастап
көшелердегі түнгі жарықшам бағандары,
жол бардюрлері, қоршау шартақтары қайта
жөнделді. 2016 жылы бөлінген 1582,0 мың
теңгеге 1682 м/кв бильбордтар мен панолар
қайта ауыстырылды.
Әйтеке
би кентінде 32 көше аяқ сумен қамтамасыз
етілген. 2016 жылы қосымша 13 көше
суландырылса, 9983,8 мың теңгеге 1 дана
СНП-50-80 насосы, 2 дана К-290/30 маркалы
электронасостары алынды.
Алдағы 2017
жылы көлемі 6680 метрді құрайтын 13 көшеге
аяқ су апару жоспарлануда.
Сонымен қатар 32,8 шақырым болатын 21 көшені тамшылатып сурару суару үшін 150 млн теңгенің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп қаржыландыруға ұсынылды.
Әйтеке би кентінің санитарлық тазалығынқамтамасыз етуге 2016 жылы39381,0 мың теңге қаржы бөлініп, 27360 куб.м қоқыстар сыртқа шығарылды.Жалпы тазалықты қамтамасыз ету мақсатында жеке тұрғындарға, кәсіпкерлік нысандарға, заңды тұлғаларға 970 дана қоқыс жәшіктері таратылды.
2017
жылы жаңадан тағы 200 қоқыс жәшігін алу
жоспарлануда.
Көше тазалығына
байланысты жүргізілген рейд барысында
278 тұрғынның қоқыс тастағандығы, 80
тұрғынның заңсыз септик құрылысын
қазғандығы анықталыптиісті құзырлы
органдар арқылы айыппұлдар салынды.
Тазалықты қадағалау мақсатында 9 көшеге
бейнекамералар қойылды. Алдағы уақытта
қосымша 20 бейнебақылау камераларын
алуға тапсырыстар берілуде.
11302,0 мың теңге қаржыға Әйтеке би кенті әкімі аппаратына қарасты «Қазалы-Су-сервис» коммуналдық мекемесіне ассензиатор автокөлігі мен кәріз суларын айдайтын су насостары алынып пайдалануға берілді.
Сәулет
және қала құрылысы талаптарының
сақталуына қадағалау жүргізу, құрылыс
салудағы заңсыздықтарға жол бермеу
мақсатында 85 заңсыз жер учаскесін қоршап
алған тұлға анықталып, тиісті шаралар
көрілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын
табатын болады.
Жалпы кенттің 77
көшесі жарықтандырылған. Көше жарықшамдары
үшін бөлінген 5986,0 мың теңге қаржыға 4
дана КТПН 250/10-0,4 кв электртрансформаторлары
сатып алынып, 6972,0 мың теңге қаржыға көше
жарықтарын күтіп ұстау жұмыстары
жүргізілді.
2016
жылы Желтоқсан, Жанқожа батыр тұйығы
көшелері мен Әйтеке би-Жанқожа батыр
көшесінің аралығындағы Төле би,
А.Байтұрсынов, С.Сейффуллин, Бекарыстан
би көшелеріне түнгі жарықшамдар
орнатылды.
2017 жылы Әйтеке би кентінің
жаңа тұрғын үй аймақтарын электрмен
қамту» жобасына сәйкес, бірқатар
көшелерді жарықтандырудың жоба-сметалық
құжаттары әзірленді. Аталған жоба
аясында «Қазалы мөлтек» аудандарына
қарасты тұрғын үй аймақтары, кентішілік
көшелер мен сыртқы айналма жолдарды
түнгі жарықтандыру жүргізілетін
болады.
Орталықтандырылған жылу
жүйесіне көп-қабатты 6 тұрғын үй, 2 үй
кәріз жүйелеріне қосылды. Сонымен қатар
бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануда.
Жолдарды жөндеуден өткізуге 2016 жылы 12162,0 мың теңге қаржыға 23 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жергілікті өзін-өзі басқару есебінен бөлінген 37415,0 мың теңге қаржыға 18 көшеге қиыршық тас қабаты төселді. Сонымен қатар 19750,0 мың теңге қаржыға Желтоқсан, Ельховиков, Қазыбек би, Ш.Айманов көшелеріне жаяу жүргінші жолдары салынып, 62 дана көшелер мен көше қиылыстарына бағыттаушы белгілері қойылды.
2017
жылы қосымша 72 дана белгілер орнату
жоспарлануда.
Кентте 9 мектеп, 6
мемлекеттік және 10 жеке балабақша
жұмыс жасайды. 2016 жылы қосымша 2 жаңа
балабақша ашылып пайдалануға берілді.
8171,0 мың теңге қаржыға №2 Айгөлек
балабақшасының ғимаратына ағымдағы
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әйтеке би кентінде мәдени-ағарту шаралары жоспарымен жүзеге асуда. 2016 жылы кенттің клубқа 5000,0 мың теңге қаржыға жаңа музыкалық аппаратуралар алынды.
2016 жылы кент әкімінің атына түскен 1145 өтініштің 419 жер мәселесіне орай кезекке алынып, 403 қанағаттандырылды. 323 өтінішке қосымша түсіндірме жауаптар берілді.
Әйтеке би кенті әкімінің ағымдағы жылға және жақын болашақтағы іс-қимыл бағдарламалары.
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңының талаптарын жүзеге асыру;
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және олардың алдын алу мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыру;
Әйтеке би кентінің көшелерін, жаяу жүргінші жолдарын кезегімен жөндеуден өткізу, түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, оның ішінде кенттің шет аймағындағы жаңадан ашылған кварталдардың проблемалық мәселелерін шешуге жұмыстар жасау;
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес азаматтарға тұрғын-үй салу үшін жер учаскелерінің кезектілігімен берілуіне және жаңадан ашылған кварталды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмыстар жасау;
Әйтеке би кентінің тұрғын үйлерін табиғи газға қосылуын жұмыстарын үйлестіру;
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру;
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуын ұйымдастыру;
Жастарды өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араластыру мақсатында жастардың жұмыс орындарымен қамтылуына жұмыстар жүргізу;
«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында кенттегі көп-қабатты тұрғын үйлерге кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
5-кварталдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оның ішінде мәдени, спорттық кешендер салуға, тұрмыстық қызмет көрсету орындарын ашуға жұмыстар жасау;
Кенттегі орналасқан қорымдарды қоршау және күтімге алу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тұрғындардың мал шаруашылығымен айналысуына қолайлы жағдайлар жасау, кент сыртындағы мал жайылымдарын суландыру мәселелерін қолға алу;
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, халықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуді қолға алу; «Мелиоратор» мөлтек ауданына абаттандыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру
Ауыз су жүйелері аудан бойынша 1009,6 км (аудан орталығы бойынша – 310,7 км орташа тозуы -10,1 пайыз, Қазалы қаласы бойынша 65,81 км, тозуы 6,6 пайыз, ауылдық округтер бойынша 219,5 км орташа тозумен 0,1 пайыз), соның ішінде, топтық және магистралды су құбырлары 413,7 км (тозу -44 пайыз). Ауыз су жүйелерінің жалпы тозуы 50,7 пайызды құрайды.
Орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне аудан бойынша 100 пайыз қол жеткізілді.
Жалпы жылына халыққа берілетін ауыз су көлемі -1474,8 млн. куб/м.
№ н/б |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
1 |
Орталықтандырылған ауыз суға қосылған елді мекендер саны |
бірлік |
31 |
31 |
31 |
2 |
Орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне халықтың қол жеткізу үлесі |
% |
100 |
100 |
100 |
3 |
Пайдаланылған ауыз су көлемінің ысырабы |
% |
20,75 |
21,74 |
21,64 |
2013-2015 жылдардағы халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі. Сурет 1
Аудан бойынша су тазарту имараттары жоқ, ал елді мекендерде жер асты және жер үсті су қөздерінен пайдаланады. 2013 жылы ауданға 12910,7 мың текше.м. ауыз су берілді, оның ішінде жер асты су көздерінен – 1076,9 мың текше.м.
Ауданда 2 сумен қамтамасыз етуші мекемелер бар. Елді мекендерде орташа тариф 40 теңге/текше.м. 509,14 тенге су беруші мекеме субсидия алады. Ауданда жеке су есептеу аспаптарымен қамту – 71 пайызды құрайды. Барлығы 71 су ұңғымасы бар.
Аудан бойынша барлық 45 ауылдық елді мекеннің 31- і орталықтандырылған ауыз суға қосылған немесе 68,9 пайызды құрайды.
Халықтың орталықтандырылған кәріз су жүйесімен Әйтеке би кенті қамтылған, кәріз жүйесінің ұзындығы 14,5 км, Әйтеке би кенті бойынша 233 үй, 439 адам қосылу деңгейі – 24,3 пайыз. Кәріз жүйелерінің тозу көрсеткіші – 43,3 пайыз. Кәріз жүйесіне қосылмаған елді мекендерде қолдан жасалған септиктер пайдаланады.
Жылумен қамтамасыз ету
Ауданда жылу жүйесінің жалпы ұзақтығы 22,7 шақырым құрайды және орталықтандырылған жылу жүйесі аудан орталығы Әйтеке би кентінде.
Өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктері өз қазандықтарымен қамтамасыз етіледі. Негізгі технологиялық жабдықтар 1996 жылдан бері пайдаланылып келеді, моральдық және физикалық тұрғыда ескірген, сондай-ақ ғимараттардағы қондырғылар ауыстыруды қажет етеді. Магистралды жылу жүйесі 20 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді және қанағаттанғысыз жағдайда болғандықтан авариялық жағдай туғызуда. Магистралды жылу жүйелерінің барлығы да қайтадан жаңғыртуды қажет. Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын Әйтеке би кентіндегі «Қызылорда-Теміржолжылу» МКК болып табылады.
Аудан орталығында тұрғын-үйлер мен әлеуметтік нысандар орталықтанған жылумен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ халықтың 6 %-ы орталықтанған жылумен қамту қызметін пайдаланады. Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі жылу жүйесі 5,44 шақырымға кеңейтілді.
Газбен қамту
«Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан «Әйтеке би» автоматтандырылған газ тарату станциясына дейінгі газ құбырының құрылысын салу жұмыстары «Ақмарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жоспарлы 38 218 метр газ құбырынын құрылысын аяқтап, АГРС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы, УПОУ (узел приема очистных устройств) құрылысы 100 %-ға орындалды.
Сондай-ақ кентішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «СпецГазМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Әйтеке би кентінің газ құбырының құрылысы бойынша жүргізуге тиіс түрлі қысымдағы 345 491,6 метр газ құбырларының 1 желтоқсан 2015 жылға 307 017,8 метр газ құбырлары, немесе 88,9 пайызын жүргізген. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Жоба бойынша ұзындығы 382,4 шақырым болатын газ құбырлары жүргізіледі. Оның ішінде: жоғары қысымды - 10,2 шақырым, орташа қысымды - 30,2 шақырым, төмен қысымды - 342 шақырым.Сонымен қатар, 1 дана-АГРС (автоматтандырылған газ тарату станциясы), 3 дана – ГРП (газ реттеуіш пунктері), 42 дана-ГРШ (газ таратушы шкаф) және 1 дана ПУРГ (газ шығынын есептеуіш бекет) орнату жоспарлануда.
Бүгінгі күнге 1270 азаматтан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын сұрау туралы өтініш түскен. Өтініштер бойынша 1150 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен 1010 жоба дайындалып, 223 үйге құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. 2015 жылдың қазан 21 күні газ желісінің бірінші кезегі іске қосылып, қазіргі таңға 80 тұрғын үй көгілдір отынға қол жеткізді. Кенттің 5 квартал аймағы бірінші кезекте толығымен қосылады.
III. Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы мәселелер мен басым бағыттары
3.1 Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша басым бағыттары