Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 351

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері.



  • Қоғам -кең мағынасында алғанда адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі.

  • Әлеуметтік құрылым - қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы.

  • Әлеуметтік қауымдастық – бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы. Тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

  • Әлеуметтік жіктеу (стратификация) –қоғамды қоғамдық дәрежесі арқылы ерекшеленетін әртүрлі әлеуметтік жіктерге бөлшектеу нәтижесі және процесі. Әлеуметтік жіктеу қоғам мүшелерінің және қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайларының бірдей еместігінің, олардың әлеуметтік теңсіздігінің көрінісі. Қоғамды қабаттарға жіктеудің жолдары әртүрлі субъективті әрі объективті болып келеді.

  • Әлеуметтік топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.

  • Әлеуметтік мобильділік - адамдардын бір әлеуметтік топтар мен қабаттардан басқаларга өтуі (әлеуметтік орын ауыстырулар), сондай-ақ, олардың престижділігі, табыс деңгейі және билігі жоғары деңгейлерге жылжуы (әлеуметтік жоғарылау) немесе төменірек иерархиялық позицияларға карай жылжу (әлеуметтік төмендеу). Әлеуметтік мобильділіктің топтық және жеке түрлерін бөледі.

  • Вертикальді мобильділік - индивидтің бір қабаттан басқа қабатқа өтуі кезінде пайда болатын қатынастар жатады.

  • Көлденең мобильділік – индивидтің немесе топтың әлеуметтік құрылымда статусын өзгертпей орын ауыстыруына байланысты мобильділіктің түрі.

  • Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.

  • Координация –жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім.

  • Субординация –тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары.

  • Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.

  • Әлеуметтік өзгеру – бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі.


























































Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. 2011.

  2. Интернет желісі.