Файл: Сыныптан тыс трбие сааты Таырыбы Спортденсаулы кепілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі КММ


Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі»

/9 «ә» класс/



Класс жетекші: Ә.Т.Аманияз


2022-2023 оқу жылы
Күні:16.05.2023

Тақырыбы: «Спорт денсаулық кепілі»

Сабақ түрі: Спорттық сайыс

Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Өтілетін орны: Спорт зал

Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, қапшықтар, дойбылар.

Өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Спорт- денсаулық кепілі» аттыспорттық сайысына қош келдіңіздер! Бүгінде осындай сыныптан-тыс сабақ біздің мектебіміздің 9 «ә» сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Сауығып айдай толасың.

Жақсы азамат боласың.

Спортты серік ете біл,

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

(сынып сап түзеп, орындарына  келіп тұрады).

Мұғалім: қане оқушылар, мына жерге жақындап Q-код арқылы барлығымыз топқа бөлінейік.

Үш топқа бөлінген соң әр топ өздеріне лайықты ат қойып қазылар алқасына тапсырасыздар. Бүгінгі сабағымыз 4 кезеңнен тұратын болады.

І кезең: «Кедергілер»

ІІ кезең: «Алғыр болсаң»

ІІІ кезең: «Баскетбол» добы

ІV кезең: «Жүйріктер» алаңы

Ендеше, оқушылар сайысымызды бастаймыз.

І кезең: «Кедергілер», яғни алдымызда тұрған кедергілерге тиіп кетпей, жылдам өтіп алдымызда тұрған логикалық есептерді шығаруымыз керек. Ең жылдым әрі логикалық есепті дұрыс шығарған топ ең жоғарғы ұпаймен бағаланады.

Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия
Үйдің 1 - ші қабатынан 3 - ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1 - ші қабатынан 6 - шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек? Шешімі: 52: 2=26 26+26+26+52=130 б

Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53
Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36; 12
Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 5*3=15
жетуге болады? Шешімі: 6*4=24
Тиынды 3 рет лақтырады. Оның тізбектелген әртүрлі цифр және елтаңба жағы қанша рет түседі? Жауабы: 23

ІІ кезең: Бұл кезеңге үш топқа үш қапшық берілетін болады. Осы қапшықты алма кезек киіп жүгіріп өтіп, алдарыңызда тұрған мақал-мәтелдерге жауап беріп өтесіздер.

Отан оттан да......(оттанда ыстық)

Өзге елде сұлтан болғанша.............(өз елінде ұлтан бол)

Білім инемен.........(құдық қазғандай)

Бірлік болмай..............(тірлік болмас)

Ерді намыс өлтірер.....(қоянды қамыс өлтіреді).

Ер қанаты...............(ат)

Өнер алды.............(қызыл тіл)

Қына тасқа бітеді...........(білім басқа бітеді).

Армансыз адам................(қанатсыз құспен тең)

Туған жердей жер болмас............(туған елдей ел болмас)

Әке көрген оқ жонар............(шеше көрген тоң пішер)

Атаңа не қылсан..................(алдына сол келер)

ІІІ кезең: Бұл кезеңде баскетбол добын әр топтан бір оқушы шығып үш рет лақтырады, ең көп допты түсірген топ жоғары ұпаймен бағаланады.

ІV кезең: Бұл кезеңде столдың үстінде сіздерге дойбы тақтасы дайын тұрады. Әр топ алма кезек шығып бірінің ойынын екіншісі жалғастырады, әр жұптасқан оқушыларға 2минуттан уақыт беріледі. Ойын бітпей қалса ең көп дойбы жеген топ жеңімпаз болады. Бұл ойында бір ерекшелік бір екі топ ойнап жатырған кезде, бір топ көрермен болады.