Файл: Берілген ксіпкерлік ызмет трлеріні негізгі сипаттамаларын крсететін кестені толтырыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 тапсырма

Берілген кәсіпкерлік қызмет түрлерінің негізгі сипаттамаларын көрсететін кестені толтырыңыз.


Кәсіпкерлік

қызмет саласы


Кәсіпкердің

негізгі функциялары


Өндірілетін

тауардың (қызметтердің) ерекшеліктері


Негізгі

қызмет түрі


Бизнесті ұйымдастыру күрделілігінің себебі неде




Өндірістік


Тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Кәсіпкер тауарларды өндіреді, қызметтерді, ақпараттарды тұтынады, ішкі құндылықтарды қалыптастырады , сосын оларды тұтынушыға өткізеді.

-       өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

-       ақпараттарды өңдеу және жинау;

-       рухани құндылықтарды игеру;

-       тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер

Өндірістік кәсіпкерліктің өндірген өнімдерін өндірістік кәсіпорындар, коммерциялық сауда мекемелері, тауар-қор биржалары, банктер мен қарапайым халықтар пайдаланады. Өнімді тиімді сату шаралары делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.


Коммерциялық

Сауда-айырбас және тауар ақшалай операциялармен, тауарлар мен қызметтерді сатып алу-сатумен байланысты.

Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады.

Тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.

Коммерциялық кәсіпкерлік өндірістік кәсіпкерлікпен тікелей байланысты. Себебі, өндірілген өнімді өткізу негізінен осы коммерциялық кәсіпкерлікке жүктеледі. Ол өнімге деген сұранысты анықтап, өнімнің белгілі бір түрін өндіруді көбейтуге немесе керісінше шектеуге әсер етеді.

Делдалдық

Азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілікпен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған, шығармашылық, дербес іс-әрекет

Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді.

Егер де өндіруші мен сатып алушы мәміле жасасса, делдал кәсіпкерге сыйақытөленуі тиіс

Қаржылық

Коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Қызметтің бұл түрін қор және валюталық биржалар, инвестициялық банктер атқарады.

Бағалы қағазға айналу үшін өндіру (эмиссия);

Акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу.

Бұл ағымдық (бір жылға дейінге) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам уақытқа) кезеңге ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуын сипаттайтын жоспардың қорытынды құжаты. Бұл жоспар болашақ ақшалай ағымдардың сапалы болжамына қол жеткізу үшін қажет.

Сақтандырушылық қызмет


Мүлікті, өмірді, денсаулықты сақтандыру қаржылық-несиелік кәсіпкерліктің ерекше формасы болып табылады.

Кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны кепіл етеді.

Кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды

Кәсіпкер тек белгілі жағдайларға байланысты сақтандыру төлемін жүргізе отырып, сақтандырушылық салым алады. Мұндай жағдайлардың орын алу ықтималдылығы аз болғандықтан салымның қалған бөлігі кәсіпкерлік кіріс болады.




1 тапсырма

Кәсіпкерлік қызметтің үш экономикалық және үш әлеуметтік пайдасын (выгода) жазыңыз

Экономикалық пайда

Әлеуметтік пайда

1.Ресурстық функция ойнатылатын және шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру

1. Мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін әлеуметтік сақтандырылу

2. Шығармашылық іздестіру жаңа идеялар сияқты, жаңа мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа құралдар мен факторларды дамыту

2. Компанияның балансында өндірістік емес қорларды құру және жүргізу

3. Ұйымдастыру өз бизнесін ұйымдастыруда, оны әртараптандыруда, фирманың қызмет стратегиясын өзгертуде және ақырында, қысқа және ұзақ мерзімді перспективада кәсіпорынның жұмысын бейімдеудің адаптивті әдісімен құзыретті пайдалану

3. Жалдамалы қызметкерлер мен кәсіподақтар арқылы әлеуметтік келісімде және ұжымдық келісімдер жасасу


3 тапсырма

Жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның қызметіне салыстырмалы талдау жүргізіп, кестені толтырыңыз.

Кәсіпкерлік

қызмет нысаны


Құқықтары


Міндеттері


Жауапкершілік шегі

Жеке кәсіпкер

  • Заң рұқсат беретін кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға;


  • Кез келген ұйымдық –құқықтық формадағы жеке кәсіппен айналысуға;


  • Кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қажет өз қарамағынада кез келген мүлікке ие болуы, өз бизнесін жеке жоспарлауға тауарды тұтынушылардытаңдауға, заңға сәйкес кәсіпкерлік келісім-шарттарды жүрнізуге жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақы мөлшерін бекітуге;


  • Жалдамалы жұмысшыларға қосымша демалыс беруге;


  • Сыртқы экономикалық, сыртқы сауда әрекетімен айналысуға;


  • Тауар өндіруге;


  • Салық заңына сәйкес келмейтін заңдарды орындамауға;


  • Салық органдары қызметкерлерінің заңға қайшы келетін шешімдеріне белгіленген тәртіпте шығын көлемін қацтаруды талап ете алады.




  • Белгіленген уақытта салық көлемін уақытында төлеуге;


  • Салық органдарына табыс, өзге құжаттар мен мәліметтерді уақытысында өткізуге, осы мәліметтерден олар салықты өзге міндетті төлемдерді санай алады;


  • Бухгалтерлік есеп жүргізуге;


  • Белгіленен тәртіпте заң бекіткен әрекеттің кз келген түріне лицензия алуға;


  • Өзінің тауарына сәйкес келмейтін жарнаманы берцге болмайды;


  • Белгіленген тәртіпте мемл. Органдарға қаржылық-шаруашылық әрекеттің нәтижелері туралы толық көлемде статистикалық есеп беріп тұруға міндетті.




  • ҚР заңнамасын бұзғаны үшін;


  • ҚР жосықсыз бәсеке, демпинкге қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін;


  • ҚР тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғаушаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін;




Заңды тұлға

  • Толық серіктестердің қатысушысы бола алады;


  • Акционерлік қоғамның атқарушы органы бола алады;


  • Берілген тәртіпте арбитраждық басқарушы бола алады;


  • Бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады;


  • Аудиторлық әрекетпен айналысу.




Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады, сотта, төрелік сотта талапкер немесе жауапкер бола алады.әрбір заңды тұлға әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады, сол реттелетін ішкі құрылымы болады, меншігінде шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Заңмен бекітілген қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін міндетті мойына алу. Жауапкершіліктің бірнеше түрі бар, және олар, өз ерекшелігіне байланысты, заңды тұлғаларға қолданылуы тиіс емес.