ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 657
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Диктанттар жинағы қазақ тілі 3 сыныпОтаным.Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та,ойпат та кездеседі. Үлкен – үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен достық қарым – қатынаста. (46 сөз.)
ІІ. нұсқа. 1. 5- сөйлемді сөз таптарына талда. 2. Коньки, бала ..., жүр, теуіп.Мүмкіндік деңгей :1. «Тоқымашыларға» сөз құрамына талда.2. Мына сөздерден туынды сөздер жаса: Құлақ, іс, мал, етік, біл, айт, арба.Мұз астындағы ұйқы.Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты. Су асты күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржып қалды. Кәрі сазан түсіндіріп жатыр. Аю сияқты сазан тұқымы да қыста тамақ жемейтіндігін айтты.Кәрі сазан көл астында талай қыстаған. Көлдің терең жерлерінің бәрін білетін. Оның соңынан басқа сазандар ілесті. Бәрі тереңдегі бір қуысқа жиналды. Ұйқыға жатты. Су астын қараңғылық басты. (59 сөз)Грамматикалық тапсырма:1. Соңғы сөйлемнен түбір сөз бен қосымшасын тап.2. Су, көл, қыс сөздерінен түбірлес сөздер жаса.3. «Күңгірт» сөзіне дыбыстық талдау жаса.Күтпеген көмек.Анарды анасы дүкенге жұмсады. Ол дүкеннен нан мен айран алып, үйге қайтып келе жатты. Жолда оған Айдар кездесті. Оның Анарға көмектескісі келді. Анардың азық-түлік салынған сөмкесін қолына алды. Едәуір жүрген соң шаршайын деді. Ал Асқар мен Азамат Анар мен Айдарға көмектесуді ойламады. Анардың иті иесінің шаршағанын көрді. Жердегі сөмкені бауынан тістеп көтеріп алды. (56 с).Грамматикалық тапсырма.1. Ит сөзін тәуелде.2. Тұрлаулы мүшелерді тап. Анарды анасы дүкенге жұмсады.3.Тыныс белгіні қой. Ит адамның досыАқбөкен.Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді. Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау.Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкендер – өте сақ жану Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланды. Қазір саны азайып кетті. (57 сөз)Грамматикалық тапсырма:1. Бер, қара,кел, ұқса сөздеріне жұрнақтар жалғап болымсыз етістік жаса.2. Ақбөкендер – өте сақ жануарлар – сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.3. Дәрі – сөзін тәуелде.Бақылау диктанты.Көктем келді.Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. ( 56 сөз )
Грамматикалық тапсырма:1- тапсырмаСөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, үстіне сөз таптарын жазып көрсет.1 – нұсқа: Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады.2 – нұсқа: Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.2 – тапсырмаЗат есімді жекеше, көпше түрде тәуелде.1 – нұсқа: Тырна деген сөзді. 2 – нұсқа: Өзен деген сөзді.Орман қабаттары.Қалың ормандар бес қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабат – қарағай, емен секілді ағаштардың ұшар басы.Төртінші қабат – қайың,терек секілді ағаштардың ұшы. Үшінші қабат – бұталар мен жас ағаштар. Төменгі екі қабатта шөптер, гүлдер, мүктер өседі. Осы бес қабаттың әрқайсысының «өз тұрғындары» бар. Бірінші қабатта құрлар ұя салады. Әнші құстар үшінші қабатты иеленеді. Төртінші қабатты тоқылдақ, сауысқан секілді құстар мекендейді. Орманның бесінші қабатына мысықторғай, қаршыға ұя салады.Грамматикалық тапсырма1. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.2. Жинақтық сан есімдерді жаз.3. Қалың ормандар бес қабаттан тұрады - сөз таптарына талда.Қымыз.Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмінің бірі. Ол тегінде тек бие сүтінен ашытылады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп,жылы кезінде күбіде немесе сабада саумалды пісіріп, оның аузын байлап не тығындап қояды.Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйемін салып сүттен, ол жоқ болғанда, сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Сары қымыз – дертке шипа, денеге күш. ( 59 сөз)Грамматикалық тапсырма1. Соңғы сөйлемнен түбір сөз бен қосымшасын тап.2. 4 – сөйлемнен күрделі етістікті тауып астын сыз.3. Сыңарын тап : Түбір сөздер қосымшаларАшытқы тен Сүт қы Жая ны Қазы ныҚарлығаш.Қарлығаштар әрқандай жерлерде тіршілік етеді. Олар бір - бірінен тұрпаты жағынан ерекшеленеді. Қыстау қарлығашының құйрығы екі айыр болады. Қала қарлығашы мен ін қарлығашының құйрығы оншалықты ойық емес болып келеді. Қарлығаштар жерге жақын жүре алмайды. Оларға жерден ұшып көтерілу де қиын. Сондықтан олар бунақденелерді ұшып жүріп әуеде аулайды. Тіпті суды да ұшып бара жатып тұмсығымен іліп ішеді.
Грамматикалық тапсырма:1. Болымсыз етістікті тап.2. Жер, қала – сөздерді көпше түрде тәуелдеп жаз.3. Қарлығаштар жерге жақын жүре алмайды – сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.Бақылау диктанты.Адам.Жер үстінде адам баласы болудан қасиетті не бар дейсің.Тек қандай адамның баласы болу керек,соны айт.Бұған қосатын бір сөз – адамды езетін адамның баласы болма. Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.Онсыз өмірдің өзі де өлімтікпен тең,сұр көлеңке болар еді.Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық, алыс пен жеңіс болмаса бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз,ұйыған айран емес пе? ( 61 сөз )Грамматикалық тапсырмаІ – нұсқа1) Тұрлаулы мүшелерді тап.Адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.2) Сөз құрамына талда. Қиындық,адамшылық.2 – нұсқа1) Тұрлаусыз мүшелерді тап.Адамның өмірі қайғы мен шаттықтан тұрады.2) Өмір сөзін тәуелде. 3)* Сөзді дұрыс жаз.кереме – уатық -зарбық -
-
И йәрпі бар сөздердің астын сыздыру. -
«Сәулетті»сөзіне дыбыстық талдау жаса. -
Көп, жақсы, кең, үлкен – сөздеріне қарама – қарсы сөздер жаздыру. -
Зат есімдердің астын сыздыру.