ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 1858
Скачиваний: 10
Афанасьев-Пфейффер таяқщасы туғызатын пневмониялар(Haemophilus influenza В типі). Соңғы кезде бұл пневмониялар жиі кездесуде. Көп жағдайда бұл сәбилер инфекциясын, назофарингит, отит, ларинготрахеит, эпиглоттит, пневмония, менингит дамытады. Кейбір авторлардың дерегі бойынша үш жасқа дейінгі балалардың отиті мен менингитінің 70%-ы осы қоздырушыға байланысты. Пневмония, әдетте, біртіндеп басталады: ауру ошақты не бөліктік (екіжақтылығы да сирек емес) пневмония түрінде жүреді. Жөтел әрқашанда болады, бірақ көбіне қақырықсыз, дене қызуы жоғары. Әдетте, балада отит не эпиглоттит (инспираторлық ентігу, кеңірдектің ысқырық тәріздес сырылды), ларинготрахеит болады. Эмпиема, перикардит, менингит сепсис және басқа асқынулары тек бір жасқа дейінгі, әлсіз балаларда байқалады. Бактериемия сирек анықталады. Қан сынағында шамалы лейкоцитоз, лимфонения, ЭТЖ жоғарылауы аурулардың тек жартысында ғана анықталады. Кесел ағымы бірнеше аптаға созылады. Асқынбаған түрлерінің болжамы сәтті болады. Оқушыларда жиі госпиталдық инфекция түрінде кездеседі, әсіресе обструктивті бронхит бойында.
Клебсиеллездік пневмония. Қоздырушысы колиформалы капсулалы Грамм теріс (-) Фридлендер таяқшасы. Бұл бацилла сау балалардың 5%-да тыныс жолы мен ішекте иммунитет кемістігінен басқа бір ауыр аурудан әлсіреген (туберкулез, лейкоз, бронхоэктазы бар) балалар мен нәрестелерде байқалады. Клебсиеллездік пневмония көбіне госпиталдық инфекция, ол аспаптар арқылы таралады. Ауру перзентханада жиі кездеседі. Ауырар алдында нәрестеде диарея мен құсу пайда болуы мүмкін. Клебсиеллездік пневмонияның белгілері: интоксикация, жедел басталу, бірақ өкпе тінінде өзгерістер бая жүреді (баяу ағымды пневмония-pneumonia migrans), экссудацияның көптігінен альвеолалар мен кіші бронхтардың бітелуіне байланысты сырылдар аз естіледі. Перкуторлық дыбыстың қысқарған анық білінеді. Өкпеде некротикалық және геморрагиялық көлемді өзгерістер өрбиді. Лобарлық (бөліктік) инфильтраттың сыртында қуыстар болады. Көбіне ауруға оң өкпенің жоғарғы бөлігі ұшырайды. Абсцесс, пиоторакс пайда болады. Науқастан өзгеше иіс сезіледі. Қызуы көтеріліп, айқын интоксикация орын алады. Зәр жолдарында инфекция жиі болып, басқа да метастатикалық ошақтар шығады. Сепсис өрбуі мүмкін. Летальдігі – 10-15%.
Көк-жасыл ірің таяқшасы туғызатын пневмония. Бұл – анық госпиталдық инфекция. Pseudomanas aeruginosa организмге тіндік тосқауылдардың кемістігіне байланысты түседі (терінің күйген жерінен, пункциялар жасағанда, катетер қойғанда және т.б.), ал өкпеге инфекция жұққан респираторлар арқылы енеді. Р. Аeruginosa – муковисцидоз, өкпенің даму ақаулары, иммунитет кемістігі сияқты ауруларда пневмония туғызуға себепкер. Пневмония өкпе, бронхтардың некроздары, интоксикация, кома, тырысу дамуымен, ТТ шығуымен өтеді. Көп мөлшерде шырышты-іріңді немесе жасыл түсті қақырық болады. Көптеген кішігірім деструкция ошақтары болуы мүмкін; кесел көбіне дене қызуының қалыптылығымен не төмендеуімен, лейкопенияға бейімділігімен, қалыптағы ЭТЖ-мен ерекшеленеді. Болжамы қауіпті, себебі осы пневмонияның өзі сепсистің бір белгісі ретінде ғана болуы мүмкін.
Микоплазмалық пневмония. Бұл пневмонияның «айыпкері» — Mycoplasma pneumonia. Түрлі авторлар оны жедел ағымды пневмонияның 11-21%-ның қоздырғышы деп есептейді. Кез келген жаста кездеседі, бірақ көбіне оқушылар ауырады. Инкубациялық мерзімі 1-3 апта. Ауру бірте-бірте катаралдық өзгерістерден басталады да дене қызуы 4-6 күнге қарай әбден үдейді. Айқын белгісі – жиі, мазасын кетіріп, көпке созылатын (кемінде 2-3 апта), аз қақырықты жөтел.
Пневмонияның асқынулары. Токсикоз – көбінесе аралас, вирусты-бактериалды инфекцияға бала организмінің ауыр қиналыс жауабы (реакциясы). Э.К. Цыбулькин бұны инфекциялық-токсикалық шок пен ми бұзылысының қатар қосарлануы деп есептеп, вирустың гипоталамусқа, яғни вегетативтік нерв орталықтарына деген аса жақындығының салдары ретінде түсіндіреді. Токсикоз ағымының үш сатыға бөледі: І саты – интракапиллярлық бұзылыстар басымдағы (шеткі тамырлар спазмы және қан реологиясының бұзылуы); ІІ саты – экстракапиллярлық бұзылыстар басымдағы (тамыр өткізгіштігінің артуы, интерстициалдық ісіну, жергілікті және жалпылама қантамырлық қанұю); ІІІ саты – қуат пен мембраналық тасымалдау кемістігі, ісіну және клеткалар өлуімен шектелетін клеткалық мембраналар бұзылысының артуы.
Қазіргі кезде токсикалық, септикалық шоктың өрбуінде негізгі рөлді суперантигендер (мысалы стафилакокк) атқарады деп есептелінеді. Олардың хелперлік Т-лимфоциттерді тым қатты белсендіретіні анықталды. Осы иммундық клеткалар интерлейкин – 2 көптеп шығарады, ал соңғының жоғары концентрациясы дерттік әсерді молайтады.
Ересек адамдағы пневмония көрінісі. Жедел пневмониялар. Пневмония аурулары көп жағдайда көбінесе қайтымды болады да, өкпе паренхимасының (альвеолалар мен жартылай ұсақ бронхтардың) инфекциялық қабынуымен сипатталады. Көбінесе пневмонияны бронхтық-өкпелік инфекциялар туғызады: бактериалдық (бәрінен бұрын пневмококктар, сонымен қатар стафилококктар, аралас аэробты, грамм терісті, т.б.), вирустық, микоплазмалық, саңырауқұлақтық, риккетсиоздық жедел пнвемонияның қоздырғышы ретінде белгілі. Пневмония ауруына қоздырғыштармен қатар, мына жағдайлар да әсер етеді: біріншіден, қатты суық тиіп қалудың әсерінен болады, екіншіден ауру иммунодепресанттарды ұзақ қабылдаған науқастарда байқалатын иммундық реакциялардың бұзылуының нәтижесінде өршиді, сонымен қатар бұл жағдай алкоголиктерде, жүрегі, буйрегі ауыратын қарт адамдарда жиі кездеседі. Қоздырғыштың ішке кіретін негізгі жолдар ауадан немесе мұрын, жұтқыншақ жолдары арқылы болатындықтан, оның жолдарына байланысты, өкпенің қорғаныс механизмдерінің бұзылуының да орны ерекше зор. Өкпеге инфекция гематогендік жолдармен де енеді. Пневмониялық ошақ – бұл бүкіл морфологиялық қабыну белгілерімен сипатталған, зақымдалған альвеолалардың ішінде жиналған экссудаты бар өкпелік инфильтрат. Әдетте, инфильтрат белгілі бір кезеңдермен дамиды. Өкпе зақымдануының мөлшеріне және орналасуына байланысты пневмонияларды крупозды (бөлікті), ошақты (сегментарлы немесе полисегментарлы бронхопневмония) пневмония және қабынулық өкпелік инфильтрацияның ерекше түрі – интерстициалдық түрлерге бөледі. Пайда болу ерекшелігін ескере отырып, іріңдерге бейімделген аспирациялық пневмонияларды иммунитет нашарлаған кездегі, СПИД-пен ауырған, иммунодепрессанттар қабылдаған науқастардың пневмонияларынан бөліп қарастыру керек.
Қазіргі уақытта легионеллалардан, микоплазмалардан, хламидтялардан құс вирустарынан пайда болған пневмонияларды атипиялық деп атайды. Пневмониялардың барлық түрлері дене қызуының көтерілуімен, әр түрлі дәрежелі интоксикациямен, жөтелмен және физикалық және қосыша тексреу әдістерімен анықталған өкпе тығыздалуының инфильтрациясының түрі және оның белгілерімен анықталады.
Крупозды пневмония өкпенің бір мезгілде бүтіндей бір немесе бірнеше бөліктерінің зақымдануымен, сол сияқты қабыну үдерісіне өкпе қабының да қосылуымен сипатталатын ауру. Сондықтан крупозды пневмонияны бөлікті немесе плевропневмония деп те атайды.
Аурудың клиникалық көріністері дене қызуының жіті де қатты (39-40°С-ға дейін) көтерілуімен сипатталады. Қалтыраудың тұрақты түрі, күйзелісті қалтырау, бастың ауруы, ұйқысыздық, сандырақтау, интоксикация симптомдары тән. Науқаста алдымен құрғақ, соңынан қақырықты жөтел пайда болады. Қақырық шырышты-іріңді, құрамындағы қан және фибрин оған өзгеше «тотық түр» береді. Аурудың бірінші күндерінен бастап кеуде клеткасының зақымданған жағында құрғақ плевритке тән ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін.
Объективті тексергенде аурудың жиі және үстірт дем алуы анықталады, бұл кезде дағдыдағыдай дем алу актісіне қосымша тыныстық бұлшық еттер қатысады. Науқастың беті қызарған, ерін мен мұрын желбезектері аймағында (әдетте зақымданған өкпе жағынан) герпетикалық бөртпелер анықталады. Кеуде клеткасының инфильтрат орналасқан жағы дем алу актісінен қалып отырады. Бұл аймақ үстінен пальпация жасау кезінде дауыс дірілінің айқын күшейгенін сезуге болады. Перкуссияда өкпелік дыбыстың қысқарып тұйықталуы, көп жағдайда тимпаникалық түрі байқалады, аускультацияда альвеолалардың қабынуы нәтижесінде әлсіреген везикулярлық тыныс, сықырлар (crepitatio indux) естіледі, бірақта бұл жағдай альвеолаларға ауа кіріп-шығып тұрғанда ғана байқалады. Айқын белгіленген тығыздалу кезеңінде (бауырлануда) перкуторлық дыбыстың тұйықталуы білініп, тыныс-бронхофония күшейеді. Пневмонияның шешілу кезеңінде қайтадан, бастапқы кезеңіндегідей физикалық белгілер анықталады, олардың ішінде сықырлау да (crepitatio redux) естіледі. Пневмониямен қатар өрбіген құрғақ плеврит кезінде үйкеліс шуылы да естіледі. Қанда нейтрофилді лейкоцитоз көп мөлшерде болады, әсіресе жас клеткалар көбейеді, яғни солға қарай ығысу байқалады, ЭТЖ-ның жылдамдауы, гипер-альфа-глобулинемиялық өзгерістер білінеді. Қақырықта белок, эритроциттер, лейкоциттер көп болады.
Рентген сәулесі арқылы тексергенде өкпеде тығыз гомогенді, бір немесе бірнеше бөліктерден тұратын инфильтрат анықталады.
Ошақты пневмония (бронхопневмония) бронхтарда және олардың айналасында жатқан өкпе паренхимасындағы инфекциялық қабыну үдерісінің дамуымен сипатталады. Әдетте, бұл сырқат түрінде өкпенің бір немесе бірнеше сегменттері зақымданады, сондықтан пневмонияның бұл түрін сегментарлы немесе полисегментарлы пневмония деп те атайды.
Бронхопневмоняның себебі әр түрлі инфекциялық агенттер болуы мүмкін, әсіресе Пфейффер таяқшасы, стафилококктар және пневмококктар бәрінен де жиі кездеседі. Әдетте, бұл ауру созылмалы бронхитпен немесе бронхоэктазбен ауырған науқастарда, сонымен қатар қант диабетімен, кіші қан айналым шеңберінде қан іркілуімен асқынған жүректің созылмалы ауруымен ауыратын науөастарда, жарақаттанған немес операция жасалған адамдарда пайда болады. Ошақты пневмониядан бұрын жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы жиі кездеседі.
Клиникасы. Кейбір жағдайларда ошақты пневмония аяқ астынан пайда болуы мүмкін, көбінесе ол трахеобронхитпен немесе жіті респираторлық инфекциялармен қоса дамиды. Алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуімен, жөтелдің күшеюімен, аз да болса іріңді-шырышты қақырықтың бөлінуімен байқалады. Егерде пневмония физикалық тексеру әдістерімен анықтауға болады. Бұл кезде дауыс дірілінің күшеюі, перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, везикулярлық тыныстың қатаң түрі, ұсақ көпіршікті дауысты ылғалды сырылдар анықталады. Тереңдеу орналасқан ошақтың белгісі ретінде тек қана ылғалды, күшті дыбысты, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сырылдардың жақсы естілуі бронх төңірегіндегі өкпе тінінің тығыздалуына тікелей байланысты болады.
Қанда лейкоциттер формуласының сәл ғана сол жаққа ығысуы байқалады, лейкоцитоз аздап көбейеді.
Рентген сәулесімен тексергенде өкпенің сегментарлы немесе полисегментарлы гомогенді қараюы анықталады, әдетте, олар өкпенің төменгі бөліктерінде орналасады.
Қорытынды:
Пнемония – себебі негізінен бактериялық инфекция болатын, өкпенің респираторлық бөлшектерін зақымдап, альвеола ішінде экссудация, қабыну клеткаларынынң инфильтрациясы падйа болатын, паренхимаға экссудат сіңіп, бұрын болмаған, басқа аурулармен байланысты емес жергілікті қабынудың клиникалық-рентгенологиялық белгілері бой көрсететін жедел инфекциялық ауру.
Пневмония ең жиі кездесетін аурулардың бірі ( әр 1000 тұрғын ішінде 3-15 адам ауырады). Ауруханадан тыс пневмонияда өлім 5% жағдайда, нозокомиялық пневмонияда 20% жағдайда кездеседі. Пневмонияның диагнозын қоюда жіберілетін қатенің жиілігі 20%. Алғашқы үш күн ішінде дұрыс диагноз 35% жағдайда қойылады.
Пневмонияны қазіргі уақытта кездесетін барлық инфекциялық агенттер тудыра алады, бірақ практикада микроорганизмдердің шектелген саны ғана пневмонияның басым қоздырғышы болып табылады.
Әр кез сайын нақтылы түрде аурудың қоздырғышын анықтау қиын болғандықтан, пневмонияны тулыратын агентке бір бағытта баға беру үшін барлық пневмония аурухандан тыс пневмония, аурухана ішілік пневмония, аспирациялық және иммунитет жетіспеушілік пневмония болып бөлінеді.
Инфекция өкпенің респираторлық бөліктеріне бронхогендік, гематогендік (өкпеден тыс орналасқан инфекция ошағынан), лимфогендік (кеуде торы жарақаттанғанда) жолдар арқылы және зақымданған көрші тіндерден (бауыр абцессі) тікелей жұғу арқылы тарайды.
Пневмониямен ауыратын адамның басты шағымдары – жөтел, қақырық бөлу, кеуденің ауыруы, ентігу, дене қызуының көтерілуі.
Жөтел құрғақ және қақырықты болады. Қақырық кілегейлі, кілегейлі-іріңді және тот түсті болады. Кеуде қабырғасының ауыруы қосымша плевритке байланысты өкпе қабы беттерінің бір-бірімен үйкелісінен пайда болады, ол тынысты терең алған кезде және жөтел кезінде күшейе түседі, науқас адам ауру жақ бүйіріне жатқанда азаяды. Дене қызу көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты шектелуіне байланысты бой көресетеді. Дене қызуы көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты сипаты әр түрлі болып келеді. Крупозды пневмонияда қызба тұрақты болады, оған қоса қалтырап тоңу кездеседі.
Басқа шағымдардан басқа интоксикацияға байланысты шағымдар да болады: бас ауырыуы, миалгия, диарея т.б.
Өкпе жағынан болатын белгілер: дем алған кезде кеуденің ауру жақ жартысынң қалыңқы болуы және өкпе тінінің тығыздалуы синдромының белгілері: дауыс дірілінің күшеюі, өкпенің қабынған бөлігінің үстінде перкуссиялық өкпе дыбысының тұйықиалуы (әлсіреуі) немесе тынық дыбыс, тыңдағанда – бронх тынысы, крепитация және плевраның үйкеліс шуы.
Пневмонияның диагнозын қоюдағы ең маңызды тәсіл – рентгенологиялық тексреу, ол өкпе тінінің инфильтрациясын ( оның мөлшерін, түрін және орнын), плевра қуысындағы сұйықтықты және өкпе тініндегі деструкция белгілерін анықтауға көмектеседі.