ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 358
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
анықтауыштық қатынас | 1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән. 2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады. | Мысалы: Аянның (кімнің) добы үйдің (ненің?) есігі алыс (қандай?) жер бес (қанша?) қағаз |
толықтауыштық қатынас | 1. Меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркес-терге тән. 2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады. | Мысалы: сөзге (неге?) шебер гүлді (нені?) суару терезеде (неде?) тұр сенен (кімнен?) алды көзбен (немен?) көру |
пысықтауыштық қатынас | 1. Меңгеру, қабысу, жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. 2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? неліктен? т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады. | Мысалы: ауылда (қайда? ашылды биыл (қашан?) ашылды зорға (қалай?) ашылды |
СӨЙЛЕМ
Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар:
түрі | ереже | тыныс белгісі |
Хабарлы сөйлем | Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем. | Сөйлем соңына нүкте қойылады. |
Сұраулы сөйлем | Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. | Сөйлем соңына сұрау белгісі (?) қойылады. |
Бұйрықты сөйлем | Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем. | Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады. |
Лепті сөйлем | Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. | Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады. |
түрі | Жасалу жолдары |
Хабарлы сөйлем | Хабарлау, мақсатында айтылған жай сөйлем арқылы жасалады. Мысалы, Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады. |
Сұраулы сөйлем | 1. Сұрау есімдіктері: (кім? не? қанша? қандай? т.б.) 2. Сұраулық шылаулар: (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше) 3. Оқшау, көмекші сөз: ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.) Мысалы, Сен оны танисың ба? / Сен оны танимысың? Енді арманың жоқ шығар? Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп қалса ше? Оған өлең ұнады білем, сірә? |
Бұйрықты сөйлем | Баяндауышы бұйрық рай арқылы жасалады. Мысалы, Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа.Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр! Кел, балалар, оқылық! Кел, жүгірейік! Жылқыны тез қайырыңдар! Дауысыңды тым болмаса бір шығаршы! |
Лепті сөйлем |
|
СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ ТҮРЛЕРІ
түрі | ереже | мысал |
Жақты сөйлем | Бастауышы бар сөйлем. | Мен ауылға бардым. Кітап – білім бұлағы. |
Жақсыз сөйлем | Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. | Менің оқығым келеді. Ағашты былай жарар болар. |
Жалаң сөйлем | Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. | Ол келді. Бала-шағасы келіп кетті. Той-думан болып тұрады. |
Жайылма сөйлем | Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. | Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр. Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті. |
Толымды сөйлем | Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. | Қыста ауа райы өте суық болды. Олар арттарына мәңгілік із қалдырды. |
Толымсыз сөйлем | Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем. | -Балам, қайдан келдің? - Астанадан. Толымды түрі: -Балам, (сен) қайдан келдің? - (Мен) Астанадан (келдім). |
Атаулы сөйлем | Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. | Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан. |
Ескерту:
1) Бастауышы айтылмаған жағдайда баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады: Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)
2) Кейбір құрмалас сөйлемде екі жай сөйлемнің бастауышы ортақ болады. Ондай сөйлемді жалпылама жақты сөйлем дейді. Мысалы, Аз сөйле, көп тыңда. (Сен аз сөйле, көп тыңда.)
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді және мынадай жолдармен жаслады:
-
Қалау рай арқылы: Менің оқығым келеді. -
Барыс септігіндегі тұйық етістіктің бол, жара, тура кел деген көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы: Ауылға баруға тура келді. -
Атау және барыс септіктеріндегі тұйық етістіктің керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Менің сабақ оқуым керек. -
-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің болымсыз түрдегі бол етістігімен тіркесуі арқылы: Оның не айтып отырғанын түсініп болмайды. -
Құрамында бастауышы бар тұрақты тіркестер арқылы: Оның үрейден төбе шашы тік тұрды. -
Ілік септігіндегі тұйық етістіктің керегі жоқ, қажеті жоқ, қажеті не деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Оны айтудың қажеті жоқ.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
-
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. -
Сөйлем мүшелері құрамына (құрылысына) қарай 3 топқа бөлінеді: дара мүше, күрделі мүше және үйірлі мүше.
-
Дара мүше – толық мағыналы бір сөзден болған мүше. (Дала қараңғы. сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден тұр.) -
Күрделі мүше – күрделі сөзден, тұрақты тіркестен және шылаулы тіркестен болған мүше. (Мұғалім келе жатыр. сөйлемінде баяндауыш күрделі сөзден болып, күрделі баяндауыш болып тұр.) -
Үйірлі мүше – бірнеше сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. (Жаны сау адам – бақытты адам. сөйлемінде анықтауыш үйірлі мүшеден болып тұр, себебі бастауышқа (жаны), баяндауышқа (сау) ажыратылады, бір сұраққа (қандай) жауап беріп тұр.)
-
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
-
Тұрлаулы мүше– сөйлем құрауға негіз болатын мүше. Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш. -
Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР
Бастауыш
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.
-
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? -
Бастауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
Сөз табы
Мысалы
зат есім
Күн жылынды. Досым келді.
есімдік
Бұл-үлкен үй. Өзің кел. Ешкім жоқ.
сын есім
Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.
сан есім
Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.
етістік
Іздеген жетер мұратына. Оқу инемен құдық қазғандай.
-
Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
-
Дара бастауыш – бір сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді. -
Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Кеншілер сарайы адамға лық толы. Ырыс алды - ынтымақ. -
Үйірлі бастауыш – үйірлі сөздерден тұратын бастауыш. Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды.
Баяндауыш
Баяндауыш – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
-
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді. -
Баяндауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
етістік
Күн жылынды. Досым келді.
зат есім
Бұл-үлкен үй. Оның алғаны - кітап.
сын есім
Дала тап-таза. Күн ыстық.
сан есім
Екі жерде екі - төрт. Оның жасырғаны- бес.
есімдік
Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.
-
Баяндауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
-
Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Олар алыс жерден келді. -
Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Ауыл мәдениеті өсіп келеді. Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын. -
Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш. Мысалы: Оның ең үлкен кемшілігі – сабақ оқымау.
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ
Анықтауыш
Анықтауыш зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.
-
Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы? -
Анықтауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
сын есім
Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралады.
есімдік
Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.
зат есім
Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр.
сан есім
Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік.
есімше
Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар.
-
Анықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
-
Дара анықтауыш – бір сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ұлыған қасқырды көріп зәре-құтымыз қалмады. Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр. -
Күрделі анықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Қара торы ат бірінші келді. Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр -
Үйірлі анықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.
Толықтауыш
Толықтауыш іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды.
-
Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.) -
Толықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
зат есім | Қорқақ көлеңкесінен қорқады. Апама көмектестім. |
есімдік | Бұл сөз оған қатты әсер етті. Оспан ешкімнен қорықпайды. |
сын есім | Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсыны жамандаса, әруағы тасады. |
сан есім | Бестен үшті алса, екі қалады. |
етістік | Оны айтар-айтпасын білмеді. Үйге баруға қолы тимей жүр. |