ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 359
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
Әттеген-ай! – деді біреу. Біреу өзінің өкінішін білдірді.
Әттеген-ай, саған көмек беруім керек еді! – деді біреу. Біреу өзінің оған көмек бермегенін өкінішпен айтты.
-
Төл сөздегі жіктеу есімдіктері төлеу сөзде былай өзгереді:
-
Төл сөз
төлеу сөз
мен
өзінің
сен
оның / одан
сіз
оның / одан
ол
оның / одан
Саған / сізге
оған
сенімен / сізбен
онымен
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі және тыныс белгілері
-
Төл сөз тырнақшаға алынғанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
«Төл сөз», –автор сөзі
«Балалармен ақылдасып көрейік», – деді Ақылбай.
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз».
Балтабай былай деді:
«Балалармен ақылдасып көрейік»
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз», –автор сөзі.
Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», – деді.
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
«Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз».
«Балалармен, – деді Балтабай, – ақылдасып көрейік».
-
Төл сөз тырнақшаға алынбағанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
–Төл сөз, –автор сөзі
– Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи.
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: – Төл сөз.
Сағи былай деп сұрады:
– Ол сенің інің бе?
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: –Төл сөз, –автор сөзі.
Сағи:
– Ол сенің інің бе? –деп сұрады.
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
–Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз.
– Ол, – деді Сағи, – сенің інің бе?
-
Төл сөз сұраулы, лепті және көтеріңкі интонациямен айтылған бұйрықты сөйлем болғанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі | Егер төл сөз сұраулы сөйлем болса | Егер төл сөз лепті сөйлем болса |
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. | «Төл сөз?» – автор сөзі | «Төл сөз!» –автор сөзі |
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз?» | Автор сөзі: «Төл сөз!» |
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз?» – автор сөзі. | Автор сөзі: «Төл сөз!» –автор сөзі. |
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді. | «Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз?» | «Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз!» |
ДИАЛОГ
Диалог – бірнеше адамның бір-бірімен сөйлесуі немесе адамның өз-өзімен сөйлесуі.
-
Диалогта әр адамның сөзі жаңа жолдан және сызықшамен басталады. Мысалы:
-
Қарағым, сен кімнің баласысың? -
Асанбайдың. -
Әкең қазір қайда? -
Қой бағып кеткен.
-
Диалогта төл сөз бен автор сөзі араласып келе береді. Мысалы:
Асық ойнап жүрген бала келіп амандасқанда, Сапархан:
-
Қарағым, сен кімнің баласысың? – деп сұрады. Бала: -
Асанбайдың, – деп қысқа жауап қайырды.
Сапархан енді балаға тіке қарап:
-
Әкең қазір қайда? – деді. Бала да бұл кім болды екен дегендей: -
Қой бағып кеткен, – деп тесіле қарады.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
-
Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:
-
түрі
ереже
Салалас құрмалас
сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.
Сабақтас құрмалас
сөйлем
Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.
Аралас құрмалас
сөйлем
Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
-
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады. -
Құрамындағы жай сөйлемдері екі түрлі жолмен байланысады:
-
Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. -
Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.
-
Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар:
түрі | ереже | жалғаулығы |
Ыңғайлас | Бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді. | және, әрі, да, де, та, те |
Қарсылықты | Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. | бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда |
Себеп-салдар | Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді. | өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б. |
Кезектес | Іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді. | бірде, біресе, кейде |
Талғаулы | Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады. | не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не (я) болмаса |
Түсіндірмелі | Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады. | жалғаулығы жоқ |
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінің мысалдары
түрі | мысал |
Ыңғайластық | Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды. |
Қарсылықты | Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ. |
Себеп-салдар | Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты. |
Кезектес | Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады. |
Талғаулы | Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр. Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді. |
Түсіндірмелі | Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты. |
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері кейде жалғаулықсыз байланысады.
түрі | мысал |
Ыңғайластық | Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді. Маған ойыншық берді, ағама доп берді. |
Қарсылықты | Күн жауып кетті, – оны елеген ешкім болмады. Бас болу оңай, – бастамақ қиын. Көз – қорқақ, қол – батыр. |
Себеп-салдар | Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар. |
Кезектес | Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады. |
Талғаулы | Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді. |
Түсіндірмелі | Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты. |
Ескерту:
-
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде «бірақ» жалғаулық шылауы түсіп қалғанда, оның орнына сызықша қойылады. -
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің салдар мәндісі бірінші келгенде, одан кейін қос нүкте қойылады.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
-
Бірінші сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады. -
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді. -
Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы , басыңқы.. -
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:
-
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем -
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем -
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем -
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем -
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем -
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
-
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін бағыныңқы сөйлеміне сұрақ қою арқылы мағынасын білуге болады. Мысалы, Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды. (Қашан Иманмұса жылы ұшырай жымиды?). Бағыныңқы сөйлем «қашан?» деген сұраққа жауап беріп, басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіріп тұр, сондықтан бұл сөйлем мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем болады. -
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің ережесі мен сұрағын төмендегі кестеден көруге болады:
түрі | ереже | сұрағы |
Шартты бағыныңқы | Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді. | қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? |
Қарсылықты бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді. | қайтсе де? қайткенмен? не етпестен?не ете тұра?қайткенше? не еткені болмаса? |
Себеп бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді. | неліктен? не үшін? не себепті? не деп? |
Мезгіл бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді. | қашан? қай кезде? қашаннан бері? |
Қимыл-сын бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді. | қайтіп? не етіп? қалай? |
Мақсат бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді. | не мақсатпен? не үшін? не етпек болып? |