ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 338
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
1 – B, 2 – E, 3 – A, 4 – E, 5 – B,
6 – C, 7 – B, 8 – D, 9 – D, 10 – B
«Сан есім» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Күрделі сан есімді табыңыз.
А) мыңдап В) елулерде С) жүз
D) екеу Е) екі бүтін оннан үш
-
Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу
D) төрт мың Е) үш төрт
-
Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш
D) анықтауыш Е) пысықтауыш
-
Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?
А) есептік В) реттік С) жинақтық
D) бөлшектік Е) топтау
-
«-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
A) екі B) он сегіз C) жиырма алты
D) он E) мың
-
Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
A) X-сынып B) 2004-жылы C) 24-қараша
D) 1-інші үй E) 3-алма алды
-
Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп.
В) Екі жастың қуанышы тойланды.
С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.
D) Екеуіне сүйсінумен өтермін.
Е) Ән айтатын өнерпаздар – осы үшеуіміз.
-
Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?
-
1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. -
Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды. -
Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты. -
30-40-тай адам жиналған екен. -
Біз 2-еу едік.
-
Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.
-
Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар. -
Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. -
Арада жыл жарым өтті. -
Бір үйден он бес – жиырмадан мал өреді. -
Мен 11-сыныпта оқимын.
-
Сан есім қандай жағдайда пысықтауыш қызметін атқарады.
А) Барыс, табыс, жатыс, шығыс септіктері тұлғасында
В) Заттанып, ілік септік жалғауы тұлғасында
С) Заттанып, атау септік тұлғасында
D) Жіктеліп не көмекші етістікпен тіркесіп
Е) Етістіктің алдында келіп
«Сан есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – E, 2 – D, 3 – D, 4 – E, 5 – C
6 – D, 7 – E, 8 – D, 9 – A, 10 – E
«Есімдік» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
A) Күллі, барша, тегіc
B) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз
C) Қашаннан? қайсысы? неңіз?
D) Әркім, қайсыбір, ешқашан
E) Мынау, осыңыз, соным
-
Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Олар жиналысқа түгел қатысты.
В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.
С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді.
D) Бұлардың ойы іске аспады.
Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.
-
Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Ешкімге тіл қатушы болма.
B) Саған тай сатып әперемін.
C) Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға.
D) Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
E) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.
-
Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
A) Кіміңіз? несі? D) Өздерің, өзіңіз
B) Бұнысы, мынауымыз E) Барлығынан, бәрінің
C) Соның, анаған
-
Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?
А) әркім, кейбіреу, әлденеше D) біреу, ешбір, қайсыбір
В) олар, мен, біз Е) бәрі, түгел, барша
С) кім, қашан, неше
-
Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын табыңыз.
A) Еш уақытта, еш қашан D) Кей ағаң, кей біреу
B) Әлде кім, әр адам E) Бүтін, еш теңе
C) Әркім, ешқайда
-
Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.
A) толықтауыш B) баяндауыш C) пысықтауыш
D) бастауыш E) анықтауыш
-
Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
A) Бірнеше B) Саған C) Дәнеңе
D) Әлдекім E) Түгел
-
Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.
A) Осынау B) Оған C) Әрне
D) Кейбіреулер E) Ештеңе
-
Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) менге В) сенмен С) сода
D) бұдан Е) сеннің
«Есімдік» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – D (Әр+кім, қайсы+бір, еш+қашан)
2 – A (түгел – қалай?)
3 – D (күллі)
4 – B, 5 – D (біреу,қайсыбір–белгісіздік, ешбір – болымсыздық)
6 – C, 7 – C, 8 – C, 9 – B
10 – D (маған, сенімен, сонда, сенің)
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Құранды етістікті табыңыз.
А) уәде бер В) айта бар С) келе сал
D) айтып сал Е) барып қал
-
Туынды түбір етістікті табыңыз.
А) қараған В) байымайды С) кеспейді
D) қадалды Е) батырыпты
-
Негізгі түбір етістікті табыңыз.
A) ойлан B) сана C) шақыр
D) тазала E) басқар
-
Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?
А) салт В) сабақты С) құранды
D) көмекші Е) болымсыз
-
Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсетіңіз.
А) салт В) сабақты С) болымсыз
D) көмекші Е) құранды
-
Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Қалам бар(ма). D) Қызық жарна(ма).
В) Бұл - шығар(ма). Е) Атым Ал(ма)
С) Сабақтан қал(ма).
-
Етістіктің қай түрі іс-әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?
A) болымды етістік D) негізгі етістік
B) күрделі етістік Е) туынды етістік
C) болымсыз етістік
-
Болымды етістікті табыңыз.
A) Бет қаратар емес.
B) Жалған айтып суыспа.
C) Енді топтың ішін көрмек емес.
D) Жүйрік алысқа шабады.
E) Енді бұлай істемегейсің.
-
Күрделі етістіктің қатарын белгілеңіз.
A) балтала, ойлан, ақылдас
B) жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады
C) жүре бер, әуре-сарсаңға түсті, әперді
D) көңілден, ағар, үшеуле
E) жаздыртты, оқытты, сөйлесті
-
Сабақты етістікті табыңыз.
A) Келгеніне қатты қуанып еді.
B) Дала тіршілігі басталғалы тұр.
C) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті.
D) Ғарышкер болғысы келеді.
E) Тәжірибесін үйретумен келеді.
«Етістіктің түрлері» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A, 2 – B (бай-ы)
3 – C (ой-лан, сан-а, таза-ла, бас-қар)
4 – B, 5 – D
6 – C, 7 – C
8 – D
9 – C (алып берді / әперді.)
10 – E
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыңыз.
А) -қан В) -атын С) -ып
D) -ды Е) -а
-
Қай қосымша жіктелмейді?
А) -атын В) -ғалы С) -ған
D) -ар Е) -мақ
-
Ауыспалы өткен шақ жасайтын есімшенің жұрнағы қайсы?
A) -атын B) -ған C) -ар
D) -мақ E) -с
-
Көсемшелі сөз тіркесін табыңыз.
A) айтқалы келді D) айта салды
B) жазбақ екен E) жаза тұр
C) айтып берді
-
Көсемше жұрнақтарының қатарын табыңыз.
A) -ған, -ген, -қан, -кен D) -е, -іп, -ар, -ер
B) -а, -ып, -ғалы, -й E) -с, -атын, -гелі, -п
C) -атын, -етін, -р
-
Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін табыңыз.
A) Келгелі, үйренгелі D) Табатын, үндемес
B) Айттым, қалдым. E) Барған емеспін, келер еді
C) Бітіпті, тозады
-
Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Аяқта, ұқ D) Көргенің, айтарым
B) Бұзар, шабар E) Жазым, басылым
C) Егер, ендеше
-
Есімшенің қысқарған түрін табыңыз.
A) Көрмес – түйені де көрмес.
B) Мен отырман билерше бос мақалдап.
C) Мен келем тау ішінде түнделетіп.
D) Алаған қолым береген.
E) Қазіргі уақытта көреген кісілер аз.
-
Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені табыңыз.
A) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі.
B) Туған жердей жер болмас.
C) Ел аралаған сыншы болар.
D) Ат айналып қазығын табар.
E) Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
-
Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.
A) Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты.
B) Адам сөйлей-сөйлей шешен болады.
С) Тарантас зырлап келеді.
D) Жанар орнынан тұрып, қонақтарды қарсы алды.
Е) Жел басылып қалған екен.
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – C, 2 – B
3 – A, 4 – A (қалғандары сөз тіркесі емес)
5 – B, 6 – C
7 – D, 8 – B (отырмаспын – отырман)
9 – C, 10 – B (сөйлей-сөйлей – қалай?)
«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?
A) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.
B) Мен сабаққа дайындалдым.
C) Олар ертең балық аулауға бармақшы.
D) Ол үйде жалғыз отыр.
Е) Ол ертең келеді.
-
Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
-
Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. -
Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. -
Кешке алтыбақан құрамыз. -
Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді. -
Көрмес – түйені де көрмес.
-
Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті табыңыз.
А) Марат маған айтып тұрды.
В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген.
С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.
D) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр.
Е) Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ.
-
Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
B) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.
C) Кешке алтыбақан құрамыз.
D) Олардың ақылдығына, білімділігіне піріндей сенеді.
E) Атасы бәрін түсінетін.
-
Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
А) айтып тұрды D) оқымай жүр
В) алып жүрген Е) сурет салып отырмақшы
С) бара жатыр еді
-
Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер
D) сөйлейді Е) сөйлеп отыр
-
Етістіктің жедел өткен шақ шағын көрсетіңіз.
A) жеткізер B) жеткізген C) жеткізетін
D) жеткізеді E) жеткізді
-
Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.
A) қадірледі B) қадірлейтін C) қадірлеген емес
D) қадірлейді E) қадірлепті
-
Қалып етістігін табыңыз.
А) жүр В) е С) ет
D) де Е) кел
-
Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) танысқан екен B) танысты C) танып тұрмын
D) таниды E) танитынмын
«Етістіктің шақтары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A 2 – A
3 – D 4 – C
5 – D 6 – C
7 – E 8 – B
9 – A 10 – A
«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
-
Шартты райлы етістікті табыңыз.
A) Бір көрсем, арманым болмас еді.
B) Содан кейін мені бір сына.
C) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз.
D) Теңді шештірме, үйге де әбігер болма.
E) Тамақ жегім келмей тұрғаны.
-
Қай сөйлемде бұйрық рай қолданылып тұр?
A) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді.
B) Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер.
C) Менің дәптерімді табыңдар.
D) Олар үйге ертерек жетсін.
E) Күн жылы болса, тауға шығамыз.
-
Шартты райлы етістікті табыңыз.
A) Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны.
B) Үйге тезірек келсейші.
C) Осы сұраққа жауап берсеңіз екен.
D) Қазір демалыс болса ғой!
E) Жазсам, бітіріп тастаймын.
-
Қалау райды табыңыз.
A) Тез жазып бітір.
B) Бүгін бізге келерсің.
C) Үйге ертерек барса игі еді.
D) Жазса, тез бітіреді.
E) Оған айт, үйге тез жетсін.
-
Бұйрық райдың III жағын табыңыз.