Файл: Аза тілі адірлі талапкер!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 337

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………

Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………

Леп белгісі……………………….……………………………

Сұрау белгісі……………………………………………………

Көп нүкте…………………………………….…………………

Нүктелі үтір……………………………………………………

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

1. жалпы қолданыстағы сөздер;

2. қолдану аясы шектеулі сөздер;

3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;

4. сөздің лексикалық мағыналары;

Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.

ҚОСЫМША Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау. ЖҰРНАҚ Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ. Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+лa – ойла, тау+лы – таулы) Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық.) Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық. Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б. Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б. ЖАЛҒАУ Жалғау сөздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар: Көптік жалғауы Тәуелдік жалғауы Септік жалғауы Жіктік жалғауы 1. Көптік жалғауы Сөздер ;trtit n3hlt және r6git n3hlt 1jklfyskflы` R6gn8r vf2syfys ,8kl8he 3i8y сөздерut r6gn8r ;fk2fes ;fk2fyfls` Vscfks= f2fi/nfh r6it/kth 1sp/lfh`

Септік жалғауының мағыналары: Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді. Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті. Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым. Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді. Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым. Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім. Ctgntkel85 tr8 n3h8 ,fh= ;fq ctgntke ;7yt n7etkl8 ctgntke` 1. Жfq ctgntke – с6plthl85 n3,8h r3q8ylt ctgntke8` 2. Т7etkl8 ctgntke – с6plthl85 n7etklty8g ,fhsg ctgntke8`Vscfks= Жай септеу Тәуелді септеу А. ҮйІ. Үй-діңБ. Үй-геТ. Үй-діЖ. Үй-деШ. Үй-денК. Үй-мен А. ҮйімІ. Үй-ім-ніңБ. Үй-ім-еТ. Үй-ім-діЖ. Үй-ім-деШ. Үй-ім-ненК. Үй-ім-мен 4. Жіктік жалғауы Ж8rn8r ;fk2fes ,fcnfesi gty ,fzylfesins ,fqkfyscnshfls` Cjyls1nfy ;8rn8r ;fk2feks c6p 7h1fify ,fzylfesi ,jkfls lf c6qktvl8 nbzyf1nfg n4hfls`

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас

Назар аудар!

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

ЛЕП БЕЛГІСІ

СҰРАУ БЕЛГІСІ

КӨП НҮКТЕ

ҮТІР

НҮКТЕЛІ ҮТІР

СЫЗЫҚША

БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША

ҚОС НҮКТЕ

ЖАҚША

ТЫРНАҚША

СТИЛЬ


Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа, йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

  1. А әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, ә болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.

  2. А әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат, күнә т.б.

  3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: ор, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б.

Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б.

Ескерту: Ұ, ү, ә әріптері бірқатар жалаң сөздердің екінші буындарында да жазылады. Мұндай сөздер қазақ тілінде көп емес. Олар бір кезде қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері: мазмұн, бұлбұл, мақұл, дәстүр, мәжбүр, іңкәр, сірә, куә, мағлұмат, дүлдүл т.б.

  1. Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: тыныштық, іс, кісілік.

  2. Ы, і сөздің барлық буындарында жазыла тұра, төмендегідей жағдайларда сөздің соңғы буынында түсіп қалады:

а) Кейбір сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанса: халық - халқым, орын - орның, көрік - көркі, әріп - әрпі т.б.

Ескерту:

1. құлақтың құлығы, ұстаның көрігі дегендегі құлық, көрік сөздерінде ы, і әріптері түспейді.

2. Ауыл, дауыс сөздеріне екі түрлі жазыла береді. (ауылы – аулы, дауысы – даусы)

ә) Ойын, орын, жиын, қиын сөздеріне туынды етістік жасайтын -а жұрнағы жалғанса: Мысалы, ойын + а = ойна, орын= орна т.б.

б) Кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса: алты-алтау, қорық-қорқу т.б.

в)Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса: оқы-оқу, тоқы-тоқу, ері-еру т.б.

  1. Ы, і дыбыстары сөз басында р, л әріптерінің алдында көмескі естіліп, оны жазбағанда, сөздің лексикалық мағынасы бұзылмаса, ол дыбыстардың әріптері жазылмайды. Рас (ырас емес), рет (ірет емес), рахат (ырахат емес), лай (ылай емес), лезде (ілезде емес), лақтыру (ылақтыру емес) т.б.

  2. Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің жұрнағы жалғанса, ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде жалғыз ғана и әрпі жазылады (ы+й=и, і+й=и). Мысалы: оқы-й+ды=оқиды, есті-й+ды=естиді т.б.


Ескерту: Қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлерінен жасалған сөздерде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыймайды, тыйым, тыйылу, тыйылдыр, тыйылмайды т.б.

  1. У дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс (ту) болады, ал мынадай жағдайларда дауыссыз дыбыс болады:

1) у дыбысынан басқа дауыстыдан кейін келсе (тау);

2) сөз басында дауыстының алдында келсе (уақ);

  1. И, у дыбыстары сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады, яғни сөздегі басқа дауыстылар жуан болса, и, у дыбыстары жуан оқылады, сөздегі басқа дауыстылар жіңішке болса, и, у дыбыстары жіңішке оқылады.

Жуан дауысты болуы: бару, тиын;

Жіңішке дауысты болуы: жүру, киін т.б.

  1. У дыбысына аяқталған етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады. Қуу, жуу, жауу, сауу т.б.

  2. Тұйық етістіктің -у жұрнағы и дыбысына біткен етістікке жалғанғанда, ю әрпіне өзгеріп жазылады. Мысалы, Ти+у=тию, ки+у=кию, жи+у=жию, қи+у=қию.

  3. Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілген сөздің бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады. Қияқ, дария, қия, зиян, қию, ақию т.б.

  4. Ю, я әріптері йу, йа болып оқылғанмен, ю, я ретінде жазылады. (аю, жою, қоян) Ескерту: Дәстүрлі принцип бойынша аздаған сөздерде ю әрпі жазылмай, иу, йу әріптері сақталып жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС

    1. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.

    2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).

    3. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

1

Ұяң

үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

2

Үнді

салдырдан үні басым

й, л, м, н, ң, р, (у)

3

Қатаң

тек салдырдан тұрады

к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ




    1. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:

п – б

ф – в

к – г

қ – ғ

т – д

с – з

ш – ж

Себебі, бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

  1. З, қ, к, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстары сөздің барлық буындарында кездесе береді. Мысалы: қазақ, заң, момын, мол, күрек, наным, рас, мұрап, шам, сот, нан, т.б.

  2. Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды (йод сөзінен басқасы), тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б.

  3. В, ф, ч, ц әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда қолданылады. Мысалы: Автор, дифтонг, диспечер, концерт, цех, матрац т.б.

  4. Щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, кеще деген байырғы сөздерінде ғана жазылады.

  5. Х әрпі хат, хан, хабар, халық сияқты араб-парсы тілдері мен кейбір орыс тілінен енген жалпы есімдер мен кісі аттарында жазылады (техника, А.Шох).

  6. Б, в, г, д дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. Мысалы: актив, отряд, устав, клуб, округ т.б.

  7. Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, ю болып жазылады. Мысалы: сой+у=сою, жай+у=жаю.

  8. Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп я әрпіне өзгереді. Мысалы: жой+а=жоя, жай+а=жая.

  9. Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киоск+і+лер т.б.

  10. Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс–прогрестік, металл–металдар, грамм–грамнан т.б.

Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді. Себебі жер аты, мекеме аты және шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды.
Мысалы: Кузбасс–Кузбасста, Донбасс– Донбассқа.

  1. Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: Трест+ке=треске, ведомость+қа= ведомосқа, подъезд+ге=подъезге, т.б.

  2. Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б.

Қосымша:

Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь сақталып жазылады. Мысалы: секретарьға, автомобильмен, фестивальді т.б.

Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгісі (ь) түсіп қалады. Мысалы: секретары, автомобилім, фестивалі т.б.

БУЫН

  • Буын– сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.

  • Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:

1. ашық буын

2. тұйық буын

3. бітеу буын


түрі

Мысал

Ереже

Ашық буын

  1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.

  2. Тек дауысты дыбыс-тан тұрады.

А-ға, а-на, ә-ке, а-та

ба-ла, қа-ла, ке-рі

ша-на-ны, бо-са-ға

Тұйық буын

Дауысты дыбыстан бас-талып, дауыссыз дыбыс-қа бітеді.

(Көбінесе бірінші буында кездеседі.)

1-буында: ат, ет, ант, өрт

2-буында: ки-ік, ти-ын

3-буында: тұңғи-ық,

ақи-ық

4-буында: әдеби-ет,

мәдени-ет

Бітеу буын

Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.

1. бал, таң, көз

2. тарс, төрт, қант, бұлт

3. штамп, класс, грамм

4. мек-теп, бал-дыр-ған,

Қосымша:

  1. Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар: у, й, ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады. Мысалы, қа-уын, қа-йық, қо-ңыр т.б.

  2. Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. Мысалы, құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.

  3. Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.


ТАСЫМАЛ

  • Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

  • Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады:ке – реге, кере – ге;

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

  1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а – та, ә – ке, арми – я.)

  2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)

  3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, ҚазҰУ, ҚазМУ, ҚР)

Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.)

  1. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов. Қ.С.Мусин)

  2. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 га)

ЕКПІН

  • Екпінсөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.

  • Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі.

  • Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді

Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

  1. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы , туралы т.б.

  2. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

  3. Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме т.б.

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

(Сингармонизм заңы)

Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.

Үндестік заңының2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

БУЫН ҮНДЕСТІГІ

  1. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

  2. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.

  3. Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады: