Файл: азастан республикасы ылым жне білім министрлігі абай атындаЫ аза лтты педагогикалы университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2. Аралық орындау әдісі бойынша. Жаттығуларды орындау аралығында тынығу қатаң аралықты сақтауға, күш және жылдамдық, күш төзімділігін тәрбиелеуге қолданылады.

3. Бірқалыпты орындау әдісі бойынша. Тынығу аралығы толық. Күшті және жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады.

Шеңберлі жаттығу әдісін қолданар алдында жаттығуларды топтап, жүйелеп алады, «бекеттердің» орындары, жаттығуларды орындау мөлшері белгіленеді.

ІІІ. Қорытынды

Меніңше, дене тәрбиесінің құралдары мен әдіс-тәсілдерін білу өте маңызды. Кез-келген жаста- мектепке дейін, мектеп жас, тіпті ересек адамдар үшін дененің сапалы қызмет атқаруы мен эстетикалық тәрбие үшін маңызы зор.

Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін, гигиеналық факторлар табиғаттың жаратылыс күштері, дене жаттығулары және т.б. қолданылады. Барлық құралдарды кешендік түрде пайдаланғанда ғана дене тәрбиесін толық мәнде жүргізуге болады. өйткені олардың әрқайсысына ағзаға өзінше әсер етеді . Мысалы, дене жаттығуларымен айналысу, тамақтану мезгілінде және толық мәнінде болған жағдайда сүйек және бұлшық ет дамуына оңды әсерін тигізеді. Ағза дұрыс дамып, қалыптасса келешекте төзімді, әрі сау болады.

Ал ересектер немесе жасы келген адамдар дене тәрбиесімен айналысқанда жеке бас ерекшеліктеріне мән беріп, денсаулыққа зиян тимеспей етіп жасалуы қажет.

Дене тәрбиесінде құралдарды пайдалануда маңызды. Ол ойын немесе жаттығу түрін қызықты, әрі көрнекті етіп өткізуге, мұнымен қоса дене бөліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Әрі құралдар қарапайым жатттығуларды тым қызықсыз деп есептейтін адамдарды спортпен шұғылдануға сүйемелдеуге немесе үгіттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, кішкене балаларды ойыншықтармен доптармен ойнату. Мұнымен қоса қарым- қатынас дамытуға мүмкіндік береді. Өйткені дене тәрбиесінің құралдары көбіне топтық ойындарға араналады. Демек, дене тәрбиесінің құралдары бізге денені дамытуға, бұлшықеттерді жетілдіруге және де ең бастысы ортада қалыптасу мен рухани дамуға мүмкіндік береді.