Файл: Дамуында жне мінезлында ауытуы бар мектеп жасындаы балалармен жмыс жасау жолдары Мінезлында иындыы бар оушыларды психологиялыпедагогикалы трыда талдау жмыстарын зерттейді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дамуында және мінез-құлқында ауытқуы бар мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасау жолдары Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жұмыстарын зерттейді
Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді. Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата ана.
Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой - өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.
Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл – сезімі нашар, жігерсіз нәресте келетіні шындық. Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор. Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі: «балам төбелесе береді, бір орында тыныш отыра алмайды, немесе тақтада жауап беруге қорқады, не істеу керек ?» деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымынан: Қазіргі балалар өзгеше «қиын» болып кеткен деген лебіздер естиміз. Бұл сұрауларға мектеп мұғалімі, дәрігер, ата-ана, әлеуметтік педагог, психолог бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере аламыз. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінде әсіресе «ерекше» балалар мінез құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агресивті балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар тобы жатады.
Міне, соған байланысты болашақ ұстаз мамандарға балалармен тиімді қарым-қатынаста болу, әсіресе агрессивті балалармен жұмыс жүргізу бағдарламасын ұсынып, әдістемесін үйретуді жүзеге асыру қолға алынды.
Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болады.
Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне байланысты болады. Айталық «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.
Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э. Фром екі түрі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз». Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады. Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.
Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын, ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайларда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды. Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де агрессивті қылық көрсетеді.
Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады.
Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:
І. Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету;
ІІ. Балаларды әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету;
ІІІ. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;
ІV. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
«Қиын» бала ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін – ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол белсенді, бағынбайтын сотқар бала. Бұл баланы қалай түзетеміз? Бұл орайда еліміздің осы кезеңдегі әлеуметтік педагогтары «қиын» бала тәрбиесі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бірсыпыра оң ұсыныстар беруде.
Атап айтсақ, олар:
- оқушы баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;
- отбасы тұрмысындағы қарым –қатынастарды , сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;
- баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;
- баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін зерттеу;
- баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;
- «қиын» баланың пайда болу себебін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;
- «қиын» балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б.- Ал орыс халқының ұлы педагогі әрі өз кезеңінің шебер тәрбиеші- ұстазы А. С. Макаренконың әрбір жасөспірімнің өзіндік жас ерекшеліктеріне сай жеке қайта тәрбиелеу әдісі бұл күндері мектептегі тәрбие ісінде ерекше орын алады. Ол әр сынып жетекшісіне, тәлімгерге төмендегідей ақыл –кеңес береді;
- Қиын баланың пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын анықтау;
- Мінез құлқында аз да болса оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту, яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау;
- Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты жүйеге түсіру;
- «қиын» баланың ынта ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп, қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінімен орындауға бетбұрыс жасату;
- өзін - өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететініне сенімін арттыру, жеке басын құрметтеуге үйрету, барша оқушыға біркелкі талаптар қою, педагогикалық ынтымақтастық қатынаста болу.
Аталған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алып, біз мектептегі «қиын» баланы қайта тәрбиелеу ісі бойынша ұжымның алдында төмендегідей әлеуметтік педагогикалық талаптар қойдық:
1. Әр «қиын» балаға арналған күнделік жүргізу. Күнделікте «қиын» баланы қайта тәрбиелеуді қажет ететін қылықтары есепке алынады: баланың әр сабақтағы белсенділігі, себепсіз босатқан сабақтары, ата-анасының, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, сыныптағы жолдастарымен қарым – қатынасы, пәндер бойынша үлгерімі және сабақтан тыс уақытты пайдалануы, өз қызығушылығы бойынша үйірмеге қатысуы.
2. Педагогикалық кеңесте және әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінде «қиын» бала мәселесін жүйелі түрде қарастыру. Арнайы әлеуметтік педагогикалық шешім шығарылады және хаттама жеке жазылады. Шешімнің орындалуын мектеп директоры қадағалайды.
3. Оқу жылының аяғында педагогикалық кеңесте жеке қайта тәрбиелеудің нәтижесі талданады, жіберілген кемшіліктерді жою жолдары қарастырылады. Келесі оқу жылына қайта тәрбиелеу жұмысының жоспары жасалады.
Тәрбиесі қиын оқушыны болдырмау мақсатында біздің мектепте «Бұзақылықтың алдын алу кеңесі» жұмыс атқарады. Кеңестің төрайымы, мүшелері сайланады. Жұмыс жоспары мектептің орналасқан ауданының қиындықтарын ескеріп жасалады. Кеңестің мақсаты: оқушының есепке алынуының себептерін анықтау, қиындықты шешу жолдарын көрсету, бұзақылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Кеңес айына бір рет немесе қажетіне қарай екі рет отырыс өткізеді. Кеңесте оқушының құжаттары қаралып, шешім қабылдағаннан кейін бала мектепішілік есепке алынады. Есепке алынған оқушыға көмек көрсету, алға тарту, қиындықты жеңу жолдарын көрсету мақсатында сынып жетекшісі осы оқушы үшін тәлімгер болып тағайындалады.
Ол әлеуметтік педагогпен, ата-анамен бірлесіп, қайта тәрбиелеу жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп отырады. «Қиын» жасөспірімнің қайта тәрбиеленгендегі деңгейін анықтау үшін келесі белгілер (критерийлер) басшылыққа алынады:
- рухани дүниесінің өзгерісі (табандылық, істі өз бетімен орындауы, еңбексүйгіштігі, адалдығы, уайымшылдық және басқа адамдарды түсінуі), дүниетанымындағы өзгерістер, өз болашағына көзқарасы: өзін - өзі баға беру сезімінің оянуы;
- еңбекке, оқуға, тапсырма мен міндетті орындауға ынталануы;
- болашақ ұстанған бағытында, жаңа жақсы нышандардың байқалуы;
Қорыта келгенде, жоғарыда аталған факторлардың баланың жақсы немесе нашар үлгерім мен даму дәрежесіне әр қилы әсер ететінін байқатты. Мәселен, оқушының білім сапасының төмендеуі ата-ананың білімінің төмендігіне, оның жұмыс істеуіне, яғни әлеуметтік жағдайының нашарлығы, баланың сабағын, тәртібін бақыламауы ғана әсер етеді деп айту қиын. Өйткені кейбір осындай отбасынан шыққан бала жақсы оқиды әрі инабатты болады. Ал кей жағдайда, керісінше, «қиын» оқушының үлгілі отбасынан шығуы байқалады. Сондықтан біз әр «қиын» оқушыға жеке қарау технологиясын басшылыққа алдық. Сондай-ақ, отбасының көшіп-қонуы, баланың мектеп ауыстырып, ол мектепке үйренуі, сыныптағы балармен мен тіл табысуы оқушының үлгеріміне, тәрбиесіне сыныптық, мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға қатысуына кедергі жасайтынын біздің бақылауымыз көрсетіп отыр. Осыған орай біз сынып жетекшілерінің осындай отбасы оқушыларына назар аударып, ол балаларға керекті, қолдан келер бар жағдайды жасап, қадағалауды жүктедік. Мектебімізде жылына екі рет «қиын» оқушылар арасында әдістемелік апта өткізіліп тұрады. Онда алдымен зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Сұрақтарға берілген жауаптарды зерделеу нәтижесінде оқушылардың пәндерге қызығуының, үй тапсырмасын орындауының себептері анықталды.
1. Ұстаздармен ата-аналардың оқушы балаға авторитарлық көзқарасының орын алуы.
2. Бала өмірінде оны жалтақтататын факторлардың (теледидар, компьютерлік клубтар т.б.) көптеген кездесуі.
3. Оқу бағдарламаларында нашар үлгеретін баланың түсінуіне, есте сақтауына қиын соғатын оқу материалының көптігі.
4. Оқу процесінде қолданылатын әдістер мен ұйымдастыру жұмыстарының кедейлігі, жете ойластырылмайтындығы.
5. Сабақта оқу материалын түсінбеуі және бос уақыттарының аздығы.
Бұдан мектеп әкімшілігі балалар атаған пән мұғалімдері сабақтарына жүйелі түрде қатысу қажет деген шешім қабылдады. Пән сабақтарына жүргізілген талдау нәтижесінде ұстаздардың алдына мынадай талаптар қойылды: Сабақты жоспарлағанда «қиын» баламен істелетін жұмыстың интерактивті түрлерін және үлгермеушілікті алдын алу жолдарын атап көрсету, пәнге деген оқушының қызығушылығын арттыруды көздейтін жаңа технологиялардың тиімді әдіс – тәсілдерін өздерінің күнделікті сабақтарында тиімді пайдаланып отыру. Сондықтан біз тәрбиелеу мен оның тәсілдеріне арналған мақсатты жұмыстар баланың жеке қасиеттерін, сыртқы орта мен өз ортасындағы әр түрлі ықпал, әсерлерді қалай қабылдайтынына қарай жүргізілуі тиіс деген қорытындыға келдік. Біздің «қиын» балалармен жүргізіп отырған жұмысымыз: Мектептің отбасымен ынтымақтастығы, ата –аналар арасында жүргізілетін жеке және ұжымдық жұмыстарды ұштастыру, оқу-тәрбие ісін жүйелі жүргізу, әрбір «қиын» оқушыға сергек те мұқият қарау – оқу-тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болатынын көрсетіп отыр.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері , Алматы: Ана тілі.
2. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы, - Алматы: Дарын. 2004. 452б.
3. Бикенов К.Ү., Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы.- Алматы.- 2003.
4. Батталханов Е. «Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі», тәрбие құралы, №4, 2003.
5. Грачев Л.К. Программа социальной работы с семьями, имеющими детей‑инвалидов.‑М,1992.