Файл: 1. 35 жастаы ер адам стационарды абылдау бліміне жедел жрдеммен жрви, жедел аппендецит болжамды диагнозымен тсті. Науас дене ызуыны ктерілеуіне,ішіні ауыруына шаымданады..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 345
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
е. *Тәтті өнімдерді
32. Онкологиялық бөлімшеде 48 жастағы науқас «Асқазанның қатерлі ісігі» диагнозымен емделуде. Құсуға, әлсіздікке, тебетінің болмауына, ет тағамдарынан жиренуге, жүдеуге,,,, шағымданған. Обьективті жағдай ауыр, температурасы 37,9 , тері жабындары бозарған, топырақ түстес, науқас күрт азып кеткен. Науқасқа физикалық қолайлылық жасау үшін,,?
а. Науқасқа жоғары калориялы, жеңіл сіңетін әртүрлы тамақтармен қамтамасыз ету
б. Палатаны жүйелі түрде желдетуді және жинап тұруды қамтамасыз ету
с. Төсектік тәртіптің сақталуын қадағалау
д. *Қолайлы жағдай жасау
е. Контролировать температуру,массу тела, пульс, АД
33.Науқас 76 жаста «Аллергиялық бронх демікпесі, орташа ауырлықты дәреже, ұстама кезеңі» диагнозымен пульмонологиялық бөлімшеге түсті. Дәрігер ұстама кезінде науқас,,,, қолданар алдында шайқамайды, ингаляторда дем алады, мундштукты сілекейден тазаламайды және тумба үстінде ашық күйде қалдырады. Мейірбикенің жасайтын әрекеті?
а. Науқасты қолдау
б. *Науқасқа ингаляторды қолдану ережесін үйретеді
с. Қолайлы жағдай жасайды
д. Науқасқа өзіне көмектесу элементін үйретеді
е. Жеке гигиенамен айналысқан кезде науқасқа көмектесу
34. Ішек инфекциялары кезінде мейірбикенің анағұрлым басым әрекетіне берілгендердің қайсысы жатады?
а. аңқаны шаю
в.* Оральды дегидратацияны бақылау
с. Ағымдық дезинфекция
д. Антибиотикотерапияны дұрыстау
е. Инфузиялық терапия
35. Бояу жұмытарынан кейін, нашар желденетін бөлмеде терісін ацетонның көмегімен тазалаған. Қарау кезінде бас айналуға, құсуға, ішінің ауыруына, айқын әлсіздікке шағымданды.,,
а. Асқазанын жуу, оксигенотерапия, 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен инфузионды ем
в. *Асқазанын жуу, оксигенотерапия
с. Асқазанды зонд арқылы 1% магний сульфаты ерітіндісмен жуу, оксигенотерапия
д. Асқазанды жуу, көктамырға атропин енгізу
е. Асқазанды жуу, көктамырға 30 %-30 мл тиосульфат натрий ерітіндісін енгізу
36.Қазан айының соңында дерматологқа 16 жастағы науқас терісі қышуына және бөртіп кеткеніне шағымданып қаралды. Оқушы 6 жасынан бастап ауырады, ауру көктем, күз айлары,,,, иілетін жағында, бастың шаш арасында, арқасымен іш аймағында болады. Осындай учаскілердегі бөртпелер айқын қызыл түстегі папула бір-бірімен біріккен, сұр түсті қабықшалар,,,, сонымен қатар шап қолтықасты жамбас аралық қатпарлары да зақымдланған. Осы жерлерде экссудативтік ақтандақтар шеттері анық қызыл түспен шекараланған, сәл қабыршақталған , емдеу приципін атаңыз?
а. *Псориаз қанның морфологиясы, несептің жалпы анализі, сенсибилизацияға қарсы препараттар, седативті дәрілер, Дәрумендер, Сырттай қышымаға қарсы дезинфикциялық, кейін дегенеративтік заттар.
в. Қызыл волчанка , қанның морфологиясы, қызыл волчанканың кілеткалары.Антималяриялық препараттар, в дәрумендер кешені, никотин қышқылы. Сырттай: стероидтық жақпа май, фотоқорғаныс кремдер.
с. Көп формула экссудативтік эритема , қанның морфологиясы, антибиотиктер , сенсибилизацияға қарсы препараттар, салицилаттар. Дәрумендер
д. Вульгарлы пузырчатка, қанның морфологиясы, кортикостероиды гормондар, ішке цитостатиктер, асқынғанда антибиотиктер, калий, кальций перпараттары, плазмаферез,дәрумендер.
е. Есекжем (крапивница) , қанның морфологиясы, аллергосынамалар, қышуды бәсендету үшін седативті препараттар, аллергияға қарсы дәрілер: қабынуды басатын стероидық, препараттар.
37.Науқас 79 жаста кардиологиялық бөлімшеге ЖИА созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен асқынуы жөнімен ауруханалық емделуге түсті.Аяқтарының ісінуіне,ішінің айтарлықтай ...... шағымданады.Ентікпесі көлденең жатқанда үдей түседі, сол себепті нашар ұйықтайды.Ең бірінші жасалатын іс-шаралардың қайсысы басым мәселе бойынша мейіргерлік .............
A) науқастың отбасына кеңес беру
B) реанимациялық іс-шараларды өткізу
C) асқынудың алдын-алуды қамтамасыз ету
D)* науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау
E) науқастың денсаулығын нығайту
38. Науқас Б. 48 жаста гастроэнтерологиялық бөлімшеде «Асқазанның ойық жарасы өршу фазасы диагнозымен ауруханалық емделуде.Эпигастралды аймақтағы күшті ауырсыну, кекіреді,кейде тамақпен, іші қатқан,іші қампайған, кофе қоюы түсінде бір рет құсу болған.Науқасты қандай тексеруге дайындау қажет.
A)*нәжісте жасырын қанның болуына талдау жасауға
B) нәжістен хеликобактерді табуға
C)нәжістен көмірсуларды талдауға
D) нәжістен құрттар жұмыртқасын табуға
E) нәжістен лямблияның болуын табуға
39.Қолданылған және жартылай қолданылған құрамында есірткі заттары бар дәріліе препараттар және денсаулық сақтау үйымдарындағы прекурсорлар мен психотропты заттарды жою қалай рәсімделеді
A)*есерткі заттар, психотропты заттар және прекурсорларды жою актісімен
B) дәрігерлік тағайындаулар қағазымен
C) есерткі заттар, психотропты заттар және прекурсорларды тексеру актісімен
D) есерткі заттар, психотропты заттар және прекурсорларды есептеу журналымен
E) есерткі заттар, психотропты заттар және прекурсорларды қабылдау тасымалдау актісімен
40. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқасқа бүйректің зәр шығару және концентрациялық қызметін зерттеу тағайындалды. Аталған зерттеуді және оны өткізу тәртібін анықтаңыз
A) Нечипоренко тәсілі бойынша несеп талдауы көлемі100-200 мл таза шыны ыдыс дайындау
B)*Зимницкий тәсілі бойынша несеп талдауы 250-500 мл 8 таза шыны ыдыс дайындау
C) жалпы несеп талдау көлемі 150-200 мл таза шыны ыдыс дайындау
D) несептің бактериологиялық талдауы көлемі 20 мл таза шыны ыдыс дайындау
E) несептің глюкозуриялық профилін талдау көлемі 500 мл 3 таза шыны ыдыс дайындау
41. Артериялық қысым неге байланысты
A) тек жүректің жиырылуына
B) тек жүректің жиырылу күшіне
C) тек тамырлар қабырғасы тонусына
D)* жүректің систолалық көлемі мен тамырлар қабырғасы тонусына
E) жүректің диастолалық көлемі мен тамырлар қабырғасы тонусына
42. Жұқпалы аурулардың көзі болғанда патогенді микроорганизмдерді және олардың тасымалдағыштарын жою бойынша іс-шара қандай дезинфекцияға жатады
A) профилактикалық
B)*ошақты
C) ағымды
D) тұжырымды
E) қорытынды
43. Вирустарды жоюды қамтамасыз ететін дезинфекциялық заттың қасиеті қалай аталады
A) бактерицидтік
B) бактериостатикалық
C) фунгицидтік
D) антиаллергендік
E)*вирулицидтік
44. Кіші истериялық ұстамада байқалады
A) тоникалық клоникалық құрысулар
B) кенеттен естен тану
C) тоникалық ұстама денесінің доға тәрізді майысуымен
D)*күліп жылау ұстамасы
E) естен тану
45. "Шұлық" типті сезімталдық қандай ауруға тән белгі
A) алкогольдық полиневрит
B) алкогольдық делирий
C) алкогольды сандырақ
D)*диабеттік полиневрит
E) наркомания
46. 12 жастағы қыз дене шынықтыру сабағынан кейін пайда болатын іштің төменгі жағында орналасқан бел аймағындағы пароксизмальды ауырсыну туралы шағымдармен жүгінді. Дене температурасы қалыпты, құсу болған жоқ, нәжіс қалыпты, зір түсі "ет жуған суға ұқсас".Мейіргердің іс-әрекеті.
A)*Бүйректің УДЗ-і
B) Мейіргерлік үрдістің кезендерін жүргізу
C) МРТ
D) Коагулограмма
E. Қантқа қанды зеттеу
47. Жедел жүрек жеткіліксіздігі кезінде берілген дәрі дәрмектердің қайсысын қолданады
A) антигистаминді
B)*жүрек гликозидтері
C) антибиотиктер
D) дәрумендер
E. гормондар
48. Науқас 19 жаста, диагнозы "Жедел фолликулалық баспа кқктамыр ішіне бензилпенициллиннің1000000 ЕД мөлшері тағайындалған. 1 мл де 1000000 ЕД антибиотикті сұйылту үшін қанша мл ерітінді қажет.
A) 40 мл
B) 30 мл
C) 20 мл
D)*10 мл
E. 15 мл
49. Төменде берілгендердің қайсысы 1 жасқа толған баланың сүт тістерінің санына сәйкес келеді.
A)4
B) 6
C)*8
D) 9
E.10
50. Темір препараттарын берілген сусындардың қайсысымен ішу керек
A) *қышқылды араласқан шырындармен
B) тәтті шаймен
C) сүтпен
D) киселмен
E.айранмен
51. Қыз бала 5 жаста қабылдау бөліміне түсті. Локальды қарау кезінде сол білек сүйегінің деформациясы және крепитация белгілері анықталды. Сіздің болжамыныз.
A) тоқпан жілік сүйектерінің типтік орнында сынуы
B)*білек сүйегінің сынуы
C) "жасыл бұтақша" типі бойынша сыну
D) білек сүйегінің басының үзілуі
E. жасөспірімдік эпифизеолиз
52. Науқас 5 жаста диагнозы "Қантты диабет 1 тип, компенсация сатысында" 4 ЕД инсулин енгізуді қажет етеді . Егер 40 ЕД инсулин 1,0 бөлінуіне сәйкес келсе. Қандай бөлу әдеттегідей екенін анықтаңыз.
A)*0,1 мл
B) 0,5 мл
C) 1,5 мл
D) 0,7 мл
E. 0,9 мл
53. Продуктивті жөтел болған кезде берілгендердің қайсысы мейірбикенің дұрыс әрекетіне жатады
A) оксигенотерапия жасау
B) қыша қағаз қою
C) антибиотиктер енгізу
D) ингаляция жасау
E.*вибрациялық массаж жасау
54. Берілген симптомдардың қайсысы гемофилияның белгісіне жатады
A) папула түріндегі қызыл бөртпе
B) бүкіл денедегі көгерулер және ұсақ нүктелі бөртпелер
C) тері асты және бұлшықетішілік гематомалар
D) *жарақаттар кезіндегі, тісті жұлу кезіндегі тоқтамайтын қан кетулер
E.қуыстарға қан құйылулар
55.Берілгендердің қайсысы гипергликемиялық команың анағұрлым мүмкін болатын себебіне жатады
A) инсулиннің артық мөлшеріне
B) күйзілісті жағдайлар
C) *инсулиннің жеткіліксіз мөлшері
D) диетаны дөрекі түрде бұзу
E.жұқпалы аурулар
56. Жедел жәрдем бригадасы жол апаты салдарынан болған іштің тұйық жарақаты бар 54 жасар ер кісіні тасымалдап жатыр. Соққы іштің сол бөлігінде болған. Қарау кезінде: есі бар, тежелген, бозғылт, тахикардия байқалады, пульсі 118 рет/мин, гипотония (АҚҚ 80/40 мм.сын.бағ.), перкуторлы – көкбауыры үлкейген, пальпаторлы – іштің сол жақ бөлігінің ауырсынуы, ішперде тітіркену белгілері жоқ. Жедел қан кетудің емін неден бастаймыз?