Файл: Жалпы хирургия пнінен ндірістік тжірибеден ту кнделігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 1255
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Атырау жоғары медициналық колледжі
Жалпы хирургия пәнінен
өндірістік тәжірибеден
өту күнделігі
Орындаған:Сағымова ГүлзадаСағымқызы
Тексерген:Орынбаева Рашила Оралбаевна
Топ: “72-Акушерлік іс мамандығы”
2022-2023жж
1.
| "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Сағымова Гүлзада Сағымқызы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Р/c № | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Бикске материал салдым | 8:30 | 10:00 | |
2. | Қолды хирургиялық жолмен өңдедім | 10:00 | 11:30 | |
3. | Стерильді халат пен қолғапты кидім және мейірбикеге кигіздім | 11:30 | 12:30 | |
4. | Инструментпен жараны таңдым | 12:30 | 13:00 | |
5. | Таңу столын жайдым | 13:00 | 13:40 | |
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
1. Бикске материал салу
Көрсетілімі: материалдарды жайғастырып, стерильдеу, операцияға дайындау.
Құрал-жабдықтары: бикс, операциялық жайма, халат, қолғаптар, инструменттер, салфеткалар, таңу материалдары, шыны ыдыстар т.с.с.
1) бикстің ішін антисептикпен сүртіп, жанындағы тесіктерін аштым, ішіне бір қабат жайма төседім.
2) операциялық жайманың бір жағын 50 см етіп бүгіп, ұзынынан екі рет бүктеп, бума тәрізді етіп бос орап, бикске салдым.
3)хирургиялық халаттың белбеуі ортасынан халаттың беліне бекітіліп, тігілген, белбеудің бос ұштарын халаттың қалтасына салып, екі жеңін ішіне қаратып, ұзынынан бүктеп, мойнынан етегіне дейін бума тәрізді бос орап бикске салдым.
4)орамал, орташа, үлкен салфеткаларды, шағын жаймаларды 4 бүктеп салады.
5)таңу материалдарын бір бөлек жататындай салдым.
6) инструмент, резин зондтарды бөлек орап салдым.
7) шыны ыдыстарды жең тәрізді матаға орап салдым.
8) бикстегі материалдардың түбіне, орта тұсына, үстіңгі бетіне индикатор салдым. Бикстің қақпағын жауып, белгі қағазға жазып, автоклавқа апардым.
Операцияға баратын персонал операция бөлмесінің алдындағы кіре беріс (предоперационная) бөлмеде операцияға киетін костюм, бахилл, стерильді бикстен қалпақ, маска киеді.
2. Қолды хирургиялық жолмен өндеу
Мақсаты: қолды операция алдында залалсыздандыру
Құрал-жабдықтар: ағынды су, антисептик сұйық сабын-нонсид, қол жууға арналған антисептик-алсепт, велтосепт, АХД – 2000, бір реттік сүлгі.
(Ескерту: операцияға баратын персонал операция бөлмесінің алдындағы кіре беріс (предоперационная) бөлмеде операцияға киетін костюм, бахилл, стерильді бірреттік қалпақ, маска киеді, содан соң қол жууға кіріседі).
1)қолды ағынды судың астында сабындап 10 минут бойы жудым. (Мейірбике ісі негіздері пәнінен үйренген әдісті қайталап жүргізу).
2) қолды стерильді сүлгімен құрғаттым.
3)алсепт, велтосепт немесе АХД – 2000 т.б. антисептиктердің бірімен қолдарды сүртіп, өңдедім.
4)стерильді қолғапты кидім.
3. Стерильді халат пен қолғап кию және өзгеге кигізу
Стерильді халатты медбикенің өзіне кию іс-әрекеті
Мақсаты: медбикенің асептика ережесін сақтап стерильді халатты өзіне киюі
Құрал-жабдықтар:
бикстегі стерильді материалдар (халат, жайма, инструменттер, салфеткалар, таңу материалдары).
1) педальдi басып бикстi аштым (немесе тазалықшы ашады);
2) бикстен халат алып, оны ештеңеге тигiзбей бүктеуiн жаздым. Жағасынан ұстап, колды халатпен бүркей тұрып сол жеңiн киіп алдым.
3) сол қолмен жағасынан ұстап қолды халатпен бүркей тұрып, оң қолды кидім.
4) екi қолды алға жоғары көтердім.
5) санитарка артқы жағындағы бауларын байлайды.
6) жеңiндегi бауларын 2-3 айналдыра байладым.
7) белбеудiң ұштарын қалтадан алып, екі жағына керiп алдына көлденең ұстадым.
8) санитарка сырт жағында тұрып қолын халатка тигiзбей белбеудiң шеттерiн алып артынан байлайды, халаттың артын қаусырады.
9) стерильді қолғапты киюге кірістім.
Операциялық медбикенің стерильді қолғап кию іс-әрекеті
Мақсаты: стерильді қолғап кию
Құрал-жабдықтар: стерильді қолғаптар, шариктер, спирт.
1) стерильді пакеттің сыртқы қабын санитарка қайшымен қиып, шеттерін ашады, стерильді пинцетпен пакеттегі қолғап орауын алып, стерильді столға қойып, орауын ашып алдым.
2) сол қолдың I-II саусағымен қолғаптың қайырулы шетiнен ұстап оң қолға кидім.
3) оң қолдың ІІ-ІІІ-ІV саусақтарын манжет астына салып, сол қолға кидім.
4) қайырылған шетiн түсiрiп халаттың жеңiнiң үстiне шығардым.
5) спирттелген шарикпен қолғап киген қолдарымды сүрттім.
Хирургке стерильденген халат кигiзу іс-әрекеті
Мақсаты: хирургке стерильді халат кигізу
Құрал-жабдықтар: бикстегі стерильді материалдар (халат, жайма, қолғаптар, инструменттер, салфеткалар, таңу материалдары).
1) бикстен халатты алып, шетiн ештеңеге тигiзбей, бүктеуiн жаздым,
2) халаттың алдыңғы бетін өзіме қаратып, өз қолдарымды қорғау үшін жағасының астына жасырып, екi иығынан ұстап, кердім.
3) хирург екi қолын бiрден екi жеңге тығып қолдарын жоғары көтередi.
4) хирург қалтадағы белбеудi алып, алдына керiп ұстайды
5) санитарка халаттың артқы бауларын шетінен ұстап байлайды.
6) жеңдегi бауларын байладым.
Хирургке стерильді қолғап кигiзу іс-әрекеті
Мақсаты: хирургке стерильді қолғаптар кигізу
Құрал-жабдықтар: стерильді қолғаптар, шариктер, спирт.
1)әуелi халат кигiзiледi.
2) стерильді пакеттің сыртқы қабын санитарка қайшымен қиып, шеттерін ашады, стерильді пинцетпен пакеттегі ораулы стерильді қолғаптарды алып, стерильді столға қойдым.
3) I-II саусақты қолғаптың iшiне салып қолғаптың жеңін екi жаққа кердім
5) дәрігердің 1-саусағы қалай қарап тұрса, қолғаптың 1 саусағын солай бұрып, хирургтың қолына дәл келтіріп, кигiздім.
6) хирург киген бойда қолдарын жоғары көтерiп алады.
7) қолғаптың жеңiн халаттың жеңінің сыртына жаптым.
8) оң қолды да солай кигіздім.
9) хирургке спирттелген шарик бердім.
4. Инструментпен жараны таңу
Мақсаты: жараның туалетін жасай білу.
Құрал-жабдықтар: стерильді таңу материалы бар таңу столы, антисептик ер-сі, спирт, пинцеттер, зажимдер.
Техникасы: Медбике сырқатпен жылы шырайлы қарым-қатынас орнатады, болатын манипуляцияны түсіндіреді.
1. Жұмыс пинцетін қолыма алдым, дәрігерге (немесе өзімнің екінші қолыма) стерильді пинцет алдым.
2. Жараның бойымен ескі таңғышын алып тастадым. (Егер таңғыш қатып жабысып қалса, 3% перекись водорода ерітіндісімен жіпсітіп алған жөн).
3. Егер жараның айналасы ласталған болса, құрғақ шариктермен тазартып алдым, содан соң спиртпен 2 рет сүрттім.
4. Жаранын ішін 3% сутегі аскын тотығымен және фурацилин ер-сімен жудым, егер жарада тігіс тұрса, оны спиртпен сүрттім.
5. Дәрігер нұсқауы бойынша жараның фазасына байланысты таңғыш таңдым.
6. Егер жарада тігіс тұрса, стерильді құрғақ таңғыш таңдым.
7. Пайдаланылған инструменттерді дез.ерітіндіге, жұмыс пинцетін 6%сутегі аскын тотығы ертіндісіне, таңу материалдарын қалдықтар қорабына тастадым.
5. Таңу столын жаю
Мақсаты: асептика жағдайында таңу столындағы инструменттер мен таңу материалдарының стерильдігін алты сағат бойы сақтау, жараны таңуды қамтамасыз ету.
Дайындалу: Стол үстін дез.еріндіге батырылған сүлгімен зарарсыздандырдым. Стерильді халат, колпак, маска, қолғап кидім.
Құрал-жабдықтар: стол, бикстегі стерильді материалдар (жайма, инструменттер, салфетка, шарик, банкалар, дренаж түтіктер т.б.).
Техникасы:
1) педальдi басып бикстi аштым;
2) бикстен бүктелген жайманы алып, стол үстіне жайдым. Шеттері столдың үстінен 15-20 см салбырап тұруы тиіс, үстіңгі қабаты астыңғысынан 10-15 см қысқа болуы тиіс.
3) бикстен екінші жайманы алып, алдыңғы жайманың үстіне жайдым. Үстіңгі қысқа шетін қайырып ашып қойдым.
3) үстіне стерильді шарик, салфетка, банкалар, резин түтіктер, дренаждар т.б. қойып алдым. Шетіне стерильді жұмыс пинцетін қоюға болады.
4) Жайылған жайманың үстіңгі қабатын жаптым, оның шеттері алдыңғы жаймаға 2-3 см жетпей тұруы тиіс. Цапкамен бекіттім. (Стерильді материалды столдың орнына лотокқа дәл осылай салуға болады.)
6) қағаз биркаға стерильді столдың жабылған уақытын, медбикенің аты-жөнін көрсетіп жазып, цапкаға бекітіп қойдым.
Білім алушының қолы ________________
2022 ж. "31" Желтоқсан
____________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)
2022 ж. "31" Желтоқсан
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
_____________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
_____________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022ж. "31"Желтоқасан
2.
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы : Сағымова Гүлзада Сағымқызы
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Р/c № | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Артериалық жгутты таңдым | 8:30 | 11:00 | |
2. | Артерияны саусақпен сүйекке басу әдісін үйрендім | 11:00 | 12:00 | |
1. | Буыны шыққан, сүйек сынған кезде жедел көмек көрсету | 12:00 | 13:00 | |
2. | Транспорттық шиналар таңу | 13:00 | 14:00 | |
3. | Жаралыға алғашқы мед. көмек | 14:00 | 14:30 | |
4. | Күйік,үсік,электрозақымдар кезінде жедел мед көмек | 14:30 | 15:00 | |
| | | | |
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы