ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім тақырыбы: «Таза, мінсіз асыл сөз» | Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: 21.09.2020 Сыныбы: 5 «Б» Пән мұғалімі: Ахметова Л.Қ. Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | «Керқұла атты Кендебай ертегісінің» көркемдік ерекшелігі |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.3.3.1- шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эсе жазу. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: шығармадағы кейіпкерлерді атайды,әдеби эссе жазады. Көпшілік оқушылар орындай алады: кейіпкерлерді талдайды, әдеби эссе жазады. Кейбір оқушылар орындай алады: кейіпкерлерді өзіндік көзқарасымен талдайды, әдеби эссе жазады. |
Бағалау критерийлері | Шығарма кейіпкерлерін талдайды; «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде кейіпкерді салыстырады; Ертегінің көркемдік ерекшілгін айтады; Әдеби эссе жазады. |
Тілдік мақсаттар | Негізгі сөздер мен тіркестер: арыстанның апандай аузы, мойындары ырғайдай, сирақтары шидей |
Құндылықтармен баулу | Мәдениет пен тілдің ортақтастығы |
Пәнаралық байланыс | қазақ тілі, тарих, музыка, бейнелеу өнері |
Алдыңғы білім | «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау сөздерін табу |
Жоспар
Жоспарланған уақыт | Жоспар бойынша орындалатын іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, көңіл- күйлерін сұраймын! Ой шақыру «Ертегілер әлемі» әнінен үзінді орындайды. https://www.youtube.com/watch?v=-yKBQ0uotpY
Суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. 1-топ.Кендебай 3-топ. Хан 2-топ. Керқұла 4- топ. Мергенбай батыр 5-топ.Қазанғап Топ басшысын «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы топ басшысын сайлаймыз. «Доп лақтыру» әдісі арқылы «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің көркемдік ерекшелігіне, мазмұнына қарай сұрақтар қойылады. Берілген сөз кімнің сөзі? Қай уақытта, қашан айтылды? Қандай қасиеті көрінеді? 1) Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. 2) Мен алтын құйрықты пайда қылғым келсе, сізге айтпаймын ғой. 3) Таба алмасаңдар , менің маңымды көрмеңдер! 4) Бие құлындаған да жоқ, еш нәрсе де болған жоқ. 5) Содан бері көзімде жас, көңілімде қайғы. 6) Мен хан баласы емеспін, адам баласымын. Қандай көркемдегіш құралдар бар? Мысалы: «Арыстандай көкжал бөрі», - деген жолдар қандай көркемдегіш құрал?
| Топ аттары жазылған қағаздар. Топқа бөлінетін суреттер доп | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Жеке жұмыс. Жазба жұмыс. Эссе жазады Эссені бастамас бұрын, Кендебай қандай?-деген сұраққа жауап беріп көрейікші. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің осы уақытқа дейін талдап оқыдық, мазмұнын айтып, кейіпкерлерін салыстырдық, енді бүгін ««Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі сүйікті кейіпкерім» тақырыбына эссе жазасыздар!
Өзара бағалау. Әр топ өзара эссені талқылап, талдап, ең үздік деген эссені сыныпқа оқуға ұсынады! | ҚБ парақшасы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорыту
Эссені қай топ үздік жазды, қорытындылау Рефлексия. Білім қоржыны. Үйге тапсырма: «Кендебай» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру. | |