ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлімі:

Космология

Педагогтің Т.А.Ә.

Kadyrbek Gulshat

Күні:

06.04.2023

Сынып 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жұлдыздардың классификациясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.9.1.2 - жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;

11.9.1.3 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар істей алады: Өте жаңа жұлдыз терминіне анықтама беру және оның қасиеттерін атай алу;

Көптеген оқушылар істей алады: Нейтронды жұлдыз терминіне анықтама беру және оның қасиеттерін атай алу;

Кейбір оқушылар істей алады: Қара құрдым ұғымын білу және оның қасиеттерін атай алу.

Бағалау критерийлері

  • Өте жаңа жұлдыз терминіне анықтама береді және оның қасиеттерін атайды;

  • Нейтронды жұлдыз терминіне анықтама береді және оның қасиеттерін атайды;

  • Қара құрдым терминіне анықтама береді және оның қасиеттерін атайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар массалары әр түрлі жұлдыздардың, соның ішінде ақ ергежейлі, нейтрондық жұлдыздармен және қара құрдыммен аяқталатын жұлдыздардың эволюциясын ауызша талқылайды.

Тілдік лексика және терминология: бас тізбек, Герцшрунг-Рассел диаграммасы, газды бұлт; тұмандық, ақ ергежейлілер; қызыл алыптар, аса жаңа жұлдыз, нейтрондық жұлдыз, қара құрдымдар.

Диалог / жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Протожұлдыз бас тізбектегі жұлдызға қалай айналады?

Алып жұлдыздардың эволюциясы немен аяқталады?

...нені білдіреді?

Қалай екенін түсіндіріңдер…….

Егер … болса, не болатынын сипаттаңдар.

Қандай сөздерді түсінген жоқсыңдар?

Пәнаралық байланыстар

Химия: заттың құрылымы, иондалу

Физика: термоядролық реакция

Математика: Логарифм, дәрежелік функция

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта мен компьютерді қолдану. Ғаламторды пайдалану.

twig-bilim.kz білім беру порталынан және басқа да ұсынылған сілтемелер арқылы қажетті ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу. Мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.

Бастапқы білім

Бұл бөлімде «Атом ядросының физикасы» бөлімінде қарастырылған термоядролық реакциялардың жүру шарттары, ядролық реакциялар, жұлдыздармен байланысқан физика, олардың зерттелуі және эволюциясы мен жіктелуі туралы ойлар дамиды, бұл спектрлердің қолданылуын көрсетуге және дөңгелек қозғалыс пен гравитациялық өріс теориясының кейбір мысалдарын қолдануға мүмкіндік береді.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі


Саламатсыңдарма

Бүгін сабақта кім жоқ

Үйге берілген тапсырма қандай?
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру

Ашық микрафон әдісі бойынша

1. Күн әлемі жайында не білесіңдер?

2. Айнымалы жұлдыздар жайында не білесіңдер?

3.Шұғыланың пайда болуын түсіндіріңдер.

4.Магниттік дауылдардың Жерге қандай әсерлері бар?

5.Ғарыштық ауа-рай дегеніміз не?

6.Өте биікте ұшып бара жатқан ұшақтағы адамдарға күн жарқылы мен ғарыштың радиациясы қауіпті бола ма?


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады



Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді

Сұрақтың жауабын слайдттан қарап тексереді

2-балл


ФИЗИКА 11 сынып оқулық

Алматы-Мектеп 2020
«Дидактикалық материалдар

Смайликтер


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Мәтінді оқып топпен қорғайды.
Кеңістікте Күнге жақын орналасқан өлшемі үлкен, өзіне тән қозғалысы бар бірнеше жұлдыз табылды.

Б ірнеше жылғы бақылаулар осы жұлдыздардың бірі кеңістіктегі өзіне тән траекториядан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің массалары анықталды.

Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің де болашағы зор.

2005 ж. Наурыз айының соңында Күн жүйесінен тыс табылған планеталар жүйесінің саны 152-ге жетті. 134 жұлдыздың планеталар жүйесі бар екені белгілі болып отыр. 14 жұлдыздың бірден артық планетасы бар.

Күн жүйесі жөніндегі түсініктің дамуы.

Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473 – 1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген “Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде” деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жердің орбитасының сыртында Марстың, Юпитердің және Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник “жылжымайтын жұлдыздар сферасын” Күннен өте қашыққа орналастырды.

Коперник ұсынған дүние жүйесі гелиоцентрлік деп аталады. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді.

«Шын» немесе «жалған» әдісімен оқушыларға жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін викторина беріледі. (тапсырма 2-щі қосымшада келтірілген).

Не істеу керек?

1. Әр оқушы викторина тапсырмасын алады.

2. Викторинаға 5-6 минут жауап беруге мүмкіндік беріңіз.

3. Оқушылар жауаптарын талқылау үшін үш-төрт шағын топқа бірігеді.

4. Әр топ тапсырманы талқылап, дұрыс жауаптарды белгілеуі керек.

Бұл жауаптарды белгілеу үшін түрлі түсті қаламды пайдалануға болады.

5. Содан кейін топ мәлімдемелерді екі бағанға бөледі - солар

Дұрыс жауаптар және қосымша зерттеулер қажет деп санайтын сұрақтар.

6. Содан кейін оқушылар қосымша зерттеулер жүргізеді.

7. Содан кейін барлық топтар жиналып, жауаптарымен және зерттеулерімен бөлісуі керек.

8. Оқушылар жұмысты аяқтағанда мұғалім тақтада жауабын көрсетеді (Microsoft Power Point арқылы немесе тақтаға жазып т.б.)

10. Оқушылар өздерінің жазба жұмыстарын дайын жауаптармен салыстырып, бағалау критерилеріне сәйкес өздерін-өздері бағалайды.
№2-тапсырманың, «Шындық па, әлде жалған ба?» викторина («Т» - true- шындық; «F» - false-жалған) жауаптары:

1-Т; 2-Ғ; 3-Т;

4-Ғ; 5-Ғ; 6-Т;

7-Т; 8- Т; 9- Ғ;

10-Ғ; 11- Т; 12-Т;

13-Т; 14-Ғ; 15-Ғ.
Кейбір қабілеттері жоғары оқушыларға біздің галактика ортасындағы қара құрдым массасын есептеп шығару ұсынылады.

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды
.


Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;

2. Мазмұнның толық ашады;

3. Өмірден мысалдар келтіреді.


Оқушылар терминология сөздерін аудара алады


ДЭ

Презентация

Оқулық 11-сынып.

ДМ қосымша 1

https://youtu.be/5M4tah7-j10




Сабақтың соңы.

End of lesson.

Бекіту сұрақтары.

1.Күн жүйесінің құрылысы қандай?

2.Қандай планеталрды білесіңдер?

3.Астериод пен метиордтердің қандай айырмашылығы бар?

4.Қандай каметаларды білесіңдер?

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.

Оқушыларға БББ кестесін толтыру ұсынылады.



Үйге тапсырма

§73 тақырыпты оқу

Кмета жайлы баяндама дайындау.

Оқушылар сұраққа жауап береді

Оқушылар кері байланыс береді

Дескриптор

Сұрақтарға дұрыс жауап береді

3 бал

Стикерлер