Файл: Кн тртібі Тртінші тосан жне жылды орытынды Жолда жру ережелері Оушыларды жазы демалысы жазы демалыста берілген тапсырмаларды орындау, оамды орындардаы ауіпсіздік ережесімен таныстыру, жазы лагерь бойынша мліметтер беру. Тыдалды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 56

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖШС «АДАН» мектебінің 2 «Ә» қазақсыныбының ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ! 05.05.2023 Сынып жетекшісі: Мамадиярова Б.ДӨткен орны: 213 кабинет Өткізілген уақыты: 16:00 Қатысқаны: 11Қатыспағаны: 5Күн тәртібі: 1.Төртінші тоқсан және жылдық қорытынды; 2.Жолда жүру ережелері; 3.Оқушылардың жазғы демалысы: жазғы демалыста берілген тапсырмаларды орындау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру, жазғы лагерь бойынша мәліметтер беру. Тыңдалды: 1-мәселе бойынша: Сынып жетекшісі Мамадиярова Б.Д ата-аналарды 4 тоқсан және жылдық қорытындылары бойынша оқушылардың білім сапасымен таныстырып шықты. Үздіктер-8, екпінділер-8. Бұл оқушыдардың 2-сыныпта көрсеткен таза білімдері. Енді әркім өзінің мықты және осал тұстарын көрді және сол бойынша пән мұғалімдерінен көбірек тапсырмалар алып, жазғы демалыста да білімдерін шыңдау керек деп көрсетті. 2-мәселе бойынша: Сынып жетекшісі «Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуының кепілі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастайынан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезінде алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Осы тақырып барысында біраз пікірталас өтті. 3-мәселе бойынша: Сынып жетекшісі жаз мезгілінде баланың жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмысын жасады. Баланың жол қауіпсіздігін қадағалау тек мектеп қана емес, ата-анлар тарапынан да балаға түсіндірме жұмыстарын жасап, қадағалап отыруын айтып өтті. 4-мәселе бойынша: Сынып жетекшісі ата-аналарға 2023-2024 оқу жылындағы болатын өзгерістер жайында түсіндірме жұмыстарын жасады. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Түрлі мәселелер бойынша сөз қозғалды.5-мәселе бойынша: Сынып жетекшісі ата-аналарға жазғы лагерь жайында хабарлады. Балаларға лагерь мен демалыстан бөлек түрлі курстарға қатысуын қадағалауды тапсырды. Қаулы: 1.Баланың жазғы демалыста бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ата-аналары балаларды түрлі үйірмелерге немесе лагерьге қатысуын қолға алсын;
2.Жолда жүру ережелерін ата-ана мен мектеп тарапынан түсіндірме жұмыстары жасалынып, баланың жолда жүру қауіпсіздігі қолға алынсын; 3.Мектеп тарапынан ата-аналарға жаңа оқу жылындағы өзгерістер түсіндіріліп, жұмыс жасалынсын. Хатшы: Абдирасил Г.Қ Қолы: Сынып жетекшісі: Мамадиярова Б.Д Қолы:

Смотрите также файлы