ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Отбасы - бақыт аясы" тәрбие сағаты.
Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында жүргізілген тәрбие сағаты.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы – бақыт ұясы».
Мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтүрі: сыныптан тыс шара.
Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
Психологиялық сәт.
«Еркелету» жылулық шеңбері.
(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)
ІІ. Негізгі бөлім.
Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын, туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)
- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.
Ендеше үш топқа бөлінейік.
«Ана» тобы.
Ана туралы жыр. (1.40)
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
«Әке» тобы.
Әке туралы жыр. (1.10)
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
«Бала» тобы.
Бесік жыры. (1.44)
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Қуанышың арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып
Біз боп саған қараймыз
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.
1.Тыңдай білу.
2.Өзара сыйластық.
3. Белсенділік.
4. Қол көтеріп сөйлеу.
5.Уақыт үнемдеу.
Бейнеролик көрсету.
«Бақытты отбасы үлгісі»
Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады.
Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырайық.
Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық.
Ойын: " Бұл кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.Ол кім? Атаның суретін іледі.
2. Ертегі айтып береді,
Күнімен саған ереді.
Әкешіңнің анасы,
Әкең оған баласы. Ол кім? Әженің суретін іледі.
3. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім?Әкесінің суретін іледі.
4. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Ананың суретін іледі.
Мәнерлеп оқу.
1 – оқушы:
Аналарға.
Естеу Нүсіпбеков.
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
2 – оқушы:
Әкем біреу, анам да біреу менің.
Ф.Оңғарсынова.
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Топтық жұмыс.
1.Отбасындағы әкенің орны.
2.Отбасындағы ананың орны.
3.Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай бала болуларың керек?
Сергіту сәті.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.
Сұрақ – жауап:
1 топ.
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі. (мұра)
5. Үйде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
2 топ.
1. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
2. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі,
іні.)
4. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
5. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан
ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
6. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
7. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
3 топ.
1. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп,
айтқандарын істеу керек.)
2. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
3. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
4 Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)
5. Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт, нағашы)
6. Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы ата)
7. Ат – ана алдындағы борышты қалай өтеуге болады?
Мақал -мәтелдің жалғасын табу.
1топ.
1.Атаға қарап - ...............,
Анаға қарап - ..................
2. Ананың көңілі балада, ..........................
3. Ата-ананың қадірін - ................................
4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
2 топ.
5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
3-топ.
9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)
10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),
11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
«Бақытты отбасы модулін» аяқтау.
Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін іргетасы мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы үшін оның мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.
Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!
«Тәрбие бастауы - отбасында!»
Алтын Сарсенбаева
Сынып сағатының тақырыбы:
«Тәрбие бастауы - отбасында!»
Сынып сағатының мақсаты:
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну.
Сынып сағатының өту формасы: дөңгелек үстел
Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар.
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Тақырыппен таныстыру
Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы. 2. Топқа бөлу «АНА» , «ӘКЕ»
Әр топтың оқушылары отбасы туралы тақпақтар айтады.
3. Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың – тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз (хормен).
4.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қонаққа келіп отырған отбасымызды таныстырайын. Бала таныстыруды айтады.
Таныстырылым. «Әке көрген от жонар, шеше көрген тон пішер!» Ата-әже туралы.
5.Оқушылардың көрінісін тамашалаңыз. Ситуациялық көрініс.
Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып берші! деп анасын мазалайды .Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді.
-Кейін алып берермін
-Не қажеті бар? Осы ситуацияны үлгілі отбасына талқылауға беру.
Сұлтаналы отбасына сұрақ:
Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?
6.Оқушылар постар қорғайды «ӘКЕ» , «АНА»
7.Үлгілі отбасының арнауы «Ата-әже, әке-шеше» туралы ән орындайды.
8. Қортыныды:
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» таныстырылымын көрсету.
Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.
Әлем өзгеруде. Мысалы: Жапонияда ата-аналар мен мектеп тығыз байланыста болып, әр сабағына қатыса отырып, демалыстарда да «ашық есік» күнін өткізеді екен. Біздер де үнемі осылайша мектеппен байланыста болып, өзгеруге, дамуға әзір боламыз деп ойлаймын.
2013-2014 оқу жылы
Дастарқанның басында
Әдептен біз озбаймыз:
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
Тамақ ішер кезде енді
Сөйлемейміз,күлмейміз,
Астан басқа өзгені
Елемейміз,білмейміз!
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!
Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.
Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!
Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.
Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!
Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге
Ағам менің қандай-ды!
Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи,жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!
Отбасы – шағын мемлекет. Біздің қоғамымыз сол шағын мемлекеттерден тұрады. Ал, ол кіші болсын, үлкен болсын, өз басшысы, өзінің ішкі ереже-тәртібі бар. Отбасы негізін құрайтын некедегі ер мен әйел, балалар. Оның іргесінің мықты болуы ер мен әйелдің өзара түсіністігіне, сыйластығына байланысты. Олардың арақатынасының жарасымды болуы, ондағы үйлесімділік осы бір кіші мемлекеттің үшінші маңызды тобы балаларға да әсерін тигізеді. Иә, әркім өз міндетін мүлтіксіз атқарып, өзара татулық болса, отбасы ұғымының құндылығы арта түспек.Ер мен әйелдің сыйластығы қашанда маңызды нәрсе. Себебі сол арқылы қоғамда тыныштық, өсіп-өну, бақытты балалар болады. Ер адам өзінің беделінің биігінен түспей, әйел адам қашандағы нәзіктігімен, жанының жайсаңдығымен баурай білсе, бақыт пен ынтымақ сол үйді паналайды. Отағасы үйінің тірегі екенін отбасындағыларға ұғындыра білуі тиіс. Қатал болуым керек деп әрдайым қабағы қатулы болып жүрмей, арасында әйелінің жанын, сырын түсіне білуі керек. Шариғатта да ер кісіге «Әйеліңнің көңіліне кірбің ұяласа, оны сейілте біл және көзіндегі жасын қолыңмен сүрт» деп бұйырған. Қоғамымыздағы ажырасу мәселесі белең алып бара жатқан заманда шариғи тұрғыдан да, салт-дәстүрмен де келе жатқан қағидаларды ұстанғанымыз дұрыс сияқты. Әйел ешқашанда ер адаммен өзін теңмін деп бас көтеруге болмайды. «Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады» деген бар ғой. Отағасын өзінен жоғары ұстауға міндетті. Ал, өзінің нәзіктігін, биязылығын жоғалтпауы керек. Ер адамның әйелге деген махаббаты күшті болса, ол тау қопарады. Әйелдің еріне деген махаббаты берік болса, ол отбасында шаңырағы жайнап, қазаны қайнап тұрады. Бақыт деген осы емес пе? Иә, мейірім өзені тартылмас үшін, сүйіспеншілік оты өшпес үшін, сыйластық бағы солмас үшін отбасының негізін қалаған жұбайлар қолдарынан келгенін жасау керек. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» демекші, жылы сөйлеп, жақсы шырай танытып жүру нәзік жандылардың басты міндеті. Әрдайым кешіріммен қарап қайбір істе де сабырға келе білуі керек. Бақытты отбасы болудың сыры осы болар... 0Рейтинг: +0
Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/23597
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Семья – основа государства, Семья – основа жизни всей, От одиночества лекарство, И остров преданных людей. Семейного желаем счастья, Свою любовь не растерять, В семейной жизни настоящей Добро и радости познать. Автор: Солдатова Мария |
2 Пусть крепнут с годами семейные узы, Сердца пусть трепещут от страсти взаимной, Пусть радуют смехом своим карапузы, И счастье общение бежит пусть не мимо! Пусть бизнес семейный вовсю разовьется, Финансовый кризис от страха взорвется, Взаимность во всем и семейный полёт – Достигнете вместе неузнанных высот! Автор: Виктория Цуканова |
3 Семья - это счастье и дружба, Веселый заливистый смех. Семья это вечная служба - Родным прислужиться не грех. Семья обогреет, поможет, Даст дельный совет в трудный час. Поздравить семью свою тоже Спешу я сегодня, сейчас. Автор: Наталья Ляшенко |
4 Семья для каждого ценность, Это вечные чувства: любовь и верность, Это дар подаренный судьбой, Обновленье чувств приходит с весной. В международный день Семьи Желаем искренней любви, Желаем светлых чувств взаимных, Мгновений больше чудных, дивных. Автор: Юлия Струк |
5 Каким четверостишием, В словах еще каких Прославить ценность высшую Могу я в этот миг? Пускай ячейки общества У каждого свои, Но мне Вас очень хочется Поздравить с днем семьи! Автор: Алексей Резников |
6 Семья – как много смысла в этом слове… Когда детишек хохот в доме, Так сразу хочется и жить, Творить, заботится, любить. Каждой семье я пожелаю, Взаимности, терпенья и добра, И к Господу молитвы возлагаю, Пусть день семьи подарит чудеса. Автор: Тетяна Жмурко |
7 День семьи — вот день чудесный, Хорошо с родней гулять! Мы признаемся вам честно, Узы дружбы не разнять! Мы горою друг за дружку Враз готовы постоять, Так давай поднимем кружку, За детей, отца и мать! Автор: Наталья Сухомлин |
8 Кто обозвал ячейкой общества Семью – союз сердец родных. И поздравляя тебя с Днем семьи, Желаю море радостей земных! Твоя семья, как крепость, как очаг, Как колыбель, в которой всем спокойно! Желаю тебе счастья в День семьи, Любви и нежности – и этого довольно! Автор: Татьяна Беляева |
9 Семья – это то, что дает нам силы. Любовь – это то, что греет наши сердца. Верность – это то, что заставляет верить в чудеса и полностью довериться любимому и близкому человеку. Если у вас есть семья полная любви и верности, то вы самый счастливый и богатый человек на земле, ведь семью, любовь и верность не купишь ни за какие деньги мира. Семью себе может позволить и богатый, и бедный человек. И именно в данном вопросе бедняк может оказаться намного богаче, ведь его могут любить намного искреннее, чем того, кто правит миром и имеет горы несметных материальных богатств. Цените близких, любите родных и никогда не предавайте тех, от кого никогда не хотели бы узнать предательства. С днем семьи, любви и верности – самых дорогих человеческих ценностей! Автор: Наталья Ляшенко |
10 Верность, любовь, семья – три «кита», на которых держится этот мир. Они первый и решающий аргумент в пользу добра, человечности и продолжения рода. Без Верности не было бы крепких сердечных уз между людьми, взаимопонимания и доверия друг к другу. Без Любви мир казался бы тусклым, серым, беспросветным и утратился бы весь смысл нашего существования на Земле. Без Семьи мы были бы одинокими и обездоленными индивидами, бесцельно блуждающими по планете. У всего есть свой смысл и цена. Даже самое маленькое понятие может иметь очень емкое содержание. Пусть же ни одно из них не исчезнет из твоей жизни, и ты проживешь ее полноценно и счастливо! Благополучия тебе, верности, любви! Крепкой семьи, послушных детей и светлого будущего! Автор: Елена Тихонова |