Файл: Stud kz аза тілінде жазылан жмыстар саны жне сапасы бойынша бізді ор 1 болып табылады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.10.2023
Просмотров: 11
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
Техникалың нивелирлеу
Жоспар
I. Кіріспе….2
1.Геометриялықлық нивелирлеу тәсілдері……3
2. Нивелирлер және нивелирлік рейкалар……5
3. Нивилирлердің тексерулері мен жөндеулері…….9
4. Техникалың нивелирлеу…..11
5. Геометриялық нивелирлеу нәтижелерін ғылыми өндеу…..15
6. Профильді салу…..17
II. Қорытынды……20
III. Әдебиеттер…..21
Кіріспе
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктікбелгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және : олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-ақ бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады.
Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлеуді қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді.
Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (1-сурет) нүктелерінің дәл ортасындағы Снүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау осін горизонталь жағдайына келтіреді де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды. Бүдан кейін 3 және П есептеулерін алады, олар нысаналау сәулесінен Ажәне В нүктелеріне дейінгі кесінділер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мына формула бойынша есептеліп шығарылады:
Һ=3—П.
Егер артқа есептеу 3 алға есептеуден П артық болса (3>П), онда салыстырмалы биіктік һ оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал артқа есептеу 3 алға есептеуден П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни Внүктесі А нүктесінен төмен орналасады.
Курстық жұмыс 22 бет