Файл: Келісілді Бекітемін алалы аурухана 2.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 71

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы

«Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК

Келісілді Бекітемін

«Қалалық аурухана №2» директордың

ШЖҚ КМК бас мейірбикесі оқу- өндірістік жұмысы

______ Оспанова Л.Х. жөніндегі орынбасары

___ _______ 2022 ж _____ Ульбауова А.М.

___ _______ 2022 ж.


Кәсіптік тәжірибе бағдарламасы
Кәсіптік тәжірибе атауы: «Терапиядағы,хирургиядағы және педиатриядағы мейіргер ісі»

Мамандық: 030200 0 – «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 030204 3- «Жалпы практика мейірбикесі»

Курс IV, семестр 8 көктем

Сағат саны: 360 сағат

Тәжірибе бойынша бағдарламаны аударған:

«Педиатрия» пәнінің оқытушысы Сыдыққызы Г

030200 0 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқу жұмысының жоспары негізінде
«Арнайы клиникалық пәндер» бірлестік отырысында қарастырылды және мақұлданды

хаттама № _____ «___ » ___________ 20 ... ж.,
ОӘК төрайымы _______ Ибраева А.М.
ҒӘО басшысы ___________ Бокин Д.С.

әдіскер __________ Какенова А.К.
хаттама № _____ «___ » ___________ 20 ... ж.,
Әдіскер кеңесінің төрайымы __________ ________________

Кіріспе.

Клиникадағы (кәсіптік) практика- студенттерде білімнің, дағдылардың және медициналық қызметке кәсіби дайындықтың кәсіби бағытын қалыптастыруды мақсат ететін білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі.

Клиникалық практиканың мақсаттары

1. Клиникалық пәндерді оқу кезінде қалыптасатын базалық және кәсіби

құзыреттерді дамыту.

2. Практикалық дағдыларды жетілдіру.

3. Медициналық құжаттаманы жүргізумен (КМАЖ-да жұмыс істеу),

есептілікпен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен танысу.

4. Жекелеген адамдардың және олардың отбасылары денсаулығы мен әлауқатын нығайту мақсатында үйде күтім жасау үшін тиімді санитариялықағарту іс-шараларын жүргізу.

Клиникалық практиканың міндеттері

1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыруды

зерделеу.

2. Мамандықтың білім беру стандартының біліктілік талаптарына сәйкес

базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту.

3. Теориялық оқытуда алынған практикалық дағдыларды бекіту.

4. Қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының тәжірибесін алу.

5. Пациенттермен тиімді коммуникация, кәсіби аралық өзара іс-қимыл және

командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.
Клиникалық практиканы игеру деңгейіне қойылатын талаптар.

Студенттер практиканы Қазақстан Республикасы облыстарының денсаулық сақтау басқармаларымен бекітілген колледждің клиникалық базаларында өтеді. Студенттер 5 күндік жұмыс аптасында күніне 6 сағаттан жұмыс істейді.


Клиникалық практикаға басшылықты тьютор мен ментор жүзеге асырады. Практика бағдарламасының орындалуын бақылау, бағалау сұхбатын өткізу, консультативтік көмек көрсету колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

Практика базасына келгеннен кейін студенттерде: практикаға жолдама, жұмыс бағдарламасы/практиканың силлабусы, медициналық киім, ауысымдық аяқ киім, клиникалық практиканың күнделік-есебі болуы тиіс.

Студент-практикантқа медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің қағидалары қолданылады. Студенттің практика базасы мен уақытын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ. Студенттердің практика мен жұмыс уақытына баруын ментор бақылайды.

Студенттің практикадан өту кезіндегі міндеттері:

  • клиникалық практиканы өткізуге жауапты практика бөлімі мен практика тьюторы өткізетін клиникалық практика жөніндегі анықтамалық конференцияға қатысу;

  • клиникалық практика бағдарламасында көзделген тапсырмаларды адал және белсенді орындау, практикалық дағдыларды меңгеру;

  • медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің (практика базасының) қолданыстағы ережелеріне бағыну;

  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • атқарылатын жұмыс үшін жауапкершілік;

  • жүргізілген жұмыстың есебін жүргізу;

  • бағалау сұхбатына күнделік-есепті ұсыну.


Клиникалық практика бағдарламасын орындамаған, бағалау сұхбатында бағаланбаған студент колледж әкімшілігі белгілеген мерзімде клиникалық практикаға қайта жіберіледі.
Клиникалық практиканы ұйымдастыру және өткізу

Клиникалық практиканы ұйымдастыруға және өткізуге үш тарап қатысады:

1. тьютор-оқытушы, ол практиканы ұйымдастыруды жүзеге асырады, нұсқаулық береді, бақылайды және ментормен бірге бағалау сұхбатына қатысады;

2. ментор – клиникалық практикадан өту кезеңінде студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды клиникалық базада бекітуге ықпал ететін білікті медицина қызметкері.

3. студент.

Тьютордың рөлі

  • медициналық ұйым қызметінің құрылымын, түрін және көлемін біледі;

  • әр білім алушы үшін клиникалық практикадан өту уақыты мен ұзақтығын клиникалық базамен алдын ала келіседі;

  • практика жетекшісіне қажетті құжаттарды ұсынады;

  • клиникалық практиканы дамыту мәселелерінде әртүрлі қатысушылармен өзара іс-қимыл жасайды;

  • ментормен бірге білім алушының білімі мен іскерлігіне бағалау жүргізеді;

  • клиникалық практиканы бағалауға жауапты.


Ментордың рөлі:

  • практика бағдарламасына сәйкес клиникалық практиканы өткізуді қамтамасыз етеді;

  • білім алушыға эмоциялармен күресуге көмектеседі;

  • клиникалық (практикалық) дағдыларды меңгеруде, теорияны практикада бекітуде көмекші;

  • студенттің кәсіби әлеуметтенуінде, тиімді жұмыс қарым-қатынасын қалыптастыруда көмекші;

  • студенттің клиникалық оқудағы прогресін талдайды және бағалайды;

  • студенттің кәсіби және жеке өсуіне ықпал етеді;

  • практика құжаттамасын жүргізуге көмек көрсетеді;

  • бөлім қызметкерлерінің, тьютордың пікірлерін ескере отырып, клиникалық практикаға (күнделікті, аралық, соңғы) бағалау жүргізеді.

Студенттің рөлі:

  • практикадан өтуге рұқсат алады;

  • клиникалық базаның қызметімен танысады;

  • бағдарламаға сәйкес клиникалық практикадан өтеді;

  • практика күнделігінде күн сайын практикада іске асырылатын мақсаттарды, игерілген дағдылар бойынша жұмыс түрлерін көрсететін жазбалар;

  • инфекциялық және техникалық қауіпсіздік, құпиялылық ережелерін, этикалық нормаларды сақтайды;

  • клиникалық практикадан уақтылы өтуге жауапты;

  • практикалық бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды сапалы және толық көлемде орындайды;

  • практикадан өту орны мен мазмұнына байланысты қажетті медициналық құжаттарды уақытылы және сапалы толтырады;


Клиникалық практика аяқталғаннан кейін ментор студентке (студент, ментор, тьютор) бағалау сұхбатының уақыты мен орнын ұйымдастырады. Онда:  оқу мақсаттарына қол жеткізу туралы айтып беруді, оған не білетінін және не істеу керек екенін анықтауға көмектесе отыра өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсынады;  клиникалық практиканы бағалаудың қойылған мақсаттары мен критерийлеріне сәйкес білімді, дағдыларды немесе құзыреттерді игеру деңгейін анықтайды;  клиникалық практикадан өту және клиникада оқу ортасын ұйымдастыру нәтижелері бойынша пікір береді. Клиникалық практиканың қорытындысы бағалау сұхбаты болып табылады.

Кәсіптік тәжірибе атауы: «Терапиядағы,хирургиядағы және педиатриядағы мейіргер ісі»

Мамандық: 030200 0 – «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 030204 3- «Жалпы практика мейірбикесі»
Тәжірибелік дағдылар тізімі


  1. Қол жуу алгоритмі

  2. Стерильді қолғап киіп-шешу ережелері

  3. Тыныс алу органдары аурулары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.

  4. Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.

  5. Ас қорыту органдары аурулары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.

  6. Несеп бөлу ағзаларының аурулары кезінде пациенттерге мейіргерлік күтім

  7. Эндокриндік жүйе органдарының аурулары және зат алмасу бұзылыстары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.

  8. Аллергиялық аурулар кезінде пациенттерге мейіргерлік күтім.

  9. Зертханалық-аспаптық зерттеулерге дайындық жүргізу

  10. ЭКГ-ны өткізуге дайындық

  11. Нәрестелерге патронаж жүргізу.

  12. Омырауға дұрыс салу техникасы 4*5

  13. Антропометрия жүргізу, физикалық дамуын бағалау БАБЖ бағдарламасы бойынша

  14. .Балалардың нервті-психикалық дамуын бағалау

  15. 1 жасқа дейінгі балаларға БАБЖ бағдарламасы бойынша кеңес жүргізу

  16. Жүкті әйелдер мен емізетін әйелдерге тамақтану пирамидасы бойынша кеңес жүргізу

  17. Нәрестелерге күнделікті тазалық жүргізу

  18. Балалардың тыныс алуы мен пульс жиілігін санау

  19. Тәуліктік және бір реттік тамақ көлемін санау

  20. Үлкен еңбектің көлемін анықтау

  21. Қанқа деформациясының алдын алу

  22. Д витамин дозасын есептеу

  23. Астмоидты тыныс алу кезінде көмек көрсету

  24. Дене қызуын өлшеу,кестесін сызу жүргізу

  25. Гипертермия кезінде көмек көрсету

  26. Бақылау салмақ өлшеу жүргізу

  27. БАБЖ бағдарламасы бойынша жөтел,тыныс алудың қиындауы,диарея,тамақ ауруы,құлақ ауруымен балаларды жүргізу

  28. Зимницкий әдісі бойынша зәрді жинау

  29. Нечипоренко әдісі бойынша зәрді жинау

  30. Баланы бүйректің рентгенологиялық зерттеуіне дайындау

  31. Көктамырға, тері астына, бұлшық етке инъекция жасағанда қатысу.

  32. Медициналық құжаттармен жұмыс істеу (ф112,ф063,030,ф058,ф026,064)

  33. Стерилді халатты өзіне және дәрігерге кию

  34. Стерилді үстелді жабдықтау

  35. Қан тобын және резус-факторды цоликлондар әдісі бойынша анықтау

  36. Десмургия: Кимешек таңғышты таңып көрсету

  37. Десмургия: Бинокулярлы таңғыш салу

  38. Десмургия: Желкені айқастыра таңу

  39. Десмургия: Дезо таңғышты танып көрсету

  40. Крамер жақтауын салу ережелері

  41. Дитерихс шиналарын салу.

  42. Алғашқы хирургиялық өндеуге құралдарды және дәрі-дәрмектерді дайындау

  43. Тігісті шешу үшін құралдарды жинастыру

  44. Таза жараны орап тану

  45. Іріңді жараны орап таңу

  46. Қан ағуды тоқтату үшін жгут салу ережелері

  47. Мұрыннан қан кетудегі бірінші көмек.

  48. Күйіктердің дәрежесін және көлемін анықтау тәсілдері

  49. Күйіктер кезіндегі алғашқы көмек

  50. Плевра қуысына пункция жасау үшін құралдарды жинастыру

  51. Сүйектер сыну кезіндегі алғашқы көмек


КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР:

1. Титул парағы

2. Күнделік мазмұны:

  • Күні

  • Орындалған жұмыстың көлемі

  • Койылған максатқа жету

  • Ескерту

  • Ментордың ескертуі және қолы



Күні

Орындалған жұмыстың көлемі

Койылған максатқа жету

Ескерту























КҮНДЕЛІКТІҢ ТИТУЛ ПАРАҒЫ


Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы

«Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК

Тәжірибе күнделігі
Кәсіптік тәжірибе атауы: «Терапиядағы,хирургиядағы және педиатриядағы мейіргер ісі»

Мамандық: 030200 0 – «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 030204 3- «Жалпы практика мейірбикесі»
Кәсіптік тәжірибе өтетін орны:

Студент аты жөні:

Курс: III, семестр 8 көктем

Группа:

Ментор:

Тьютор:

Семей 2022 ж.

Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік баға




Әріп

Сандық

эквивалент

Рейтинг

(в%)

Баға

1

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

2

А−

3,67

90-94


3

В+

3,33

85-89

«жақсы»

4

В

3,0

80-84


5

В −

2,67

75-79


6

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2,0

65-69





ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ БАҒАЛАУ САУАЛНАМАСЫ


Клиникалық практика атауы:




Студенттің аты-жөні:

Топ номері:

Ментор:

Тьютор:

Кіріспе ңұсқаулық: Күні мен басшының қолы:

Курстың мақсаттары:










Студенттің өз мақсаттары:










Студенттің күшті жақтары:

(ментордың пікірі)










Студенттің даму қажеттіліктері:

(ментордың пікірі)










Студенттің өзін-өзі бағалауы:











Тәжірибе есептелді, күні _____________
Ментордың қолы____________________ Студенттің қолы_________________
Тьютордың қолы____________________

Тәжірибе есептелмейді немесе басқа қосымша әрекеттерді қажет етеді

БАҒАЛАУ ӘҢГІМЕЛЕСУ ПАРАҒЫ (терапия)




Тәжірибелік дағдылар

Ментордың бағасы

Тьютордығ бағасы

Қорытынды баға



Қол жуу алгоритмі












Стерильді қолғап киіп-шешу ережелері












Тыныс алу органдары аурулары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.












Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.












Ас қорыту органдары аурулары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.












Несеп бөлу ағзаларының аурулары кезінде пациенттерге мейіргерлік күтім












Эндокриндік жүйе органдарының аурулары және зат алмасу бұзылыстары кезіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім.












Аллергиялық аурулар кезінде пациенттерге мейіргерлік күтім.












Зертханалық-аспаптық зерттеулерге дайындық жүргізу












ЭКГ-ны өткізуге дайындық