Файл: Математикалы регата масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА

Мақсаты: Математикадан алған білімдерін қолдану дағдысын жетілдіру,оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру; теориялық білімін қолдана білу мен есептеу дағдыларын дамыту; бір-бірімен жеке қарым-қатынасқа тәрбиелеу, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыбы жазылған плакат, нақыл сөздер, карточкалар, лото тастары немесе конфеттер, түрлі түсті қағаздар.


Ж О С П А Р Ы:


  1. Кіріспе.

  2. Топтармен жұмыс.

  3. Қорытынды.



І. Кіріспе.
«Регата» - итальян сөзі, бір уақыт аралығындағы желкенді,ескекті және моторлы кемелер арасындағы жарыс деген ұғымды білдіреді. Кеңестер Одағы кезінде де «желкенді кемелер апталығы» жарысы өтіп тұрады. Ал жарысушы әр кемеде адамдар топтары жұмыс істейді. Сондықтан математикалық регатада да топтар жарысады.Әр топ 6-9 класс оқушыларынан құралады. Әуелі лото тастарын қарамай таңдау арқылы топқа бөлінейік: « Рационал » және « Иррационал » топтарына. Тапсырмалар белгілі уақыт аралықтарына 3 турға бөлінген. Тапсырмалардың орындалу барысын тексеру үшін мұғалімдер мен оқушылар тобы жұмыс істейді.

ІІ. Топтармен жұмыс.
І тур, (15 минут, әр есепке 3 ұпай)


  1. Өрнектің мәнін табыңдар:

26•25-25•24+24•23-23•22+22•21-21•20+20•19-19•18+18•17-17•16+16•15-15•14.

2)теңдеуді шешіңдер: 5(х+2,6)=3(2х+5,2)

3)АВ мен СD кесінділері қиылысады және АВ=ВС=СD=АD. Ас мен ВD-ның перпендикуляр екенін дәлелдеңдер. АС= 10см,ВD=15см болғанда, АВСD фигурасының ауданын есептеңдер.

ІІ тур, (20 минут,әр есепке 8 ұпай)


  1. Бөлшекті қысқартыңдар: 521+521+521+521+521

524

2) Теңдікті алу үшін арифметикалық амалдар мен жақшаны дұрыс орналастыру керек:

а) 1999=0 г) 1999=9

б) 1999=1 д) 1999=10.

в) 1999= 3
3)АВС үшбұрышында А және В бұрыштарының биссектрисалары жүргізілген, олардың арасындағы бұрыш 125-қа тең. С төбесіндегі бұрышын табу керек.

ІІІ тур, (25 минут, әр есепке 10 ұпай)
1)Теңдеуді шешіңдер: (3+210/(х-3))=33.

2) Өрнектің мәнін табыңдар: ((810/162)+(675/225))•((810/162)-(675/225)).


3)Кластағы тақтада АВСD параллелограмы салынған және АВ қабырғасының ортасын Е әрпімен, ал СD қабырғасының ортасын F әрпімен белгіленген.Кезекші келді де А,Е,F нүктелерін қалдырып, параллелограмның суретін сүртіп тастады.Осы қалған нүктелердің көмегімен параллелограмның суретін қалай қалпына келтіруге болады?


ІІІ. Қорытынды:
Бұл шараны өткізу барысында мынадай қорытынды жасалды.


  1. Әр турға уақыт шектеулі болғандықтан оқушылар уақыттарын тиімді пайдалануға тырысты.

  2. Топпен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін қарастыруды бір топ мүшелерінің барлығы бірлесіп оңайдан күрделіге қарай жүрсе,екінші топ мүшелері есептерді бөліп,өздері бөлініп қарастырды.

  3. Оқушылардың ойлау мен есептеуге де шапшаңдық қажет екенін ескерді.

  4. Осы жұмыстардың барлығы оқушылардың логикалық ойлауының дамуын қалыптастырды.