Файл: Сабата олданылатын лтты ойындарды рлі таырыбына Курсты жмыс Орындаан Бекетова Э.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 87
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
болған сапарында көрген Қызбөрі ойыны да Қазақстан
территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен яғни таптық қатынаспен
бірге туғандығы жайлы ескертеді.
Ұлт ойындары ертеден-ақ, жалпы этнографиялық әдет-ғұрыптармен бірге
дамып жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін —
қазақ совет этнографиясының бір бұтағы бола тұрса да, күні бүгінге дейін
бір де бір тарихшы-этнограф ғалымдардан мән беріп зерттеген ешкім болмады.
Тек, М. Таникеевтің Қазақстанның Россияға қосылған дәуірінен бастап,
Октябрь революциясына дейінгі аралықты қамтыған педагогика ғылымдарының
кандидаттық диссертациясы бар. Бұл еңбектің құндылығы сол, бірінші рет
қазақтың ұлтгық ойындары ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандыктан өз
бетінше тарихи зерттеуді керек ететіндігі жайлы пікір айтты.
Еңбектің кіріспесінде автор ұлт ойындарын ұлттық мәдениеттің бір саласы
болғандықтан, Қазақстанның Россияға қосылғаннан кейін ғана алдыңғы қатарлы
орыс мәдениетінің әсерінің негізінде ғана қалыптасып дамый бастайды -деп
келтірген де II тарауында талдау жасаған.
Зерттеулерге қарағанда, ұлт ойындарының даму, қалыптасу
көрсеткіштері керісінше шығып отыр. Жоғарыда көрсетілгендей, ұлт ойындары
Қазақстан жерінде ең алғашқы хандықтардың пайда болып калыптасуымен бірге
өзінің даму сатысының ең жоғарғы шегіне жетті де, халықтың шығарған Хан
жақсы ма ойынымен тоқтады. Хан жақсы ма ойынының шығуы қазақтың ұлт
ойындарының ең ақырғы кезеңі. ХҮШ ғасырдан бастап, яғни Қазақстанның
Россияға қосылу дәуірінен бері қарай тарихи даму емес тек кезіндегі шыкқан
халық ойындары үйрену-жаттығу ретінде ғана қайталанып отырды.
Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған
жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл көтеріп,
демалыс уакытын өткізуден қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.
Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда
ересектер арасында дамыды да кейін келе жасөспірімдерде қалды.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының көпшілігі жас өспірімдерді
шапшаңдыққа, жүйріктікке, батылдыққа тәрбиелейді және мұндай ойындар
баланың дене мүшелерін шынықтырып, өкпенің жұмыс қабілетін арттыратын
болған. Сондай ойындардың бірі –қазақша күрес.
Қазақша күрес жайлы король Кастилий Генрих ІІІ-тің саяхатшы
–көмекшісі Рей Гансилис Клавдихо мынадай өте-мөте мөлтек деректі
келтіреді. Ол даңқты қолбасшы Темірдің сарайында ең күшті балуандардың
белбеуден ұстап күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары аралығы
екенін ескерсек , белбеу-айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан,
күмістен, басқа да бағалы сыйлықтар тарту-таралғвылар беріп отырған.
Жылдар жылжып өтіп, ғасырлар артта қалса да содан бері қазақтың ұлттық
спорты –күрес және басқа да ұлттық ойындары ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, халықпен бірге жасасып, дамып келеді .
1.2. Ойын элементтерін қазіргі сабаққа қолдану негіздері
Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі жас буын. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
"Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек", - деп жазады Ж.Аймауытов.
Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын , ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақта ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Оқытушы сабағын баланың қабілет - қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- Ойын сауық;
- Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);
- Коррекциялық (өзін - өзі түзету);
- Әлеметтендіру.
II. САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҮЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ РӨЛІ
ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.
Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
В.А.Сухомлинский сөзiмен айтқанда: “Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе iспеттi, ол арқылы баланың рухани сезiмi жасампаз өмipмен ұштасып, өзiн қоршаған дүние туралы түciнiк алады.
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Міне, ойын дегеніміз – тынысын кең алысқа меізейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойындары. Ата – бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.
Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.
Әтеш – шақырады
Есек – бақырады
Күзен – шақылдайды
Бақа-бақылдайды
Шыбын – ызылдайды
Шіркей ызындайды
Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:
ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;
ойынның басталуы мен ойналу барысы;
ойынның аяқталуы.
Дене тәрбиесі оқу қызметі мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
– көңілді болып жақсы демалады;
– денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
– ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
– ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметтерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
– қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
– жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :
балалардың денсаулығын нығайту;
денені шынықтыру;
мәдениетін қалыптастыру;
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
Оқу қызмеінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру оқу қызметтерінді қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады.
Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай – қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді