Файл: Сабата олданылатын лтты ойындарды рлі таырыбына Курсты жмыс Орындаан Бекетова Э.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 84
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.1. Баланың ақыл-ойын дамытуда ұлттық ойындардың
алатын орны
Балдырған отбасы тәрбиесі арқылы және өзін қоршаған ортамен тығыз
араласа отырып, ана тілін үйренеді . Ал адамға ана тілінен ардақты не бар .
Ол туралы әйгілі педагог К.Д. Ушинский былай деп өте тамаша жазған:.
…Ана тілі — ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің қазынасы:
одан барлық түсінік басталып, сол арқылы өтіп және соған оралып отырады .
Ана тілі — идеялар мен білімдерді ұгынудың және оны таратудың бірден-
бір құралы. Егер оқушы бұл құралды нашар меңгерсе, онда оның оқуына да
үлкен қиыншылық туатыны сөзсіз».
«Бала сөзбен де ойнайды . Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік
қасиеттерін үйренеді, тілдің саздылығын ұғынады» деген А.М.Горький бейнелі
сөзіне өз тәжірибемізде көзіміз жетті.
Ана тілі сабақтарын дәйекті жүргізу үшін, мұғалім біріншіі күннен
бастап оқушылардың мінез-құлқын бақылай отырып, оларды ерекшеліктеріне
қарай топ-топқа бөледі .
Оқушылардың бірінші күннен бастап оқу құралдарын қалай пайдалану керектігін
еркін меңгеріп әкетуі оңай емес. Сондықтан бірінші сынып мұғалімі ең
алдымен қимылдары өте баяу оқушылармен біраз жұмыс жүргізіп, олардың
қаламсапты дұрыс ұстауына баса көңіл бөледі. Баланың саусақтары емін-еркін
қимылдау үшін оларға жаттығулар жасатып бірнеше ойын ойнату керек. Бұл
ойындарды алдын-ала белгіленген тәртіппен жүргізіп отырады. Балаларды жіті
қимылдату мақсатымен халық ойыны «Қуыр-қуыр қуырмашты» ойнату пайдалы
болады. Сондықтан мұғалім алдымен ойынның тәртібін балаларға түсіндіреді
де, ойынды өзі бастап, ойнау тәртібін көрсетеді. Ойынды не үшін жүргізгелі
тұрғаны мұғалім үшін белгілі. Ойынға екі оқушыдан кезектесіп қатынасады .
Бір оқушы қолының бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны
бүркемелеп, қапсыра ұстайды. Одан кейін жанында тұрған екінші оқушыға
ортаңғы саусағымды тапшы дейді. Егер ол сол саусағын дәл тапса, ұпайды
бірінші оқушы, таба алмаса — өзі алады. Бірақ, ұтқан ойнаушы ұпай алу үшін
мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі шарт :
І.Бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын
түгел айтып береді .
2.Бұдан кейін бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек,
кішкене бөбек, — деп саусақтарға түгелдей ат қойып шығады. Сөйтіп, бес
саусақты түгел жұмады. Тағы да бас бармақтан бастап, былай деп, бес
саусақты түгел ашып, санап шығады .
Сен тұр, қойыңа бар,
Сен тұр,сиырыңа бар.
Сен тұр, түйеңе бар,
Сен тұр,жылқыңа бар.
Енді шынашақты алақанның шұңқырына бүгіп, тұқырта ұстайды да
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Әжең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас.
Ұры, бөрі сұғанақ,
Мұның бәрі малға қас — деп ұпай таратушының алақанын
қытықтайды. Ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. Ойын бірнеше рет
қайталанып ойналады. Бұл әдіс жазу құралдарын меңгере алмаған не оны
меңгеру қиынға соғатын, ұяң, баяу қимылды балалардың санына қарай
қолданылады. Бұл ойын алдымен шабан қимылдайтын балалардың қимылын
тездетуге септігін тигізеді; екіншіден, тілін жаттықтырады; үшіншіден, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі; төртіншіден, ұяң, тез үйірлесуге шорқақ, жасқаншақ балалар ойын үстінде мұндай әдеттерін ұмытып кетеді; бесіншіден, оларды топтасып жұмыс істеуге дағдыландырады; алтыншыдан, балалардың жүйке жүйелерін шыңдап, мінез — құлқын қалыптастырады.
Суреттер арқылы жұмбақтар шешкізу, балалардың сабаққа қызығуын, ынтасын
арттыра түседі. Олардың қимылын дамытып, сабаққа белсенді араластыруға
мүмкіндік береді. Жұмбақ шешу ойыны балалардың өздігінен ойлануына
мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.
Осының негізінде мұғалім бірте — бірте оқушыларды күрделі іске тартады.
Сабақ күрделене түскен сайын оқушылардың ойы өсіп жетіледі. Осыған орай
ойынның түрлері де күрделеніп, өзгере береді. Ойын әрбір пән бойынша
ұйымдастырылады. Бастауыш сыныптарда ойын сабақтарын пән бойынша
ұйымдастыру мұғалім үшін де, оқушылар үшін де тиімді. Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығына бірдей тілі келе бермейді. Осындай жағдайда бала жолдастарының көзінше ол әріптерді дауыстап айтуға жасқаншақтай беретіні сөзсіз. Мұғалім баланың осы кемшілігін дер кезінде біліп, оны уақытылы түзеу бағытында шара қолдануы тиіс. Бұл жауапты кезеңде бала мен мұғалімге нағыз көмекші халық ойыны болып табылады. Тілі кейбір дыбыстарға еркін келе бермейтін балалар үшін алдымен сол дыбысты жеке- жеке айтқызып, артынан хормен қайталанады. Тілі еркін келмейтін балалар да көпке елігіп, дұрыс айтып кетеді. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Бастауыш мектептің бірінші сыныбына келген баланың «Р»,»Л»,»С»,»Т»,т.б. дыбыстарға тілдері еркін келе бермейді. Сондықтан, осындай оқушылар үшін жаңылтпаштарды пайдалану орынды. Мысалы:
«Құдық қазып аршыдым,
Топырағын жаншыдым,
Аршыдым да балшығын,
Шаншыдым да талшығын,
Аршыдым да малшыдым».
Мұғалім осыны оқушыға өзімен бірге ілестіре тұрып айтқызады. Сонда «Р» дыбысына баса көңіл бөлгізеді. Бұдан әрі жаңылтпашты күрделендіре түсуге болады.
«Ей, Тайқарбай,
Малыңды кең өріске жай Тайқарбай.
Біздің елде Тайқайбайлар толып жатыр,
Сенің айтып жүргенің қай Тарқайбай ?»
Алдымен мұғалім өзі айтып тұрады да балалар ілесіп отырады. Кейін сөздерін
жаттап алған соң, жылдам айтқызу арқылы мұғалім өзінің көздеген мақсатына
жетеді. «Т» дыбысына тілі келмейтін балалар үшін де осы жаңылтпашты
айтқызуға болады . Сондай-ақ «Төсек үстінде төрт бөрік, төртеуі де көк бөрік, көк бөріктер — көп бөрік», т.б. жаңылпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп ширақ айтуға пайдасы айта қаларлықтай .
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары
сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар өтіп отырған
сабақ мазмұнына баса көңіл аударып, тез қабылдап, ұғып алады .
Ойын элементтерін бірінші сыныпта «Буын» тақырыбында пайдаланған
орынды. Бұл тақырыпты өткенге дейін оқушы «Әліппені» тәмәмдап, Қазақ тілі
пәнінің едәуір бөлігін меңгереді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың
жуан және жіңішке болып бөлінетінін біледі, сондай-ақ дауысты дыбыс бар
сөздерге көңіл бөліп, олардың сөздегі орыны мен маңызын ұғып алады. Ауызша
және жазбаша жаттығу жұмыстары, суреттер арқылы әңгіме жүргізіледі . Ендігі
жерде мұғалім оқушылардың осы білім қорына сүйеніп, ойын элементтерін
қолданған бұрынғы тәжірибесін жалғастыра алады. Сөздің бір буынды болып та,
екі, үш, т.с.с. көп буынды болып келетініне көз жеткізу үшін түрлі жарыс ойындарын, жаттығулар ( «Өз атыңды буынға бөле білесің бе ? Сынып т ағы
заттардың атын ата», т.б. ойын түрлерін) өткізуге болады .
Мұғалім алдына қойған мақсатына жету үшін сабақтан-сабаққа ойын
түрлерін күрделендіріп отырады. Осы ретте «Ойлан тап» ойынын жүргізу тиімді. Мұғалім кенет ойланған қалып көрсетеді, балалар шыдамсыздана күтеді. Оның ойлап тұрған сөзі «алма»деген сөз болсын дейік. Мұғалім : -Ал, — деп бірінші буынын атайды. Балалар әр түрлі «ал» буынынан басталатын бірнеше сөздерді айтады: ала, алақай, алтын, алақан, алмас, алма. Ойланған сөзін тапқаннан кейін мұғалім : — Жанар ойлап тапты,… балалар сендер де дұрыс айттыңдар,- деп
көтермелеп қояды . Ендігі жерде сабақтың ережесін нашарлау түсінген
оқушылардың бірін балалардың алдына шығарып, жаңағыдай бір сөзді ойлатады. Бала ширығып, ашына түседі. Аз ойланып, өзі ойлаған бір сөздің басқы буынын айтады. Балалардың ынтасы арта түседі. Олар жаппай қол көтереді. Атаған буынға сөздердің бірінен кейін бірін айта береді. Балалар сергіп, сабаққа ынталана түседі, ойлары дамиды. Осы тәсілмен ойынды жалғай түсуге болады .
Мұғалім сыныптағы балаларды үш топқа бөліп, оларға басқы буындары
бірдей сөздерден тұратын тор көз кестені толтыруды тапсырады. Алдымен кесте
сызылып, оның әрбір жолын толтыруға әр топтан балалардың өздерінің ұйғарымымен кезектесіп, бір-бір оқушыдан шығарылады .
Ас Бал Қар
Ас + ан Ба + ла Қа + ра
Ас+ та+ на Ба+ ла+ пан Қа+ ра + ла
Ас+ та+ на+ да Ба+ ла+ пан+ дар Қар+ лы+ ғаш+ тар
Өз кестесін қай топ бұрын толтырып шықса, сол топ жеңген болып
есептеледі. Бұл балалардың білуге деген құштарлығын, шығармашылық,
жаңашылдық қабілетін шыңдай түседі. Бұл ойынды әлденеше қайталап, сыныптағы балалардың бәрін қамтуға болады.
Бұдан кейін кестедегі көз санына қарай буын саны бар сөздер тауып
жаз деген эстафета ойынын өткізуге болады. Әр топтағы балалар өзара жарысқа
түседі. Қай кесте бұрын толтырылса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл ойын
жүргізіліп болған соң, оқушылардың бір буынды сөзде қанша дауысты дыбыстың
бар екенін санай отырып, өр көзде және қатарда неше дауысты дыбыс бар
екенін айтқызу керек. Бұдан шығатын қорытынды: а ойын үстінде оқушылардың
ойлау қабілеті артады, ә ізденушілігі өсіп дамиды; б ол тақырыпты жақсы
меңгеруге көмегін тигізеді; в оқушылар өздері ойланып тапқан сөздерін әр
кез есте сақтайды; гкез келген уақытта буын түріне мысал келтіре алады; д
ана тілінің байлығын меңгеруге деген санасын оятады; е мысал арқылы
қорытынды жасай отырып, өз бетімен ереже шығара алады . « Қайда менің өз орыным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздер беріліп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай, әр қайсысын өз орнына қою тапсырылады . Мысалы,
Саулығы ақ Ақанның
Шиырып тұмсығын көкке
Той қуанып оған қыпты
Тауыпты қозы егіз.
Бұл ойында, әсіресе, ер балалар белсенділік көрсетіп, сөздерді тез-тез
орнына қояды . «Әріптерді жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті жаңылмай орнына қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі керек. Сәл мүдірсе болды, оқушы ойын тәртібін бұзған болып, одан шығып қалады. Сондықтан ойын тәртібін бұзбау