Файл: Сабата олданылатын лтты ойындарды рлі таырыбына Курсты жмыс Орындаан Бекетова Э.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 88

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

үшін алфавитті жақсы білу талап етіледі . Бұл ойынды балалар сабақтан шаршағанда, тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі
дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кездерде пайдалануға болады. Төменгі
сынып оқушылары еліктегіш келеді, жаңаны жандары сүйеді. Сондықтан да
мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып, ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі .
Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін үстап, олардың білуге
деген белсенділігі артатыны байқалды. Ойын үстінде бала өзін-өзі үмытып,
сыныптағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек
етуге қүштар болатындығы байқалды. Осы тәжірибелердің негізінде біз ойын
элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадық. Ол үшін
бақылаушы және эксперименттік топтар үйымдастырып, солар арқылы
күнбе-күнгі төжірибе жүмыстарын кеңінен жүргізе беру керек. Бұл жүмыстар
шәкірттер сыныптан сыныпқа көшкен сайын, жылма-жыл сабақтастырыла
жүргізіледі . Мұның өзіндік пайдасын көріп, бұл әдісті жоғары сыныптарда да
жалғастыруға болады .
Сабақтың барысында халық ойындарының элементтерін қосымша материал
ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғарғы
сыныптарда да пайдасы мол. Мұның өзі көп жылғы тәжірибе жұмыстарында
сыналып, мектеп мұғалімдерінің күнбе-күнгі жұмыстарынан орын алып келеді .
Бастауыш сыныптардағыдай емес, мектептің 4-6 сынып оқушылары ойынды
бастамай тұрып-ақ, оны осы сабаққа не себепті қолданғалы отырғанымызды
білуі қажет. Сабақтың мазмұнына сай ойын элементтерін қолдануға балалар
іштей әзірленеді, бұл олардың мінез-құлқына әсер етіп, толғантады .
Мектепте жұмыс істеп жүрген алдыңғы қатарлы мұғалімдердің күнбе-күнгі іс
тәжірибелері осыны толық дәлелдейді .
Сан есімді өткен кезде, сан есіммен байланысты халқымыздың дәстүрлі
айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізуге болады . Бір оқушы сан ойлап
айтады да, екінші оқушы оның айтқан сан есіміне ұқсайтын күлкілі сөз тауып,
жауап қайтарады. Ойынға бүкіл сынып қатынасады. Бірінші оқушы «Бір»
дегенде; екінші оқушы: «Сыныпқа тез кір» дейді. Ойынды оқушылар жалғастыра
түседі .
* Екі.
* Серікпен күресуге бекі.
* Үш.
* Менімен жарысқа түс.
* Төрт.
* Ол жанып тұрған өрт.
* Бес.
* Алмас жалқауға өш.
* Алты.
— Жақсы оқу — оқушының салты.

* Жеті.
* Сегіз.
* Қойларымыз семіз.
* Тоғыз.
* Мынау сиқырлы қара қобыз.
* Он.
* Бүгін біздікіне қон.
* Он бір.
* Біздің жолымыз бір
* Он екі.
— Жеңіс туы біздікі, т.б.
Ойынды өткізуде мұғалімнің мақсаты — оқушыларды еркін сөйлей білуге,
айтайын деген ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, тіл
байлығын арттыра түсуге жету. Ойын үстінде бала өзін батыл ұстап, айтайын
деген ойын еркін жеткізуге тырысады. Ойын сыныптағы оқушылардың көбін
қамтитындықтан, әр оқушы өзінің ойлау қабілетін шыңдай түседі. Ол еркін әрі
тез ойлауға жаттықтыратындықтан, әркім өзінше ойлап, айтуға мүмкіндік
алады. Сөйтіп, бұл ойын балаларды бір-біріне жақындастырады, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, топтастыра түседі .
Сан есім тақырыбына жүргізілген сабақ жоспары қосымша 1-де келтірілді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Кім жылдам ?» ойынын
ұйымдастыруға болады . Ол үшін шеңбер сызылады да, ол тең бөліктерге
бөлініп, әрбір бөлікке бір-бірден әріп жазылады. Кейде шеңберді бірнеше
қабат етіп, сыныптағы балалардың санына лайықтап сызуға болады. Айталық,
сыныпта үш команда болса, шеңберді үшеу етіп сызып, әр шеңбердің ішіне бір
— бірден мақал жазылады. Осы шеңбердің ішіндегі мақалды қай топтың
оқушылары бұрын оқыса, солар жеңген болып табылады. Мақалды дұрыс тауып оқу үшін оны сағат тілінің бағытымен екі әріптен қалдыра отырып оқу керек. Қай
әріптен бастап оқылатыны айтылмайды . Ойынның ережесі бойынша әр сөйлем бас әріптен басталып жазылатыны оқушыларға айтылмайды . Себебі, оны әр оқушы білуі тиіс. Бұл ойын оқушылардың ұшқыр ойлауына, тапқырлықтарын ұштай түсуіне негіз қалайды.

4 — сыныптағы оқушылардың түсінігіне ауырлау «Тұрақты сөз тіркестері» деген тақырыпты алайық . Бұл тақырыпты сынып оқушыларының бәрі бірдей бірден қабылдай алмайды. Бұл тақырыпты мұғалім екі бөліп өткізуді белгіледі. Бірінші сағатта көрнекті құралдарға сүйене отырып, еркін және тұрақты сөз тіркесін жеке-жеке түсіндіреді. Келесі сағатта оқушылардың тұрақты сөз тіркесі туралы үғымын қалыптастырып, сөздік қорын жетілдіру үшін сабақтың барысында «Жауап бер» атты ойынды пайдаланады. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөледі де, ойынның шартымен таныстырады. Бұдан соң тақтаға оқушыларға бұрын таныс емес бірнеше сөз тіркестерін жазып қояды . Балалардың ынталары сабаққа ауып, сұрақты асығакүтеді.
Мұғалім :
— Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі сөйлеседі.
Әдеппен сөйлесуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай ?


Оқушы :
— Ондай баланың сөзі түйеден түскендей, — деп жауап береді.
— Оқуға да, жүмысқа да бос, болбыр болса, ондай баланы кім
дейміз ?
— Бос белбеу, — дейміз деп жауап береді оқушы.
Мұғалім енді сүрақты жеңілдетіп қойып, сыныптағы орташа оқитын балаларды қамтуға тырысады.
-Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжың
балалар болады. Ондайларды кім дейміз ?
Бұл сұраққа сабаққа қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз деп
есептелетін оқушылар қол көтереді .
* Шыбық тимей шыңқ етер, — дейміз деп жауап береді оқушы.
* Көрінгеннен қорқатын баланы кім дейміз ?
* Сужүрек дейміз, — деп жауап береді оқушы .
Мұғалім балалардың осы түсініктері мен әсерлерін қолдай отырып, оларға
жаттығулар жазғызады. Бұдан ойын арқылы оқушылардың тұрақты сөз тіркестерін жеңіл игеріп, ұққандықтарын байқайды .
«Е т і с т і к» тақырыбын өткенде, » Жануарлар қалай үндейді ? » атты
халық ойынын қолдану пайдалы. Ойын екі баланың сөйлесуі арқылы жүргізіледі.
Тақырыпты бастаған кезден-ақ балаларға жануарлардың қандай үн
шығаратындығын білуді, оны естеріне сақтауды тапсырған жөн. Ойын тақырыпты
қорытындылау кезінде жүргізіледі. Мұның өзі етістікті саналы түсінуге
пайдасын тигізетідігін біз тәжірибеде байқаймыз. «Жануарлар қалай үндейді?»
деген халық ойынын мектеп мұғалімдері өз сабақтарында өте орынды
пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, сапалы білім беруге
жетіп жүр.
Алдымен мұғалім оқушылардың жылқы малының қандай дыбыс шығаратынын
сұрайды. Балалар қолдарын көтереді. Солардың ішінен бірі жауап береді.
Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады. Ендігі жерде мұғалім сол жауап
берген оқушының жауабын қолдап, оған басқа оқушыларға сұрақ қойғызады.
Мұғалім сиыр қандай дыбыс шығаратынын сұрайды .
Оқушы : — Сиыр мөңірейді, өкіреді, — деп жауап береді . Егер оқушы
дұрыс жауап берсе, келесі сұрақты сол жауапты дұрыс берген оқушы қояды.
Егер жауап дұрыс болмаса, онда сұрақ қойған бала өзі түзетеді де сұрақты
өзі жалғайды. Егер оның жауабы дұрыс болмаса, сыныптағы басқа оқушылар
жалғай түседі. Ойынның қорытындысында қай оқушы жануарлардың шығаратын
үндерін көп біліп, дұрыс айтса, сол жеңіске жетеді .
Ойынның аяғында мұғалім оқушыларды тақтаға шығарып, жануарлардың
атымен, олардың қалай дыбыстайтындарын тақтаға жазғызып, сөз таптарына
талдатады. Оқушыларға бұндай ойын ерекше әсер етіп, олардың
сабақты терең түсінуіне мүмкіндік жасайды. Келесі сабаққа жануарлардың
қандай дыбыс шығаратынын жаттығу дәптерлеріне жазып және оны сөз таптарына айырып келулерін тапсырады. Мұндай тапсырманы оқушылар орындауға өте ынталы кіріседі . Сабақ бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде, тақырыпты меңгеруге келгенде өте пайдалы екендігіне көз жеткізеді. Бұл ойынды «Зат есім» тақырыбын өткенде де пайдалануға болады .

«Үстеу» тақырыбын өткенде «Ойлап тауып, орнына қойыңдар» ойынын
ойнатуға болады. Бұл ойын халықтың «Балтам тап» ойынының ізімен
жүргізіледі. «Балтам тап» ойынында ойын бастаушы жанындағы көршісін нұқыса,
мұнда оның орнына сұрақ қойылады. Егер ол қойылған сұраққа дұрыс жауап
қайтарса, сұрақ қойған оқушыға қарсы сұрақ береді. Сөйтіп, сыныптағы
балалардың бәрі қамтылатын ойын барысында оқушылар үстеу туралы алған
мағлұматтарын кеңейтіп, сабақты тыңғылықты меңгеруге мүмкіншілік алады.
Мысалы, Қай уақытта ? тұрған жігіттің ырысы артық ? қай уақытта ?
тұрған әйелдің бір ісі артық ? Қалай ?жүрсең шаң жұқпас? Қатты жауған күн
қалай? ашылады ? Халық ойындарын «Шылау», «Одағай», т.б. тақырыптарда да кеңінен қолдануға болады .

Халық ойынын қазақ тілі сабақтарында пайдалану оқушылардың еркін
сөйлеуін, тіл байлығын, сөздің дәл мағнасын бағдарлай білу қасиеттерін
жетілдіреді .
Қорыта айтқанда, халық ойындарының элементтері араласқан сабақ
оқушыларға өсерлі болып, олардың білуге деген құмарлығын арттырады,
түсініктерін тереңдетеді .


2.2.Оқу үрдісінде ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі


Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде жиі пайдаланылатын:
• ойын – сабақ
• ойын - жаттығу,
• сергіту ойындары,
• дидактикалық мақсаттағы ойындар
• сөздік ойындар
• логикалык ойын есептер, ұлттық ойындар.
Мұндай ойындар жан - жақты дамытып, білімді толық игеруге көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қоладынылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңызы балалардың ынта - ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптьастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
А) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
Ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
Б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
В) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жеткізу;
Г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Ұлы Абайдың: «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.Бала-бақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалык үрдісті жетілдіру ойынның алар жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегіге үқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық - оңай жолмен, қажеттілер - қызық жолмен беріледі.