Файл: Сабата олданылатын лтты ойындарды рлі таырыбына Курсты жмыс Орындаан Бекетова Э.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 86
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен
әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3.Ойын - болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді...?», «Мен не
істерп едім, егер...?» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына
проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық
астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының
дамуына әсер етеді.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Халық ойындарын оқу үрдісінде пайдалану оқушының алған білімін
күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды.
Мысалы: Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.
Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын боса, онда мұғалімнің мақсаты —
оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып, ерік жігерін
дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді
жинақтау мақсатында пайдаланылады .
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға
болады. Ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта
түседі, оқушылардың бойындағы білуге деген талпыныс пен құмарлықты оятады,
балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі, өмір тәжірибелерін
молықтырады . Ұлттық ойынның бұл қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні
зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы — халық
ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді .
Солардың бір парасы логикалық ойлау мен математикалық сызбаларға
негізделсе, енді бір тобы тез ойлап, жедел шешуді талап ететін ауызша
есептер, сондай-ақ философиялық ой түйіндерін жасауға арналған
ойындар болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз
маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді пайдалана білсе, жастардың ой-
өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз .
Мектепке келмей тұрып-ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала
бастайды. Бірақ оны саналы түсінбейді . Осы құбылысты сезген халық —
жастарға сан ұғымы туралы мағлұмат берудің алуан жолдарын ойлап тауып,
олардың ақыл ойын арқылы өте шеберлікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын
есептер арқылы, ауыз-екі әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал-мәтелдер
арқылы да жеткізген. Сан ұғымын заттық негізде, сол заттың бейнелі суреті
арқылы беру — бала зердесінде өшпес із қалдырып, санасынан мықтап орын
тебері сөзсіз . «Аз», «Көп » деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату
оңай нәрсе емес . Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтірмейді. Халық ойындары арқылы сандардың жиынтық ұғымын да оңай түсіндіруге болады . Осының бәрін қазақ халқының бір ғана ойынының бойынан табуға болады десек, артық емес . Мысал ретінде он бірге дейін санайтын санамақ ойынын алайық . Осы ғасырдың 30-40 жылдарында бұл ойын баланы мектепке әзірлеу құралы ретінде есептелетін. Бүгінде ол өзінің әуелгі маңызынан айырылып отыр . Бұл оның күні өтіп, тәрбие құралы болудан қалдырғанын емес, керісінше ұмыт болғандығынан, елеусіз қалғандығынан .
Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда (яғни алғашқы
ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатында санаумен қатар тіл
жаттықтыруға арналған «Куыр — қуырмаш » ойынын естеріне салып,
қайталатып отыруы жөн. Бірінші сыныпта алғашқы ондықты үйреткен кезде «Сен
кір, сен шық » ойынын ойнатуға тиімді . Бұл сандарды тез айтуға жаттықтырады. Бұл ойындар мектепке дейінгі отбасы тәрбиесінде де қолданылады. Бұл ойындардың тиімділігі қарапайымдылығы мен санның заттық ұғымға негізделген ерекшеліктерінде . Сондықтан да ол балалардың санасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады . Ойын қолданған сабақ табысты болу үшін, мұғалім бірінші күннен бастап сынып оқушыларын зерттейді. Ата- анасымен бірлесе отырып, оларды мінез- құлқына қарай бірнеше топқа бөледі. Мысалы, біз бірінші сынып оқушыларын үш топқа бөлеміз. Бірінші топқа жақсы үлгеретін, екінші топқа орташа үлгеретін, ал үшінші топқа нашар үлгіретін оқушылар енеді. Мақсат: осы оқушылардың арасындағы айырмашылықтарды мүмкіндігінше жойып, олардың қалыпты үлгірулерін, бағдарламалық материалдарды саналықпен игерулерін қамтамасыз ету. Біздің байқауымызша, ойын араласқан сабақта орташа оқитын оқушылар мен нашар үлгіретін оқушылар белсенді қатынасып, жақсы нәтижеге ие болады . Олай болса, бастауыш сыныптарда математика сабағын заттық негізде, деректі ұғымдар арқылы оқытудың пайдасы жоғары .
«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып — үйрену кезеңінде математиканың
бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкіншілік береді де, келесі ондыққа
көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе, ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін
санның рет қатарынан жаңылғанда қолданған жөн .
Мысалы, бір дегенім білеу жеті дегенім желке
екі дегенім егеу сегіз дегенім серке
үш дегенім үскі тоғыз дегенім торқа
төрт дегенім төсек он дегенім оймақ
бес дегенім бесік он бір қара жұмбақ.
алты дегенім асық
Бұл ойынның оқушыға әсерлілігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға женілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі, т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті. Бастауыш сыныптың математика сабағында алғашқы ондықты өткенде Мұзафар Әлімбаевтың «Балдаурен, шіркін балалық » кітабынан «Он саусақ», «Санамақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы ана тілі, математика сабақтарында оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады . Алғашқы ондықты өткенде ‘ Куалап соқ » ойынын ойнатқан жөн. Бұл оқушыларды шапшаң ойлауға дағдыландырады. Алғашқы ондық көлемінде есептер шығарып, амалдар қолданған кезде мұғалім балалармен көп жұмыс істеп, сандарды үйретумен бірге оқушыларды өзбетімен есеп құрауға жаттықтырады. Мұғалім математика сабағында бірінші сыныптан бастап ойын элементтерін сабаққа ретті қолдана отырып, балаларға математикалық терминдерді оңай игертеді . Оқушылар «Екі амал» ойыны үстінде қосынды мен айырманы табуға жаттығады .
Мысалы,
5+4-3=6.
Қосынды мен айырманы табуға «Басқыш «ойынын қолданады . «Басқыш»
алғашында екеу болады да, кейін көбейеді. Әр басқышқа бірнеше есептен
беріледі. Соларды есептеп «басқышқа» кім бұрын шықса, сол жеңген болады.
Бұнда қалыс қалатындар болмайды, бүкіл сынып болып қызу еңбекке кіріседі .
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында, әрбір сабақты үрлендіріп өткізу орынды . Сол тәсілдердің бірі «Жеті алма » жұмбақ өлеңі арқылы есеп шығарту.
Табақта бес алма.
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығын.
Болады жеті алма.
Бір алма апама.
Бір алма атама.
Екі алма беремін
Тәтеме-Сапаға
Нешеуін алады ?
Нешеуі қалады ?
Барлығы жеті алма. Оның төртеуі берілді. Нешеуі қалғаны белгісіз.
Сондықтан бұл есепті белгісіз санды табу тәсілімен шығару керектігі
түсіндіріліп, есепке өрнек құрылады.
X + 4 = 7 Х=3 жауабы : 3 алма.
X = 7 — 4
Сыныбы мен жас мөлшеріне лайық оқушылардың әрқайсысына өзінше тәсіл
қолдануға тура келеді. Жас мөлшері неғұрлым кіші болған сайын, балалардың
алдына қойылатын мақсатта солғұрлым қарапайым, орындауға жеңіл, нақты әрі
әсерлі болуға тиіс. Арифметиканың төрт амалын әлі жетік білмейтін 8 — 9
жастағы балалармен жарыс ойындарын ұйымдастыра отырып » Салмақ
өлшеуіштері» тақырыбын өткенде , ескі- құсқы жинатқызу пайдалы. Оны тәрбие
жұмысымен ұштастыру өз нәтижесін береді . Мұндай сабақтың үстінде оқушы өз
ісінің нәтижесін қолма-қол көзбе-көз көріп қорытынды жасайды. Сондай-ақ,
ұсақ және ірі салмақ өлшеуіштерін тәжірибе жүзінде танып біледі. Ойын
элементтері араласқан сабақ оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларымен өтілетін математика сабақтарында ұлттық
ойындарды үнемі пайдалана отырып, олардың ауызша есепке жаттығуына,
логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншіліктер бар. Олардың
қатарында халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға
болады . Солардың ішінде » Сен тур, сен шық ойынын бірінші сыныпта жиырма
көлеміндегі сандарды санап үйрену кезеңінен бастап бастауыш сыныптың
математика курсын бітіргенге дейін пайдалануға болады . « Неше емшек, неше
өркеш ?», «Қай қолымда ?» , «Өзімде құр қалмадым», «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық», «Ғалымбек қандай әдіс жасады ?», «Үш аманат», «Мұғалім келді», «Торғай мен бұтақ», «Төрт жиырма»,» Әке өсиеті», «Мектеп ауласында неше торғай отыр», «Неше қаз ұшып келді», «Мың қойда неше бақайшақ бар», т.б. ойындарды тек бастауыш сыныптарда ғана емес, 4 — 6 сыныптарда да қолдануға болады . Ұлттық ойындардың атын өзгертіп, күрделендіріп, не оқушылардың
ұғымына лайықтап, жеңілдетіп те пайдалануға болады . Бірінші сыныпта жүздікті өткенде, 2 — 3 сыныптарда сабақты қайталау кезінде, өткенді пысықтау барысында «Жүз қаз» есебін пайдалану орынды . Мұны төменгі сынып оқушыларының ұғымына жеңіл болу үшін «Мектеп ауласында неше торғай отыр»
деп те алуымызға болады. Бұл оқушыларды елең еткізбей қоймайды. Себебі, бұл
олардың түсініктеріне жақын ұғым . Өйткені, торғайды өздері күнде көріп
жүр. Ал, сол күнде көріп жүрген ортаның өзінен есеп шығару оларға өте
әсерлі болып, білуге деген құмарлығы арта түседі. Мұғалім жұмбақ ойынның
мазмұнын қысқаша айтып, есепті шығартуға кіріседі. » Мектеп ауласында бір
топ торғай отыр еді, басқа жақтан ұшып келген бір торғай оны жуз торғай деп
ойлап қалады, сөйтсе, ол жүз емес екен, оларға тағы сондай, тағы оның жартысындай және сол жартының жартысы мен өзін қосқанда ғана жүз болады
екен». Сонда мектептің ауласында отырған торғайдың нешеу болғаны — белгісіз
болып шығады. Сол белгісіз торғайлардың санын табу керек. Балалар сыныптағы
отырған орындарына байланысты топтарға бөлініп, қай топ бұрын шығарса, сол
топ жеңіп шыққан болып есептеледі. Есеп ауызша шығарылады да, қай бұрын
шығарған топтың бір оқушысы оны тақтаға жазады . Сонда былай болып шығады:
36 + 36 = 72 90 + 9 = 99
72 + 18 = 90 99 + 1 = 100
Бұл балалардың ақыл- ойын дамытып, логикалық ойлау жүйелерін шыңдай түседі, сабаққа деген ынтасын арттырады . Ал, 4 сынып оқушылары үшін бұл есеп
күрделендіріп алынады . «Өзім де құр қалдым» ойыны сабақ ортасында баланың
сабаққа ынтасын артыру, әрі тез ойлап табу қабілетін жетілдіру үшін, әрі сабақтың сапасын көтеру үшін қолданылады . Жексенбі күні еді . Атасының
үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетпейді. Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табаққа салып әкелген алмасы неше болғаны ? Оқушылар есепті шешуге қызу кіріседі. Көп кешікпей жауабы да табылады .3 бала, 4алма .
- Үш алманы үш немересі алады да, біреуін атасына береді, - деді Қанат деген оқушы . Есепте санның өзгеріп өсуі мүмкін, дегенмен оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре түсу мүмкіндігі сөзсіз екені байқалады . «Сөз мәнісін байқайық» деген ойын ессепті алсақ, мысалы, «бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр . Осы үйде неше адам отыр?» Үш адам отыр, деп жауап береді орташа оқитын Мұрат. Барлық оқушылар да белсенді қол көтереді. Ойынды сабақтың аяғында пайдаланған орынды. Ойынды математика сабағында қолдану мүмкіншілігі өте мол . Оны қолдану ретіне қарай түрлендіріп отыруға болады .