Файл: Сабата олданылатын лтты ойындарды рлі таырыбына Курсты жмыс Орындаан Бекетова Э.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 85

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мысалы, «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», «Математикалық жорықтар», Математикалық пойыз » «Математикалық кедергілер», «Математикалық жылжымалы ойындар», » Математикалық кросс» т . б .Математикалық жарыс — екі команданың немесе сынып оқушыларының бір
— бірімен өзара жарысы түрінде өтеді. Ол ойынға қатынасушылардан
тапқырлықты, жылдамдықты талап етеді. « Математикалық тосқауыл » «Математикалық от » » Математикалық турнир», » Математикалық салмақ «, т.б. ойындардың бәрі де бір-бірімен іштей қабысып, математикалық ілімнің негіздерін оқушының санасына жеткізуде үлкен маңыз атқарады. Солардың ішінде «Математикалық салмақ» ойының өзі ішінара бірнеше тақырыпқа бөлінеді . Мысалы, » Әлемдегі жануарлар мен құстар «,» Әлемдегі техника » «Арифметика есептері мен мысалдары «Арифметика жұмбақтары «, т.б. Бұл ойындарды сабақтың барысында ретті пайдаланудың нөтижесінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасы артып, ойлау жүйелері дамып, қалыптасады . Халық ойындарын 4,5,6 —сыныптардың математика сабақтарында жоғарыда көрсетілген жолмен не қайталау кезінде қолдануға болады. Математика сабағында ойналатын ойындардың тағы бірі «Кім жылдам?». Бұл ойын 5 — сыныпта «Үшбұрыштарды салу», 6 — сыныпта теңдеулер жүйесіне есептер шығару кезінде қолданылады. 5 — сыныпта сабақтың басында, 6 — сыныпта сабақтың соңында ойналады.

Қорытынды:

Ұлттық ойын-салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Ұлттық ойындар халқымыздың мәдени мұраларының бірі болып саналады.

Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы.

Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты- халықтың ұлттық ойындары болып табылады.
Ұлттық ойындарды қолдануың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету тақырыптың өзектілігін айқындай түседі. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ол Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ұлттық ойын-халық мұрасы.

2.Қазақтың ұлттық ойындары.Қазақтың айнасы газеті 2016 жыл,қаңтар

3.Ұлттық ойындардың маңызы

4.Егемен Қазақстан газеті 2018 жыл,шілде

5. Қазақтың салт-дәстүрлері Т.Әлижан «Балауса» ЖШС 2017 жыл

6. « Тал бесіктен жер бесікке дейін»А.Нүсіпжанұлы «Өнер» 7

7. «Алтын сандық» газеті 2017 жыл, наурыз

9.Шешендік өнердің әліппесі мұғалімдер мен оқушыларға арнлаған құрал

10.Интернет дерекккөздері WWW.google.kz