Файл: Адамны тіршілік рекетіні ауіпсіздігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 238

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сұрақ №16

V1

Апат (авария) - бұл:

0

ғимараттар мен жабдықтардың бұзылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

0

көліктің қирауына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

1

объектіде, белгілі бір аумақта немесе акваторияда адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін және ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтар мен көлік құралдарын қирауға, өндірістік немесе көлік процесін бұзуға, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

0

өндірістік процестің бұзылуына әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

0

адамдардың өліміне әкелетін қауіпті техногендік оқиға.


Сұрақ №17

V1

Жойқын апат (катастрофа) - бұл:

0

объектіде, белгілі бір аумақта немесе акваторияда адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін және ғимараттардың қирауына әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

0

өндірістік немесе көлік процесінің бұзылуына әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

0

бұл кенеттен, жылдам жүретін оқиға, өндірісте әртүрлі бұзылулары бар үлкен апат;

0

бұл кенеттен болатын, өндіріске материалдық зиян келтіретін үлкен апатты өтпелі оқиға;

1

кенеттен болатын, адам өліміне, адам денсаулығына зиян келтіруге, объектілерді және басқа да материалдық құндылықтарды едәуір мөлшерде қирататын немесе жоятын, сондай-ақ қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін жойқын өтпелі оқиғалы апат.


Сұрақ №18

V1

Табиғи-техногендік апат:

0

табиғи шығу тегі стихиялық оқиға, оның қарқындылығы, таралу ауқымы және ұзақтығы адамдардың өміріне, экономика мен табиғи ортаға теріс әсер етуі мүмкін;

0

болашақта тікелей қауіпке айналуы мүмкін аса қатерлі жағдайлардың жиынтығы болып табылатын қауіптілік нысаны;

0

конструктивтік, өндірістік, технологиялық немесе пайдалану себептері бойынша не кездейсоқ сыртқы әсерлерге байланысты болған және техникалық құрылғылардың немесе құрылыстардың зақымдануынан, істен шығуынан, бұзылуынан болатын техногендік сипаттағы төтенше оқиға;

1

технологиялық объектілердің қоршаған табиғи ортаның компоненттерімен қалыпты өзара әрекеттесуінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын, адамдардың өліміне, экономика объектілері мен қоршаған табиғи орта компоненттерінің бұзылуына және бүлінуіне әкелетін деструктивті процесс;

0

болашақта тікелей қауіпке айналуы мүмкін гипотетикалық қауіп тудыратын жағдайлардың жиынтығы болып табылатын қауіп-қатер формасы.



Сұрақ №19

V1

Табиғи апат – бұл...:

1

көптеген адам құрбандықтарын, елеулі материалдық залалды және басқа да ауыр зардаптарды тудыруы мүмкін апатты табиғи құбылыс (немесе процесс);

0

адам денсаулығына зиян келтіретін, объектілерді, материалдық құндылықтарды едәуір мөлшерде жоюға, сондай-ақ қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін үлкен апат;

0

құрлық, атмосфера, гидросфера және биосфера жай-күйінің өзгеруінен (антропогендік факторлардың әсерінен) туындаған және адамдардың денсаулығына, олардың рухани саласына, тіршілік ету ортасына, экономикаға немесе гендік қорға теріс әсер еткен аса ірі ауқымдағы төтенше оқиға;

0

конструктивтік, өндірістік, технологиялық немесе пайдалану себептері бойынша не кездейсоқ сыртқы әсерлерге байланысты болған және техникалық құрылғылардың немесе құрылыстардың зақымдануынан, істен шығуынан, бұзылуынан болатын техногендік сипаттағы төтенше оқиға;

0

адам өліміне, адам денсаулығына зиян келтіруге, объектілерді, материалдық құндылықтарды едәуір мөлшерде құртуғаға немесе жоюға, сондай-ақ қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіруге әкелетін үлкен апат.


Сұрақ №20

V1

Індет (эпидемия) - бұл:

1

қандай да бір елді мекенде, тұрғылықты жерлердегі адамдарда жұқпалы аурудың жаппай таралуы, әдеттегі сырқаттанушылық деңгейінен едәуір асып түседі;

0

жұқпалы аурудың белгілі бір аумақтағы флораның бір немесе көптеген түрлері арасында жаппай таралуы;

0

белгілі бір аумақта жануарлардың бір немесе көптеген түрлерінің арасында жұқпалы аурудың кең таралуы, әдетте осы аумақта тіркелетін ауру деңгейінен едәуір асады;

0

табиғи апаттар мен техногендік апаттардың туындауына тікелей қатер төндіретін табиғи және техногендік салалардағы қауіптің нысаны, сондай-ақ осы құбылыстарды ынталандыратын жағдайлардың болуы;

0

белгілі бір уақыт ішінде өсімдіктердің жұқпалы ауруының едәуір аумақта (шаруашылық, аудан, облыс) таралуы.



Сұрақ №21

V1

Эпифитотия - бұл:

0

адамның жұқпалы ауруының қандай да бір елді мекенде, елде жаппай таралуы, әдеттегі сырқаттанушылық деңгейінен едәуір асып түседі;

1

белгілі бір уақыт ішінде өсімдіктердің жұқпалы ауруының едәуір аумақта (шаруашылық, аудан, облыс) таралуы;

0

дүлей зілзалалар мен техногендік апаттардың тікелей қатерінің болуын білдіретін табиғи және техногендік салалардағы қауіптілік нысаны;

0

белгілі бір аумақта жануарлардың бір немесе көптеген түрлерінің арасында жұқпалы аурудың кең таралуы, әдетте осы аумақта тіркелетін ауру деңгейінен едәуір асады;

0

табиғи апаттар мен техногендік апаттардың тікелей қатерін, сондай-ақ осы құбылыстарды ынталандыратын жағдайлардың болуын білдіретін табиғи және техногендік салалардағы қауіптің нысаны.


Сұрақ №22

V1

Эпизоотия – бұл:

0

дүлей зілзалалар мен техногендік апаттардың тікелей қатерінің болуын білдіретін табиғи және техногендік салалардағы қауіптілік нысаны;

0

флораның жұқпалы ауруларының қандай да бір елді мекенде, елде, әдеттегі сырқаттанушылық деңгейінен едәуір асатын жаппай таралуы;

0

табиғи апаттар мен техногендік апаттардың туындауына тікелей қатер төндіретін табиғи және техногендік салалардағы қауіптің нысаны, сондай-ақ осы құбылыстарды ынталандыратын жағдайлардың болуы;

0

адамның жұқпалы ауруының қандай да бір елді мекенде, елде жаппай таралуы, әдеттегі сырқаттанушылық деңгейінен едәуір асып түседі;

1

белгілі бір аумақта жануарлардың бір немесе көптеген түрлерінің арасында жұқпалы аурудың кең таралуы, әдетте осы аумақта тіркелетін ауру деңгейінен едәуір асады.


Сұрақ №23

V1

Төтенше жағдай (ТЖ) – бұл не?

1

адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге, сондай-ақ елеулі материалдық шығындарға және тіршілік ету жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан авария, қауіпті табиғи құбылыс, апат, дүлей немесе өзге де зілзала нәтижесінде қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;

0

табиғи және техногендік ТЖ нәтижесінде қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;

0

адам шығынына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан техногендік апаттар нәтижесінде қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;

0

өндірістегі техногендік авариялар нәтижесінде қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;

0

биологиялық-әлеуметтік оқиғалар нәтижесінде қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.



Сұрақ №24

V1

Техногендік төтенше жағдайлар, деген не?

0

Табиғи құбылыстармен және катаклизмдермен байланысты ТЖ;

1

Техногендік төтенше жағдайлар - бұл адамның өндірістік немесе экономикалық қызметімен байланысты авариялар немесе апаттар;

0

Террористік актілерге байланысты болған ТЖ;

0

Ғарыштық құбылыстармен байланысты ТЖ;

0

Төтенше жағдайлар - бұл табиғи құбылыстар мен катаклизмдерге байланысты туындаған авариялар немесе апаттар.


Сұрақ №25

V1

"Төтенше жағдай" (ТЖ) сөз тіркесі нені білдіреді?

0

барлық болып жатқан оқиғалар;

1

тіршілік қауіпсіздігі бұзылуына әкелетін кенеттен болатын құбылыстардың жиынтығы;

0

барлық ерекше оқиғалар;

0

барлық күтпеген оқиғалар;

0

физикалық белсенділік шегіне жеткен жағдай, осы аймақта және барлық күтпеген оқиғалар.


Сұрақ № 26

V1

Биологиялық және әлеуметтік төтенше жағдайлар дегеніміз...?

1

нәтижесінде эпидемия, эпизоотия және эпифитотия туындауы мүмкін адамдардың, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің жұқпалы ауруы;

0

қоғам мен ұжымдардағы тәртіпсіздіктер және халықтың көбеюінің төмендеуі;

0

аштық жариялау салдарынан адамдардың қалыпты өмір сүру жағдайларын бұзу;

0

азықтың жетіспеушілігінен жануарлар мен өсімдіктер әлемінің (фауна мен флораның) жойылуы;

0

еліміздің елеулі аумақтарында тұмау себебінен карантин мен обсервацияны енгізу.


Сұрақ №27

V1

Адам ағзасына қауіпті химиялық заттардың ену жолдарын атаңыз:

0

тері, асқазан-ішек жолдары, шырышты қабаттар;

0

жаралар, асқазан-ішек жолдары, шырышты қабаттар;

0

шырышты қабықтар, тыныс алу органдары, асқазан-ішек жолдары;

0

тыныс алу мүшелері, тері және жаралар;

1

тыныс алу мүшелері, тері және жаралар, асқазан-ішек жолдары, шырышты қабаттар.



Сұрақ №28

V1

Қауіпті химиялық заттар (ҚХЗ) қауіптілігінің маңызды сипаттамасы қандай?

0

агрессивтілік;

1

уыттылық;

0

құбылмалылық;

0

жасырын әсер ету кезеңі;

0

жылдамдық.


Сұрақ №29

V1

Технологиялық жабдықтардан немесе зақымдалған контейнерлерден қауіпті химиялық заттардың ағып кетуімен немесе шығарылуымен, адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің өліміне немесе жұқтырылуына немесе қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануына әкелетін апатты қалай атайды?

0

биологиялық;

0

техногендік;

0

радиобелсенді;

1

химиялық;

0

жарылғыш.