Файл: A эритроциттерді тну жылдамдыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 644

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


D) омепразол, мотилиумды

E) гастроципин, церукалды

ANSWER: D
275. 30 жастағы әйел, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауыру сезімі, ауыздағы қышқыл дәм, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамаларының мазалағанына 8 жыл болған. Көк тамырішілік холангиографияда: жалпы өт жолы аздап ұлғайған. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, қатпар түзбей толады, түбінде үлкен тас бар. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

A) өт қабы ісігінің

B) созылмалы дуодениттің өршуі

C) өт қабы дискинезиясының гипотониялық түрі

D) созылмалы калькулезды холециститтің, өршу фазасы

E) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

ANSWER: D
276. 46 жастағы науқас тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауру сезімі, 4-5 күн іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін:

A) іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы емес

B) жуан ішектің қатерлі ісігі

C) іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы

D) іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы

E) шамадан тыс микробты контаминация синдромы

ANSWER: C
277. Креаторея кезінде нәжісте ненің мөлшері көбейеді:

A) бейтарап майлардың

B) май қышқылдарының

C) бұлшық ет талшықтарының

D) стеркобилиннің

E) крахмалдың

ANSWER: C
278. Науқас 13 жыл бойы созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Ұйқы безінің кальцинозын қандай қарапайым әдіспен анықтауға болады:

A) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

B) лапаротомия

C) лапароскопия

D) ирригоскопия

E) холангиография

ANSWER: A
279. Созылмалы вирусты, жоғары белсендiлiктi гепатит емiнiң ең тиiмдi схемасын таңдаңыз:

A) интерферон, нуклеозидер аналогтары, гепатопротекторлар

B) азатиоприн

C) декарис және интерферон

D) делагил және В тобының витаминдерi

E) глютамин қышқылы және декарис

ANSWER: A
280. 76 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 4 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюсси симптомдары – оң. Дене қызуы 37 0 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


A) созылмалы тассыз холециститтің ремиссиясы

B) созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

C) өт қабы дискенезиясының гипотониялық түрі

D) созылмалы тассыз холециститтің өршуі

E) созылмалы токсикалық гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі

ANSWER: D
281. В, С, Д вирусты гепатиттер, улы заттардың әсері, алкогольді ішімдіктерді қолдану, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және бауырдың веноздық ағысының обструкциясы төмендегі аурулардың қайсысының этиологиялық себебі болуы мүмкін:

A) бауыр цирроздарының

B) созылмалы гепатиттердің

C) бауырдың майлы дистрофиясының

D) гепатоцелюлярлы карциноманың

E) біріншілік склероздаушы холангиттің

ANSWER: A
282. 50 жастағы науқас соңғы 2,5 жыл бойы қыжылға шағымдалған, эндоскопиялық зерттеуде өңештің дистальды бөлігіннің шырышты қабатының 50% беткейін өзара жабысқан эрозиялар анықталды. Адекватты емду кестесін таңдаңыз:

A) прокинетиктер + гелдік антацидтер

B) протонды помпаның ингибиторы + прокинетиктер + мукоцитопротекторлар

C) прокинетиктер + цитостатиктер

D) хирургиялық ем (Ниссен бойынша фундопликация)

E) қыжыл кезінде гелдік антацидтер

ANSWER: B
283. 66 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) асқазан полипінің

B) Менетрие ауруының

C) асқазанның жаралы қатерлі ісігінің

D) асқазан ойық жарасының

E) асқазан ойық жарасының пенетрациясының

ANSWER: C
284. Өңештің төменгі сфинктерінің гипертонусы тән:

A) өңеш ахалазиясына, өңештің диффузды тарылуына

B) эзофагитке

C) склеродермияға

D) өңеш дивертикулына

E) фарингитке

ANSWER: A
285. Созылмалы хеликобактериялық гастритті кең таралған емдеу кестесі:

A) ацидин – пепсин, но-шпа, панзинорм

B) алмагель, ранитидин, церукал

C) денол, метронидазол, омепразол

D) фамотидин, церукал, валериана тұнбасы

E) церукал, омепразол

ANSWER: C

286. Егер науқас сол жақ бел аймағының ауырсынуына, дене температурасының көтерілуіне, дизурияға шағымданса, ең алғаш қай диагноз туралы ойлайсыз?

A) пиелонефрит

B) амилоидоз

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит



E) бүйрек шамасыздығы

ANSWER: A
287. Созылмалы гломерулонефриттің латентті формасына тән:

A) нефротикалық синдром

B) макрогематурия

C) қан қысымының жоғарылауы

D) айқын емес протеинурия мен микрогематурия

E) гипертониялық криз

ANSWER: D
288. Созылмалы бүйрек шамасыздығының ерте анықталатын белгісі:

A) метаболикалық ацидоз

B) никтурия

C) гиперкалиемия

D) креатинин деңгейінің жоғарылауы

E) бүйрек көлемінің кішіреюі

ANSWER: B
289. Бүйрек фунциясының созылмалы шамасыздығының терминальді сатысына тән шумақтық фильтрация деңгейі:

A) 40 мл/мин

B) 30 мл/мин

C) 20 мл/мин

D) 10 мл/мин

E) 50 мл/мин

ANSWER: D
290. Созылмалы гломерулонефрит кезінде глюкокортикоидтарды тағайындауға көрсеткіш:

A) артериялық гипертензия

B) нефротикалық синдром

C) бүйрек шамасыздығы

D) гематурия

E) протеинурия

ANSWER: B
291. 45 - жастағы ер адам, оң аяғының 1 табан сүйегінің буындарында кенет пайда болған ұстамалы ауыру сезіміне, бел аймағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылуына шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,8 мың, ЭТЖ - 24 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,720 ммоль/л, креатинин - 0,140 ммоль/л, мочевина -15 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1015, белок - 0,9 г/л, гиалинді цилиндрлер - 10 в к/а, зәр қышқылы. Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

A) бүйрек амилоидозының

B) зәр-тасауруының

C) подагралық нефропатияның

D) созылмалы гломерулонефриттің

E) созылмалы пиелонефриттің өршуі

ANSWER: C
292. 28 - жастағы пациент, баспамен ауырғасын. 2 аптадан кейін қабағының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, ал 1,5 ай өткенсін бел және жыныс ағзалары аймағындағы ісінулер пайда болған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1021, белок - 4,0 г/л, эритроцттер - 15-20 к/а, препаратта гиалинді цилиндрлер анықталды. Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

A) бүйрек амилоидозының

B) зәр-тас ауруының

C) созылмалы пиелонефрит өршуінің

D) созылмалы гломерулонефрит өршуінің

E) стрептококтан кейінгі жедел гломерулонефриттің

ANSWER: A
293. 22 - жастағы қыз баланы, бетінің және аяқтарының ісуі, қызба, майда буындардағы және бел аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Теңізде дем алғаннан кейін, бет мен мұрныны үсті қызарып, қызуы көтеріліп, шашы түсіп, ауырған. Қанында: Нв - 81 г/л, эритроциттер - 2,8 млн., лейкоциттер - 3,2 мың, тромбоциттер – 136 мың, эозинофилдер – 8%, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ +++, гамма-глобулиндер - 25%. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейкоциттер - 10 к/а, эритроциттер – 20-25 к/а, гиалинді цилиндрлер - 10 к/а. Емдеу жоспарына кандай дәріні қосқан БАРЫНША тиімді:


A) диуретиктерді

B) уросептиктерді

C) метаболиктерді

D) антибиотиктерді

E) глюкокортикоидтарды

ANSWER: E
294. 40 - жастағы О. атты әйел бел аймағындағы ауыру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауыру сезімі, қызба, дизурия мазалағын. Объективті: дене қызуы 37° Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақтада оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады. Төменде келтірілген аурурадың қайсысының болуы мүмкін?

A) бүйрекрагы

B) тубулоинтерстициалды нефрит

C) бүйрек амилоиидозы

D) бүйрек поликистозы

E) гломерулонефрит

ANSWER: B
295. 34 - жастағы О. атты ер адам бел тұсындағы ауsру сезіміне, жиі ауыру сезімді зәр шығару, дене қызуының 39,5°С көтерілуі, қалтырауға шағымданып түсті. Салқындағаннан кейін 1 аптадан соң ауырған. Объективті: АҚҚ - 160/80 мм. б.б. ЖЖЖ - 92 рет мин. Ұрғылау белгісі оң жағында оң. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Зәр анализінде: лайлы, салыстырмалы тығыздығы – 1018, белок – 0,036 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған. Төмендегі дәрілік препараттардың қандай тобын пайдаланған БАРЫНША тиімді?

A) цитостатиктерді

B) антибиотиктерді

C) антикоагулянттарды

D) кортикостероидтарды

E) аминохинолин туындылары

ANSWER: B
296. 68 - жастағы ер адамға, холецистоэктомия операциясынан кейін қызба,а байланысты гентамицин (80 мг әрбір 8 сағат сайын) және цефазолин (2 г әрбір 6 сағат) тағайындалған. 10 күннен кейін сарысудағы креатининнің 0,3 ммоль/л дейін көтерілуі байқалған. Зәрдің тәуліктік мөлшері - 1200 мл. АҚҚ 130/80 мм б.б. УДЗ мәліметі бойынша бүйректің өлшемдері қалыпты. Төмендегі асқынулардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

A) жедел гломерулонефриттің

B) гепаторенальды синдромның

C) гентамициннің нефротоксикалығының

D) сұйықтықты енгізудің адекватты болмауының

E) жедел интерстициальды нефриттің

ANSWER: C

297. 45 жастағы ер адамда, созылмалы бүйрек шамасыздығы, АҚ - 200/120 мм. б.б, креатинин - 0,970 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Қандай емдеу шараларының жоспары БАРЫНША тиімді?

A) гемодиализ

B) бүйрек трансплантациясы

C) преднизолонның үлкен мөлшері

D) антибактериальды терапия

E) цитостатиктермен пульс терапия

ANSWER: A
298. 16 - жастағы жасөспірімде, фолликулярлы баспамен ауырғаннан кейін дене қызуы 38,6 С дейін көтеріліп, бетінің ісінуі, бел аймағында ауыру сезімі, зәр түсінің өзгеруі, бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік пайда болды. Қанда: лейкоциттер – 5,4 мың, ЭТЖ – 33 мм/сағ. Зәр анализі: түсі-«ет жуындысы» түсте Салыстырмалы салмағы – 1010, эритроциттер – 30-35 көру аймағында, белок – 1,5 г/л. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША тән?


A) бүйрек амилоидозының

B) жедел пиелонефриттің

C) жедел гломерулонефриттің

D) созылмалы пиелонефриттің

E) созылмалы гломерулонефриттің

ANSWER: C
299. 35 - жастағы әйелде, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің және аяқтарының ісінуі, дене қызуының 39,5 С дейін көтерілуі мазалайды. Бассейнге барғаннан кейін ауырып қалды, сол кезде дене қызуының көтерілуі, бұлшық ет доғаларында эритема, шашының түсуі, әлсіздік пайда болды. Қанда: эр – 2,8 млн., Нв – 76 г/л, лейкоц – 3,2 мың, тромб – 136 мың., ЭТЖ – 45 мм/сағ, СРБ, y-глобулин – 25 %. Зәр анализінде: белок – 3,1 г/л, лейк – 12 к/а, эр – 25-30 к/а, гиалинді цилиндрлер – 12 дейін к/а. Төмендегі қандай препараттардың тобын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) диуретиктерді

B) уросептиктерді

C) метаболиктерді

D) антибиотиктерді

E) глюкокортикоидтарды

ANSWER: E
300. 47 - жастағы И. атты әйелде, суықтанудан кейін басының ауыруы, көруінің нашарлауы, «көз алдында бұлыдырлау», АҚҚ 160/100 мм б.б. дейін көтерілуі, бел аймағында ауыру сезімі, ісінулер пайда болды. Қанда: лейк – 10,2 мың, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы салмағы – 1010, белок – 0,066 г/л, лейкоциттер – 12 к/а, эпителий – 3-4 к/а дейін. Төменде аталған препараттардың тобын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
A) цитостатиктерді

B) антибиотиктерді

C) антикоагулянттарды

D) кортикостероидтарды

E) аминохинолинді қосылыстарды

ANSWER: B
301. 28 - жастағы пациентте бірінші рет артериальді гипертензия анықталды (АҚҚ 170/110 мм.с.б.б.) ісінулер, олигоурия, макрогематурия, зәрде белок – 3 г/л.Қандай емдәмді тағайындау, БАРЫНША тиімді?

A) шектеусіз

B) белоктарды шектеу

C) майларды шектеу

D) белок пен тұзды шектеу

E) құрамында белогы жоғары мөлшерде болатын диета тағайындау

ANSWER: B
302. 17 - жастағы жасөспірім дене қызуының 38,7 С жоғарылауы, қалтырау, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын бел аймағындағы ауыру сезімі, жиі ауыру сезімді зәр шығару мазалайды. Объективті: бел аймағы бұлшықеттерінің қатаюы. Соққылау симптомы екі жағынан да айқын оң. Қанда: ЭТЖ – 45 мм/сағ. Зәрінде: лейк – 15-17 к/а, эрит – 1-2 к/а, белок – 1 г/л, бактериялар +++. Аталған препарат топтарының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) цитостатиктерді

B) антибиотиктерді

C) антиагреганттарды

D) глюкокортикостероидтарды

E) стероидты емес қабынуға қарсы заттарды

ANSWER: B

303. 20 - жастағы жігіт, массивті ісінулер, айқын ентігу және жөтел, интенсивті бас ауыруға шағымданады. Объективті: жағдайы өте ауыр. АҚҚ 170/100 мм б.б. Тәуліктік диурез – 300 мл. Зәрінде: салыстырмалы салм – 1030, белок – 3,8 г/л, эр – 4-5 к/а, лейк – 20 к/а. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 10 мл/млн, өзекшелік реабсорбция – 120 %. Төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?