ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 643
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
D) С-реактивті белокты
E) жүрекшелік натрийуретикалық пептидті
ANSWER: A
215. ІІ дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың ІІ типіндегі (Мобитц ІІ тип) ЭКГ көрінісі:
A) PQ аралығының 0,20с артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі
B) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің деформацияланып, бірқатарының түсіп қалуы
C) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің пішінінің бұзылмауы
D) RS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі
E) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі
ANSWER: B
216. 34 жастағы әйел профилактикалық қаралуға келген. Анамнезінде - 12 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен жүрген, алғашқы ревматикалық шабуыл. Әлсіздікке, тез шарашаңдыққа, физикалық күш түскендегі еңтігуге, кешке қарай табанының сыртқы беткейінде ісінулерге шағымдалады. Жүрек тондары бәсендеген, дөрекі пансистололық шу естіледі. Сіздің тактикаңыз:
A) динамикада қарау
B) ревматологқа консультацияға жіберу
C) кардиохирургқа консультацияға жіберу
D) антибиотиктермен және фуросемид тағайындау
E) допплерографиямен жүректің УДЗ жүргізу
ANSWER: E
217. Ұзақ артериалды гипертензиямен ауыратын 70 жастағы науқаста, гипертониялық криздің есебінен субарахноидальды қан құйылу дамыған. Гипотензивті емді қандай препаратты тағайындаудан бастау қажет?
A) номодипиннен
B) бисопрололдан
C) лазикстен
D) клофелиннен
E) нитроглициринді к/т
ANSWER: A
218. Миокарт инфаркты бар науқаста 15-20 күн қызба, артралгия, кеуде клеткасының ауырсынуы тыныс алумен байланысты болса, не жайында ойлау қажет?
A) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
B) миокарт инфарктының қайталануы
C) Дресслер синдромы
D) эпистенокардиялық тромбоэндокардит
E) жүрек аневризмасы
ANSWER: C
219. Қақырықта Шарко-Лейден және Куршман спиральдары табылса бұл қай ауруға тән
A) эмфизема
B) бронх демікпесі
C) өкпетекті жүрек
D) крупозды пневмония
E) бронхит
ANSWER: B
220. Стрептококкты пневмонияда қай антибиотикты қолданылады
A) пенициллин тобы
B) фторхинолонлар
C) сульфониламид
D) цефалоспориндер
E) этанбутол
ANSWER: A
221. Өкпенің кабыну ауруларына жатпайды
A) бронхит
B) пневмония
C) деструктив аурулар
D) бронхоэктазия
E) өкпе рагы
ANSWER: E
222. Астматлық статус дегеніміз не?
A) сағаттар бойы созылатын және дәрілерге резистентті ұстамалар
B) жоғары температура
C) жөтелдің болуы
D) аллергия
E) демікпе ұстамасы
ANSWER: A
223. 56 жастағы әйел бала кезінде өкпе туберкулезімен ауырған: әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Сол жауырынаралық аймағында перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, тыныстың әлсізденуі байқалады: жөтелгеннен кейін бірең-сараң ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгендік зерттеуде – сол бұғана астында 2х3 см домалақ пішінді интенсивтілігі орташа, контуры айқын емес, арасында ақшылданған бұрыс пішінді дағы және түбірге жалғасқан «жолы» бар көлеңке. Айналасында интенсивтілігі әртүрлі балалаған ошақтар анықталады. Бұл рентгенологиялық-клиникалық көріністер өкпе туберкулезінің келесі түріне сәйкес келеді:
A) өкпенің инфильтрациялық туберкулезі
B) біріншілік туберкулездік комплекс
C) ателектазбен асқынған кеуде іші лимфа түйіндерінің туберкулезі
D) өкпе туберкулезі
E) туберкулездік плеврит
ANSWER: A
224. Осыдан 4 күн бұрын 29 жастағы науқаста қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінің ауырсынуы, 38,8 0С қызба кенет пайда болды. Тыныс алғанда кеуденің оң жартысы қалыңқы. Перкуссияда: алдыңғы бетте 3-ші қабырғадан, артқы бетте жауырын аралықтың ортасынан бастап төмен қарай-тұйық дыбыс, бұл аймақта тыныс естілмейді. Жүрек шала тұйықтығының сол жақ шегі бұғана ортасы сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) созылмалы бронхиттің өршуі
B) оң өкпе төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы
C) оң жақты бөліктік пневмония
D) оң жақты экссудатты плеврит
E) оң жақты гидроторакс
ANSWER: D
225. Өкпенің барлық бетінде құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі тән патологиялық процесс:
A) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы
B) өкпе ауалылығының артуы
C) бронхтар өтімділігінің бұзылысы
D) өкпе тінінің тығыздалуы
E) өкпедегі қуыс
ANSWER: C
226. 75 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын науқаста, өте жоғары дене қызуының критикалық түсуінен кенет әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі :
A) сепсис
B) кардиогенді шок
C) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
D) инфекциялық-токсикалық шок
E) жедел респираторлы дистресс-синдромы
ANSWER: D
227. 26 жастағы науқаста плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Болжам диагноз:
A) құрғақ плеврит
B) плевра эмпиемасы
C) жедел пневмония
D) экссудативті плеврит
E) бронхоэктаз ауруы
ANSWER: A
228. Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі қандай ауруға тән:
A) плевритке
B) пневмонияға
C) пневмотораксқа
D) миокард инфарктысына
E) қабырғааралық невралгияға
ANSWER: C
229. 10 жыл бойы көмір шахтасында жұмыс істеген 53 жастағы науқас жұмысынан антракосиликоз анықталуына байланысты шеттетілді. 5 жылдан кейін науқаста әлсіздік, жөтел күшейіп, жүдеп, әсіресе түнгі уақытта мазалайтын тершеңдік, субфебрилитет пайда болды. Аускультацияда қатаң тыныс, екі жақтан да құрғақ және ылғалды сырылдар. ЭТЖ -28 мм/сағ. Өкпенің қандай дертінің қосылуы мүмкін:
A) пневмонияның
B) өкпенің орталық рагының
C) созылмалы бронхиттің
D) өкпе туберкулезінің
E) бронхоэктаздық аурудың
ANSWER: D
230. 55 жастағы П. атты науқас, маскүнем, тістері ауыр кариеске шалдыққан. Екі аптадан бері әлсіздік, кеуденің оң жартысының ауырсынуы және қызба, іріңді қақырықпен жөтел пайда болған. Рентгенограммада – оң өкпенің төменгі бөлігінде диаметрі 3 см сұйықтыққа толған қуыс анықталды. Болжам диагноз:
A) өкпе туберкулезі
B) бронхоэктаздар
C) өкпе инфаркты
D) өкпенің рагы
E) абсцесс
ANSWER: E
231. Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы – төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, тез оң динамика қандай ауруға тән :
A) саркоидозға
B) пневмокониозға
C) ошақты пневмонияға
D) милиарлы туберкулезге
E) инфильтративті туберкулезге
ANSWER: C
232. 36 жастағы науқасты 4 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38 оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) өкпе рагі
B) жедел бронхит
C) ошақты пневмония
D) крупозды пневмония
E) Өкпенің ошақты туберкулезі.
ANSWER: C
233. Профилактикалық тексеруде науқас 4-5 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Болжам диагноз:
A) жедел бронхит
B) бронхоэктазды ауру
C) созылмалы іріңді бронхит
D) созылмалы катаральды бронхит
E) созылмалы обструктивті бронхит
ANSWER: D
234. 37 жастағы З. атты науқас 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы гормонға тәуелді, беротекпен басылады. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде тыныштықта ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдерінің қайсысы тиімді?
A) теофиллин per os
B) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т
C) вентолин небулайзер арқылы
D) преднизолон 30-60 мг к/т
E) беротекпен ингаляцияны жалғастыру
ANSWER: D
235. 28 жасар спортпен белсенді шұғылданатын ер адам жаттығудың соңында пайда болып, тыныштық жағдайында жоғалатын ұстама түріндегі жөтел мен ентігу шағымдарымен қаралды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі тиімді?
A) бронхоскопия
B) пневмотахометрия
C) сальбутамол
D) физикалық күштемемен сынама
E) провокациялық ингаляциялық сынама
ANSWER: D
236. 63 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:
A) қарыншаішілік бөгемелер
B) солжақ қарынша гипертрофиясы
C) солжақ жүрекше гипертрофиясы
D) оң жақ қарынша гипертрофиясы
E) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі
ANSWER: D
237. Тромбофилиямен ауыратын науқаста тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үннің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қосқан жөн:
A) антибиотиктерді
B) бета-блокаторларды
C) антикоагулянттарды
D) кортикостероидтарды
E) АПФ ингибиторларын
ANSWER: C
238. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін тиімді антибактериялық терапияны тағайындаңыз:
A) гентамицин
B) тетрациклин
C) кларитромицин
D) бисептол
E) кефзол
ANSWER: C
239. Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмонияның қоздырғышы :
A) микоплазма
B) клебсиелла
C) аденовирус
D) пневмококк
E) стафилококк
ANSWER: E
240. 62 жастағы Р. атты науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. 13 жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) пневмония
B) бронх демікпесі
C) бронхоэктазды ауру
D) созылмалы іріңді бронхит
E) созылмалы обструктивті бронхит
ANSWER: E
241. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқастардың емдік жоспарында тиімді:
A) мукорегуляторларды тағайындау
B) бронходилататорларды қолдану
C) тыныс жеткіліксіздігін реттеу
D) тұрақты глюкокортикоидты ем
E) қабынуға қарсы емді жүргізу
ANSWER: B
242. 24 жастағы науқас жөтелуіне, 150 мл көлемінде иісті іріңді-кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, қан қақыруына, ентігуіне, дене қызуының 37,8 0С биіктеуіне, делсалдылығына шағынады. Балалық шағында жиі жөтелген. Соңғы 4 жылдың көлемінде ауруы жыл сайын өршиді. Болжам диагноз:
A) өкпенің рагы
B) бронхоэктаз ауруы
C) өкпенің созылмалы іріңдігі
D) созылмалы бронхит
E) өкпе поликистозы
ANSWER: B
243. Созылмалы бронхит пен бронхоэктаз ауруын айыру үшін ең сенімді зерттеу әдісі:
A) томография
B) бронхоскопия
C) қақырық анализі
D) бронхография
E) өкпе сцинтиграфиясы