Файл: МБаалау параы Студентті атыжні Стандарт Ампуладан дрілік ерітіндіні сорып алу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 154
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Баллдар:
Бағалау – 90 – 100 балл – «5»
89 – 75 балл – «4»
74 – 50 балл – «3»
49 баллдан төмен – «2»
Емтихан қабылдаушылар
Бағалау парағы
Студенттің аты-жөні______________________________
Стандарт «Көктамырдан биохимиялық зерттеуге қан алу техникасы»
№ | Дағдыны орындау кезіндегі адымдық әрекет | Іс әрекетті орындау | ||
Толық орындалды | Толық емес орындалды | Қате орындалды (орындалған жоқ) | ||
1. | Қолды өңдеп, маска, қолғапты кию. Инъекция жасау орнын анықтау, қолды жазылған қалыпта, төмен қарай түсіріп, шынтақ иілісінің астына жастықша қою. | 5 | | |
2. | Иықтың төменгі үштен бір бөлігіне қойылған салфетка үстіне немесе киіміне резеңке бұраумен қысу. Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып жұмуын сұрау. Венаны пальпациялау. Сол қолымызға үш спирттік салфетканы алу. | 5 | | |
3. | Науқас терісін екі спирттік салфеткамен бір бағытта өңдейміз. Алдымен үлкен аймағын, содан кейін инъекция жасайтын аймақты өңдейміз. Қолданылған салфетканы ҚЖК тастаймыз. Үшінші салфетканы сол қолдың 4-5 саусақ аралығында ұстаймыз. | 10 | | |
4. | Сол қолымыздың бас бармақ және сұқ саусақтармен инъекция аймағындағы венаны бекітеміз. | 10 | | |
5. | Оң қолдың сұқ саусағымен ине канюласын, қалған саусақтармен жоғары жағынан цилиндрін бекіту. Көктамырға инені 15 градус бұрышпен алдымен теріге, содан кейін венаға «бос кеңістікті» сезіну арқылы еңгізу. | 15 | | |
6. | Поршеньді өзімізге тартып, шприцте қан пайда болу керек. Иненің венада екенін көз жеткізіп, поршеньді өзімізге тартып, резеңке бұрауды шешпей, қажет көлемде қанды жинау. Сол қолмен резеңке бұраудың бір шетін босатып, шешу, науқастан жұдырығын ашуды сұрау. | 15 | | |
7. | Инъекция жасалған аймаққа спирттік салфетка қойып, көктамырдан инені абайлап шығару. Спирттік салфетканы сол жерде қалдырып, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 5 минутқа ұстауын сұрау. Науқастың жағдайын бағалау. | 10 | | |
8. | Шприцтен қанды штативте орналасқан пробирканың қабырғасына ақырындап жіберу. Пробирка ішіндегі затты 8-10 рет аударып, бірақ та шайтқалтпау керек. Пробиркаға белгілер салу. | 10 | | |
9. | Спирттік салфетканы және қан алу жүйесіне қолданған заттарды қауіпсіз және жоюға арналған контейнерге салу. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинау және жоюға арналған контейнерге салу, қолды жуу. | 10 | | |
10. | Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды пробиркаға қанды жлдасымен лабораторияға апару. | 5 | | |
Баллдар:
Бағалау – 90 – 100 балл – «5»
89 – 75 балл – «4»
74 – 50 балл – «3»
49 баллдан төмен – «2»
Емтихан қабылдаушылар
Бағалау парағы
Студенттің Т.Ә.Ж,_______________________________
Стандарт «Әйел адамдардың қуығын катетрлеу»
№ | Манипуляция жүргізу кезеңдері | Орындалу деңгейі | ||
Дұрыс орындалды | Жартылай орындалды | Қате орындалды (орындалған жоқ) | ||
1. | Пациентпен жақсы қарым – қатынас жасау, мақсаты мен барысын түсіндіру. | 5 | | |
2. | Дайындау: 2 жұмсақ катетер зарарсыздандырылған; 2 стерильді мақта шарлар; 2 стерильді дәке майлықтар; науа; концанг; фулацилин ерітіндісі; парафин майы, немесе глицерин; Зәрдің үшін контейнер; клеенкалы; резеңке қолғаптар; шприцтер. | 5 | | |
3. | Кез келген манипуляция және хирургиялық емдеу алдындағыдай, катетр қою алдында қолды өңдеу керек. | 10 | | |
4 | Науқасты арқасымен (шалқасынан), аяқтарының тізесін сәл бүгіп жатқызып, аяқтарының арасына зәр қабылдағышты қояды. | 10 | | |
5 | Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін өңдейді (Мысалы: фурациллин ерітіндісімен 1:1000) . Жоғарыдан төмен қарай қозғалысты жүзеге асырады. Егер қынаптан бөлінді ақса ішін шайып - жуады. | 15 | | |
6 | Пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға салфеткамен корнцагты алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз. | 15 | | |
7 | Қолғапты ауыстырыңыз. Екінші залалсыздандырылған пинцетті алыңыз. Залалсыздандырылған пинцетпен жұмсақ катетердің тұмсық ұшынан ұстаңыз жазатын қалам сияқты етіп, ұшынан 4-6 см арақашықтықта, катетердің сыртқы ұшын саусаққа орап алып оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаңыз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған стерилді катетерді абайлап, зәр шығатын тесікке енгізіңіз, 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз. | 10 | | |
8 | Сол қолыңызбен құрсақ қуысының төменгі жағынан қасаға сүйегінің үстінен басыңыз, осы кезде біртіндеп катетерді шығарыңыз. | 10 | | |
9 | Катетерді барлық зәр шығардан сәл бұрын шығарыңыз, себебі катетер алынғаннан кейін зәр шығаратын жолдарды шығатын зәр жуып тазалау үшін. | 10 | | |
10 | Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз. | 5 | | |
Балдар:
Бағалау – 90 – 100 балл – «5»
89 – 75 балл – «4»
74 – 50 балл – «3»
49 баллдан төмен – «2»
Емтихан қабылдаушылар
Бағалау парағы
Студенттің Т.Ә.Ж,_______________________________
Стандарт «Ер адамдардың қуығын катетрлеу»
№ | Манипуляция жүргізу кезеңдері | Орындалу деңгейі | ||
Дұрыс орындалды | Жартылай орындалды | Қате орындалды (орындалмады) | ||
1. | Пациентпен жақсы қарым – қатынас жасау, мақсаты мен барысын түсіндіру. | 5 | | |
2. | Дайындау: бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер немесе темір катетер, залалсыздандырылған қолғаптар, 2 залалсыздандырылған пинцет немесе қысқыш, залалсыздандырылған тампондар, залалсыздандырылған глицерин, залалсыздандырылған фурациллин, таза астауша. | 5 | | |
3. | Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз. Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз. | 10 | | |
4 | Жуындыруды жүргізу: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолыңызға залалсыздандырылған салфетка алыңыз, онымен жыныс мүшесін басынан төмен орап ұстаңыз. Жыныс мүшесін сол қолдың 3-4 саусақтарымен ұстаңыз, басын аздап қысыңыз, 1-ші және 2-ші саусақтарыңызбен ұшындағы шетін ыздап ығыстырыңыз. Оң қолға қысып ұстаған пинцетпен залалсыздандырылған фурациллинге тампонды малып алып өңдеңіз, мүшенің басын жоғарыдан төмен қарай, зәр шығатын тесікке қарай , тампондарды ауыстыра отырып. | 10 | | |
5 | Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, тампонды - ҚЖҚ-на салыңыз. Екінші стерлиьді тампон алыңыз. Оң қолға қысып ұстаған залалсыздандырылған пинцетпен катетердің тұмсық ұшынан 5-7 см. төменірек ұстап алыңыз, екінші бос ұшы жағынан катетерді саусақтарыңызға орап ұстаңыз, (тұмсық ұшы төмен қараған болу керек), және 3-4 саусақтар арасына қысып ұстаңыз. (катетер саусақ сыртында иілген доға пішіндес болып тұрады). | 15 | | |
6 | Глицеринмен майланған, залалсыздандырылған, ерлерге арналған катетерді алыңыз, ұзындығы 15-20см., және ақырындап пинцетпен катетерді кіргізіңіз, алғашқы 4-5 см; сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен ұстай отырып, мүшенің басын бекітіп ұстау мақсатында. | 15 | | |
7 | Катетерді тағыда пинцетпен 3-5 см. крігізіңіз, ақырындап зәр шығатын каналға 19-20см. ұзындыққа, бұл кезде мүшені үстіңгі жағынан сол қолыңызбен аздап тартып ұстаңыз. | 10 | | |
8 | Катетер сыртқы сфинктерге жеткенде аздап бөгет байқалады, катетер қуыққа жеткенде зәрдің шыққаны байқалады. Катетердің сыртта қалған ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа саламыз. | 10 | | |
9 | Зәр шығып бітуге аз уақыт қалды-ау деген кезде пинцетпен катетерді ақырындап сыртқа шығара бастаңыз, себебі шығып жатқан зәр ағыны зәр шығатын жолдарды жуып өтеді.Катетерден зәр бөлінуі тоқтаған кезде іштің төменгі жағынан, қасаға сүйегінің үстінен сол қолыңызбен басыңыз. | 10 | | |
10 | Қолғапты шешіп ҚЖК салыңыз, ал пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. | 5 | | |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 14
Балдар:
Бағалау – 90 – 100 балл – «5»
89 – 75 балл – «4»
74 – 50 балл – «3»
49 баллдан төмен – «2»
Емтихан қабылдаушылар
Бағалау парағы
Студенттің аты-жөні_______________________________
Стандарт «Тазалау клизмасын енгізу»
№ | Манипуляция жүргізу кезеңдері | Орындалған деңгейі | ||
Дұрыс орындалды | Жартылай орындалды | Қате орындалды (орындалмады) | ||
1. | Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз. | 5 | | |
2. | Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолға гигиеналық деңгейде антисептикпен өңдеу жүргізіңіз. Қолыңызға қолғапты киіңіз. | 5 | | |
3. | Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз. Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1,5-2 литр сумен толтырыныз. | 10 | | |
4. | Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз.Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз.Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз. | 10 | | |
5. | Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз. Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді).Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз. | 15 | | |
6. | Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. тереңдікте. | 15 | | |
7. | Корцангты ашып , түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз.Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз,(мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін. | 10 | | |
8 | Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз.Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны.Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз. | 10 | | |
9 | Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз. | 10 | | |
10 | Қолғапты шешіп,қолды жуу. | 5 | | |
Балдар:
Бағалау – 90 – 100 балл – «5»
89 – 75 балл – «4»
74 – 50 балл – «3»
49 баллдан төмен – «2»
Емтихан қабылдаушылар
Бағалау парағы
Студенттің аты-жөні_______________________________
Стандарт «Газ шығаратын түтікті енгізу тәсілі»
№ | Манипуляция жүргізу кезеңдері | Орындалған деңгейі | ||
Дұрыс орындалды | Жартылай орындалды | Қате орындалды (орындалмады) | ||
1. | Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз. | 5 | | |
2. | Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз. | 5 | | |
3. | Кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңыз. | 10 | | |
4 | Пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз. | 10 | | |
5 | Оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майымен майлаңыз. Сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап айналмалы қозғалыстар жасай отырып жел шығаратын түтікті 20-30 см тереңдікке енгізіңіз. | 15 | | |
6 | Сыртқы ұшын судноға салыңыз немесе суы бар лотокка салыңыз. Газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтіктін сыртқы ұшын жаялыққа конферт пішіндес етіп ораңыз. | 15 | | |
7 | Әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз. Жел шығаратын түтікті қажетіне қарай алып тастаңыз, бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін. | 10 | | |
8 | Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз. Тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз. | 10 | | |
9 | Егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек. | 10 | | |
10 | Қолғапты шешіп,қолдарыңызды жуыңыз. Құжаттарды толтырыңыз. | 5 | | |
Балдар:
Бағалау – 90 – 100 балл – «5»
89 – 75 балл – «4»
74 – 50 балл – «3»
49 баллдан төмен – «2»
Емтихан қабылдаушылар
Бағалау парағы
Студенттің аты-жөні_______________________________
Стандарт «Майлы клизманы енгізу»
№ | Манипуляция жүргізу кезеңдері | Орындалған деңгейі | ||
Дұрыс орындалды | Жартылай орындалды | Қате орындалды (орындалмады) | ||
1. | Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. | 5 | | |
2. | Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз. | 5 | | |
3. | Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз. Ыстық суы бар ыдысқа май құйылған ыдысты орналастырып, майды 37-38 градусқа дейін жылытыңыз. Жане шприцін жинап, оған жылытылған майды сорып алыңыз. | 10 | | |
4. | Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне тарта бүгіп жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық жайыңыз. | 10 | | |
5. | Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті немесе тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті алыңыз, оған вазелин майын жағыңыз. | 15 | | |
6. | Сол қолыңызбен пациенттің құйрығының арасын ашып, оң қолыңызбен ақырындап тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті немесе түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгізіңіз(алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен). | 15 | | |
7. | .Жане шприцінің сыртқы ұшына немесе алмұрт пішіндес баллонға жағыңыз да, майды ақырындап ішекке жіберіңіз. Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып тұрыңыз, сосын шприцті ажыратыңыз. Оны қолданылған материалдарға арналған ыдысқа салыңыз. Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз, бір мезгілде сол қолыңызбен түтікті іздеп, сезініңіз, ондағы майды толық шығару үшін. | 10 | | |
8 | Пациентке арқасымен жатуды ұсыныңыз және сол қалыпта 30-40 минут тыныш жата тұруын түсіндіріңіз. | 10 | | |
9 | Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, ұшына кигізілетін түтікті және баллонды зарарсыздандырыңыз. | 10 | | |
10 | Қолғапты шешіп,қолдарыңызды жуыңыз. Құжаттарды толтырыңыз. | 5 | | |
Балдар:
Бағалау – 90 – 100 балл – «5»
89 – 75 балл – «4»
74 – 50 балл – «3»
49 баллдан төмен – «2»
Емтихан қабылдаушылар
Бағалау парағы
Студенттің аты-жөні_______________________________
Стандарт «Дәрілік клизма еңгізу»
№ | Манипуляция жүргізу кезеңдері | Орындалған деңгейі | ||
Дұрыс орындалды | Жартылай орындалды | Қате орындалды (орындалмады) | ||
1. | Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз. | 5 | | |
2. | Қолыңызды антисептик қолдана отырып гигиеналық деңгейде жуыңыз, құрғатқан соң қолғапты киіңіз. | 5 | | |
3. | Дәрілік клизма еңгізудің алдында, 30-40 минут бұрын пациентке тазалау клизмасын қояды. | 10 | | |
4 | Дәрігер тағайындаған дәрілік заттың 50-100мл. стақанға құйыңыз, сосын оны ыстық су құйылған ыдысқа қойып, 40 С- дейін жылытыңыз. Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған дәрігер тағайындаған дәрілік затты сорып алыңыз. | 10 | | |
5 | Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз. Пациентті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз. | 15 | | |
6 | Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, оны вазелин майымен майлаңыз. | 15 | | |
7 | Жел шығаратын түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгіземіз , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен. | 10 | | |
8 | Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып ұстап, Жане шприцін ажыратыңыз. | 10 | | |
9 | Процедурадан соң пациентке сол жақ қырымен немесе арқасымен тыныштанып 30-60 минут жатуын ұсыныңыз. | 10 | | |
10 | Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. | 5 | | |