Файл: Таырыбы Майлар 11 сынып Майларды рылысы.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 202

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы:Майлар
11 -сынып





Майлардың құрылысы


Майлар глицерин мен жоғары карбон қышқылдарынан түзілген күрделі эфирлер болып табылатын табиғи қосылыстар.


Майлардың құрылысы француз химиктері М.Шеврель мен М.Бертло еңбектерінің нәтижесінде анықталған. XIX ғасырдың басында М.Шеврель майды сілтілік ортада гидролиздеп, карбон қышқылдарына ыдырайтынын анықтады. М.Бертло (1854) кері реакция жүргізді. Глицерин мен карбон қышқылдарның қоспасын қыздырып май және су түзетінін тапты. Осы тәжірибелердің нәтижесінде майлар карбон қышқылдарының күрделі эфирлері деген қорытынды жасалды.





Майдың құрылысы


Майлардың жалпы формуласы:


Майлардың құрамына бірдей (R=R2=R3) немесе әртүрлі қышқылдардың қалдықтары кіруі мүмкін.
Майлардың көбісі, негізінен олеин C17H33COOH, пальмитин C15H31COOH және стеарин C17H35COOH қышқылдарынан түзілген. Құрамына қанықпаған карбон қышқылдары кіретін майлар қалыпты жағдайда сұйық болады. Оларға өсімдіктекті зығыр, күнбағыс т.б. майлары жатады. Жануартекті сұйық майлар сирек кездеседі; мысалы, қойдың майы. Жануартекті майлар құрамына қаныққан карбон қышқылдары кіреді, қалыпты жағдайда олар қатты ( тоңмай) болады, мысалы, қойдың майы. Бірақ пальма майы қатты. Майлардың жалпы атауы- триглицеридтер.





Химиялық қасиеттері


1. Майларға күрделі эфирлердің химиялық қасиеті тән. Сондықтан олар гидролиз реакциясына түседі.


2. Сілтілік гидролиз барысында жоғары карбон қышқылдарының тұздары және глицирин түзіледі.





Химиялық қасиеттері


Қанықпаған қышқылдардың триглицеридтері гидрлену реакциясына түседі. Сұйық майлардың гидрленуі арқылы өндірісте бағалы қатты майлар алынады.





Бекіту тапсырмасы


Дескриптор:
Білім алушы
- Майларды агрегаттық күйіне және шығу тегіне қарай орналастырады.


1-тапсырма. Майларды агрегаттық күйіне және шығу тегіне қарай орналастырыңыз. Какао майы, зәйтүн майы, кокос майы, соялық майы, балық майы, қойдың майы.


Қатты және жартылай қатты майлар


Сұйық майлар


Жануарлар майлары


Өсімдік майлары






Жауабы


1-тапсырма.


Қатты және жартылай қатты майлар


Сұйық майлар


Жануарлар майлары


қойдың майы.


балық майы


Өсімдік майлары


какао майы, кокос майы


зәйтүн майы, соялық майы


Дескриптор:
Білім алушы
- Майларды агрегаттық күйіне және шығу тегіне қарай орналастырады.





Бекіту тапсырмасы


Дескриптор:
Білім алушы
- Реакция теңдеуін жаза алады және гидролизденген майдың массасы мен өнімнің массасын анықтайды.


2-тапсырма. Май үлгісін (триолеат) гидрлеуге көлемі 336 л ( қ.ж) сутек жұмсалды. Гидролизденген майдың массасы мен өнімнің массасын есептеңдер?





Жауабы


Бер: V (H2)= 336 л
Т/к:


Шешуі:


67,2 л/моль


= 5 моль


m (C57H104O6) триолеат = 884 г/моль × 5 моль = 4420 г


Жауабы: 4420 г триолеин, 4450 г стеарин


884 г/моль


n =


336 л


(H2)


m(


)=?


m(


)=?


336 л


67,2л/моль


890 г/моль


m (C57H110O6) тристеарин = 890 г/моль × 5 моль = 4450 г