ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Квинке ісігі бұл аллергиялық реакцияның жайылмалы түрі, терінің барлық қабатында бұлшықетке дейін аллегриялық реакцияның жайылуымен сипатталады. Қолмен басып көргенде шұңқыр қалмайтын сұр инфильтрат пайда болады.
Квинке ісігінің себептері:
Тұқым қуалаушылық, шырышты қабаттың зақымдалуы
Аллергиялық реакция тудыруға қолайлы жағдайлар болса, науқаста қандайда бір химиялық және биологиялық сыртқы факторларға кенеттен жоғары дәрежедегі аллергиялық тітіркену пайда болғанда дамиды.
Антибиоиктер, йод препараттарын, тырысуға қарсы дәрілік заттарды, көз тамшыларын, анестетиктерді шамадан тыс қолданғанда.
Жәндіктер жұмсақ тері асты май қабаты орналасқан жерді шағып алса.
Құрамында бояғыштар мен әртүрлі консерванттар, әртүрлі қоспалары бар тағамдарды шамадан тыс қабылдау.
Гүлдейтін өсімдіктердің шаңдарынан жоғары аллергиялық реакция болғанда.
Жалпы симптомдары: кенеттен басталады, бүкіл денеде есекжемнің көрінісіне ұқсайтын өзгеріс байқалады: денеге әртүрлі өлшемдегі қызыл күлбіреуіктер шығады, олар қышиды.
Квинке ісігінің жиі кездесетін локализациясы: бет, мұрын, қас, ауыз қуысының шырышты қабаты, көмей, тіл, маңдай, ерін, сүт безі, сыртқы жыныс мүшелері.
Мысалы көмей ісінуі кезінде дауыстың өзгеруі, ит үрген сияқты жөтел, тыныс алудың прогрессирленген қиындауы болады.
Көмейдегі квинке ісігі кезінде тері түсі бастапқыда көкшіл реңді, одан соң бозарған күйге өзгереді. Себебі, көмей ісінуінде тыныс алу жеткіліксіздігінің орын алуы 80% дейін болуы ықтимал.