Файл: Математикалы жмба ііі кезе. азаты ататы математиктері туралы мліметпен блісу іv кезе. Кім жылдам.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-6 сыныптар арасында «Тапқыр достар» атты математикалық сайыс сабақ туралы
Ақпарат
2022 жылдың 1-қараша күні күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сай 5-6 сыныптар арасында математикалық сайыс сабағы өтілді. Сабақты математика пәні мұғалімі М.Каримова өткізді. Сайыс сабақ тақырыбы: «Тапқыр достар». Сайыс сабағының мақсаты: Оқушылардың логикалық есептерді шешу дағдылары, жылдам есептеу дағдыларын қалыптасады. Сабақ жоспарланған мақсатына сай өткізілді. Сабақ құрылымы 4 кезеңнен тұрады. «Тапқыр достар» сайысының шарттары төмендегідей болды:
Ұйымдастыру: шаттық шеңберін құрып, бір екіге санатып, екі топқа бөлінді.
І кезең. «Тез жауап » викториналық сұрақтар
ІІ кезең. «Математикалық жұмбақ»
ІІІ кезең. Қазақтың атақты математиктері туралы мәліметпен бөлісу
ІV кезең. «Кім жылдам» сұрақтарға жауап беру
V кезең. «Сөз тапқанға...» өз ойларымен бөлісу
Қорытынды
Сабақта алынған тапсырмалар математика пәні бойынша логикалық тапсырмалар мен өз ойларын қажет ететін сұрақтар мен тапсырмалары қамтылды.
Сайыс сабағына 5-6 сыныптар бойынша 6 оқушы қатысты, І топ жеңіске жетті, оқушылар белсенділіктерін танытып, сый-сыйапатқа ие болды.