Файл: Ксіптік даярлау, айта даярлау жне біліктілікті арттыру блімінде ауіпсіздік занамасын оыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 66

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші осы бапта көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдыруға жұмыскер келіскен жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.

Еңбектi қорғау дегенiмiз тиiстi заң және басқа да нормативтiк актiлердiң негiзiнде еңбек процесiнде адамның қауiпсiздiгiн, денсаулығы мен жұмыс қабiлетiн сақтауды қамтамасыз ететiн, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу-алдын алу шараларын бiлдiредi.

Кәсiпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен, фермерлiк шаруашылықтарымен және меншiгi мен шаруашылық жүргiзуi әртүрлi тұрпаттағы кәсiпорындар, оның iшiнде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер; кооператив мүшелерi, өндiрiстiк практикадан және өндiрiстiк оқудан өтушi жоғары оқу орындарының студенттерi мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушылары; әскери қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери қызметшiлер; үкiмнiң орындалуын бақылайтын органдар белгiлейтiн кәсiпорындарындағы жұмыс кезiнде сот үкiмiнен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесi үшiн ұйымдастырылған еңбек қызметiнiң кез-келген түрiне қатысушылар еңбектi қорғауға қақылы. Мүгедектер еңбегiн қорғау "Қазақ КСР-iнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңға сәйкес реттеледi.

Қазақстан Республикасының еңбектi қорғау туралы заңдары осы Заңның және басқа да заңдар мен еңбек қауiпсiздiгi және гигиенасы, өндiрiстiк орта жөнiндегi нормативтiк актiлерден тұрады. Егер халықаралық шарттарда (келiсiмдерде) еңбектi қорғауға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендегiден биiгiрек талаптар белгiленсе, халықаралық шарт (келiсiм) ережелерi қолданылады.


    1. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.


Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің осы қағидалары "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14 тармақшасына сәйкес әзірленген және уату-сұрыптау жылжымалы және құрастыру-бөлшектеу уату-сұрыптау және байыту қондырғыларын кесектеу (агломерация, брикеттеу, кесектеу), байыту, ұсақтау және пайдалану жөнінде қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою кезіндегі ұйымдастыру мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.

Қатты пайдалы қазбалардың қайта өңделуін жүргізетін ұйымның басшысымен мыналар әзірленеді және бекітіледі:

1) өндірістік бақылау туралы ереже;

2) технологиялық регламенттер;

3) аварияларды жою жоспары.

Жұмысқа қабылданатын барлық адамдар, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылатын адамдар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде нұсқама, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен дағдыларын оқыту, зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету жүргізілуі тиіс.

Жұмысшылар мен мамандарды олардың мамандықтарына сәйкес арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жарамды қорғау дулығаларымен, көзілдірікпен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды міндеттеу қажет.

Кез келген жұмыскер жұмыс басталмас бұрын өз жұмыс орнының қауіпсіз күйде екеніне көз жеткізуі, жұмысқа қажет қорғағыш құрылғылардың, қорғау құралдарының, аспаптардың, тетіктердің және жұмысқа талап етілетін құрылғылардың бар болуын және жарамдылығын тексеруі тиіс.

Жабдықтың жұмыс істеп тұрған орындарын және оларға барар жолдарды адамдардың, машиналар мен тетіктердің қозғалуын қиындататын заттармен үйіп тастауға жол берілмейді.

Ұйым басшысының жазбаша рұқсатынсыз тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін (электр қосалқы станцияларын, сутөкпелерді, калориферлі қондырғыларды, қазандықтарды) тоқтатуға жол берілмейді.

Тікелей цехтарда, жұмыс істеп тұрған тетіктердің қауіпті аймағында, көлік жолдарында, жабдықтарда демалуға жол берілмейді.

Барлық қызмет көрсететін алаңшаларды, өтпелі көпірлер мен баспалдақтарды берік, орнықты етіп орындау және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы және көлденең шабағы бар (тік баспалдақтардан басқа) биіктігі кемінде 1 м таянышпен жабдықтау қажет.



Баспалдақтардың ені кемінде 0,6 м, сатылардың биіктігі 0,3 м астам емес, сатылардың ені кемінде 0,25 м болып орнатылады. Сужиғылар мен құдықтарда қапсырмаларды пайдалануға жол беріледі.

Үй-жайларда және ұйым аумағында орналасқан барлық құрастыру ойықтары, жертөлелер, сужиғылар, құдықтар, орлар және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы бар биіктігі 1 м таяныштармен қоршалған немесе барлық үстіңгі қабаты бойынша төсеніштермен (торлармен) жабылды, ал қажетті орындарда ені кемінде 1 м өтпелі көпірлермен жабдықталуы тиіс.

Құбырлар, науашалар, коммуникациялар жұмыс алаңшаларына кедергі келтірмейтіндей, ал олар өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса еден деңгейінен кемінде 2,0 м биіктікте орналасады.

Реагентөткізгіштер өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса, соңғыларында табандық болуы тиіс: өтетін жер деңгейінен (жұмыс алаңшасы) табандықтың шығып тұрған бөлігіне дейін ең төменгі биіктік – кемінде 1,8 м.

Қашықтықтан басқарылмайтын бекітпе арматурасына қызмет көрсету және еден деңгейінен 1,5 м биіктікте орналасқан бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану үшін ені кемінде 0,8 м стационарлық алаңшалар орнатылады.

Машиналар мен аппараттар және қабырғалардан жабдық габариттеріне дейінгі ең төменгі қашықтық мынадай болуы тиіс:

1) негізгі өтетін жерлерде – кемінде 1,5 м;

2) машиналар арасындағы жұмыс өту жерлерінде – кемінде 1 м;

3) қабырға мен машиналар арасындағы жұмыс өту жолдарында - кемінде 0,7 м;

4) машиналар арасындағы және қабырға (құрылыс құрылымдары) мен машина арасындағы қалыпты жұмыс өту жолдарын сақтағандағы жергілікті тарылу – кемінде 0,7 м;

5) қызмет көрсету және жөндеу үшін арналған бактарға, шандарға және резервуарларға арналған өту жолдарында – кемінде 0,6 м.

    1.   1   2   3   4


Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық.

Осы қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14-29 тармақшасына сәйкес өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу тиянақтайды. Нұсқаулықта терминдер мен олардың анықтамалары Заңда белгіленген мағынада қолданылады.

Әрбір қауіпті өндірістік объект үшін Жоспар әзірленеді. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдар жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі (бұдан әрі - авариялық-құтқару қызметі) келісуге ұсынады. Жоспар қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметімен тікелей келісіледі.

Жоспарда мыналар көзделеді:

1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;

2) авариялардың пайда болуының бастапқы сатысында оларды жою жөніндегі іс-шаралар;

3) авария туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы;

4) авариялық-құтқару қызметінің іс-қимылы;

5) аварияға қарсы жаттығулар мен оқу дабылдарын өткізу кестелері;

6) авария болған жағдайда құлақтандырылатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі;

7) қауіпті өндірістік объектінің схемасы көрсетіледі.

Аварияға қарсы жаттығулар (бұдан әрі-жаттығулар) пайдалану құжаттамаларының және жөндеу-пайдалану паспорттары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нұсқаулықтардың талаптарын қолдана отырып, персоналдың практикалық дағдылары мен технологиялық бұзушылықтар туындаған кезде өз бетінше, тез және техникалық сауатты әрекет ету қабілетін алу мақсатында жүргізіледі. Персоналдың өз бетінше және ұжымдық іс-қимылдар негізінде авария мен оқыс оқиға кезінде қауіпті өндірістік факторлардың дамуын жою және алдын алу қабілетін тексеру мақсатында оқытудың және персоналмен жұмыс істеудің міндетті нысаны ретінде аварияға қарсы жаттығуға қатысу болып табылады.


Аварияға қарсы жаттығу Жоспардың әрбір позициясы бойынша объектінің қызметкерлерімен және персоналымен жүргізіледі. Аварияға қарсы жаттығулар объектідегі жұмыс режимін бұзбай жүргізіледі.
Жаттығуды өткізудің мақсаты объектінің авариялар мен инциденттерді жоюға дайындығын, персоналдың жою кезіндегі өз іс-қимылдарын білуін тексеру болып табылады.

Аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді, онда аварияға қарсы жаттығудың барысы бойынша ескертулерді жою жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар көрсетіледі. Аварияға қарсы жаттығуды талдау нәтижелері бойынша объектідегі жоспарда анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.

Жоспардың тиімділігін тексеру мақсатында әрбір объектіде жылына кемінде бір рет объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесін шақыра отырып, оқу дабылы жүргізіледі.

Оқу дабылын жүргізу объектіде жүргізілетін жұмыстардың, авариялар туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етудің бұзылуын тудырмайды.

Оқу дабылы аяқталғаннан кейін тексерушілер объектінің бақылаушыларымен, басшыларымен және персоналымен, "аварияны" жоюға қатысқан авариялық-құтқару қызметінің тиісті бөлімшелерінің командирлерімен бірлесіп оқу дабылын талдауды жүргізеді.

Бақылаушылар объектінің тексерілетін учаскесіндегі Ереженің Жоспарға сәйкестігі туралы, учаскенің, авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің техникалық персоналының дайындығы туралы баяндайды.

Жүргізілген оқу дабылы туралы Акт ұйым басшысына, тексерілетін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің командиріне тапсырылады және оған бағалауды көрсете отырып және жүргізілген оқу дабылы бойынша ұсыныстар енгізе отырып, оқу дабылын жүргізуге қатысқан уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі қол қояды.


  1. Байыту фабрикасы туралы негізгі мәліметтер

№1, 2 Жезқазған байыту фабрикалары Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында орналасқан.

№1,2 Жезқазған байыту фабрикасы "Қазақмыс" корпорациясы құрамына енеді. Байыту фабрикасы 1954 жылы іске қолсылған.Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша ең ірі мыс кенін байытушы кәсіпорны болып табылады.