Файл: Ксіптік даярлау, айта даярлау жне біліктілікті арттыру блімінде ауіпсіздік занамасын оыту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құрғату процесінде сусыздандыру жылу энергиясымен суды буға айналдыру арқылы жүргізіледі. Қойылдыру және сүзу процестерімен салыстырғанда құрғату процесі қымбат түрады. Сондықтан ол сүзуден кейін заттың ылғалдығы қажетті мөлшерге жетпегенде ғана қолданылады. Құрғатуға тек концентраттар ғана түседі. Жылу энергиясының көзі ретінде табиғи газ, мазут не көмір шаңы қолданылады. Жалпы құрғатқыш түрлері көп.
Зат газбен жақсы араласу үшін барабанның ішкі қабырғасына оны жоғары кетеріп шашатын әртүрлі пішінді қондырғылар бекітілген. Барабнанның ақырын айналу кезінде зат біртіндеп құрғатылып, жылжып оның төменгі шетінен шығады. Буға айналған су газбен бірге шығады. Сондықтан газ атмосфераға шығарылу алдында міндетті түрде тазалануы қажет: біріншіден атмосфера былғанбауы керек, екіншіден шаңда бағалы заттың үлесі үлкен. Газ ағынымен көтерілмейтін тым ірі түйіршіктер трубаның түбіне жиналып арнаулы затвор арқылы шығарылады. Трубалы құрғатқыштарға ірілігі 10-15 мм-ден аспайтын зат түседі. Олардың диаметрлері 0,8 -1,5 м, ал биіктігі 15-25м аралығында өзгереді.
-
Шаңсыздандыру процессі
Шаңнан тазарту қажеттілігі әр түрлі себептерге байланысты. Байыту фабрикаларына түсетін кендердің құрамында оларды қазып алу процесінде, ұсату процестерінде пайда болатын шаң болады. Егер кен ауамен байытуға түсетін болса, ол алдын-ала шаңнан тазартылуы қажет. Бірақ кен ылғалдылығы 3-5 %-дан асса ұнтақты шаң түрінде айыру қиын. Сондықтан кейінгі байыту процесі тек сулы ортада жүргізіледі, ал ұнтақ шлам түрінде бөлінеді.
Шаң бөлу ортадан тепкіш күш пайда болатын камералы, жалюзді және басқа аппараттарда ауа ағыны күшімен жүргізіледі. Шаң қандай мақсатпен бөлінсе де ол ауамен бірге атмосфераға шығып оны былғамау керек. Сондықтан бөлінген шаң әрдайым ауадан бөлініп ұсталуы қажет. Шаң қандай құрамды болмасын адам организміне өте зиянды.
Шаң кейінгі байыту процестеріне айтарлықтай кемшілік келтірмегеннің өзінде организмге зияны тимес үшін ұсталуы қажет. Байыту фабрикаларында ең көп шаң ұсату және елеу процестерінде, тасушы конвейерлерден екінші
бір аппараттарға түскен жерлерде шығады. Сондай жерлері әдетте әртүрлі әдіспен қауыпсыздандырылады. Мысалы, ұсатқыштар үстері, баскада жерлер қалқалармен қоршалынып, шаң сорғыш вентилятормен жалғасады. Одан шыққан шаңды ауа шаң ұстағыштарға түседі.
Құрғату процесінен шығатын шаң тек ауа тазарту үшін ғана емес, онда бағалы зат үлесі жоғары болғандықтан (ол концентратқа бөлінген шаң) шаңды концентратқа қайта қосу үшін ұстатылады.
Шаң ұстау көпшілік жағдайда бірнеше аппараттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Әр аппаратта ірілігіне қарай шаңнын әр түрлі ірілікті фракциялары ұсталады.
Жұмыс принциптеріне қарай механикалық және электрлік шаң ұстағыштарға бөлінеді. Механикалық шаң ұстағыштарда гравитациялық күш, ортадан тепкіш күш және сүзу қолданылады. Ірілігі 0,1 мм-ден арттық түйіршіктер ірі шаңға жатады. Олар шөгілдіргіш камераларда және циклондарда ұсталады. 0,1-0,1 мм ірілікті шаң сулы ұстағыштарда, бірнеше сатылы циклондарда, не сүзу арқылы ғана ұсталады.
Шаң ірілігі 0,01мм-ден аз болса тек ұсақ саңлаулы матадан жасалған сүзгіштен, электрлі сүзгішпен не сулы ортадан өткізіп ұстауға болады. Ірілік 0,0001 мм-ден төмен болса тек электрлі сүзгіш не сулы ұстағыштарғана қолданылады. Көпшілік жағдайда шаңды ауа алдымен шөгілдіргіш камерадан, одан кейін циклондардан, ақырында не маталы сүзгіштен, не электрлі сүзгіштен, кейде сулы ортадан өткізіледі. Шөгілдіргіш камераларда ең ірі түйіршіктер шөгеді. Оның көлденең қиық ауданы оған шаңды ауаны түсіретін труба диаметрінен көп үлкен. Соның нәтежиесінде ауанын қозғалу жылдамдығы камерада шұғыл төмендейді. Түйіршік салмақ күшімен камера түбіне шөгеді, ал ұнтақ шаңды ауа келесі аппаратқа түседі.
Қорытынды
Өндірістік мамандық профильді тәжірибесінің өтілуі оқу процесінде маңызды болып келеді. Өтілу уақытында болашақ кен байытушы оқу уақытында үйренгенің, білімін және қабілетін тәжірибе жүзінде көрсетеді.
Өндірістік тәжәрибенің негізгі мақсаты:
-
-мамандық байынша практикалық тәжірибе алу -
-ЕҚ және ӨҚ ережелерінің дұрыс сақталуы және т.б.
Жезқазған байыту фабрикасы №1-де оның ішінде бас корпусы №1-де өндірістік тәжірибе өтілді. Тәжірибе уақытында флотация және ұсақтақтау процестері қаралды. ЖБФ №1-ге кен ашық карьерлерден келетіндіктен қалданылатын аппараттар мен машиналар ЖБФ №1-ге қарағанда үлкен болып келеді.
КД-1 ден келген кеннің бірінші бункерден ұсақтау процесіне түсуін бақыладық. Ұсақтауға тұскен кен конвейер бойынша стержінді диірменге барады. Конвейердін астында таразы орналасқан, ол сағатына қанша тонна кен жүретінің көрсетеді. 1-3 секцияда, 4-6 секцияда және 7-10 секциядан 150 т/сағ кен журеді, ал 10-12 секцияда 100 т/сағ кен жүреді. Диірменнен шыққан құм жартылай батқан 2 және1 спиральді классификаторлардан өтеді.
Флотация бөлімінде механикалық және пневмомеханикалық ауа арқылы жұмыс істейтін флотомашиналар қолданылады. Қолданылатын флотомашиналар отандық Қазақстанда өндірілген КЛМЗ, Ресейлік РИФ және қазіргі уақытта жаңадан келіп қосылып жатқан Турциялық МЕК флотомашиналары. Флотоция процесінде 1 секцияда яғни Блок №1де жаңадан келген АЭРО реагенті қосылған болатын. Негізгі қолданылатын реагенттер ОПСБ, Күкіртті натрий, Ксантогенат және Машина майы. ОПСБ көбіктендіргіш реагенті 60 г/т, Күкіртті натрий активтендіргіш реагенті 65 г/т, Ксантогенат жинағыш реагенті 70 г/т қолданылады.
Тәжірибе бойынша ЕҚ және ӨҚ ережелері сақталып, мамандық бойынша флотация, ұсақтау процестері қаралып жұмыс жасалды.
Қолданылғын әдебиеттер
-
Көшербаев Қ. Т. Кен байыту негіздері: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дэуір», 2011.- 304 бет. -
М.Д. Дюсенбаева, В. В. Меркулов, Ж.Ж.Шопанов /«Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)» мамандығы, «Техник-технолог» біліктілігі: оқу құралы. Нұр-Сұлтан: «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2020 ж. – 305 б. -
Технологическая инструкция ТИ 3518 РК 050140000656-03-16-03-2022