Файл: Таырыбы Ертеіді ойласа есірткіге жолама Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 44

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама»
Мақсаты: Ұлттық намысты аяқ асты ететін,адам денсаулығына зиян келтіретін пиғыл-ниеттер темекі мен ішімдік, есірткінің қоғамға, тигізетін зияндарын оқушыларға түсіндіру.
Жас ұрпақты жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға , ар-ұятты кіршіксіз сақтап,көргенді,үлгілі, өнегелі болуға тәрбиелеу.
Түрі: 
Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты

Көрнекіліктері:АКТ,нақыл сөздер,слайд,көрініс,постер

Сыныбы:6«В»
Жоспар:

1.Кіріспе:(шаттық шеңберіне тұру,топқа бөлу)

2.Негізгі бөлім:
Есірткі жас өмірді улайды(әр топ осы тақырыпта постер қорғайды) Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама(сынып оқушыларының өлең шумақтары) Аяқталмаған ой(Бақытты өмір – бұл...)

3.Қорытынды: Рефлексия
Кері байланыс.

1.Кіріспе

Жүргізуші: Құрметті оқушылар!
Бүгінгі 6 сынып оқушылары өткізгелі отырған «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Нашақорлық - ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Сондықтан біздер заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.


Шаттық шеңберіне тұрып,тәрбие сағатымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.
1 2 3 4 5 6 7 8
С Ә Т Т І Л І К!(8 оқушы шығып,бір-бір әріптен алады.)
1.Сыйластық, сенімділік,сыпайылық, сөзшеңдік. 2.Әдептілік.әдемілік 3.Тапқырлық, тәкәппарлық. 4.Төзімділік,табандылық. 5.Ізеттілік. 6.Лайық. 7.Іскерлік. 8.Күштілік, көрегендік, кеңпейілдік, т.б.
Жарайсыңдар ,осындай жақсы қасиеттер өн бойларыңнан әрқашан табылсын!
2. Негізгі бөлім.

Есірткі – жас өмірді улайды (әр топ осы тақырыпта өз ойларын айту)

1-топ: Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т. б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез - келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады.

Есірткі түрлерінің әрқайсысының әсері әр түрлі. Ацетон және желім секілді түрлі еріткіштерді иіскеп ләззат алатындар да бар, нашақорлықтың бұл түрін «токсикомания» деп атайды. Токсикоманияға айналған баланың қимыл - қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болады, орынсыз күле береді. Жиі иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, ызақор болып кетеді. Транквилизаторларды, яғни тыныштандырғыш дәрі - дәрмектерді пайдаланса, баланың өңі қашып, сөйлеу мәнері өзгеріп, дөрекілік таныта бастайды.

2-топ: Жасөспірімдердің осы жолға түсіп, тығырыққа тірелуінің себебі неде? Қатыгез әлемде пана іздеген бала ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп - оңай - ақ түседі. Бала іші - бауырына еніп, жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркім - ге еліктегіш. Жұлдыздардың ішінен өзіне ұнағанын пір тұтады. Егер оның жұлдызы есірткінің дәмін тартып көргенін білсе, ол да қалыспауға тырысады. Еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Өнеріне табынамын деп, өмірінен үлгі алудың қажеті жоқ. Өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, үлгілі жанұяның мүшелері де есірткінің жетегінде кете барады. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!
Аяқталмаған сөйлем
Бақытты өмір – бұл... 
               Өмірің болсын десең сенің сәнді
               Ойланып, айналаңа қара мәнді.
               Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
               Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
               Салауатты мақсатың - өмір сүру,
               Өмірдің мағынасын керек білу.
               Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
               Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру 
(слайд бойынша):

-Қазіргі кезде елімізде темекі шегу, нашақорлыққа әуестік,маскүнемдікке салыну оларға қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналып отыр.Жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстау үшін сіздерге осылар туралы мағұлмат бергім келеді.

Темекінің зияны туралы мағлұматТемекінің түтінінде  өте улы зат никотин бар. Шылым шеккенда адам ауамен бірге  темекінің де түтінін жұтады.Бұл  түтіннің ішінде улы газ , шаң, және күйе боладыАлғашқы рет темекі тартқанда адам уланады.Егер темекіні үй ішіне тартса  оның зардабын үй ішіндегілер көреді. Бөлмедегі, ауадағы темекі түтіні  иммунитетті төмендетеді.  Осылайша адам өз өміріне зиян келтіреді.



Слайд:Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын , никотинмен уланбаған  адамның таза өкпесі, ал мынау темкінің  никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған.Осылай біртіндеп рак ауруына шалдығуы мүмкін.

Арақтың зияны туралы мағлұмат.Алкоголь-этил спирт наркотиктер құрамына жататын және барлық ішімдіктер құрамында болады. Оны ішкен кезде  аз уақыттың ішінде  адамның көңіл-күйі көтеріліп, бір-екі рет ішкеннен соң сылтауратып тағы да ішкісі келіп тұрады. Алкогол әсіресе жас балалардың жүйке жасушаларына  өте зиянды.Арақ- адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді арамдыққа және қылмысқа итермелейді.Арақ ішетін адамның балалары дүниге келгеннен кейін ақыл есі кем, ұмытшақ ауруға тап болады. Алкогольді көп мөлшерде немесе бір рет қана ішудің өзі адам миын қайталанбас күйге душар етеді.
Нашаның зияны туралы .Нашақорға түскен адам өзінің азаматтық, адамгершілік қасиетін жоғалтып, имандылықтан біртіндеп айырылады, психикалық жағынан  күйзеліске  ұшырайды, достьарын отбасын жоғалтады. Есірткі сананы улайды, есірткіге тәуелділік пайда болған кезде , нашақор қандай жолмен болса да  табуға әрекет жасайды. Осылайша қылмыстық ортаға қалай тап болғанын білмей қалады.
Есірткізаттардықолданудыңкейбірбелгілері: 
      -  ашу-ызаның шапшуы, көңіл-күйінің өзгеруі, тұрақтап бір жерде отыра алмау.
      - өз-өзіне немқұрайлы болу;
      -  қалыптан тыс шаршап-шалдығу және түнде ұйықтамау;
      - ақша немесе зат ұрлау;
      - ақшаны шамадан тыс жарату, қарызға алу;
      - дәмге тәбеттің болмауы;
      - шамадан тыс сөйлеу, әсерлену, көтеріңкі қалып;
      -  жалған айтудың артуы немесе тұйықталу, жасырыну;
      - кенеттен жаңа достардың пайда болуы;
      -  нашақорлар ортасында айтылатын сөздерді қолдану;
      - көз қарашығының ұлғаюы және тарылуы. Бірақ бүгінгі күні жасөспірімді басқа мәселе - "Есірткі және ЖҚТҚ/АҚТҚ (ВИЧ)" алаңдата бастады

Бұндай ауруға ұшыраған адам мынадай күйге түсуі мүмкін.

Жасөспірімдердің жаман әдеттерді бастау себептері:
А) топқа еліктеу
ә) жеке ұнатқан адамына еліктеу
б) ересек болуға тырысу
в) Өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу
г) ата-аналардың  баланың бос уақытында немен айналысатынын білмеуінен
ғ) Жасөспірімдердің көпшілігі  олардың яғни арақтың, темекінің, нашаның  зиянын білмегендігінен  .


Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығына жастайынан қамқор болуымыз қажет.
“Ақша жоғалтқаның-ештеңе жоғалтпағаның , Уақыт жоғалтқаның –көп нәрсе жоғалтқаның, Денсаулық жоғалтқаның –бәрін жоғалтқаның”

Дені сау бала әр отбасының қуанышы, бақыты.Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі”-деп Сара Назарбаеваның сөзімен аяқтағым келеді.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Мұғалім сөзі:
Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар - кісінің көз жасынан, қайғы - қасіретінен алтын ақша сауып отырған қаныпезерлер.
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көк өрім жастар.
Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осы шөптен жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адам өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.

 
«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль.
Білсең достар, арақ,шылым-дұшпаның,
Мықты болсын оған деген ұстаным.
Жырақ жүрсең аулақ салып іргеңді,
Бақытыңның жолын тауып ұққаның,

Сергіту сәті(сынып ортаға шығып билейді)

3.Қорытынды бөлім.

Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)

Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ өмірімізге неге балта шабамыз?
Хормен:
Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Кері байланыс.

Мұғалім сөзі:
1. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай сезімдер тудырды?(стикерге өз ойларыңды жазып тақтадағы бетшелерге жапсырамыз.)

Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- дей отырып,
бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.