Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Практикалы тапсырмалар 11саба.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: 4.5. Практикалық тапсырмалар
№11-сабақ.
Бөлім: | 4-бөлім. Роботтардың жарысы | |||
Педагогтің аты-жөні: | | |||
Күні: | | |||
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | 4.5. Практикалық тапсырмалар | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.3.3.5 объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчикті пайдалану; 5.3.3.4 робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану. | |||
Сабақтың мақсаты: |
| |||
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау. 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. | |||||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Робот құрауда және программасын жасау кезінде қай пәндерден алған білімің көмегін тигізді? | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | ||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 31 мин. | Жеке практикалық жұмыс орындау. Берілген робот программасына талдау жасаңдар. 1-тапсырма. 2-тапсырма. 3-тапсырма. Дескриптор: 3 балл.
Жұптық жұмыс 4-суретте берілген робот жобасының программасын талдаңдар. Әрбір командалық блоктың қызметін анықтаңдар. Төмендегі робот программасын құрастырыңдар. Программаны роботқа орнатып, жұмысын тексеріңдер. Дескриптор: 4 балл.
Жұптық жұмыс «Ойланғыш» робот жобасы. Адамдардың кейбірі бір орнында отырып ойланса, ал кейбірі бөлменің бір бұрышынан екінші бұрышына тоқтаусыз жүріп ойланады. Бұл адамның ойлау іс-әрекеті мен қозғалысының өзара байланысынан туындайды. Адамның дәл осы қимылын «Ойланғыш» робот жобасы арқылы орында. Компьютерде (ноутбукте) Lego Mindstroms EV3 программасын іске қосыңдар. 1. Файл – Новый проект (Жаңа жоба) командаларын орындап, жаңа жұмыс алаңына ауысыңдар. 2. Робот қозғалыс кезінде қабырғаға жақындағанда артқа бұрылады. Екінші қабырғаға жол тартатын және қайтадан артқа қайтатын программаның командалық блоктарын құрастырыңдар. Lego Mindstroms EV3 жинағынан дайындалған түрлі жобалар 5-суретте берілген роботтар жобасына талдау жасаңдар. Төмендегі робот программасын құрастырыңдар. Программаны роботқа орнатып, жұмысын тексеріңдер. Дескриптор: 3 балл.
программа жұмысын тексереді. | |||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. | | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |