Файл: Жерді магнит рісі индукциясыны горизонталь раушысын анытау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 475
Скачиваний: 10
(1)
-
өрнектен магнит индукция векторының өлшем бірлігін алуға болады:
| Шама | ХБЖ | СГС |
| Индукция | 1 тесла=104Гс | 1 гаусс=10-4 Тл |
| Кернеулік | 1 ампер/метр=0,0126 Э | 1 эрстед= 79,5775 А/м |
Жердің магнит өрісі. Жердің өзінің магнит өрісі бар, Гилберттің тұжырымдамасы бойынша Жер – үлкен магнит. Жердің магнит өрісі 3R қашықтыққа дейін(R – Жер радиусы) полюсте өріс кернеулігі 55,7 А/м (0,70Э) болатын біртекті магниттелген шар өрісіне сәйкес келеді, және экваторда 33,4 А/м (0,42 Э). Геомагнитті өріс индукциясы 70 тен 40 мкТл-ға дейін магниттік полюстен экваторға қарай кемиді. Үлкен қашықтықтарда Жер өрісі күрделі құрылымға ие. Магниттік ось географиялық оське қарай 11,5° иілген.Жердің магнит өрісі бар екендігі Жердің сұйық металл ядросындағы өтіп жатқан процестермен түсіндіріледі.
| Жер магнетизмінің құраушылары. 3 сурет. Жер магнетизмінің құраушылары. | Берілген нүктедегі Жердің магнит өрісі шамасы туралы толық түсінікті, жер магнетизмінің элементтері деп аталатын үш шаманы біле отырып қана алуға болады: магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысы, магниттік еңкеюдің және магниттік иілудің мәндері. Магниттік еңкею (3 сур.) – жер беті нүктесіндегі географиялық және магниттік меридиан арасындағы D бұрыш. Егер магнит тілшесінің солтүстік ұшы географиялық меридианнан шығысқа қарай ауытқыса, онда магниттік еңкею оң болып саналады, ал егер батысқа қарай ауытқыса теріс болады. |
векторының ОХ осіне проекциясы солтүстік құраушы деп аталады (Вх белгіленеді), ΟΥ осіне проекциясы шығыс құраушысы деп аталады (Byбелгіленеді), ал OZ осіне проекциясы – тік құраушы деп аталады (Bz):
,
. (8)
Егер магниттік тілше тік ось айналасында еркін айнала алатын болса, онда ол магниттік меридиан жазықтығында Жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысы әсерінен орныққан болады.
Берілген жұмыста Жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысын анықтау үшін тангенс-гальванометр қолданылады.
Тангенс-гальванометр центрінде тік ось бойынша магниттік тілше орналасқан катушкадан тұрады. Тілше мөлдір қақпағы бар дөңгелек қорап ішінде еркін айнала алады (компас). Контур бойынша қорап түбі дөңгелек бұрыштық градустармен градуирленген шкаламен белгіленген.
Катушка N орамнан тұрады және оның диаметрі тілше ұзындығынан әлдеқайда үлкен. Егер катушка бойымен I ток ағатын болса, онда оның центрінде индукциясы мынаған тең магнит өрісі туындайды:
,(9)
мұндағы r – катушка радиусы.
векторы катушка жазықтығына перпендикуляр. Егер тангенс-гальванометрдің катушкасының жазықтығын магниттік меридиан жазықтығына орналастырса, онда магниттік тілше қорытқы өріс
бағытына орналасады
(4 сур.).
4 сурет. Тангенс-гальванометр магнит тілшесінің бағыты.
Суперпозиция принципі бойынша бұл өріс қосылатын өрістердің векторлық қосындысына тең: Жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысы
және катушканың магниттік индукциясы
.
4 суреттен мынаны табуға болады:
. (10)
(9) және (10) өрнектерден мынаны аламыз:
. (11)2. ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫЖердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысын анықтау үшін ЭиМ-М-Л5 моноблогы, «Тангенс-гальванометр» модулі қолданылады. Зертханалық қондырғының сыртқы түрі 5 суретте көрсетілген.5 сурет. Зертханалық қондырғы «Жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысын анықтау».Моноблок мыналардан тұрады:
-
0 ден + 15В аралығында реттелетін тұрақты кернеу көзі; -
ток бағытын ауыстырып қосқыш; -
миллиамперметр; -
беттік панельде - Жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысын анықтау үшін өлшеу жүргізудің функционалдық сұлбасының суреті.
-
ЭиМ-М-Л5 моноблоктың 1 және 2 ұяшығына «Тангенс-гальванометр» модулін қосыңыз. «Тангенс-гальванометрді» моноблоктан және басқа да өзінің жеткілікті күшті электромагниттік өрісі бар аспаптардан алыс орналастыруға тырысыңыз. -
«Тангенс-гальванометрдің» катушка жазықтығын Жердің магнит меридиан жазықтығына орнатыңыз, яғни магниттік тілше катушка орамы жазықтығына С және Ю көрсете отырып орналассын. -
Кернеу регуляторын сол жақтағы шеткі жағдайға орнатыңыз (минимал кернеу). -
Корпустың сол жақ бүйіріндегі «Сеть» батырмасы көмегімен моноблокты қосыңыз. -
S1 ауыстырғыш - қосқышты 1 жағдайға келтіріңіз. Кернеу регуляторымен тілше 5° кем емес ауытқитындай тізбекте ток орнатыңыз. Тілшенің тепе-теңдікке келуін күтіңіз және оның ауытқу бұрышын тіркеп алыңыз. -
S1 ауыстырғыш - қосқышты 2 жағдайға келтіріңіз және тура солай тілшенің ауытқу бұрышын тіркеп алыңыз.