ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.08.2021

Просмотров: 385

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім бағасының критериі**

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

* Ескерту: Кредиттік жүйеде білім алушылар үшін.

**Ескерту: ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер» негізіндерінде құрастырылған.

  • Пән бойынша интегралды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі:

Ағымды бағалар білім алушыға орындаған әрбір тапсырмаға/бөлімге (бірнеше сабақ кіретін интегрирленген тақырып) оқытушымен оқу журналына 100 балдық шкала бойынша қойылады. Әрбір тапсырмаға/ бөлімге ағымды бағаларды қою барысында оқу жұмысының барлық түрлері (аудиторлық, ауториядан тыс) сонымен бірге, клиникалық пәндер үшін- кезекшілік ескеріледі. Пән бойынша межелік бақылау кафедрада СОӨЖ уақытында жүргізіледі. Тәжірибелік орталығында меңгерген дағдылардың орташа бағасы қосымша межелік бақылау дағдылар ретінде қойылады. Пән бойынша межелік бақылауда оны жазғанға дейін барлық өткен материалдар, сонымен бірге СӨЖ және СОӨЖ сұрақтары қамтылады. Межелік бақылау өткізу түрі - жазбаша жұмыс. СӨЖ тақырыптық жоспарға сәйкес жүргізіледі және әрбір кредиттің сонында тапсырылады.


Аралық үлгерім рейтингісі (жіберілу рейтингісі) барлық ағымды бағалар мен межелік бақылаудың орташа арифметикалық бағасын шығару арқылы есептеледі. Себепсіз босатқан сабақтар өтелмейді. Егер босатқан сабақ саны сол тапсырмаға/бөлімге кіретін тәжірибелік сабақтардың жалпы санының 50% және одан жоғары пайызын құраса оқушы тапсырманы/ бөлімді тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.

Себеппен босатқан сабақтар өтеледі. Босатылған лабораториялық жұмыстар, тәжірибелік сабақтар тапсырманы/бөлімді тапсырғанға дейін өтеледі. Себеппен босатылған сабақтар өтелмеген жағдайда олар себепсіз болып есептеледі. Себеппен босатқан тақырыптарды кеңес беру мен кафедраның білім алушылармен жеке жұмысының кестесі бойынша кезекші оқытушыға ауызша түрде тапсырады. ТДО босатқан сабақтар ТДО кеңес беру және білім алушылармен жеке жұмыс істеу жоспары бойынша өтеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (дифференцирленген сынақ, емтихан) жіберілу рейтингісі 50% құраған білім алушылар жіберіледі. Егер жіберілу рейтингісі 50% төмендә құраса, емтихан парағына жәберілмеген деп жазылады. GPA есептегенде қорытынды бақылауға жіберілмегендер «0» деп есептеледі.

Пән бойынша білім алушының академиялық рейтингісі академиялық немесе оқу жылында аралық бақылау рейтингісінен (0,42), межелік бақылау рейтингісінен (0,18) құралады, ол пән бойынша қорытынды бағаның 60%, және қорытынды бақылау рейтингісінен (0,4), ол пәннің қорытынды бағасының 40% құрайды. Ол мына формула бойынша БАР=0,42хАҮР+0,8хМБР+0,4хҚБР есептеледі.

Тәжірибенің барлық түріне БАР ҚБР тең. Оқу-өндрістік және кәсіптік тәжірибе бойынша дифференцирленген сынақ өткізу барысында ҚБР 100 балдық жүйе бойынша бағаланады. Тәжірибе бойынша екі жетекші тағайындалғанда қорытынды баға қойылады: тәжірибе базасының жетекшісінің бағасы қорытынды бағаның 40%, университет жетекшісінің бағасы қорытынды бағаның 60% құрайды: ҚБР=0,6хa+0,4хb. Қанағаттанарлықсыз ҚБР (50% төмен) алған жағдайда академиялық рейтинг есептелмейді, және блім алушы пәнді қайта оқуға жіберіледі.


Акушерлік және гинекология кафедрасында сабақтың барлық түрлерін бағалау ережелері

Ағымды бағалар білім алушыға орындаған әрбір тапсырмаға/бөлімге (бірнеше сабақ кіретін интегрирленген тақырып) оқытушымен оқу журналына 100 балдық шкала бойынша қойылады. Әрбір тапсырмаға/ бөлімге ағымды бағаларды қою барысында оқу жұмысының барлық түрлері – тәжірибелік сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ ескеріледі.

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы, АG 4303 Акушерлік және гинекология пәні, курс IV, 9 кредиттен тұрады, ол 9 бөлім. Бөлім бойынша бағаға кредит бойы тәжірибелік сабақтардан, СОӨЖ, СӨЖ алынған бағалардың орташа бағасы кіреді.

АG 4303 Акушерлік және гинекология пәні бойынша барлығы 9 баға қойылады. Бұл баға

PLATONUS жүйесіне қойылады. АG 4303 Акушерлік және гинекология пәні бойынша жіберілу рейтингісі барлық бөлімдерден алынған бағалардың және МБ (3 МБ мен ТДО сабақ бағасы) орташа арифметикалық бағалардан есептеледі.



1-9 кредит келесі тапсырмаларды орындаған жағдайда, барлық бөлімдер бойынша бағаланады:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатысу, меңгерілген материалдар бағалары және жұмыстың барлық түрлерін (МБ, ТДО) орындау міндетті түрде болуы керек.

2. Тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау қажет. Ол силлабуста көрсетілген СОӨЖ орындау түріне сәйкес білім алушыда қағаз түрінде болуы керек.

3. № 1-10 тақырыптар бойынша СӨЖ орындау міндетті түрде қажет. Ол силлабуста көрсетілген СӨЖ орындау түріне сәйкес білім алушыда электронды және/ немесе қағаз түрінде болуы керек. СӨЖ, СОӨЖ тақырыптарының сұрақтары пән бойынша межелік және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізледі.

СОӨЖ тапсыру мерзімі әрбір тәжірибелік сабақтың соңына дейін, СӨЖ тапсырмалары оның орындалу түріне байланыссыз бөлімнің соңғы күніне дейін тапсырылу керек.

Бұл пункттерді орындамаған жағдайда СОӨЖ мен СӨЖ баға 0 деп есептеледі.