ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.08.2021
Просмотров: 186
Скачиваний: 3
Қазіргі
кезеңдегі тарихи дамудың
негізгі көріністері тұрғысынан
әлемдегі кейбір елдерде
авторитаризм мен тоталитарлық
режимдрдің құлауынан байқалады.
Ал
модернизация теориясы тұрғысынан
саяси даму билік пен қоғам
арасындағы жаңа байланыстар
типін қалыптастыру, халықтың
көпшілік бөлігіне негізгі
шешімдерді қабылдарда ықпал
етуге мүмкіндік беретін
әлеуметтік – саяси механизамдерді
құру болып табылады.
«Модернизация» ұғымы Батыс
әлеуметтануында әлеуметтік –
саяси, жалпы қоғамдық даму
мінездемесі ретінде қолданылады.
Яғни модернизация термині
жинақталған мағынада қолданылады.
Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық
қоғамның даму сатыларының
түрлерін, екіншіден, дамушы
мемлекеттердің ұлттық дамудың
өндірістік дамуға көшу
процесін айқындайды. Жалпы
саяси ғылымдарда саяси модернизация
теориялары XX ғасырдың 50 –
60 жылдарында қалыптаса бастады.
Оның құрушылары XIX - XX ғасырлардың
басындағы атақты зерттеушілердің,
сонымен қатар М.Вебердің (мінез
– құлықты рационалдау негізде
дәстүрлі қоғамнан қазіргі
қоғамға өту бағытында европалық
мәдениетті дамыту идеясын
қозғады), Ф.Теннистің және
Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу
негізде «механикалық
ынтымақтастықтың» қоғамынан
«органикалық ынтымақтастық»
қоғамына өту эволюциясының
концепциясын ұсынғандар) теориялық
мұраларына сүйенді[1]. Алғашында
модернизция өзінің табиғаты
тұрғысынан Азия, Африка, Латын
Американың артта қалған
елдерінің өзара байланыстары
идеясына сәйкес қолданылды.
Қазіргі уақытта модернизация
теориясы посттоталитарлық әлемде
саяси өзгерістердің бағыты
мен мағынасын көрсетеді.
Өйткені, өтпелі кезеңдегі
елдің саяси даму проблемалары
модернизация теориясында толық
бейнеленеді. Яғни, ол дәстүрлі
мемлекеттің артта қалушылығын
жою, динамикасын анықтаушы
әртүрлі схемалар мен модельдер
жиынтығы. Модернизация технологиялық,
экономикалық, саяси, әлеуметтік
және психологиялық бағыттағы
өзгерістердің кешенді процесі.
Қоғам өмірінің кез – келген
саласындағы өзгерістердің
бағытын айқындайды. Модернизация
феномені – бұл саяси жүйені,
саяси қызметтің формасын,
әдісі мен құрылымын, тәсілі
мен технологиясын, сонымен
бірге саяси мақсаттарды,
доктриналарды, концепциялар мен
бағдарламаларды жетілдірудің,
жаңартудың, өзгертудің механизмі.
Модернизация теориясы – батыстық
даму деңгейіне жетуге
бағытталған. Оны кейде
вестернизация деп те атайды.
Демократияландырудың саясатына
өту бастамасы ол қоғамдық
қатынастарды модернизациялау
мен өмір сүруші қоғамдық
құрылыстың сипатын өзгертуден
басталады. Демократиялық саяси
модернизация қазіргі қоғамның
әлеуметтік – экономикалық, саяси
және басқа институттардың
жүйесінің қалыптасуымен байланысты.
Институттық өзгерістер нарықтық
экономиканың қалыптасуы мен
әлеуметтік құрылымның өзгерумен,
әлеуметтік мобильділік сипатының
өзгеруімен әлеуметтік
стратефикацияны бекітумен тығыз
байланысты. Яғни саяси
модернизация – бұл қоғамның
демократиялануының және билік
пен қоғам арасындағы
қатынастардың ұзақ та, күрделі
процесі. Сондай – ақ, Қазақстанда
да қазіргі кезде көптеген
өзгертулер мен жаңартулар
болып жатыр. Яғни елімізде
демократиялық және саяси
модернизацияның жаңа кезеңі
басталды. Бұған дәлел ретінде
мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің
төрағалығымен Қазақстан
Республикасында демократиялық
реформалар бағдарламасын әзірлеу
және нақтылау жөніндегі
мемлкеттік комиссияның құрылуын
айтуға болады. Оның құрамына
мемлекеттік органдардың өкілдері,
елімізде қызмет ететін барлық
саяси партиялардың, ірі
қоғамдық бірлестіктердің
басшылары кірді. Яғни өтпелі
кезеңде ұлттық ерешелігімзіді
ескере отырып, әрдайым бүгінгі
нақты жағдаймызды есепке ала
отырып, саяси жүйемізді
модернизациялаудың қазақстандық
жолын қаптастырып жатырмыз
деп айтуға толық құқығымыз
бар. Тақырыптың зерттелу
деңгейі. Саяси ғылымдағы саяси
модернизация теориясы XX
ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптасты
деп атап өттік. Оны зерттеуге
біршама үлес қосқан ғалымдар
арасынан мыналарды атап өтуге
болады: Г.Алмондтың және
Д.Пауэллдың «Салыстырмалы
саясаттану. «даму концепциясы»
позициясынан жақындау»
(1966), Д.Аптердің «Модернизацияның
саясаты» (1965), С.Липсеттің «Саяси
адам» (1960), Л.Пайдың «Саяси
дамудың аспектілері. Антикалық
зерттеулер» (1966), Д.Растоудың
«Ұлттың әлемі» (1967),
Ш.Эйзенштаттың «Модернизация:
қарсылық және өзгеріс» (1966),
С.Хантингтонның «Өзгеруші
қоғамдағы саяси тәртіп»
(1968) және тағы сол сияқты
жұмыстар модернизация теорияларын
өгертуге ерекше үлес қосты.
Яғни, саяси модернизация
теориясы бірқатар Батыс
ғалымдарының еңбектерінде жарық
көрді. Олардың ішінен мыналарды
атап өту керек: З.Бжезинский,
Р.Будон, Р.Дарендорф, Ф.Фукуяма,
П.Штомпки т.б. Саяси модернизация
процесі екніші және үшінші
эшалондық елдерде, қуушы
модернизацияның проблемалары
мен прспективалары «үшінші
әлемдік» социумде В.А.Красильщиков,
В.П.Гутник, В.И.Кузнецов,
А.Р.Белоусов, А.Н.Клепач, И.А.Шин,
Л.И.Рейспер, Н.А.Симонии,
К.Л.Сыроежкин, В.А.Федорова,
Л.М.Энтин, В.Е.Чиркин, В.Г.Хорос,
М.А.Чешков, С.А.Егоров,
Т.Е.Ворожейкинова, Э.Л.Лебедева,
Е.А.Федякова және т.б. ғалымдардың
назарының басты объектісіне
айналды. Ал Қазақстандағы
модернизацияның даму барысы
жайлы Н.Ә.Назарбев, А.Х.Бижанов,
К.Н.Бурханов, С.А.Дьяченко,
Л.И.Кармазинова, Р.К.Кадыржанов,
М.С.Машан, Ж.А.Мурзалин,
Д.Н.Назарбаева, А.Н.Нысанбаев,
И.Н.Тасмағамбетов, А.К. Тілегулова
еңбектерінде анализ жасалынған.
Сонымен қатар біршама азшылық
саясаттанушылық және мемлекеттілік
еңбектер ішінен осы тақырыпқа
арналған Е.М.Абенов, Ю.О.Булуктаева,
Ж.Х.Жүнісова, Ғ.С.Сапарғалиев,
В.Малиновский, Б.А. Майлыбаевтің
монографиялары мен мақалаларын
ерекше атап өту қажет[2].
Сол сияқты мен де, осы
тақырыпты одан әрі қарай
жалғастырып, ғылыми диссертация
жазып, мұндағы кемшіліктерді
түзетуге тырысамын. Зерттеу
жұмысының мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысының мақсаты –
зерттеу жүргізу барысында
көптеген ғылыми әдебиеттер,
монографиялар мен мақалаларды
салыстырмалы талдау жасай
отырып, саяси модернизацияның
шет елдер мен Қазақстандағы
даму ерекшеліктерін анықтау.
Осыдан келіп
зерттеу жұмысының мынадай
міндеттері шығады: ─ Модернизация
ұғымының пайда болуын анықтау;
─ Саяси модернизация процесінің
ерекшеліктері мен заңдылығын
анықтау; ─ Модернизация теориялары
мен типтерін анықтау; ─
Қазақстанда мемлекеттік биліктің
және саяси жүйенің жаңаруына
президент институтының
модернизациялық ықпалын анықтау;
─ Саяси модернизацияның дамуы
процесінің негізгі объектісі
ретінде Қазақстанда президент
институтының ықпалын зерттеу;
Ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының
барысында мен мынадай
жағдайларға көз жеткіздім: ─
Модернизациялық процестер көптеген
елдерде авторитарлық және
тоталитарлық режимдерден
демократиялық режимдерге өту
барысында көрініс береді екен.
─ Модернизация теориясы қоғамдық
қайта құру сатысын және
қазіргі қоғамға өту процесін
білдіреді. ─ Саяси даму әлеуметтік
өзгерістердің көп жақты
процестерінің бір аспектісі.
─ Қазақстанда саяси құрылымдарды
жасауда Елбасының ықпалының
зор екендігін байқадық.
Зерттеудің объектісі. Бұл зерттеу
жұмыссының объектісі саяси
модернизация, сонымен қатар
онда қазақстандық және
шетелдік тәжірбиелерді салыстыру.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу
жұмысы кіріспе бөлімнен,
үлкен екі тараудан, әрбір
тарау екі бөлімнен, қорытынды
бөлім мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1
– тарау. МОДЕРНИЗАЦИЯ ПРОЦЕСТЕРІН
ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ. Саяси модернизация
теориялары мен типтері. Саяси
модернизация қазіргі саяси
институттарды, практикалардың,
сонымен қатар қазіргі саяси
құрылымның қалыптасуы, дамуы
және тарауы ретінде анықтауға
болады. Қазіргі саяси институт
пен практиканы – демократиясы
дамыған елдердің, саяси
институттың көшірмесі деп
емес, өзгеруші шарттарға
саяси жүйенің қабілеттілігі
мен бара – бар әсерін қамтамасыз
етуге қабілетті институттар
мен практикалар деп түсіну
қажет. Бірақ, батыстық саясаттануда
саяси модернизация процесінің
қозғаушы күшіне қатысты
біріккен пікірлер жоқ.
Г.Алмондтың және Л.Пайдың
еңбектері қабылданған. Олардың
еңбектері бойынша саяси
модернизация барлық әлеуметтік
ағзалардың тұрақтылығы мен
тиімділігін қамтамасыз ететін,
саяси жүйені орындайтын
функцияны әрдайым жүзеге
асыратын процеске келіп тіреледі.
Олар осы функционалды тәсілге
сүйене отырып, саяси
институттардың функциясы мен
сапа жүйесінің өзгеруі үш
процестен тұрады: а) саяси
жүйедегі институттардың құрылымдық
дифференсациясы мен олардың
функцияларын арнайыландыру; б)
саяси жүйелердің модернизациялануы
мен өмір сүруге қабілеттіліктерінің
өсуі (Л.Пай); в) тең құқықтыққа
деген тенденция. Тең құқықтық
тенденциясы әртүрлі әлеуметтік
топтардың саяси қатысуының
барлығына қойылған шектеулерді
алып тастауда, барлық
азаматтарға мемлекеттік орындарға
ие болуына мүмкіндік беруде
көрінеді[3]. Саяси модернизацияға
ықпал ететін факторлар
қатарына мыналар жатады: ●
географиялық фактор; ● геосаяси
жағдай, тұрғындардың тығыздығы,
тұрғындардың ұлттық құрамы,
демографиялық көрсеткіштер; ●
ресурстар көлемі, құрылысты
жұмылдыруға және институттандыруға
жұмылдыратын; ● өтпелі кезеңінің
құрылымдық және арнаулы
ахуалдары және экономикалық
факторлар; ● тарихи, мәдени
дәстүрлер. Дәстүрлі әлеуметтік
саяси құрылымдар, саяси
мәдениет; ● потенциал және ұлттық
элитаның мүмкіндігі. Билікке
талпынушының, ресми емес топтың
барлығының ықпал ету деңгейі.
Саяси модернизация теориясында
осы күнге дейін социолистік
және социолистік дәуірден
кейінгі елдердің трансформациялануының
теориялық негіздері жоқ.
Әлемдегі модернизациялаудың
тәжірбиесі мынадай болған.
Мысалы, Италия фашистік
тәртіптен, Германия нацистік
тәртіптен кейін трансформациялануға
ұшыраған. Бұл туралы Ресей
ғалымы Бутенко былай деп
жазды: «Батыс және отандық
саясаттануда коммунистік өңі
бар тоталитаризмнің күйреуін
алдын ала көре алмауы 80
– жылдың соңы мен 90 – жылдың
басындағы оқиғаларды анық
пайымдай білмеуі тоталитарлық
тәптіптің демократияға өту
кезеңінде оның жолдары мен
әдістері жайлы пайдалы кеңес
бере алмауы кейін өз зардаптарын
шеккізді». Белгілі социолог
Р.Дарендорф демократияға төнетін
екі қауіпті атап өтті:
біріншіден, жаңа жас демократиялық
елдер өз даму жолдарын
осыған дейін жауыздық
жасағандарды жауапқа тартудан
бастады. Екіншіден, сот билігі
саяси күштердің жетімтігіне
айналады. Латын Америкасындағы
сайлау арқылы билік басына
келген үкімет осы екі қатені
де қайталады, яғни заң
билігін орнатудағы дәрменсіздік,
көптеген демократиялық құрылымның
әлсіздігін көрсетті. Орыс
ғалымы А.Демидов пікірі
бойынша модернизацияның мынадай
бағыттары бар: ● қоғамның және
оның технологиялық жүйесінің
индустризациялануы мен
ақпараттандарылуы; ● экологиялық
қоғамның қалыптсауы; ●
демократияландыру тұрғындардың
қоғамдық істерді басқарудың
кеңеюі. Саяси биліктің
бақылауда болуы, биліктің
қоғам алдындағы жауаптылығы;
● әлеуметтік сала параметрлерінің
радикалды өзгеруі. Тұрғындардың
басым көпшілігінің әл –
ауқатының артуы, байлар мен
кедейлер араларында айырмашылықтың
азаюы; ● билікті алуына барынша
мүмкіндіктердің жасалуы, олардың
сипатының жоғары болуы; ●
адам бостандығының кеңеюі, таңдау
мүмкіндігінің артуы[4]. Саясаттану
ғылымында модернизацияның
бірнеше теориялары қалыптасқан.
Соның ішіндегі консервативті
бағыт – саяси құрылымдардың мазмұны
мен түрлеріне қарамастан,
олардың өзгеріссіз тұрақты
және орнықты саяси құрылымдар
ретінде қабылдауын ұсынады.
Саяси модельдердің консервативті
теорияларының жағымды жағы:
тәртіп, ұлттық бірлік және
нарыққа өте алатын саяси
тәртіптің қажеттілігін мойындауы.
Саяси модернизация теориалырында
саяси институттың бекемдігі
мен тұрақтылығы идеясын
С.Хантингтон ұсынған болатын.
Оның пікірі бойынша «Халықтың
тым саяси белсенділігі жаңартуларды
баяулатуы мүмкін. Сол себепті
зиялы қауым мұндай белсенділікке
қаншалықты дәрежеде рұқсат
беруді шешуі керек» деп
санайды. Консервативтік бағытты
жақтаушылар бірінші кезекте
орталықтанған институттың
көмегімен саяси тәртіпті
қамтамасыз етуге көңіл бөлді.
Либералдық бағыттың өкілдері
– теңдікке бейімделген саяси
жүйені ұсына отырып, ол
халықтың әрқашан өзгеріп тұратын
әлеуметтік және саяси
талаптарына жауап беретін жүйенің
қалыптасқандығын айқындауға
тырысты[5]. Посттоталитарлық
кеңістікте демократиялау процесі
әлі аяқталған жоқ. Ресей
ғалымы А. Кулик атап өткендей
«билік жүйесінің өзі әлі
де демократияның жалпы
қабылданған белгілеріне сай
келмейді. Оның ішіндегі
маңыздылығы биліктің жариялығы
және оның қоғам алдындағы
жауапкершілігі. Билікке тегеурінді
қоғамдық бағыттың орнатылуы».
Ғалым оны азаматтық қоғамның
әлсіздігі арқасында қалыптаса
алмаған мемлекетің орнына
келген тәртіп жүйесі ретінде
сипатталады. Мұндай тәртіптің
белгілеріне атқарушы билік
өкілеттілігінің өте жоғары
болуы. Саяси және экономикалық
зиялалардың біріктірілуі,
зиялылардың қолында экономикалық
және ақпараттық билік
шоғырландырылған. Модернизация
теориясының дамуы үш
кезеңнен тұрады: 50 – 60
ж.ж., 60 – 70 ж.ж. және 80 – 90 ж.ж.
Модернизациялаудың бірінші кезеңі.
«50 – 60 – шы жылдардағы үлгідегі»
теориялық модернизация әмбебаптылық
сияқты әдіснамалық жорамалына
негізделеді. Барлық елдің
және халықтың дамуы әмбебап
ретінде қаралды, яғни бір
сатысы мен заңдылығы бар
бір бағытта жүзеге асырылуы
ретінде қарастырылады. Ұлттық
ерекшеліктердің бар екендігі
мойындалды. Бірақ, олар болмашы
мәнге ие деп есептеледі.
Модернизация дәстүрлі қоғамнан
қазіргі қоғамға өту барысындағы
даму процесі ретінде ұсынылды.
50 – 60 жылдары модернизация
теориясының көптеген авторлары
технологиялық детерменизм
идеясынан бастау алған. Олар
қоғамдық дамудың негізінде
өмірдің деңгейін жоғарлатуға
және әлеуметтік мәселелерді
шешуде экономиканың технологиядағы
прогресі жатыр деп есептеді
(осы кезеңде осыған ұқсас
жормалдарға негізделген
индустриалды қоғамның теориясы
құрылғанын айта кету қажет;
бұл теориялар У.Ростоудың,
Р.Аронның, Д. Беллдің және
т.б. еңбектерінде дамыды).
Ғылыми техникалық прогрестің
көмегі мен дәстүрлі құндылық
пен қоғамдық құрылымнан
қазіргі рационалды құндылыққа
өту жолымен қоғамды
«замандастыру» жүзеге асады[6].
Әлде қайда дамыған АҚШ –
ты модернизация теориясын ұсынған
қазіргі заманғы ел деп
есептейді. Бірақ артта қалған
елдер алдыңғы қатарлы
мемлекеттердің «қазіргі заманға
сай» деңгейіне жету мүмкіндігі
болды. Модернизация теориясы
осы мәселелерді шешу әдістері
мен жолдарын түсіндірді. Ол
үшін «артта қалған» қоғам
қаншалықты «идеалға» сәйкес
келетіндігі анықталды, кейбір
ұлттық ерекшеліктер анықталып,
мәселелерді шешу жолдары
қарастырылды. Сонымен, модернизация
теориясының бірінші кезеңінің
негізгі ерекшелігі телеологизм
мен евроцентризм болды. Мұны
сол кезеңде туындаған
модернизацияның кейбір анықтамалары
куәландырады. Соның ішінде,
ірі зерттеушілердің бірі
Ш.Эйзенштандт модернизацияны
келесідей етіп анықтады:
«Тарихи жаңарту – бұл XVII
- XIX ғасырларда Батыс Европада
және Солтүстік Америкада
дамып, кейіннен басқа европалық
елдерге, ал XIX - XX ғасырларда
Оңтүстік Американдық, Азиялық
және Африкалық континентке
тараған әлеуметтік, экономикалық
және типтегі бағыттардың
өзгеру процесі. В.Мур
осыған етіп анықтма береді:
«Модернизация дәстүрлі
демодернистік қоғамның саяси
тұрақтылығымен сипатталатын,
алдыңғы қатарлы, экономикасы
гүлденген Батыс халқына тән
әлеуметттік ұйымға барлығын
қамти отырып, өтті болып
табылады[7]. Осы ерекшеліктердің
көмегі мен теория үлкен
қолданбалы мәнге ие болады:
оның атағы, мысалы, АҚШ –
тың ішкі саясатына қызмет
көрсту үшін нәтижелі қолданылды.
Бұл ерекшеліктер зерттеушілерді
саяси модернизацияның мазмұнына
«замандастырудың» жалпы процесінің
бөлігі ретінде қарауды
қамтамасыз етті. Саяси
модернизация теориясының дамуының
бірінші кезеңі төмендегідей
болды: ─ Батыстық үлгімен
дамушы елдердің демократизациялануы
(білім беру немесе ұлттық
мемлекеттерді тереңдету, билік
органдарының өкілдерін құру,
сайлау институтын құру); ─
Құндылық жүйесінің (жеке
құндылықтардың дамуы) және
билікті заңдастыру әдістерінің
өзгеруі. Саяси модернизация
теориясының өкілдері дамушы
елдердегі бұл процестің
қолайлы және қолайсыз жақтарын
бөлді. Қолайлылардың ішінен
«үшінші әлем» елдерінің
табысты әлеуметтік – экономикалық
дамуы, сонымен қатар, Батыс
Европа және АҚШ белсенді
қызметтестігі аталды. Қолайсыздардың
ішінен дастүрлі қоғамның
элементтерін сақтап қалу,
ұлттық әлеуметтік қабаттың
және өндірістің ұлттық
секторының болуы белгіленді.
Осы теорияны жақтаушылардың
пікірінше модернизация барысында
қолайсыз факторлар біртіндеп
жойылуы керек еді[8]. 60 –
шы жылдардағы саяси оқиғалар
модернизация теориясының жүзеге
аспағандығын және әрі қарай
өңделу керектігін демонстрациялады.
Бұл оқиғалар сын толқынын
туғызды. Осы аймақта оны
екі бағытқа бөлуге болады:
Біріншіден, негізінен дамушы
елдердің өкілдері мен жүзеге
асатын модернизациялаудың
радикалды сыны, сонымен қатар,
60 – шы жылдары Батыс Европадағы
солшыл қозғалыстары. Олардың
ойынша модернизация теориясы
елдендіруді ақтады. Олар
Батыс экспанциясына, жаңартуға
қарсы шықты. Екіншіден, «артта
қалу теориясының» аумағында
дамитын модернизацияның сыны,
олардың өкілдері негізінен
Батыс және кейбір дамушы
елдердің солшыл радикалдары
болды. Олар модернизация
теориясының даму бейнесін
қысқартқаны үшін берілген
теория қарастырылатын қоғамның
арнайылығын, мәдениеттің
ерекшелігін жеткіліксіз ескергені
және жаңа қатынастардың
тежелу механизмдерін түсіндіре
алмағаны үшін сыналады. Бұл зерттеушілер
батыстық үлгідегі модернизация
артта қалушылықтың, тәуелділіктің
консервациясына, экономикалық
құрылымның бұзылуына, экологиялық
ортаның бұзылуына және
әлеуметтік шиеленістерге алып
келеді деп есептеді[9].
Модернизациялаудың екінші
кезеңі. Модернизация теориясының
дамуының екніші кезеңі саяси,
әлеуметтік және экономикалық
дамудың әртүрлі факторларына
негізделген түсініктердің пайда
болуымен сипатталады. Осы
преиодтың көптеген жұмыстарына
евроцентризмнен кету тән
болды. Экономикалық өсуді
және әлеуметтік экономикалық
прогрестің жүзеге асыру
көзқарасынан «үшінші әлемнің»
елдерінде тиімді демократизациялану
туралы тезистер сұрақ болып
алынды. Осы кезеңнің модернизация
теориясының өкілдері көңілдерін
негізінен әлеуметтік – экономикалық
прогресс үшін сілтеме сияқты
саяси дамудың тұрақтылығы
мәселесіне аударды. Оқымыстылар
мұндай тұрақтылықты ұстап
тұру үшін әртүрлі жолдар
тауып отырды. Модернизация
теориясына арналған әдибиеттерде
екі бағыт қарастырылады. Оның
өкілдері тұрақтылық факторы
туралы сұраққа әр түрлі жауап
берген: «консервативті» және
«либералды». «Консервативті»
бағыттың өкілдері (С.Хантингтон,
Дж. Нельсон, Х.Линц және т.б.)
модернизацияның басты мәселесі
- тұрғындарды жұмылдырудың
арасындағы дау, оның саяси
өмірге және институттарға
енуі, олардың қызығушылықтарын
артикулдап агрегаттауға қажетті
құрылым мен механизмнің болуы
болып табылады. Сонымен қатар
бұқараны басқаруға дайындықсыздығы,
билік институттарын қолдана
білмеу саяси тәртіптің
тұрақсыздануына алып келеді.
С.Хантингтон өзінің «Өзгеруші
қоғамдары саяси тәртіп» деген
жұмысында, «саяси модернизацияның
басты мақсаты – демократизация
деңгейіне емес, мықтылық пен
ұйымдастыру деңгейіне негізделген
өзгеруші шарттарға саяси
институттарды бейімдеу қабілеті»
деп жазды. Өзгеру сатысында
тәртіпті қадағалайтын тек
қана қатты авторитарлы режим
рынокқа және ұлттық бірлікке
өтуді қамтамасыз етіп, өзгерту
үшін қажетті ресурстарды
біріктіруге қабілетті.
С.Хантингтон қайта қалыптастыруға
қолайлы бірнеше шарттарды
бөліп қарастырды, соынмен
қатар, өтпелі дәуірдің
авторитарлы билеушілері үшін
(кеңестер) қалыптастырды. Шарттар
ме «кеңестер» саяси күштердің
орналасуы мен конъюктурасын
ескеретін жетік саясатқа
алып келеді. «Либералды» бағытты
жақтаушылар (Р.Даль, Г.Алмонд,
Л.Пай т.б.) модеризацияны
тұрғындардың әлеуметтік жұмылдыруы
мен интеграциясын саяси
бірлікке идентификациялау жолымен
ашық әлеуметтік және саяси
жүйені қалыптастыру деп
түсінді. Олар тұрғындардың
саяси билікке қызығу дәрежесі
саяси модернизацияның ең
басты сыны деп есептеді.
Модернизацияның сипаты мен
динамикасы бос элиталардың ашық
бәсекелестігене және қатардағы
азаматтардың саяси процеске
қызығу дәрежесіне тәуелді.
Олардың пікірінше т ұрақтылық
пен тәртіпті және бұқараның
шоғырлануы модерниацияның
табысты шарты болып табылады.
осы бағыттың өкілдері осы
оқиғалардың дамуының келесі
нұсқаларын бөліп қарастырды:
─ қатардағы азаматтардың қатысуынан
элиталардың бәсекелестік
приоритетінде қоғамды
демократизациялау және реформаларды
жүзеге асыру үшін оптималды
алғышарттар орнайды; ─ негізгі
бұқаралық тұрғындардың төменгі
белсенділігі кезінде элиталардың
бәсекелестік рөлінің тереңдеу
шартында авторитарлы режимдердің
орнауының және қайта құрудың
тежелуінің алғышарттары қалыптасады;
─ элиталардың жарысында тұрғындардың
саяси қатысуының басым болуы
қайта түзілуді бәсеңдетуге
итермелейтін ахлократиялық
тенденциялардың өсуін қаматамсыз
етеді; ─ элиталардың жарысын
және тұрғындардың саяси
қатысуын бір мезгілде азайту
(минимизация) түсініксіздікке
алып келеді, социум мен
саяси жүйенің дезинтеграциясы
диктатураның орнауына
қабілеттендіріледі[10].
Модернизациялаудың үшінші
кезеңі. Модернизация теориясының
бірінші кезеңідегідей бұл екі
амал модернизацияға - өздегінше
даму процесінің емес,
инициаторлары мен жүргізушілері
бірінші кезекте саяси элиталар
болатын, сәйкес саяси
модернизацияны жүргізетін
процеске деген көзқарасты
біріктірді. Модерниазция
теориясының екніші кезеңінің
өзінде – ақ қоғамдық дамудағы
замандлық пен дәстүрліктің
қарама – қайшылықтарын қабылдамайтын
бұл құбылыстардың күрделі
түсініктері үшін алғышарттар
орнаған. Модернизация теориясының
көптеген авторлары модернизация
– керісінше дәстүрлікті жою
емес, модернизация процесін
сипаттайтын дәстүрлерді қолдану
мен дамуды болжамайды деп
ойлайды. Модернизация теориясының
үшінші кезеңіндегі кейінгі
эволоюциясы мен дәстүрі мен
замандылықтың қатаң қарама-
қайшылықтарының мүмкінсіздігі
туралы идеялардың тарауын
көрсетті. Көптеген авторлар
технологиялық прогресс «батыс»
институттарының және нормалрының
енуі сияқты факторларды
мойындай отырып, бұл факторлар
қосымша екендігін және олар
әлеуметтік қатынастың және
әлеуметтік мәдени құндылықтың
қоғамға тәуелділігін көрсетеді[11].
80 – ші жылдардың екінші
жартысында «модернитиді
тексерудегі модернизация»
концепциясының дамуы орын алады,
яғни бөтен (батыс) үлгілерді
(А.Абдель – Малек, С.Хантингтон,
Ш.Эйзенштандт және т.б.) араластырмай
әлеуметтік – мәдени дәстүрлерді
сақтауға негізделген саяси
дамудың негізгі концепциясы.
«Модернити» Батыс Европалық
рационализмнің жолын ұстаумен,
жеке бастың еркіндігімен,
әлеуметтік теңдіктің идеяларымен
либералды демократия мен
әлеуметтік мемлекетпен, құқықтық
мемлекетпен, азаматтық қоғаммен
байланыста болады. Бұл концепцияда
қоғамдық әмбебаптық пен саяси
даму мойындалады. Әмбебаптық
принципі практикуляризммен
бірігеді, ал олардың шектелген
синтезі модернизация процесінің
табысының кепілі ретінде
қарастырылады. Модернизация
саяси элиталардың қызметіне
ғана емес, сонымен қатар,
қоғамның объективті жағдайы
мен қатардағы мүшелердің
мінез – құлығына да тәуелді
өздігінен дамитын процесс
ретінде қарастырылады. Бұл
концепцияда «контрмодернизация»
және «антимодернизация»
терминдерінің дамуы орын алады
(А.Турен). контрмодернизация
Батыстық емес үлгі бойынша
модернизацияның альтернативті
нұсқасын білдіреді, ал
антимодернизация осы процеске
белсенді қарсы әрекетті
білдіреді. А.Туринның пікірінше,
бұл екі нұсқа XX ғасырда
әмбебаптылық принципіне
сенімділігін жұмсауға негізделген
қоғамдық саяси дамудың басты
теденциясын құрайды[12].
Қолданылатын модернизация
механизмдеріне байланысты
саясаттану әдебиеттерінде бұл
процестің үш типін бөліп
көрсетуге болады: ● «органикалық»
немесе «біріншілік», Ұлыбритания,
АҚШ, Канада, кейбір Европалық
елдерде (модернизация ядросы)
сияқты елдерге тән. Оның
бастауы өндірістік төңкерістің
бірінші дәуірін, дәстүрлі
мұралардың бұзылуын және тең
азаматтық құқықтарды жариялауды,
демократизацияны және т.б.
қамтиды. Бұл елдерде модернизация
көбінесе жеке мәдени дәстүрлер
мен үлгілердің негізінде
эволюциялық жолмен жүзеге
асатын еді. ● «бейорганикалық»
немес «екіншілік» «бейнелі»,
«іле шала жаңарту» (Ресей,
Бразиялия, Түркия және т.б.)
оның факторы - өзінің дамуында
«артта қалған» елдердің модернизация
ядросымен әлеуметтік – мәдени
байланыстары болып табылады, ал
негізгі механизмі – еліктеу
прцестері болып табылады.
«Екіншілік», «қауіп жететін»
модернизация – қоғамның бір
элементтері ілгері «қашып
кетіп», алдыңғы қатарлы елдердің
дамуына сәйкес келеді. Ал
екіншісі әлі «ашылмаған»
өзінің дамуында артта қалады
немесе тіпті болмайды деп
болжамдайды[13]. Бразиялиялық
тарихшы Н.Вернек Содренің
пікірінше «екіншілік» модернизация
кезінде қоғамның дамуы «шаршы
дөңгелектің қозғалысын» еске
түсіреді дейді. Әр елде
тек қана «сілкіністің»
жүйелілігі, «соқпақтардың»
тереңдігі қозғалыс жылдамдығына
дейін түрленеді. «Шаршы
дөңгелектің қозғалысы» -
эволюциялық және төңкерістік
бастаулар кезектескен кезде
«қауіп жететін» модернизацияның
циклдік процесінің басты
үлгісі. Бұл типологияның кейбір
типтерді бөлуге негізделгендігін
айта кету керек. Шынында
да, «классикалық» модернизация
ядросының аумағында даму,
еліктеу механизмдерін қолдана
отырып, жүзеге асады.
«модернизацияны қуып жетуші»
елдерде айтып өткендей,
еліктеу әртүрлі сипатта болуы
мүмкін және саяси дамуда
басты рөл атқармауы мүмкін.
Модернизацияны үш типке бөлу
жетілген типология болып
табылады: ● Эндогенді, яғни жеке
өзінің негізінде жүзеге асады
(Европа, Ақш және т.с.с.); ● Эндогенді
– экзогенді, жеке өзінің негізінде
жүзеге асатын, өзрар қатынас
негізіне тең (Ресей, Түркия, Греция
т.б.); ● экзогенді модернизация
(еліктеушілік, еліктеу симуляциялық
және симуляциялық нұсқаулар),
жеке өзінің негіздері болмаған
кездегі қарым – қатынас ретінде
жүзеге асады[14]. Қоғамдағы «қуып
жетуші» жаңартудың бірінші
типіндегі елдермен салыстырғанда
саяси фактор маңызды рөл
атқарады. Модернизациялаудың
екі типі бар. Біріншісі,
өзіндік ішкі себептерден
пайда болып, соған бейімделу.
Оған Англия, АҚШ т.б. елдер
жатады. Оларда ұзақ жылдар
баяу барысында қоғамның
дамыған құрылысына өтуді
бастан кешірген, яғни дамудың
жоғары деңгейіне табиғи
жеткен болып есептелінеді.
Осы жолды кейін өткен
елдер даму деңгейі өмір
сапасы жағынан жоғарыдағылардың
жолын қуушы «қуалай дамушы»
елдер болып табылды. Қуалай
дамуды жүзеге асырудың басты
әдісі – Батыстық елдер көмектесуі.
Ол ақша. Ол әлеуметтік
технологияларды, қазналарды,
демократиялық институттарды
таратуға көмектеседі. Сол
арқылы тұтыну деңгейін
көтеруге, адам құқықтарын
бұрмалауды тоқтатуға, мәдени
құрылымдарын жеңуге болады деп
есептейді. Екіншісі, модернизацияның
сызықтық теориясы, мұнда дәстүрлі
қоғам дәстүрлі даму жолындағы
елдер бірте – бірте капиталистік
дму жолына түсетіндігі
айтылады. Модернизацияның
сызықтық формасы Африка,
Азия, Латын Америкасы елдерінде
батыстық үлгіге көшуді ойлаған
нәтижеге жеткізген жоқ[15].
Демократиялндыру либералдық
құндылықтарды институттандыру,
парламент жүйесін орнату және
т.б. батстық үлгідегі мемлекеттік
басқару тиімділкке әкелмеді.
Керісінше, олар шенеуніктердің
сатылғыштығы мен жемқорлығына,
бюрократияның қызмет бабын
пайдаланып, баю жолын көздеген
зорлық – зомбылық жемқорлығына
әкелді.
Саяси
дамудың негізгі шарттары мен
түрлері. Қазіргі саясаттану
ғылымында «саяси даму» ұғымының
жалпы танылған анықтамасы жоқ.
Көбінесе саяси әдебиеттерде
саяси даму мына мәндерге ие
болады: ● экономикалық дамудың
алғышарттары; ● өндірістік
қоғамға тән саясат; ● саяси
модернизациялау; ● ұлттық мемлекетті
басқару; ● әкімшілік және құқықтық
даму; ● жаппай жұмылдыру және
қатысу; ● демократиялық қоғамды
құру; ● өзгерістер сабақтастығы
мен тұрақтылығы; ● әлеуметтік
өзгерістердің көп жақты процесінің
бір аспектісі. Саяси ілімдер
тарихында саяси дамудың
әртүрлі концепциялары қалыптасқан.
Мәселен, саяси дамудың
либералдық өкілдері – саяси
дамудың өлшемі ретінде адам
құқығының жоғарлылығын, мемлекеттің
азаматтық қоғам бақылауында
болуын, плюрализм мен рухани
бостандықты алады. Ал,
консерваторлар саяси дамудың
негізгі құндылықтары ретінде
саяси іс - әрекеттегі моральдық
басымдылықты, басқарудың алдыңғы
формасымен сабақтастықты, билікті
ұйымдастыруда базалық қалыптар
мен қағидаларын сақтауды
есептейді. Марксизм саяси
жүйе дамуының өлшемін жеке
меншіктің қоғамдық меншікке
ауысуымен жұмысшы табының
гегемондығымен және коммунистік
партияның жетекшілік рөлін
атқарумен байланыстырады. Демек,
алдыңғы екі бағыт демократияның
тоталитаризмге, ал марксизм
болса социолизмнің капитализмге
үстемдігін қолдайды[16]. Бірақ
саяси процестер аяқталмаған
транзисті қоғамды бұл
өлшемдерді пайдалану қиындық
тудырып ғана қоймайды, кейде
даму идеясының өзіне қарама
– қайшылық тудырады. Мәселен,
билікті демократиялық негізде
институттау, плюрализмді кеңейту
басқарудың деспоттық формасының
қалыптасуына немесе қоғамды
басқаруда жағымсыз салалапдың
тууына алып келуі мүмкін.
Саясаттанушы ғалымдар саяси
даму саяси құрылымдар, қалыптар,
институттардың жаңа әлемдік,
экономикалық және т.б.
мәселелерді тез арада қабылдау
қабілеті мен сезіну икемділігіне,
әрі қоғамдық пікірді қабылдау
мүмкіндігіне тәуелді деген
қорытынды жасады. Демек, кері
байланыстың тұрақты механизмі
қалыптасуы тиіс, бұл дегеніміз
басқарудың тиімді буындары
тұрғындар пікірлерін есепке
алуға қабілетті. Шешімді
тиімді таратушы, саяси жүйе
шиеленісті реттеудің икемді
механизміне айналған және
билікті қолданудың тиімді
жолдарын таңдаған деген сөз.
Мұнда бұл мемлекет қандай
нақты ұлттық мемлекеттік
форманың өзгерісін иеленетіндігі
ешқандай мәнгет ие болмайды,
қандай партия, қандай идеология
саясатты анықтайтындығы ешбір
рөл атқармайды. Ең негізгісі,
саяси институттардың жаңа
проблемаларды шеше білу
қабілетіне, оның қоғаммен
ашық сипаттағы қатынасы билік
жүйесінің жағымды динамикасын
өмір сүрудің жаңа сапасына
өткендігін бейнелейді. Бұл
пікірді Д.Истон, Г.Алмонд және
Г.Пауэлдің саяси жүедегі ең
бастысы оның құрылымында
емес, іс - әрекетінде деген
тұжырымдары да растайды.
Сонымен, саяси даму дегеніміз
саяси жүйенің өзгеруші
әлеуметтік жағдайға икемді
бейімделу қабілетінің дамуы
және талап – қолдау, саяси
шешім - әрекет арасында
кері байланыстың тиімді
механизмінің қалыптасуы. Саяси
дамудың мақсаты – қандай да
бір тиянақты саяси қатынас
пен қалыпты қалыптасытру
немесе өзгерту емес, саяси
институттармен ашық түрдегі
саяси жүйе арқылы бірте –
бірте күрделеніп келе жатқан
әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешу. Саяси даму
процесі саяси жүйенің ішінде
оның мақсатының мынадай
факторлармен - әлеуметтік –
экономикалық даму, тұрақтылық,
теңдік, қатысу т.б. өзара
байланысы болуын талап етеді.
Табысты бөлудегі теңсіздік
пен саяси қатысуды күштеп
шектеуге талпыған даму
жағдайында әлеуметтік қиналыс,
саяси тұрақсыздық күшейеді,
сөйтіп, саяси даму процесі
бұзылады. Саяси дамудың эволюциялық
жолы үшін қажетті жағдайлар
мыналар: ● Тұрғындардың
шешім қабылдау мүмкіндігін
кеңейту, қоғамдық сұраныс
пен мүддені есепке алу;
● Билік үшін күресте әділ
және еркін бәсекелестікті
орнату; ● Шиеленісті шешудің
тиімді механизмін қалыптастыру;
● Саяси жетекшілердің біліктілігі,
хабардарлығы, қарсыласымен келісімге
келе білу қабілеті, күштеуге
жол бермеу. Саяси жүйедегі
даму процесі: ─ Талаптар мен
қолдауды артикуляциялау, оны
әртүрлі күштеу топтары мен
саяси партиялар атқарады. Егер
олардың қызметі шектелетін
болса, онда саяси жүйенің
бейімделу мүмкіндігі әлсірейді.
Талаптарды електеу, белгілі
бір каналдарға бөлу, ол
мәдени әрі құрылымдық болып
екіге бөлінеді. Құрылымдық
немесе саяси түрі, оған
партия, жоғары қабат
парламентаризм жатады. Сондықтан
мұнда саяси әлеуметтендіру
рөлі басым. Талаптарды
қысқарту, топтастыру, баламалық
талдауды қалыптастыру. Бұл
қызметті саяси партиялар
тиімді атқарады. Қазақстан
Республикасында саяси партиялардың
әлсіздігі саяси жүйенің ішкі
және сыртқы өзгерістерге тез
арада бейімделуінің стратегиялық
потенциалын төмендетуде. ─
Кері байланыс қоғамдағы
шиеленістерді шешудің бірден
– бір көзі, ол биліктің саяси
жүйеге түскен талап – тілектерді
реттеу қабілетіне байланысты.
Кері байланыс саяси жүенің
өзінің мақсатына қаншалықты
жеткіндігін анықтауға мүмкіндік
береді. Қазақстан Республикасында
саяси жүйе кері байланыс
әлсіздігінен қиналысқа ұшырауда.
Бұл саяси жүйенің ақпараттар
каналдарының қызметі әлсіздігіне
байланысты. К.Дойч саяси жүйе
өз мақсатына жету үшін мына
төрт факторға тәуелді деп
есептейді. ─ Жүйенің ақпарттармен
жүктелуі; ─ Саяси жүйе
реакциясының жылдамдығы; ─ Саяси
жүйенің жаңа фактілерге тез,
әрі сапалы жауап қайтару; ─
Мақсатты нақты белгілеу. Демек,
саяси жүйе қызметінің
тиімділігі қамтамасыз ететін
факторларға айналымдағы
ақпараттардың жеткіліктігі мен
сапасы, жүйенің сыртқы
ықпалдарға жауап қайтару
жолдары мен формалары, сонымен
қатар, коллективтік әрекет
арқылы білдіру, оның нәтижесінің
бастапқы мақсатқа сәйкес
келуін жатқызуға болады[17].
Қазіргі заманғы саяси жүеге
өту саяси өмірдің жүйелік
сапасы өзгеруінің және
декмократия қалыптасуының сөзсіз
мүмкін процесі ғана болып
табылмайды. Жаңа саяси
тәртіптің қалыптасуы қарама
– қайшылықтар тап болады.
Әлеуметтік басқа қағидалар
мен механизмдеріне негізделген.
Біріншіден, қоғамдық қатынастарды
рационализациялау, тиімділіктің
әмбебап қағидаларына өту,
демократиялық институттар
қалыптастыратын индивидуалистік
ұжымдық құндылықтар, әлемнің
иррационалдық бейнесі, дәстүр
мен әдет – ғұрып қарсылығына
тап болды. Дәстүрлі қоғамда
индивид өзін етенелесуін
дәстүр, бедел, ұлттық бірлік
күшіне деген сенім арқылы
сезінеді. Басқа құндылықтарды
жоққа шығарады және оларға
өшпенділікпен қарайды. Екіншіден,
нарықтық қатынас қоғмды
қызмет түріне, өмір сүру
деңгейіне, әлеуметтік статусына,
кетуі мен талпынысына қарай
жіктерге бөледі. Сұраныстың
динамикалық дамуы және сонымен
байланысты еңбек бөлінісінің
жаңа түрлерінің пайда болуы
азаматтарды қоғамның саяси
бірлігіне, теңдік пен ұжымдық
құндылықтарына бағдар ұсынушы
бұрынғы саяси институттарға
қызығушылығын арттырады. Бұл
қарама – қайшылықтар дәстүрлі
қоғам мен қазіргі қоғамға
өту саяси даму дағдарысы
арқылы өтетінін түсіндіреді.
Тоталитризмнен демократияға
өту легитимділік дағдарысын
тудырады, оны ТМД елдеріндегі
саяси реформалау тәжірбиесі
көрсетіп отыр. Негізінде тек
билеуші таптың ғана емес,
сонымен бірге қоғамдағы көпшіліктің
құндылықтарына сәйкес келетін
саяси тәртіп легитимді деп
саналады. Бұрынғы тәртіп өз
легитимділігін күштеу құралдары
мен тұрғындарды тұтас
идеологиялық өңдеу арқылы
қамтамасыз етеді. Кеңестік және
легитимділікті мемлекеттік
тәуелді қызметкерлер деңгейінде,
яғни мемлекет қаржысы арқылы
күн көрушілер арқылы жасады.
Бірақ жабық түрде, билеуші
коммунистік партияны азғана
билеушілерінен қалыптасты, содан
соң мемлекеттік тәуелді
қызметкерлер арқылы билік
шешімін қабылдаумен қамтамасыз
етеді. Демократиялық саяси
тәртіптің құрылуы легитимділікті
ерікті сайлау арқылы
қамтамасыз ету арқылы
ұсынды. Легитимділік дағдарысы
сөзсіз, ол саяси құндылықтар
мен саяси жүйе арқылы тығыз
өзара байланыс арқылы
анықталынады. Соңғысының
трансформациясы шын мәнінде
біріншінің медификациясына
қажеттілікті тудырады. С.Липсет
легитимділік дағдарысын өзгерістер
дағдарысынан көрді. Легитимділік
саяси тәртіп тиімділігіне
тәуелді. Саяси жүйенің тиімді
қызмет етуінің міндетті
жағдайы саяси шешім қабылдау
процесінің кеңеюін мойындау,
оны консенсус деп атайды.
Кез – келген консенсустың болуы
тәртіптің легитимділігін
көрсетеді. Легитимділік және
консенсус саяси жүйе қызметінің
тиімділігі мен нәтжелерінің
негізгі көрсеткіші. Консенсус
саяси жүйе құрудың фундаменталды
қағидалары бойынша қоғамда
келісім бар екендігін көрсетеді.
Мәселен, азшылықтың көпшілік
шешіміне бағынуы, қарсы
болу, сынау және оппозиция
құқықтарының болуы консенсус
билік пен беделді трнсформациялайды
және консенсус арқылы
мемлекеттік басқарудың құқықтық
аспектілері саяси қызметтің
легитимді нормалары болады.
Легитимділік дағдарысын шешудің
үш мүмкін бағыттары: ─
Легитимділікті нақты тиімділіктер
арқылы иелену. Тұрғындардың
негізгі тобының күткені ең
алдымен экономикалық реформа
табыстарына байланысты мынадай
жетістікке жетуде оңай емес.
Сондықтан бұл көбінесе уәделер
түрінде кездеседі. ─ Өз
жағына консервативтік элементтерді
тарту, түрлі институттарды өз
қатарына тарту, сөйтіп бірте
– бірте реформа жүргізуге
мүмкіндік алу. ─ Саяси билік
өкілдері мен көздерін кеңейту.
Демократиялық жүйеде билік
көздері жалпы таныған
конституцияда құқықтық бейнеленген
өткізу нормасы болып табылады.
Ұқсастықтар дағдарысы. Соңғы
он жылдағы өзгерістер адамзат
тарихында бұрын қайталанылмаған
әлеуметтік кеңістікте транзисті
(өтпелі) жағдайды туғызды.
Бұл дегеніміз адамдардың
өмір салтына үйреншікті болып
қалған дәстүрлі (кеңістік
мағынасындағы) құндылықтардың
күйреуі, жаңа заман ұсынған
құндылықтар жүйесін адамдардың
қабылдауға тиістілігі мәселесін
туындатты. Сөйтіп, жағдайлар
қоғамдағы азаматтардың жаңа
әртүрлі әлеуметтік топтарға
жіктеп, оларды жаңа критерийлер
мен бағалаудан өткізе бастады.
Бұрынғы етенелесудің орнына
оның жаңа типтегі түрлері
келе бастады. Әлеуметтік
мәртебі жоғары делінген
құндылықтар барынша өз
маңыздылығын жойып, нарық пен
байланысты туындаған жаңа
түсініктер келе бастады. Бұл
кезеңдегі жағдайды К.Л.Сыроежкин
былай сипаттады: «... коммунистік
идеялар күйреген және өзіндік
идеологиялық вакуум туған
кезеңде қоғамдық өмірде заңды
түрде ұлттық құндылықтарға
қайта оралумен байланысты
этникалық аспектілер күшейе
түсті»[18]. Осы тұрғыда қоғамдық
даму теориясының эволюциясы:
модернизация және постмодернизацияға
тоқталып өтсек. Өтпелі
кезеңдегі елдің саяси даму
проблемасы модернизация теориясында
толық бейнеленеді. Яғни ол
дәстүрлі мемлекеттің артта
қалушылығын жою динамикасын
анықтаушы әртүрлі схемалар
мен модельдер жиынтығы. Өтпелі
процестерді сипаттаудың
әртүрлі бағыттарын қалыптастырған.
Олардың барлығы қоғам дамуының
біркелкі еместігін тануға,
артта қалған қоғамнан дамыған
қоғамға өту жолдарын анықтауға
негізделген теориялар,
модельдер. Сонымен модернизация
ұғымы қоғамдық қайта құру
сатысын және қазіргі қоғамға
өту процесін білдіреді.
Біріншіден, өтпелі кезең –
бұл тарихи уақыт бөлігі. Онда
қоғамдық жағдайларда радикалды
өзгерістер өтеді. Ескі тарихи
тәртіп жаңаға өзгереді. Осыған
байланысты қоғамдық өту қалай
қарай қозғалатындығын білу
қоғамдық дамудың балама
сандық және сапалық сипатын
анықтау. Өтпелі кезең қанша
уақытқа созылатындығын білу
маңызды. Екіншіден, өтудің
өзіндік мәселесін – ақ белгілі
болып тұрған нәрсе – ол
қоғамдық даму сатысы. Бұл
кезеңнің өзіндік ерекшеліктері
ескі мен жаңаның бірдей қатар
өмір сүруі. Сондықтан да уақыт
пен кеңістікте ескі мен
жаңаның қатынастарының динамикасын
білу маңызды. Өтпелі қоғам
мыналарға қол жеткізуге
талпынады: ● индустрализацияланудың
белгілі бір деңгейіне; ●
тұрақты экономикалық даму мен
жоғарғы валдық ішкі өнім;
● қоғамдық прогресс үшін ғылыми
– техникалық жетістікті пайдалану;
● тұрғындар өмірінің жоғарғы
деңгейі мен сапасы; ● жоғары
мобилді тұрғындардың кәсіби
сапалы құрылымының дамуы; ●
әлеуметтік стратефикация жүйесіндегі
орта таптардың үлес салмағының
артуы. Мәселен, осы тұста
Ресейлік саяси дамудың
ерешеліктерін қарастырып өтсек.
Біріншіден, Ресейдегі саяси
модернизация процесін эндогенді
- экзогенді типке жатқызуға
болады. Екіншіден, модернизацияның
бұл типі әртүрлі жеке
институттар мен дәстүрлердің
бірігуі болып табылады.
М.В.Ильиннің пікірі толығымен
әділетті және қызықты
болып табылды. Оның пікірінше
ресейлік шарттарға байланысты
бұл институттар мен дәстүрлерді
«төрт эвоюциялық әр текті
блоктарға» топтастыруға болады.
Бұл блоктар «белгілі эволюциялық
типтері мен оның қисынын
жаңалады...». бұл блоктар бір
бірімен дауда болды, өйткені,
бұлар түзілуі бойынша ажыратылды
және әртүрлі эволюциялық
уақыттарға тән болды. Үшіншіден,
В.И.Пантиннің пікірінше Ресей
«басқа елдермен және иницирлеудегі
мемлекеттің рөлдерінің мәдениетімен
салыстырылмайды». Бұл «делдалдың»
көмегімен жүзеге асады. Ол
саяси жүйенің үш сатысын
біріктіреді: ядро, делдалдық
және сыртқы қабаттар, ортасында
символдық фигура автокарта
тұрады (хан, импертор, президент).
Сыртқы қабат бұл барлық
жағдайда халық болып табылады.
Төртіншіден, көптеген зерттеулердің,
әсіресе, В.И.Пантиннің айтқанындай
«мемлекеттің модернизация
процесінің әртүрлі басқаруының
және қоғам модернизациялануының
жүзеге асуындағы периодтылығы.
Азаматтық қоғамның әлсіздігінің
арқасында қоғамның модернизациялау
мемлекеттің жаңаруымен ауыстырылып
отырады, яғни оның әскери -
индустриалды күшінің, бюрократиялық
аппараттарының, репресивті
органдардың, экономиканың
мемлекеттің секторының және
т.с.с. өзгеруі». Бесіншіден, Ресейлік
модернизация өзінің табиғаты
бойынша тұйық болып табылады.
модернизацияның бір фазасынан
екіншісіне өту әлеуметтік
сілкіністермен жүзеге асады.
Ресейлік модернизацияның сараптамасының
нәтижесінен Ресейдің саяси
дамуы зерттеушілердің айтуы
бойынша жасырын және танымайтын
құрылысқа жатпайтындығын көруге
болады[19]. С.Хантингтон өзінің
«Өзгеруші қоғамдағы саяси
тәртіп» деген еңбегінде саяси
модернизацияның басты мақсаты
– демократизация деңгейіне емес,
мықтылықпен ұйымдастыру деңгейіне
негізделген өзгеруші шарттарға
саяси институттарды бейімдеу
қабілеті деп жазды. Өзгеру
сатысында тәртіпті қадағалайтын
тек қана қатты авторитарлы
режим рынокқа және ұлттық
бірлікке өтуді қамтамасыз
етіп, өзгерту үшін қажетті
ресурстарды біріктіруге қабілетті.
С.Хантингтон қайта қалыптастыруға
қолайлы бірнеше шарттарды
бөліп қарастырды. Сонымен
қатар өтпелі дәуірдің авторитарлы
билеушілері үшін «кеңестер»
қалыптастырды. Шарттар мен
«кеңестер» саяси күштердің
орналасуы мен конъюктурасын
ескеретін жетік саясатқа
алып келеді. «Либералды» бағытты
жақтаушылар (Р.Даль, Г.Алмонд,
Л.Пай және т.б.) модернизацияны
тұрғындардың әлеуметтік жұмылдыруы
мен интеграциясын саяси
бірлікке етенелесу жолымен
ашық әлеуметтік және саяси
жүйені қалыптастыру деп түсіндірді.
Олар тұрғындардың саяси
билікке қызығу дәрежесі саяси
модернизацияның ең басты сыны
деп есептеді: модернизацияның
сипаты мен динамикасы бос
элиталардың ашық бәсекелестігіне
және қатардағы азаматтардың
саяси процеске қызығу
дәрежесіне тәуелді. Олардың
пікірінше, тұрақтылық пен
тәртіпті және бұқараның
шоғырлығы модернизацияның
табысты шарты болып табылады.
осы бағыттың өкілдері осы
оқиғалрдың дамуының келесі
нұсқаларын бөліп қарастырды: ─
Қатардағы азаматтардың қатысуынан
элиталардың бәсккелестік
приоритетіне қоғамды
демократизациялау және реформаларды
жүзеге асыру үшін оптимальды
алғышарттар орнайды;
─ Негізгі бұқаралық тұрғындардың
төменгі белсенділігі кезінде
элиталардың бәсекелестік рөлінің
тереңдеу шартында авторитарлы
режимдердің орнауының және
қайта құрудың тежелуінің
алғышарттары қалыптасады; ─
Элиталардың жарысында тұрғындардың
саяси қатысуының басым болуы
қай түзілуді бәсеңдетуге
итермелейтін ахлократиялық
тенденциялардың өсуін қамтамасыз
етеді; ─ Элиталардың жарысын
және тұрғындардың саяси
қатысуын бір мезгілде азайту
(минимизация) түсініксіздікке алып
келеді, социум мен саяси
жүйенің дезинтеграциясы
диктатураның орнауына
қабілеттендіреді[20]. Р.Даль
либералды арнада протодемократиялық
сипттағы саяси тәртіптерді
ұйымдастырудың полиархиялық
формасына жету қажеттігін
негіздейтін полиархиялық теорияны
ұсынды. Бір жағынан, ол
демократиялық ұйымды құрудың,
азаматтардың өз ойларын
айтудың, сайлау құқығының
кейбір шектеулерімен ерекшелінеді.
Оған қоса, ол шынайы және
еркін сайлауды кепілдемейді,
мемлекеттің полиархияға өтуіне
әсер ететін жеті шартты
бөліп көрсетті: қоғамда
әлеуметтік – экономикалық қайта
құруды жүргізу үшін күшті
атқарушы билікті орнату; саяси
реформалдардың жүзеге асуының
реттілігі; әлеуметтік – экономикалық
дамудың белігілі деңгейіне жету;
теңдік теңсіздік қатынастарды
орнату; субмәдениеттіліктің
әртүрлігінің болуы; интенсивті
шетелдік көмек; активистер
мен лидерлердің демократиялық
сенімі. Саяси жүйенің модернизациялық
қабілеттілігі белгілі шарттарда
қалыптасады. Әлеуметтік топтар
мен жеке тұлғалардың қызығушылықтары
мен қажеттліктерінің өсуі,
өз мақсатын көздеген саяси
құқықтардың қызығушылығына
соқтығысу интенсивтілігі мен
дауластығын жоғарлатады. Дауларды
реттеу үшін қоғамдық тәртіп
пен әлеуметтік прогресті
қамсыздандыру үшін саяси
жүйе бәріне маңызды мақсатты
орнату үшін материалдық және
адам ресурстарын модернизациялауға
қабілетті болуы керек. Осыдан
саяси жүйенің модернизациялық
қабілеті байқалады. Әдетте,
дәстүрлі қоғамдрда модернизацияға
қабілеттілік саяси күштердің
көмегімен жүзеге асады[21].
Саяси жүенің өмір сүруге
қабілеттілігін, оның модернизацияға
ұмтылуын куәландырады. Әлде
қайда күрделі саяси жүйелер
өмір сүруге деген потенциалына
ие, өйткені, ол коммуникация
мен әлеуметтендірудің әртүрлі
формасына ие. Осы каналдар арқылы
саяси жүйе белгілі саяси
мінез – құлықтың үлгілерін
таратады және билікке сендіреді.
Оның заңдылығы мен әділеттілігіне
деген сенімді қолдайды.