Файл: Алматы облысы, арасай ауданы Жаатрмыс ауылындаы орта мектебі кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектебі» КММ
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Байшекеева Ақбота Алмасбековна
Бірінші сабаққа рефлексивті есеп.
Ағылшын тілі пәнінен 7 модульді кіріктіре отырып, 5 сәуір күні 7б сыныбында сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «A radio interview. Healthy habits» тақырыбында сабақ өттім.
Сынып оқушыларын топқа бөлмес бұрын, оқушыларды сабаққа дайындадым. Мен әрбір сабағымда ең бірінші сабаққа қойылатын мақсатқа аса үлкен мән беремін. Дұрыс қойылған мақсат қана, сабағыңыздан күтілетін нәтижеге апарар ең нәтижелі жол болып табылады.Үй тапсырмасын «Мен саған, сен маған»стратегия сұрақтары бойынша қайталадық. Оқушыларға таратылып берілген сұрақтар үй тапсырмасын қайта қайталауға, пысықтауға өз көмегін тигізеді. Сыныпта жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушылармен «Суреттер сөйлейді» ойынын ұйымдастырдым. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға көмектесіп, ойын балаларға ұнады. Оқушыларды стикер арқылы «Healthy habits», «Healthy lifestyles» деп 2 топқа бөлдім.
Жаңа сабақты «Миға шабуыл» арқылы сыни тұрғыдан ойландырып, сабақты ашып алдық. Содан кейін, интерактивті тақтаның көмегімен презентация арқылы сабақты толықтырып кеттім. Салауатты өмір салты туралы видеоролик көрсетіп, оқушыларға бағыт-бағдар бердім. Оқушылармен бірге «Сен маған, мен саған сыйлық сыйлайық» атты сергіту сәтін жасап, стикер бойынша топқа бөлдім. Мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге ала отырып, сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторларды тізбектесек; мұғалімнің балалар
дың қалай оқитынын түсінуі; нені оқыту керектігін түсінуі; оқу үдерісінің қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; оқу нәтижелігін бағалау мүмкіндіктерін игеруі. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана берілген материалдар толық меңгеріледі. Мұғалім оқушылардың не білетінін және нені және қалай жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын түсінуге тырысады. Осы аталған нұсқаулықты негізге ала отырып, сабақты нақтылап, жоспарладым.
Топқа бөлініп болған соң, оқушылар өз топ басшыларын сайлады. Бағалау қағазы таратылды. Топ басшысына топқа оқушыларды қалай, қайтіп бағалайтыны жөнінде критерий де таратылып берілді. Жаңа сабаққа постер жасау барысында оқушылар барлығы өзара топта жұмыс істеді. Топтарға мен тек постер жасап, оны қорғап, өздері я басқа топтардың бағалайтынын таныстырған болатынмын, сонда да мен оларға постерден бөлек топ басшысына деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар бердім. Мен үшін бұл ерекше қызықты болды. Себебі, деңгейлік тапсырмалар тек постер жасаумен шектелген жоқ, керісінше қосымша тағы да сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Оқушылар осындай тапсырмалармен үлгере алар ма екен деген сұрақ болды. Әрине, берілген тапсырмалар мен сұрақтар жас ерекшелігі мен оқулық шеңберінен алыстап кеткен жоқ. Өзім үшін де эксперимент жасап көргім келді. Менің ойымша, мен күткен нәтижелер орындалды. Топ басшылары да, топ мүшелері де берілген тапсырмалар мен сұрақтарға, постерлерін жасап, оны қорғауға дайын болды. Мен тек сырттай бақылап, бағыттап отырдым. «Healthy habits» тобы тіпті сабаққа қызыққаны соншалық cалауатты өмір салтының суретін салуға дейін барды. Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде Айшам, Элиф, Амир, Фейзул болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті. Мұғалімнің үш негізгі көмекшісіне сүйене отырып, сынып ішіндегі
климаттың, тақырыптың барынша оқушыларға қолжетімді, сапалы өтуіне барынша тырыстым.
Оқушылар постер мен деңгейлік тапсырмалар жасау үстінде болды.
Топтар өз жұмыстарын аяқтап, 2-топтың топ басшысы Заида өздеріне берілген тапсырмалардың орындалғаны туралы хабардар етті. Өзге топтар да жұмыстарын аяқтап, постерлерін қорғады. Топ басшыларына таратылып берілген бағалау қағазына топ лидері бағалап отырды. Постердің тақырыбы, мәтіні жалпы көңілімнен шықты және түсінікті болды. Оқушылардың кейбіреулері өзге сабаққа постерді әрлеуге тырысып жатса, бұл сабаққа постердің мәтінінде не жазылған, соған аса назар аудардым. Әсіресе «Healthy lifestyles» тобы тақырыпты барынша аша білген. Салауатты өмір сүру стильдерді, дағдыларды толық сипаттап, аудиотаспадан түсінгендерін көрсетіп берді. Барлығын өздері ұйымдастырды, мен тек бағыттадым, деңгейлік сұрақтар бердім. Осыдан өзім бір қорытындыға келдім. Егер де дұрыс мақсаттар мен дұрыс таңдалынып алынған деңгейлік тапсырмаларды берсек, оқушылар онымен де жұмыс істей алады. Бұл өз кезегінде, оқушының өздігінен ізденуіне, анализдеп синтездеуге, өз пікірін қорғауға көп септігін тигізеді. Өзге топ та жұмыстарын ойдағыдай өз дәрежесінде қорғады. Мен сабақ барысында оқушыларды
әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Ең бастысы, оқушыларға бүгінгі сабақ түсінікті, қолжетімді, әрі қызықты өтті. Аудиотаспадан естіген радио интервьюді толық сипаттап, оны үлестірмелі қағаз және деңгейлік тапсырмалардың көмегімен қалып кеткен сөздерді өздігінен ізденуіне дағдыландырдым. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алдым. Менің ойымша, сабақ балаларға ұнады.
Сабақта мұғалім тек қана лидер емес, ол керісінше стратег бола білуі керек. Сабақтың әрбір бөлімі, қалай, қашан, қандай дәрежеде өтетіндігі мұғалім жоспарлаған стратегияларға, әдіс-тәсілдерге байланысты. Мен бұл сыныпта дарынды және көшбасшы балалардың көп екендігіне, оқушылардың өздігінен ақпаратты іздеп, сыни тұрғыдан ойлай алатындығына көзім жетті. Әрбір сабағымда диалогтік оқытудың атқаратын маңызы зор деп ойлаймын, себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдірі
п ортаға салу, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалатындығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.
Сабақтың сәтсіз тұстары: уақыттың жетпей қалуы (рефлексия, кері байланыста)
Сабақтың сәтті тұстары: оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы, сергіту сәтінің оқушыларға өте қызықты болуы, топта талқылау, диалог, өзін-өзі бағалау, өздігінен матреиалдар іздеуі, сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі.
Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: критериалды бағалауды әрбір сабаққа енгізу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, уақытты тиімді әрі ұтымды пайдалану.
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер-оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Осы айтылған мақсаттар мен әдістер қолданылғанда сабақтың сапасы мен қолжетімділігі арта түседі. Қорыта келе айтарым, мен бұл сыныпқа және барлық сыныптарды әлі де саралап, анализдеп жүрмін. Мұндағы менің мақсатым біреу ғана, ол-сабаққа 7 модульді енгізу арқылы сабағымның қызықты әрі қолжетімді болуы. Мен үшін мектептегі ең басты нәрсе, ол-сабақтың, білімнің сапасы. Білім сапасы мен үшін әрқашанда бірінші орында тұрады. Ол үшін бағдарламаның 7 модулін ықпалдастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу маңызды. Ұстаздың мықты болуы, пәндік-теориялық білімінің жетілуінің мықты болуы үшін ұстаздың өзі бір орында тоқтап қалмауы керек. Барлығын анализдеп, синтездеп барып қана өзіңіз күтетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Алдағы уақытта өзімнің тәжірибелерім мен зерттеулерімді 7 модулді ықпалдастыра отырып, сыныптағы білім сапасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын одан ары көтеруге бар күшім мен жігерімді салатын боламын.