Файл: Сабаты таырыбы Етістікті шатары айталау. Сабаты масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Топ:8 АШӨТМ
Курс: 1
Өткен күні: 25.02.2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарың қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға етістіктің шақтары туралы түсінік беріп, білімдерін бекіту
2.Ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту.
3.Патриоттық сезім, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слаидтар,үлестірме карточкалар,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме оқукшылар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары, сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.
2.Психологиялық дайындық.
Сабақтың ережесі:
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтылық
Жақсы, сонымен сабағымызды бастайық.Біз алдынғы сабақтарда етістік сөз табын өттік.. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.Соған байланысты қайталаймыз.
Қайталау сұрақтары: «Кім жылдам» ойыны.(ауызша орындау)
1. Есімдіктен кейінгі сөз табын атаңдар.
2. Етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Етістіктің шағы дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Етістіктің неше шағы бар? Оларды атаңдар.
5. Осы шақ деп нені айтамыз? Мысалдар келтіріңдер.
6. Келер шақ дегеніміз не? Мысалдармен көрсетіңдер.
7. Өткен шақ деп нені айтамыз?
Жауаптары:
1. Есімдіктен кейінгі сөз табын атаңдар. (Етістік).
2. Етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? (Заттың іс-әрекетін қимыл білдіріп Не істеді? Не істеп жатыр? Не істейді? сұрақтарына жауап береді.)
3.Етістіктің шағы дегенді қалай түсінесіңдер? (Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.)
4.Етістіктің неше шағы бар? Оларды атаңдар. (Етістіктің шақтары: осы шақ, келер шақ, өткен шақ.)
5. Осы шақ деп нені айтамыз? әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді .
6.Келер шақ дегеніміз не? іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады.
7. Өткен шақ деп нені айтамыз? іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі.
Ал енді топқа бөлініп тапсырмаларды орындайық. Қазір бәріміз орындарымыздан тұрып денешынықтыру сабағындағыдай (1,2,3) деп санап топқа бөлінеміз.
Қайталау білім анасы.
1 тапсырма «Төртінші артық» ойыны. Әр топқа сөздер жазылған үлестірмелі карточкалар беріледі.
1топ (отыр, тазаласты,келіп тұр, жатыр) осы шақ
2топ (оқыған едік, жазып отыр, барғанмын, айтыппын) өткен шақ
3 топ ( барар,келмекші,келесіңдер,ойнап жүр,оқырсың) келер шақ.
2 тапсырма «Қай топ жылдам және білімді». Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
1 - топқа осы шақтағы етістігі бар сөйлемдер
Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 - ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз.
2 - топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдер
Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан - 2050» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын.
3 - топқа келер шақтағы сөйлемдер
Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты – өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.
3 тапсырма «Шығармашылық диктант». Етістіктерді үш жақта жазу.
Әр топтан бір оқушыдан шығып тапсырманы тақтадав орындайды, ал қалғандары берілген сөздер бойыншасөйлемдер құрастырып жазады. (Қателерін бірігіп дұрыстаймыз)
Сөздер: көру, күту, жинау, тарату. биле, секір, ойна
Осы шақ | Өткен шақ | Келер шақ |
көріп отырмын | көрдім | көремін |
күтіп отырмын | күттім | күтермін |
жинап жүрмін | жинадым | жинармын |
таратып отырмын | тараттым | таратармын |
билеп жүрмін | биледім | билермін |
секіріп тұрмын | секірдім | секірермін |
ойнап жүрмін | ойнадым | ойнармын |
| | |
Ақыл шапшаңдығын сынау
Келер шақ есімше жұрнағын жазыңыз.
1.Мен ақындар айтысына билет болса, ...... едім.
2.Ал мен ..... едім, себебі «Тамашаға» билет алып қойдым.
3.Дәулеткерейдің айтысын ...... едім
4.Күзде айтыскер ақындар біздің қалаға да ..... . Жұрнақтар: -р, -ар, -ер, -с.
Морфологиялық талдау.
1 топ 2 топ 3 топ
барғанмын оқырсың бармақ
(әр топтан бір оқушы тапсырманы тақтада орындайды)
Барғанмын: түбірі бар, негізгі етістік, -ған өткен шақ есімше жұрнағы, — мын жіктік жалғау 1 жақ.
Оқырсың: түбірі оқы, негізгі етістік, -р келер шақ есімше жұрнағы, — сың 2 жақ жіктік жалғауы
Бармақ : түбірі бар, негізгі етістік, — мақ келер шақ есімше жұрнағы.
Бағалау
Сабақты қортындылау
«Ойлы болсаң озып көр» (әр топ сайысқа түседі). Қай шақта тұрғаның анықтау
1. Өнер- білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.(өткен шақ)
2.Нұрлан хат жазып отыр.(осы шақ)
3. Оқушы кітап оқып тұр. (осы шақ)
4.Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер. (келер шақ)
5.Демалыста оқушылар қалаға баратын.(өткен шақ)
6.Асан домбыра тартты, мен өлең айттым. ( өткен шақ)
7. Ол мектепке ерте баратын. (келер шақ)
Рефлексия: ал,оқушылар , сабақта өздеріңнің жұмыстарыңа разы болдыңдар ма? Қай тапсырма сендер үшін қиын болды? Сабақ басында қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? «Адам мақсатқа, ең алдымен өзін – өзі жетілдіру арқылы жетеді», сондықтан оқып – білуден ешқашан жалықпаңдар дегім келеді.
Үй тапсырмасы: етістіктің шақтарын қайталау , мысалдар жазып келу.
1 тапсырма «Төртінші артық» ойыны. Артық сөзді белгіле. Етістіктің қандай шағында тұр.
1топ отыр тазаласты келіп тұр жатыр |
1 тапсырма «Төртінші артық» ойыны. Артық сөзді белгіле. Етістіктің қандай шағында тұр.
2топ оқыған едік жазып отыр барғанмын айтыппын |
1 тапсырма «Төртінші артық» ойыны. Артық сөзді белгіле. Етістіктің қандай шағында тұр.
3топ барар келмекші келесіңдер ойнап жүр, оқырсың |
2 тапсырма «Қай топ жылдам және білімді». Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
1 - топқа осы шақтағы етістігі бар сөйлемдерді тауып көшіріп жазу. Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 - ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. |
2 тапсырма «Қай топ жылдам және білімді». Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
2 - топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдерді тауып көшіріп жазу. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан - 2050» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. |
2 тапсырма «Қай топ жылдам және білімді». Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.
3 - топқа келер шақтағы сөйлемдерді тауып көшіріп жазу. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты – өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз. |
3 тапсырма «Шығармашылық диктант». Етістіктерді үш жақта жазу.
Әр топтан бір оқушыдан шығып тапсырманы тақтада орындайды, ал қалғандары берілген сөздер бойынша сөйлемдер құрастырып жазады. (Қателерін бірігіп дұрыстаймыз)
Сөздер: көру, күту, жинау, тарату. биле, секір, ойна
Осы шақ | Өткен шақ | Келер шақ |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |